Дархан елім- Қазақстан !
Федотова Мария
10 сынып, № 3 ЖББОМ
Жезқазған қаласы
Жетекшісі: Акмолдина М.С.
10 сынып, № 3 ЖББОМ
Жезқазған қаласы
Жетекшісі: Акмолдина М.С.
Мен бақыттымын! Себебі, мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан!
Отан...Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным -сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қастерлі өлке - Қазақстан. Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ халқы не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» дейді ұлы дана халық..
«Тәуелсіздік - бізге тағдырдың кездейсоқ бере салған сыйы емес, қайғысыз-мұңсыз төңкерістің тартуы емес, мың өліп, мың тіріліп жүріп терген жемісіміз», - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қарнымыздың тоқ, көйлегіміздің көк, уайым-қайғымыздың жоқ болуы – білекті батырларымыз бен жүректі аға-апаларымыздың арқасы. Қазіргі таңда тәуелсіз және егемен ел екенімізді білдіретін Елтаңба, Ту, Әнұранымыз бар . Мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі бар. Өзге елдермен тереземіз тең, босағамыз берік. Экономикамыз да қарқынды дамыған.
Қазақстан - көп ұлтты ел. Оның құшағы кең әрі ыстық болғандықтан ешкімді де жатсынбайды. «Татулық – табылмас бақыт» екендігін әрдайым есте ұстайтын халық ынтымақпен, бірлікпен бір шаңырақ астында, бір үйдің ағайынды балаларындай тату-тәтті тіршілік етуде. Бұл қазақ халқының қонақжай халық екендігінің бір белгісі.
Қазақстанның қалалары, оның әрбір көшелері күннен-күнге көркеюде. Ресей Федерациясы десек - Мәскеу қаласын, Франция мемлекеті десек-Парижді, Англия десек- Лондонды көз алдымызда елестетеміз. Астана мен Қазақстан - егіз ұғым. Еліміздің жүрегі – Астана қаласы. Ғасырлық тарихы бар, аты аңызға айналған мемлекеттердің астанасынан кемде- кем түспейді. Қазақстанның қазіргі таңдағы беделі жаман емес. Білім, өнер, спорттан Қазақстан дүние жүзіне біршама танымал. Дәл қазіргі кездегі Қазақстанның алға ұмтылысы да адамның мерейін өсіреді.
Егемендігін алғанына жиырма екі жыл ғана толған жас Отанымның күн өткен сайын жан-жақты дамып, көркейіп келе жатқанына қуанамын. Мен ауыз толтырып мақтауға тұрарлық, мақтана аларлық мемлекет – Қазақстанда туғанымды мақтан етемін. Осының айғағы ретінде Қазақстанның ЕҚЫҰ –на төрағалығына көп елдердің бірауыздан сайлағандығын , Қысқы Азияданың, EXPO- 2017 халықаралық көрмесінің өтуін айтуға болады. Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр-жастар ғасыры. Мұқағали ағамыз: «Сендердікі қоғам, өмір, заман да, Сен түзеген қалаңменен далаң да, Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ, Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,-дейді.
Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз -жастар. Бүгінгі таңда жастарға барлық мүмкіншілік жасалған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша дүние жүзінің түкпір- түкпірінде еліміздің жастары білім алуда. Дарынды балаларға арнап зияткерлік мектептер әр облыстарда кезегімен ашылуда.
Қорытындысында, ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшан -теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!».

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?