Психология | Эмоционалдық кері әсері
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І-ТАРАУ.
1.1.Эмоционалдық кері әсерді зерттеудің қалыптасуы
1.2. Оқушылардың шамадан артық эмоционалдық зорлануына негіз болатын қиындықтар
1.3. Оқушылардың шамадан артық эмоционалдық зорлануына негіз болатын қиындықтар
ІІ.-ТАРАУ.
2.1. Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау
2.2. Мазасыздану және депрессияны анықтау шкаласы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» /1/ арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балалардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» /2/. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.
Психологияда балалардың жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық тұрақсыздықтар көптен бері зерттелінуде. А.Адлер /15/, Л.С.Выготский /28/, Л.А.Орбели /45/, Г.Селье /85/, Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейг, К.Роджерс /45/, Ө.Тлеуқабылұлы /76/, К.Юнг /97/, В.Франк /91/, Ф.Перлз /25/, Изард /44/, З.Фрейд /90/ Э.Фромм /92/, Қ.Жарықбаев /40/ т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық зорланудың пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін агрессияның айќын дәлелдемелері арќылы түрлері көрсетілген. Оқушылардың мектеп табалдырығынан аттауымен байланысты көптеген жаңалықтарды меңгеруімен байланысты, бала өміріндегі кризистік даму кезеңдерімен байланысты орын алатын қиындықтар олардың мінез-құлқының кейбір көрсеткіштерінің шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. Осы құбылыстардың ерекшеліктерін зерттеушілер К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б. жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Аталған зерттеулер нәтижесін оқушылардың шамадан артық золаруын болдырмау және осы жағдайдан шығару барысында тиімді пайдалану жолдары анықталған.
Оқушыларда шамадан артық зорлану орын алғанда оларға нақты көмек көрсету жолдары мен құралдарын анықтау қажет болғандықтан біз дипломдық зерттеу тақарабын «Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары» деп анықтадық.
1.1. Эмоционалдық кері әсерді зерттеудің қалыптасуы
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет, сондықтан оның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды /38/. Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байланысты сезім көптеген жағымды және жағымсыз түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, мазасыздану, зерігу, психоэмоционалдық зорлану.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктердің бірі – қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады (сүйсіну-сүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым, т.б.). Олар өз ара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың белсенді және солғын көрініс беруіне байланысты. Адамға ерекше күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер стеникалық (стен – грек тілінде күшті деген мағнаны білдіреді) эмоция деп аталады, ал адамды күшінен айырылтып, барлық іс-әрекеттерін баяулататын сезім түрлерін астеникалық (астения - әлсіз) деп атайды.
Шамадан тыс күшті тітіргендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Адам ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлуын психологияда стресс (стресс - ағылшын тілінде шамадан тыс зорлану деген мағнаны білдіреді) деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінуі мазасыздану кезеңі деп аталады. Ағзаның күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуіне байланысты оны жеңуге күш салу, немесе зорлану кезеңі деп аталады. Адам сырттан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндей қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Сезімнің бұл ерекшеліктерінің барлығы нақты әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеттіліктері мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның өмір тәжірибесінде алатын орны үлкен. Әр адам өз алдына қойған мақсатын орындау жолында, өмір үшін қүресте күшті сезімдерсіз табысқа жетуі қиынға соғады. Сезімнің қораш, селқос, солғын болуы іске кедергі жасайды. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік – оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч.Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кезде ата-бабалаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін атайды. Мысалы, қатты ашуланған адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп бұлығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-тұрс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Бұл мысалдан жабайы адамдардың өздерінің алдында тұрған жауларымен айқасқа түсейін деп тұрған адамның қабілетін, даярлық белгісін байқауға болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан соң жауымен айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мұндай көріністер дөрекі, ебдейсіз қимылдар қимылдар болып табылады. Мұндай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамдар қылығына ешқандай сыйысымсыз сипатта болады. Бұған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан жақын тұрады. Адамдардың сана сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениетке түседі, үйлесімді бола бастайды.
