Аналар - күн шуағы

 Аналар - күн шуағы

Мұғалім: Құрметті ардақты аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар, аяулы қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз.
Мұғалім: Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар көктемгі гүлдей жарқыраған, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын.
Құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыз қызғалдақтар, бүгінгі біздің концертімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Раййана
Шалқып - тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналар, сіздерді құттықтап,
Әндетеміз бүгін біз!

Мади
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз!
Қыздарды да құттықтап!
Мерекесің тойлаймыз!

Аружан ән « Көңілді күн»

Ерболсын
Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам, мерекең
Құтты болсын, жадыраған
Қуанышты берекең.

Арай
Сіздерден өскен аналар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар

Али
Ана десем, алғыс алам халқымнан!
Ана десем, теңіз болам шалқыған!
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем, әділдікті ұғамын.

Сабира
Айналайын анашым
Асқар таудай панасың
Күн көзіндей күлімдеп
Құшағыңа аласың

Рустам
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.

Жанель
Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай

«Шотланд» биі. Аида, Санжар, Раййана, Мадимухамет, Адема, Ануар.

Ойын. Қиылған жүрек қағазында « Ана мен сізді жақсы көрем» жазылған сөз жазуынан анасы өз баласының жазуын табу керек. Жеңімпазға сыйлық.

Мади мен Али ән « Айналайын, ана қуанышыңмен»

Адема
Ертегі қандай көп еді,
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша
Әжем менің тамаша!

Мадимухамет
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Азиза
Мамам, менің ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған.
Менсіз күні батпаған
Мен ұйықтамай жатпаған!

Әлихан
Айналайын анашым
Асқар таудай панасың
Күн көзіндей күлімдеп
Құшағыңа аласың

Ойын

«Қаражорға» би Еркеш, Амир, Әлихан, Рустам, Әмір, Жанель, Сабира, Арай, Інжу.

Амир
Өлең айтып беремін!
Нан да алып келемін.
Өйткені мен анамды,
Өте жақсы көремін.
Інжу
Аман болсын басыңыз,
Ағармасың шашыңыз.
Шөбере сүйіп әліде,
Жүзге жетсің жасыңыз.

Темирхан
Құтты болсын ардақты ана
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең

Еркеш
Жұмақ - құшақ панам,
Күндей нұрлы санаң.
Қызығын көр ұл - қыздың,
О, періште Анам!

Әмір
Ақыл құйған санама,
Алғыс айтам анама.
Күн алыста, ал ана
Үнемі менің жанымда

Ән «Ақ мамам» барлық балалар бірге айтады.
Аналарына дайындаған сыйлықтарын табыс етеді.

Санжар
Сіздерден өскен аналар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар

Аида
Аяулы да, алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен – асқарсың, сен – аспансың, биіксің,
Сен – дарқансың, сен – жомартсың, данасың.

Мұғалім: Балаға ең жақын, сіз – Аналар, даналар. Сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілеймін.
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын! .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?