Дарияның ар жағы сіздің ауыл...
Дарияның арғы жағы сіздің ауыл,
Бер жағы сол өзеннің біздің ауыл.
Жүруші ең жайраң қағып, араласып,
Желкенін жел қайықтың үзді дауыл.
Дарияның арғы беті шоқ қарағай,
Жамырар шоқ қарағай топ баладай.
Көңілдің көк дөнені алып ұшар,
Бәйгеден оза шауып топқа карай.
Дарияның арғы беті ырғай ма екен,
Ырғайды жел қозғаса сынбай ма екен.
Барады ай артынан айлар жылжып,
Көсіліп көк дөнендей зулайды екен.
Өтуге дариядан терең дедің,
Дарияға су алуға келем дедің.
Қоңырқаз қоңыраулатса аспан астын,
Қалқатай, бері қарап елеңдедің.
Дарияның арғы беті сізге мекен,
Қалқатай жан емессің бізге бөтен.
Жағалап дарияны жүр ме екен деп,
Тұсынан ауылыңның іздеп өтем.
Дарияның арғы беті нар қараған,
Жағалар тал арасын мал қараған.
Қиылып қыр басынан ай туғанда,
Қалқатай жолығар ма, сол арадан.
Бер жағы сол өзеннің біздің ауыл.
Жүруші ең жайраң қағып, араласып,
Желкенін жел қайықтың үзді дауыл.
Дарияның арғы беті шоқ қарағай,
Жамырар шоқ қарағай топ баладай.
Көңілдің көк дөнені алып ұшар,
Бәйгеден оза шауып топқа карай.
Дарияның арғы беті ырғай ма екен,
Ырғайды жел қозғаса сынбай ма екен.
Барады ай артынан айлар жылжып,
Көсіліп көк дөнендей зулайды екен.
Өтуге дариядан терең дедің,
Дарияға су алуға келем дедің.
Қоңырқаз қоңыраулатса аспан астын,
Қалқатай, бері қарап елеңдедің.
Дарияның арғы беті сізге мекен,
Қалқатай жан емессің бізге бөтен.
Жағалап дарияны жүр ме екен деп,
Тұсынан ауылыңның іздеп өтем.
Дарияның арғы беті нар қараған,
Жағалар тал арасын мал қараған.
Қиылып қыр басынан ай туғанда,
Қалқатай жолығар ма, сол арадан.
Аскерхан АҚТАЙ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?