Адамның эмоциялық жағдайы оның темпераментімен байланысты екенін, стресс жағдайының адам өмірінде маңызы өте үлкен екеніне қазіргі кезде көбірек көңіл бөлінуде. Оған тоқталардың алдында бұл ауыртпалық туралы түсінік қазақ халқының арасында ежелден болғанына назар аударалық. Өтейбойдақ Тлеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегінде стресс туралы, «Ұшынымдар» - деген тақырыппен, көптеген деректер келтірілген. «Алланың өзіне жазған тиесілі несептік ризыған тергегі адамзатының әрбірінің өмірлеуі біркелкі болмаулығы шарт. Кейде өтерден «Шопан үсті боз торғайға ұйалық» болмақ. Кейде бұл өтерден ойпыл-тойпыл, астан-кестен болып, ел басына лан туылып, қыз қатын, шаңырағы отын болмақ»-деп көрсеткен.
Эмоциялық шокты – «ұшықтық сілейме»-деп Тлеуқабылұлы былай сипаттайды: «... әуелі тұрса тұрған күйі, отырса отырған беті, жатса жатқан қалпы бежірейген күйі қатып қалған тақылетті болмағы шарт. Алыстан айғайлағанды қойып, жанына барғаныңды сезбейді. Тіпті түртсең қозғалым, қарау тақылетті пенделік тіл алысымдық ұштасымдылық көрсетуге шамасы келмек емес, жетпек емес» деп сипаттама берген.
Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегінде тұлғадағы қандық аңғақтық бейімдер» - деген тақырыппен адам организмінің алты конституциялық түрін ажыратқан:
«1) қандық аңғақтық ысқытық бейім; 2) қандық аңғақтық суықтық бейім; 3) қандық аңғақтық қоюлық бейім; 4) қандық аңғақтық буылмалық бейім; 5) қандық аңғақтық уылмалық бейімі (нілсіз бейім деп те атаулық)». Осы сипаттарды қазіргі тілде келтірентін болсақ, оны былай көрсетуге болады:
1. Қаны ыстыққа бейімі. Дене бітімі енгезердей, өңі шиедей қызыл, сабырлы, көп сөйлемейтін, аз күлетін ешкіммен сырласпайтын, сызданып сөйлейтін, ұстамды келеді. Бұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша флегматиктерге жақын.
2. Қандық аңғақтық суықтық бейімі. Қараторы өңді, қара толықшалаулық ынтық сөйлемеліктері, менікі ғана жөн деуліктері, білгірлікті біліктілік, көрсетімшіл, «сөйлемділік таласқы кеуде қарағай деулік тақылеттілер» - дегенінен өңі қараторы қара, денесі толықша, сөзшең, менікі ғана жөн дейтін, білгірлігі мен біліктілігін көрсете білетін, өзіне сенімді адамдарды ұғамыз. Бұларды Гиппократтың «сангвиниктеріне» жатқызуға болады.
3. Қаны сұйықтыққа бейім. Өң әлпеті әртүрлі, көзі шатынап, терісіне симай әрнәрсеге соқтыққыш, қараптан қарап тұрып ашушаң, басқаның сөзін аңдитын, басынан сөз асырмайтын, кекшіл, болымсыз нәрсе үшін өш алуға бейім, басқа адамды өлтіруге аңсары ауғыш, төбелесуге жақын тұратын, артын ойламайтын адам. Бұл Гиппократтың «холеригіне» жақын.
4. Қаны қоюлыққа бейім. Үйден көп ұзақ шықпайтын, үйкүшік, шілденің ыстығында қаңтардың суығындағыдай үстінен киімін тастамайтын, суық тисе жалпағынан түсетін, маңдайы жіпсіп терлесе жадырайтын. Іс-әрекеті аз адамдар. Гиппократтың жіктеуі бойынша меланхоликтерге жақындау келеді.
