Патриоттық тәрбие-отаншылдық кепілі
Нұрлыбаева Ақбота
8 сынып, №10 орта мектебі
Жетекшісі:Қазангапова В.О.
8 сынып, №10 орта мектебі
Жетекшісі:Қазангапова В.О.
«Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс - қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн»,-деп Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жас ұрпаққа ең бастысы патриоттық тәрбие беру деп ұғынған.Біз өзіміздің бойымызға отаншылдық сезімі мен өз елімізге деген сүйіспеншілкті дамытуға тиіспіз.Себебі, Қазақстанның болашағы - қазіргі жас ұрпақ, яғни біз.Мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы мен өмірге қабілеттілігін, ұдайы өндірісін нығайтуда патриотизм маңызды рөл атқарады.Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек.Дәл осы патриотизм қоғамның саяси бірлесуі мен тұтасуына септеседі немесе керісінше қоғамның ыдырауы мен бөлінуіне әкеліп соғады. Патриоттық сезім өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуден, мемлекеттік рәміздерді білуден және оны бағалаудан басталады.
Өз тарихын білу - ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындардағы ұдайы дамуына септеседі.Жеке тұлғаның өз халқымен бірлігін сезінушілігі оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры да, олардық нақты сақтаушысы, әрі жалғастырушылығын діттейді.
Патриотизм-отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне, бауырбасушылықты білдіреді.
Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.
Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт – дәстүрімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт – дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет.
Патриотизмнің бір көрінісі мемлекеттік рәміздерге құрметтен басталады.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу тек заңмен міндеттеуді ғана қажет ететін мәселе емес.Ол ең алдымен отансүйгіштіктің, мемлекетшілдіктің айнымас қағидасы болуы керек.Мемлекеттік нышандардың көмегімен азаматтар бойына еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезім дәйекті де табанды тәрбиеленеді.Сондықтан бойына патриотизмді дамыту үшін ең алдымен мемлекеттік рәміздерді бағалап, құрметтеу керек.Сонымен қатар жер-анамызды қастерлеп, туған жер қадірін бойымызға, санамызға сіңіру патриотизмнің бірден-бір көрінісі.
Патриотизм ортақ мақсаттар мен мүдделерге жетуде бірінші дәрежелі, басым маңызға, мақсатты сипатқа ие болады.Шынайы патриотизмді жаңғырту-Қазақстанды жаңғыртудағы жасалған қадам.Патриотизм халықтың рухани игілігі, қоғамдық сана мен қоғамдық және мемлекеттік жүйелер тұғырының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, олардың тіршілік әрекеті мен тиімді қызметінің рухани-өнегелік негізін құрайды.
Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек.Патриоттық сезім әрбір азаматтың сана-түкпірінен мықтап орын алу керек.Себебі, Қазақстанның үміт артқан болашағы-біз.Сондықтан біз артқан үмітті ақтауымыз керек.Қазақстанның келешегі –біз патриот - балалар қолында!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?