Маңғыстауым киелі мекенім...
Коляева Баян
8 сынып оқушысы
8 сынып оқушысы
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады Мен туған өлкем Маңғыстау туралы толғасам алдымен 362 әулие мекендеген киелі аймақ екенін айтамын. Менің Маңғыстауымда Қазақстанның жеті кереметінің бірі - Бекет Ата жерасты мешіті Оғыланды шоқысына қашалған, үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлмесі бар, тарихи-сәулет ескерткіш орналасқан.Бекет ата 1750 жылы туылып , емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар. Атақты «Маңғыстау» дастанының авторы Түмел Балтабасүлы:
Маңғыстау - ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп, кіндік қанын жуған жері.
Кіндігін қожа-молда қолмен кесіп,
Тамырын тарамыспен буған жері, деп толғайды. Заманымыздың заңғар жазушысы,ұлы ойшыл Әбіш Кекілбаев «Ұлы Баба әлсізге - Медет, күштіге - Айбар, зарыққанға - Жебеу, тарыққанға - Демеу, асқанға - Тосқан, сасқанға - Сая, ұрпаққа - Ұстаз, ұлысқа
12 Ұран, ел Иесі, жер Киесі» болған және бола да береді деп ойлаймын. Менің кішкентай кезімнен Бекет ата есімі санамда киелі сөз есебінде қалыптасқан. Біз маңғыстаулықтар, атаның есімі аталса, кенеттен бір тың күш қосылғандай, әлі күнге дейін жадырап, арқаланып тұрамыз. Аталарымыз бен әжелеріміз қиналса да , қуанса да, «Иә, Бекет», - деп атаның аруағына сиынатын бол5ан . Осы бір аяулы есім талай жанды қысылғанда қолтығынан демеп, қуанғанда қасында болды. Обал, сауапқа көп мән бермеген қатыгездеу қоғамда өмір сүргенімен, ата-әжелеріміздің имани, мұсылманшылық бағытта берген тәлім-тәрбиесінің арқасында жүрегіміздегі Аллаға деген, Пір атамызға деген сенімімізге нұқсан келтірмей,әлі күнге дейін Атаға деген махаббатымызды биік ұстап келеміз.
Ата 63 жасына келгенде қайтыс болады. Бекет ата денесін осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап жасаған бөлмеге орналастырған екен. Маңғыстаулық ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушановтың: «Ата көзі тірісінде талай жерге құдық қаздырып, мешіттер, сағаналар салдырғаны анық. Сол ескерткіштердің ең үлкенін қайда салдырды? Меніңше, Ата ең үлкен ескерткішін ұрпақтардың жүрегіне орнатты: Атаны іздесек, жүректерден іздейік!» - деген сөзі мен үшін Бекет атаға деген үлкен махаббаттан туған шын сөз деп есептеймін .Осы күндері Атаның басына дүние жүзінің бұрыш бұрышынан келіп тәуіп етіп,ауру сырқауларына шипа тауып кетіп жатырғандар қаншама?!
Менің Маңғыстауымда 130 дан астам ұлт өкілі тұрады. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол біздің қазақтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан , осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы.Осы үшбұрышты мықтап орнықтырған кемеңгер - біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев,ол- дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Елбасымыздың ерен еңбегі тәуелсіздіктің туы желбірегеніне 20 жылдан асса да тұғыры мықты көкбайрағымыз қисаймастан көк аспан астында желбіреп тұр.Алдағы уақытта да солай болады деген нық сенімдемін.Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енгізу бойынша алдағы басты міндеттерді айқындап берді. Соның барлығы қазақстандықтардың өмірін жақсарту және елдің дамуымен қатар жүруі тиіс. Ол үшін әрбір қазақстандық аянбай еңбектеніп жұмыстануы қажет деп ойлаймын.
Қазір егемен еліміздің ең бай өңірі, экономикалық даму тұрғысынан алдыңғы қатардың бірі болып отырған қазыналы Маңғыстауым - «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен», шытырман оқиғаға толы өңір. Жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы өңір . Осы өлкемнің өркендеп, одан әрі қанат жайып дамуына үлес қосу - бүгінгі біздер –жастардың міндеті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?