5. Қаны буылмалыққа бейім. Өң-әлпеті әртүрлі түсті болса да, соңынан сұрланыңқы болып, көз жанары солыңқырайды. Әдетте диагноздың тура тұжырым жасау мүмкіншілігі болмаса, көп сезілмейтін, кенеттен талықсып кетіп, ақыл-есінен айырлатын адамдар. Кейбіреулері не болса соған тез ренжиді. Бұдан біз Өтекең бабамыз қояншық дертімен ауыру сипаттамасын беріп отырғанын аңғарамыз.
6. Қаны уыттылыққа бейім. Өңі аққудай, көз аңсары солыңқы, кейбірінің өңі тоқтыққан, үп еткен желге ұшып кетердей арық, бет әлпеті жып-жылтыр, кейбіреулерінде өрмекші торлары тәріздес әжімдер байқалады. Қолмен ұстағанда бұлшық еттері болбыр, жүріп-тұруға еріншек, дауысы тым әлсіз. Кейбіреулерінің қан тамырлары қанаса, оны тоқтату тым қиын болып, организмде ауыр бүліністер туындатуына әкеледі. Мұрны қанау, басы ауырғыш, қатты семіру, мәңгүр болып орнынан қозғалмау сияқты белгілерімен көрінетін қанның шіруі мен сөлдің нілсізденуіне бейім. Бұдан біз автордың қуалайтын ауруларға бейімділігі бар адамдарды сипаттап отырғанын ұғамыз.
Абай еңбектерінде адамгершілік сапалардің жетекшілерінің бірін жүрек сезімі деген. Сезім адамның іс-әрекетінде үлкен орын алатындығын көрсете отырып, сезімді жүрек қасиеті, ол – адамның өмір сүруінің басты шарты, ол тамырлармен қан жүргізеді, ол – жанның тұрағы, мекені, онсыз өмір жоқ деп көрсетеді. Эмоционалдық көңіл күйінің жағдайында адамның бет әлпетінен байқалатын қимылдар мен физиологиялық өзгерістерге үлкен көңіл бөлді.
Жылы сөз бен күшті сезім адамның физиологиялық әрекетіне әсерін тигізетінін Абай Евгений Онегин мен Татьянаның хаттарында тамаша көрсеткен.
Білектей арқасында өрген бұрым» деген өлеңінде:
Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе,-
Деп ақын сезімнің адамның тұла бойына тигізетін әсерін көрсеткен. Мұнда Абай адамның сезімдері сыртқы қоздырғыштардың, яғни сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарының адамға тигізетін әсері арқылы пайда болатындығын көрсетіп отырғаны байқалады.
Абай кейбір өлеңдері мен өнеге-үлгі сөздерінде жеке сезімдер құбылыстарына қысқаша түсінік береді.
Қуаныш – адамға сергектік пен күш-қуат беретін жағымды сезімдердің бірі. Ол көбінесе жастыққа тән сезім болып табылады.
Адам қартайған сайын, онда жағымсыз сезімдер көбейеді. Алайда адал еңбек ету адамға қашанда қуаныш, бақыт ікеледі.
Күлкі – адам қуанышының айқын көріністерінің бірі болып табылады. Күлкі – адамға қажетті нәрсе, бірақ пайдасыз, орынсыз күлкі зиянды болып табылады. Сондықтан орнымен ғана күлу керек. Күлкі адамның рақаттанып, ләззат алуынан туғанда ғана жақсы (орынды) күлкі болып табылады. Ал біреудің қайғысына күлуге тіпті де болмайды, қайта ондай адамның қайғысына ортақ болып, жәрдемдесу керек. Қулықпен сүрген өмір - өмір емес, тек тіршілік етіп жүру ғана. Сондықтан өз еңбегі мен күшіне сүйеніп, адал өмір сүру керек.Еңбек адамға қашанда бақыт ала келеді. Міне, бақыт күлкісі ғана шын жақсы күлкі бола алады.
