Қайрат ағама хат!

 Қайрат ағама хат!

Кенже Қалдарбек
9 сынып, №162 орта мектеп
Қожамберді ауылы, Жаңақорған ауданы

Сәлеметсізбе Қайрат аға? Мен де сіз секілді ұтын ұлықтаған ұлдардың бірімін. Сіздер сыйқылған Тәуелсіз елдің ұланымын. Мен осы Тәуелсіздіктің оңай келмегенін білемін. Сонау Керей мен Жәнібек хандар құрған іргесі кең қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі бастан кешкен қиыншылық аз болмады. Жан-жақтан жағасынан алған қалмақ, башқұрт, жоңғар сынды мемлекеттерге тойтарыс беру халықты титықтытып жіберді. Йә, сол кезеңнің қиындығына қарамастан үш жүздің басын қоса білген білгір хандар, дана билер де болды. Солардың бірі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Тәуке хан өзінің өзінің шығарған «Жеті жарғы» заңдар жинағымен халықты біріктіре білген. Қасым хан «Қасқа жол» атты заң жинағымен елдегі тыныштықты сақтаса, Есім ханның заңдары
халықты бір орталыққа бір орталыққа бағындыруды көздеді. Заңдар туралы неге сөз қозғады дейтін шығарсыз? Біздің де Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы бар. Заң бұзушылар Конституциямызда бекітілген заңдар арқылы жазаланып отырады. Ең алғаш Конституциямыз 1993 жылы 28 қаңтарда жарық көріп, 1995 жылы өзгерістер енгізілді Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда жарықа шықты.
Әр елдің өзінің тәуелсіздігінің белгісі Елтаңбасы, Туы, Әнұраны болатын секілді біздің елдігіміздің белгісі: таңдандырар елтаңбамыз, аөгілдір көк байрағымыз, әуелетіп шырқар әнұранымыз бар. Байрағымыздың түсі - көгілдір. Ол кең де әрі шексіз аспанды бейнелесе, ондағы күн шуағы - нұрын біздің қазақ шашып тұратындай . Ал, қыран болса – кең далада еркін өскен қазақ жастары секілді көрінеді маған. Ал, біздің елтаңбамызға зер салып қараған әрбір жан онда үлкен мән жатқанын бірден түсінеді. Елтаңбаның ортасында – шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ – іргесі бүтін қазақ елінің бір шаңырақ астына жиналған отбасының бейнесін көрсетеді. Шаңырақ – елтаңбаның жүрегі. Шаңырақтың екі жағында алтын түстес тұлпар бейнеленген. Тұлпар – ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске дегенжасымас жігердің, қажымас қайраттың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Ал, елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз ейнеленген. Жұлдыз – елтаңбаның тәжі, Қазақ елінің жол нұсқайтын жарық жұлдызы. Елтаңбаның төменгі бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар. Енді асқақтаған әнұранымызды қалайша атпай кетейін?! Әнұранымыз кім-кімді болсын тебрентпей қоймайды. Біздің әнұраны мызәрбір қазақ баласының өз елінің патриоты екенін білдіреді.
Аға, қазіргі елдің жағдайына келер болсақ еліміз жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақ елін көркейтуге бар күшін салуда. Алысқа бармай 1-2 жылдың төңірегін алып қарасақ болғаны. Қазақстан «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін жеңіп алды. ЕХРО-2017 көрмесі қазақ халқының салт-дәстүрін танытуға деген мол мүмкіншілік деп түсінемін. Ал, «Қазақстан-2050» стратегиясы болса еліміздің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу көзделген.
Міне,Қайрат аға! Мен қазақ халқының заңғар биікке өрлеген ел болып қалыптасқанын айтып бердім. Енді сіздер салған ізгі жолмен қазақ елі мәңгі дами бермек –деп сенімді айта аламын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?