8 саны және цифры

 8 саны және цифры

Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Мақсаты:
а) 8 саны мен цифрын енгізу;8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру; 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету;
ә) балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту;
б) бір - біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: өткен сандарды қайталау, логикалық есептер шығару.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: 0 - ден 8 - ге дейінгі сандар, жұмыс дәптері, сандар, слайд.
Қостілдік компонент/билингвальный/: бір - один, екі - два, үш - три, төрт - четыре, бес - пять, алты - шесть, жеті - семь, сегіз - восемь.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі: Шаттық шеңбері:
1 - слайд Қайырлы таң досым, Қайырлы күн болсын. Жеті күннің әр кезі, Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Жұлдызша болсын.

Балалар шаттық шеңберге тұрып айтты
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі Өткен іс - әрекетті қайталау.
2 - слайд
- Жылдың қазір қай мезгілі?
- қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай бар
- Қазір қай ай?
- қаңтар айы
- Балалар біз өткен оқу іс - әрекетте неше санымен таныстық?
- 7 санымен таныстық
- Бір аптада неше күн бар?
- 1 аптада - 7 күн бар.
- 7 саны туралы тағы не білеміз?
- 7лақ, 7 шелпек, 7 ата
- Жеті атасын кім біледі?
«Бір аптада» өлеңін жаттаған едік, кәне есімізге түсірейік.
Бірінші күн - дүйсенбі
Екінші күн - сейсенбі
Үшінші күн - сәрсенбі
Төртінші күн - бейсенбі
Бесінші күн - жұма
Алтыншы күн - сенбі
Жетінші күн - жексенбі
1 - 7 шейін тура, кері санайық.
1 2 3 4 5 6 7
7 6 5 4 3 2 1
- Бүгін қай күн?
- Сәрсенбі үшінші күн?
- Кеше қай күн болды?
- Ертең қандай күн болады?
- Сәрсенбінің сәтті күні барлығыңызға сәттілік тілеміз!
«Кім жылдам» ойыны
- Аспанда неше ай бар?
- Бағдаршамда неше көз бар?
- Қонжықтың табаны нешеу?
- Адамда неше көз бар?
- Қолғапта неше саусақ?
- Қоянда қанша құлақ бар?
- Аспанда қанша жұлдыз бар?
ІҮ. Жаңа сабақ
3 - слайд
Қос дөңгелек шеңберден,
Үлкен шеңбер үстіне,
Кіші шеңбер жанасқан.
8 санына байланысты қандай мейрам бар?
- Дүниедегі ең жақын адам, ол кім? (ана)
- 8 саны неге ұқсайды?
4 - слайд
- Көзілдірік, екі
тоқашқа, шамға, аққалаға.
2. Тура, кері санау. 8 cанының орнын анықтау. 5 - слайд
1 2 3 4 5 6 7 8
- Сандар қатарында 8 саны қай саннан кейін келеді?
- 7 санынан кейін келеді.
Көршісін тап (ауызша)
5 3 6 2 7 4
8 цифрының жазылуын үйрету.
Ауада жазу. Аяқтың ұшымен жазу.
Топпен жұмыс.
Жазу орталығы:
8 санын саусағымен дәптерге салу, қарындашпен басып жазу.
Оқу орталығы:
Жұмбақ есеп оқу
1. Саянда болды 8 алма,
Майданға берді 4 алма.
Ойланып кәне көрейік,
Саянда қалды қанша алма?
2. Сегіз қияр базардан,
Сатып алды Сәлімжан.
Бес қиярды алғанда,
Қанша қалды дорбада?
3. Айманда болды бес алмұрт
Әселге берді екі алмұрт
Айманның қалды қолында
Неше алмұрт тез ойла?
4. Бәйгеге шықты жануарлар
Алға шықты бесеуі.
Қосылды оған екеуі
Мәреге келді нешеуі?
Шығармашылық орталық:
8 санын бастыру, бояу, қиып алу.
Сергіту сәті
8 рет оң аяқпен сол аяқпен секіру, 8 рет қол шапалақтау, 8 рет досыңмен алақан соғу. (үш тілде)
Сурет бойынша есеп құрастыру. 8 санының құрамы.
8 санын қалай аламыз?
6 - слайд
7+1 6+2 5+3
1+7 2+6 3+5

Сурет бойынша есеп құрастырды
Іс - әрекеттің бағалау кезеңі Жұмбақ шешу.
7 - слайд.
1. Сегіз аяқ, сегіз қол
Кестелейді тігеді.
Жібектей әсем дөңгелек
Ол не? (өрмекші)
2. Менімен таныс емессің
Теңіз түбі қонысым,
Аяғым сегіз, басым бар
Айтшы кәне кіммін мен? (сегізаяқ)
Жұлдызшамен бағалау.

Балалар мадақталып жұлдызшалар алды

Күтілетін нәтиже:
Біледі: 8 саны және цифрын
Игереді: 8 санының жазылуы туралы түсінікті.
Меңгереді: 8 - ге дейін сандарды тура және кері санауды, 8 цифрын тануды, қағаз бетіне бағдарлауды .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?