Қайғы. «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады».
Абай ашуды қайратпен байланысты талдайды: «Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл» - дейді. Егер ашулы адам айқайлап, дауыс көтеріп, шаптығып кететін болса, оның өндіретіні шамалы болады, қайта ашулы адам үндемей, сазарып отырып алса, міне, сондай адамнан сақтану керек: оның арты жамандыққа соқтықтыруы мүмкін. «Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында болғаны; егерде аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ», - деп жазады. Дүниеде ешнәрсе, соның ішінде зұлымдық, жамандық та мәңгі емес екенін еске сақтай отырып, оған қарсы күресу керек. «Жамандықты кім көрсейді? Үмітін үзбек қайратсыздық, дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас: жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің, қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді», - дейді Абай.
Ұят. Абай ұяттың екі түрі бар (надандықтан болатын ұят, абыройға сыйысымсыз іске ұялу) деп көрсетеді де, олардың әрқайсысын сипаттап, ұялу және деген нәрсе адамгершіліктің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады: ұят адамның табиғатына зиянын тигізеді деп түсіндіреді. «Бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ, әншейін жолығысудан ұялған секілді,... ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын көрсетіп, шешілмегендік қалып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық, надандық.
1.2. Балаларда орын алатын шамадан артық психоэмоционалдық зорлануының көрініс беру түрлері
Жас балаларда психоэмоционалдық зорлану немесе стресс тез пайда болады да, көпке созылмай өте шығады. Ал ересек, әсіресе қартайған адамдарда ол көпке созылып жүйке арқылы ішкі мүшелердің қызметін бұзады, көбінесе жүрек-қан тамырлар жүйесін әлсіретеді.
Нәрестелерде қозу қарқыны тежелуден жылдамырақ және күштірек болғандықтан оларда стресс оңай тез туып, тез өшеді.
Мектеп жасындағылардың, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының стресс жағдайы жиі кездеседі, өйткені бұрынғы жүгіріп, ойнап жүрген балалар партада тапжылмай сабақ оқуы жүйке жүйесіне біршама салмақ түсіріп, қинайды.
Мектепте оқитын балалардың оқу белсенділігіне байланысты балалардың психоэмоционалдық жағдайы әртүрлі болатыны байқалған. Л.И.Прихожанның /36/ зерттеуі бойынша елгезек, жылдам қимылдайтын, жақсы оқитын оқушылардың психоэмоционалдық жағдайы тұрақты болады да олардың саны 54 %. Нашар оқитын, қимылдары сылбыр балаларда психоэмоционалдық жағдайының нашар болатындары - 20%-ке жақын болып, олардың басым көпшілігі эмоционалдық шамадан артық зорлану жағдайында жүретіндігі дәлелденген. Осы көрсетілген стресс жағдайы мен балалардың қарым-қатынасқа икемділігінің нашар болуының өзара қатынасы балалардың сынақ жұмыстарын орындау барысында, тақта алдында жауап берген кезінде айқын көрінеді.
Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін қиындықтар мектепішілік қарым–қатынаспен байланысты орын алады. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, тілалғыштық, шынайы адалдық, жақсы-жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзіне-өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен іскерлігі жатады. Егер кішкентай кезінен бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, ол қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді, ал олардың бойында ынжық мінез қалыптасса біртіндеп ол сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжындық мінездерге айналады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен қарым-қатынас жасау, достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық көріністері қалыптасады.
