1 наурыз – Алғыс айту күні
Мақсаты: Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.
Дамытушылық: үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Ноутбук,
Технология: «Тәй - тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар
Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Өнер», «Ғылым», «Аспаздық»
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, қәне амандасып алайықшы.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Балалар осы көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберімізді құрайық.
Шаттық шеңбер: Қонақ күту салтымыз,
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік бәріне.
Жалқаулықты тастайық,
Сабақты біз бастайық.
Білім жолымен жүрейік,
Қиындықтан қашпайық.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ. Бүгін көктемнің алғашқы күні, ал сіздер білесіздер ме? Бүгін қандай мереке екенің?
- Алғыс айту күні
- Дұрыс балалар бүгін «Алғыс айту» күні бүгін біз достарымызға, тумаластарымызға, таныс жақындарымызға жанымызда болғандары үшін, жақсылық жасағандары үшін алғыс айтуымыз керек. Сонымен қатар балалар біз бүгін көктемнің ерекше мерекесі ақ жаулықты әжеміз бен аяулы анамызды, сүйкімді апа - қарындастарымыздың құрметіне орай «Анаға алғыс» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізді өткіземіз.
Ғажайып сәт: Электронды видео хат
Балалар тапсырманы орындау үшін біз жұмыс жасайтын 4 орталыққа бөлінейік. Өздерінің қалаған орталықтарыңа бөлініп отыра қойыңдар.
Ғылым орталығы
Тәрбиеші: Балалар, ғылым орталығына қош келдіңіздер!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Қандай атаңдаршы?
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын соны шешуін тапсаңдар, біздің бүгінгі сабағымыз сол туралы болмақ.
Жұмбақ: Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң сәні бұзылады. (Гүл)
- Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше біз гүлдердің түрімен танысамыз.
- Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі - дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймай оған көрік беріп, үйдің ауасын тазартады. Бізге көтеріңкі көңіл, қуаныш сыйлайды. Ендеше балалар ноутбукке назар аударайық.
Тәрбиеші бөлме гүлдерін көрсетіп, әңгімелейді. Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.
Слайдпен жұмыс
Бөлме гүлдерінің де басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.
Міне, мынау раушан гүлі. Гүлінің түсі қызыл, хош иісті, бөлмемізді әдемі етіп тұрады. Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймайды сонымен қатар адамның денсаулығына да жағымды әсерін тигізеді. Гүлді тек бөлмеде ғана емес, аулада, демалыс орындарында, адамкөп шоғырланатын жерлердің барлығына өсіру керек.
Енді осы гүлдердің сырт келбетімен танысайық. Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.
Практикалық әрекет: Ал енді балалар қазір біз тамырланған гүлді ыдысқа отырғызайық.
Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып түбіне бірінші тастарды саламыз. Ыдыстың түбі тесік болады. Содан кейін топырақ саламыз. Жәй даладағы топырақ емес, арнайы құнарлы гүл отырғызуға арналған топырақты саламыз. Содан соң топырақ ортасынан құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз. Енді бұл гүлімізді табиғат бұрышына қоямыз.
Балалар, міне гүл отырғызды, енді тек осылай қоямыз ба? Жоқ гүлге су құю керек. гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек. гүлдерді жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды су құйғышпен суарады.
- Жылына бір рет топырағы мен ыдысын ауыстырып тұру керек.
- Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, солып қалуы мүмкін. Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет.
Тәрбиеші: - Балалар, сендерге тәжірибе жасау ұнады ма?
Балалар: Ия, ұнады
Тәрбиеші: Гүлді не істедік?
Балалар: Гүлді отырғыздық
Тәрбиеші: Гүл не істейді?
Балалар: Гүлдейді, желден шайқалады, су ішеді, қурайды, жұпар иіс шығарады.
Балалар әр орталықтардың текшелерін өз орындарына салып шеңберге тұрады.
Өнер орталығы
Аспаздық орталығы
Көркем әдебиет орталығы
Қорытынды:
Ғажайып сәт: Электронды видео хат
Тәрбиеші әр орталықтан бір сұрақтар қоя отырып, қорытындылайды.
Бүгінгі оқу қызметіне барлығыңыз өте жақсы қатыстыңдар. Осымен балалар оқу қызметіміз аяқталды, келген қонақтарымызға сау болыңыз айтайық.
- Сау болыңыз!
- Ризашылық дегеніміз не?
- Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. Ал ендеше мен қазір біз бүгінгі оқу қызметінің өте тамаша өткені үшін бір - бірімізге алғыс айтайық. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?