З дыбысы және әрпі

 З дыбысы және әрпі

Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.

Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар өткен сабақта қандай әріп өттік?
- И дыбысы қандай дыбыс?
- И дыбысынан басталатын сөздер айтып жіберейікші?

Сабақтың тақырыбы: З дыбысы және әрпі. (слайд)

Оқу іс - әрекетінің мақсаты:
А) Білімділік: З з дыбысы мен әрпін таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін еске түсіре отырып, дыбыстық талдау жасау. Балаларға буынға бөлуді меңгерту.
Ә) Дамытушылығы: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, тіл байлығын дамыту, сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Б) Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, тазалыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Жұмбақ шешу.
Ләзатта бар,
Жанатта жоқ.
Азатта бар,
Қанатта жоқ.
(З әрпі)

2. Жолақ - жолақ, ала
Ат көрдің бе, бала?
(Зебра )

«Сөз ойла, көп ойла»
дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: Барлық балаларға жеке – жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. (Сөздің басында, ортасында, соңында З дыбысы).

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыз - ыз - ыз
Зәуре – сүйкімді қыз.

Жазу жұмысы
Дәптерімізді ашайық,
Оны көлбеу қояйық
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп, жазайық.

Сергіту сәтін өткізу.

Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтары әйбат,
Былай – былай ойнат.
Топ – топ – топ басамыз,
Жалаудан гүл ашамыз.
Жаса – жаса жарқын күн,
Жаса – жаса алтын күн......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?