Мектепке дейінгі жас кезеңінде балалардың мектепте оқуға даярлықтан өту-өтпеуіне, отбасындағы тәлім-тәрбие алу ерекшеліктеріне байланысты бала психологиялық дамуында әр түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Олардың ішінде депривация көрініс берген және осы симптомы барлардың мектепке қабылдау алдында коррекциядан өтпегендері мектептік қарым-қатынасқа және оқушының күнтәртібіне адаптациядан өтуі қиын болады. Депривация (жетіспеушілік деген мағнаны береді) орын алған себептеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
1. Сенсорлық депривация баланы қоршаған сыртқы ортаның аз және ондағы тітіргендіргіштерінің аз өзгеруімен байланысты орын алады. Баланың жаңалықтарға қызықпаушылығымен және танымдық қажеттілігінің шектеулілігімен сипатталады. Мұндай жағдайда балалардың қоршаған ортада болып жатқан неше түрлі құбылыстарға әсерленуі, теледидардағы бағдарламаларға деген әуестігі шектелген болып, олар көптеген балаларға қызықты нәрселерге онша кқңіл аудармастан, барлық жаңалықтарға селқос қарайды. Нәтижесінде балалардың оқу процесіне де қызығушылығы төмендейді, ынжық мінез көрсетеді.
2. Когнитивтік депривация керісінше, қоршаған орта заттары мен құбылыстарының ретсіз өзгеруімен байланысты оларды танып білуге, мазмұнын ұғынуға мүмкіндік бар екеніне бала түсінбей қалады, сондықтан олардыың танымдық әрекеті шектеулі және қажеттілігі дамымаған болады. Мұндай ерекшелік байқалған балалар оқу барысында үстіртін қарап, барлық нәрселерге терең, жан-жақты меңгеруге деген қабілеті төмендейді. Нәтижесінде баланың білімге, іскерлікке деген құштарлығы онша көрініс бермейді, ал жақсы оқитындарға қазғаншақтықпен қарап, ескертулерге дөрекілік көрсетеді.
3. Эмоционалдық депривация баланың өзіне эмоционалдық жақын адамынан айрылуымен, ата-анасы немесе олардың орнында болған туысқандарымен қатынас жасауының шектелуімен байланысты көрініс береді. Эмоционалдық депривация өкімет үйлерінде тәрбиеленген балалардың барлығына ортақ психологиялық проблеманың түрі болып табылады. Отбасында тәліс-тәрбие көрген балалардың да ішінде эмоционалдық жүйесі онша жетілмегендер отбасында орын алған ата-аналарының арасындағы келіспеушілік, ажырасу т.с.с. себептермен байланысты орын алады. Балалар өздерінің отбасындағы жағдайынан ұялып, басқалардан сыр сақтап, қарым-қатынасын шектеп жүреді. Жағдайы жақсыларға қызғаншақтықпен қарап, агрессиялық мінез көрсетеді.
4. Әлеуметтік депривация баланың ден саулығымен байланысты өзіне тән әлеуметтік функциясын орындауға мүмкіндігінің шектеулілігімен байланысты қалыптасады. ДЦП, сал аурулары, созылмалы қабыну тағы басқа сырқаттардың салдарынан кейбір балалар ойын шағындағы өздерінің құрбыларымен қимыл ойындарға толық қатынасуға шамасы келмегендіктен өзін кем санау синдромы қалыптасады. Сондықтан олра басқалардың саулығын қызғанып, өмірге ренжіш күйде болып жүреді де, өздерін кемтармын деп есептеп, тұйықтанып, басқалармен қарым-қатынасы шектеулі болады.
Аталған депривация түрлерінің барлығы балалардың эмоционалдық жағдайын нашарлатып, оларды шамадан артық эмоционалдық зорлану жағдайына алып келуі мүмкін. Сондықтан балаларды дер кезінде осы депривациялық күйден шығармаса ол созылмалы стресс жағдайында болып, баланың неше түрлі қырсық мінез көрсетуіне алып келеді.
Шамадан артық эмоционалдық зорлану нәтижесінде балаларда жиі кездесетін ауытқу – агрессивтілікке алып келеді. Агрессия дегеніміз өзге..............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?