Сөйлем түрлері

 Сөйлем түрлері

Мақсаты: Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету, дауыс ырғағына қарай оларды ажырата білу іскерлігін дамыту, табиғатты сүйіп, қорғай білуге тәрбиелеу, мнемокестемен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сөздік жұмыс: өңір - аймақ, желу - жылдам жүріс.
Көрнекіліктер: қима суреттер, жұмыс дәптер, мнемокесте.
Билингвальды компонент: аққала - снеговик, далада қар жауып тұр - на улице идет снег.

Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз!
Қайырлы таң, балалар

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балалар, біз бір - бірімен түсіну үшін не істейміз?
сөйлемдердің үш түрі болады. Біріншісі - хабарлы сөйлем. Бір нәрсені хабарлап тұрады. Сөйлем соңына нүкте қойылады.
Мысалы: Далада қар жауып тұр.
Нүкте деген білгенге,
Жай ғана бір ноқат па?!
Жоқ онсыз сөйлем де,
Жоқ өлең де, жоқ хат та!
Жазып жатқан кездерде
Асықпай ол күтеді,
Асқан дана сөздер де,
Сол нүктемен бітеді.
Ал – балалар келесі тапсырмамыз, бұл суреттерге қарап өз қалауынша хабарлы сөйлем құрастырамыз.

Сөйлемнің екінші түрі - лепті сөйлем. Адамның түрлі көңіл күйін - қуану, ренжу, өкіну, таңдану т. б білдіреді.
Мысалы: Алақай! Қар жауды! Лепті сөйлем ерекше сезіммен айтылады.

Үшінші сөйлемнің түрін сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем дер бір нәрсені сұрап білуді білдіреді. Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Билингвальды компонент: аққала - снеговик, далада қар жауып тұр - на улице идет снег.
«Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Ойнап жүрген балаларға ат қою. Олардың көңіл күйіне назар аудару, іс - әрекеттері туралы айту.
«Қажетті тыныс белгілерін қой»
Ойын шарты: берілген суреттердің мағынасына байланысты құрастырылған сөйлемдердің тыныс белгілерін қою.
Дәптермен жұмыс. Тапсырмаларды орындау. Жеке жұмыс жүргізу.....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?