Қош бол балалабақшам

 Қош бол балалабақшам

Санжар мен Нұрсұлтан балық аулап ойнап жүріп қармақтарына сөмке түседі.
Нұрсұлтан: Санжар біздің қармағымызға не түсті қарашы
Санжар: Бұл сөмке ғой. Ішінде не екен қарайықшы
Нұрсұлтан: Мынау не кітап екен? Сен білесің бе?
Санжар: Нұрсұлтан, не болса да кітаптың пайдасы тиер. Апайлар: «Кітап деген – қазына» дейтін еді ғой
Екеуі: Алақай, алақай, алақай!
(Су патшасы балалар даусынан оянып, тіл қатады)
Су патшасы: Бұл не шу? Менің әлемімде не болып жатыр? Сендер кімсіңдер?
Балалар: Сәлеметсіз бе, сіз кімсіз?
Су патшасы: Мен су патшасымын
Балалар: Су патшасы сізден олай болса бір нәрсе сұрасақ бола ма? Мына кітаптың не кітап екенін біле аламай жатырмыз. Сіз білесіз бе?
Су патшасы: Е...е..е, бұл кітап адамзат баласының барлығының ең алғаш сауатын ашқан «Әліппе» кітабы ғой. Сендердің болашақтарың жарқын болайын деп тұр екен. Сендер енді мектепке барасыңдар, бұл кітаптың тиер пайдасы көп.
Санжар: Нұрсұлтан, олай болса біздікі не тұрыс? Қолымызда әліппе, одан да мектепке дайындалайық
Су патшасы: Талаптарың оң болсын, жолдарың болсын!
Нұрсұлтан: Айтқаныңыз келсін су патшасы, сау болыңыз!
(Сахна жабылады)
Балалар «Қоштасу вальсін» билейді
Нұрсұлтан:
Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңіз де есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал достарым ақ жол тілеп сөз бастағын
Сымбат:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық, Қоштасатын кешімізді біз бастайық Жүздеріңнен көркем шаттық арайлы Болсын солай әрбір күнің әр айың
Санжар:
Оқимыз білім аламыз Болашақ жолын табамыз Бақшамызбен қоштасып Біз мектепке барамыз
Нұрсұлтан: Сымбат, сен балалық шақпен қоштасуға дайынсың ба? Сымбат: Жоқ, әлі де болса балалық шақты ұмыту қиын ғой Санжар: Сен сияқты біздің топта балабақшасын қимай жүрген біреу бар Сымбат: Ол кім? Санжар: Нұрасыл Нұрсұлтан: Олай болса Нұрасылды «Балабақша» әнімен қарсы алайық
Санжар: Көңілді өскен баламыз Шырқатып әнге саламыз
Нұрсұлтан: Тойымызға сән берер Би де билей аламыз
«Балауса» тобының бір топ қыздарының биін қарсы алайық! («Велелые настроение» биі)
Сымбат: Біз байқамай отырған әншілер бар Өнеріне өзгелер тәнті шығар Тақмұратты шақырайық біз ортаға Жүректі тербеп алар әнді шырқар Тамұратты қарсы алайық!
Сымбат: Санжар сенің осы жүргізушілік қабілетіңнің бар екенін білемін. Тағы қандай өнерің бар? Санжар: Сымбат сен мені білмейді екенсің ғой. Мен би де билей аламын Нұрсұлтан: Досым, олай болса өнеріңді ортаға сал Сымбат: Қанекей, жігіттердің биін тамашалайық! (Би: «Жігіттер)
Санжар:
Мың бұралып билеген Бишілерді кім сүймеген? «Айгөлек» тобының бишілері «Теңізші» биін билеген
Сымбат: Жігіттер сендерді таңертең балабақшаға кім әкеледі? Нұрсұлтан: Мені әкем әкеледі Санжар: Мені де әкем әкеледі Сымбат: Олай болса әкелерімізге арнап Дінислам «Әкелер» әнін шырқамақшы қарсы алайық! Сымбат: Жігіттер мен сендерге бір құпияны ашқым келіп тұр Нұрсұлтан: Сымбат, ол не құпия? Санжар: Т...у..у..у тез айтшы, Сымбат. Менің қатты білгім келіп тұр. Сымбат: Мен біздің топта бір – бірін ұнататын қыздар мен жігіттерді білемін Нұрсұлтан: Ол кімдер екен? Сымбат: Бұл құпияның сырын сына биден кейін білетін боласыңдар Санжар: Олай болса кезекті биге берейік (Ты меня любишь? Биі) Сымбат: Достар біз мектепке кеткенмен балабақшада біздің орнымызды басатын балалар бар. Нұрсұлтан: Дұрыс айтасың, Сымбат. Кезекті «Аманат тапсыру» рәсіміне берейік
Аманат тапсыру Аманат беруші:
Аманат бақшам өзіңе Бақытты балғын балалар Аманат сөзін түсінер Біздерде ойлы балалар Аманат саған бал бөбек Аманат етіп тапсырам Күн шуағын қабыл ал!

Аманат алушы:
Аманатыңды аламын Ақылын алам ағаның Келер жылы гүл алып Мектепке мен де барамын
Санжар:
Мерекеде сызылтып ән салады Ән айтып, би де билеп жан салады Бұл ұлы мерекеде ән салғанда Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады Нұрсұлтанды «Ауылым» әнімен қарсы алыңыздар!
Нұрсұлтан:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде Бишілер билегелі тербетіле Аққудай қалықтаған теңіздегі Бишілер өнерлерін көрсетуде дей отырып «Айгөлек» тобының бишілерін қарсы алайық!
(«Вальс» биі)
Санжар:
Жорғалатқан жетіген Жетіген үні естілген «Сағындым» әнін сызылтып Жетіген тілімен сөйлеген
(Жетігенмен ән)
Сымбат:
Достарымыз көңілді, Шақырамыз ортаға Тойымызға сән беріп Би билейік тамаша «Балауса» тобының бишілерін қарсы алайық! («Гуми - гуми» биі)
Нұрсұлтан: Біз ауданымызға белгілі № 4 «Шұғыла» бөбекжай - балабақшасында тәрбиеленіп келеміз.
Санжар:
Ал біздің осындай балабақша басшысы Сәуле апайды мақтан тұтамыз.

Нұрсұлтан:
Сәуле апай!
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Өзіңізге арналған
Бүгінгі жыр әніміз.
Санжар: Жігіттердің орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар!

Сымбат: Құрметті Сәуле апай, өзіңіздің бүгінгі көңіл – күйіңізді, бізге деген ықылас сезіміңізді білдіру үшін сізді сахна төріне шақырамыз.
(Сәуле апай сөйлейді, балаларды марапаттайды).....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?