Экономика | Экономиканың құрылымдық қайта құрылу

 Экономика | Экономиканың құрылымдық қайта құрылу

Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................2
1 Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері.....................................................................3
2. Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары.................................................................................6
3 Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру.......................................................17
4. Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру.........................................................22
Қорытынды...........................................................................25
Қолданылған әдебиеттер.....................................................26

Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық экономикасын нарықтық қатынастарға бір мезгілде ауыстыру айқын болып келеді, өйткені халық шаруашылығының мұндай ауысудың қажетті жағдайларын жасауға баруға дайын еместігі маңызды әлеуметтік күйзелістермен қалайсыздыққа ұшыратылған. Алайда осы мақсатта арнайы экономикалықаймақтарды пайдаланудың шынайы мүмкіндігі пайда болады, олардың шектелген аялары нарықтық механизмнің әрекет етуін еш қиындықсыз жөнге келтіруге мүмкіндік береді. Аса дамыған елдердің тәжірибесі, онда ғылыми-техникалық жетістіктерді ендірудің экономикалық механизмі ұлттық экономиканың инновациялық секторына түрленгенін көрсетті. Өкінішке орай, Қазақстанда бұл әлі жоқ. Сонда да ғылыми-техникалық сферада кәсіпкерліктің барынша дамуына ұтыс тігу өзінің нәтижелерін беруде. Сонымен, инвестиция бойынша Комитет құрылды, ол жобалардың сараптамасын өзінің мойнына алу керек: рыноктың мұқтаждықтарын бағалау, қаржы ресурстарының көлемі, тәуекел дәрежесі және болжанатын кірістер.
1. Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясыиен тәжірибесінде гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында – экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін бағалау тұрады.
Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % -тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде);
- экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану және құлдилау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады.
Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты жүргізудің және әлеуметтік проблемаларды шешудің жағымсыс тәжірибесі – бұл аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтый іске асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп, ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де сипатталған.
Өндірісті дамыту, ҒТП бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. Ауыр өнеркәсіптегі өндіруші және шикізатты салалардың меншікті салмағы өте жоғары. Және осы кезде ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, яғни экономиканың тұтынушы секторы жеткіліксіз дамыған болып қалады.
Әсіресе материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераның ара қатынасында біздің артта қалғанымыз анық. Дамыған елдерден айырмашылығында, біздің елде әлеуметтік сферада – 25 % болғанда, материалдық өндірісте еңбекке қабілетті тұрғындардың 75 % - тен артығы қамтылған. Бұл ара қатынас материалдық өндірісте еңбек өнімділігінің төмендігін білдіреді, басқаша айтқанда тұрғындардың материалдық өнімдегі мұқтаждықтары қанағаттандырылмайды. Бірақ істің мән-жайы біздің экономикалық дамуымыздың деңгейі өте төмен екендігінде ғана емес. Істің мән-жайы – шаруашылықты басқару теориясы мен тәжірибесінде осы уақытқа дейін экономика құрылымын жетілмеген көзқарастардың пайдаланылуында. Сонымен, халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес сфераларға бөлінуі сақталады, ал соңғысының астарында әлеуметтік сфера түсіндіріледі.
Экономикалық әдебиеттерде материалдық өндірістің шешуші ролі барынша қолданады, ал әлеуметтік сфера тұрлаусыз сфера ретінде беріледі. Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ҒТР қызметтер сферасын болып көрмеген өсу шегіне, ғылым, білім, мәдениет экономикалық дамудың басты факторлары болып келеді. Сондықтан әлеуметтік сфераның басым дамуын жариялап қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асатындай қамтамасыз ету керек. Өкінішке орай, қазіргі уақытта атап айтқанда ғылым, білім және мәдениет ауыр халде қалды, бұл біздің елімізді әлемдік дамудың қазіргі деңгейінен шегіндіріп тастайды. Мысалы, дамыған елдерде ВНП құруда әлеуметтік сфераның үлесі, материалдық өндіріске қарағанда жоғары екенін біздің ұғынуымыз қиын болады.
Өндірістік қатынастардың түрленуі өндірістік күштердегі терең өзгерістермен үйлесуі керектігі әбден түсінікті. Бірінші кезекте, ауыр өнеркәсіптің (ең алдымен, оның өндіруші және шикізатты салаларының) шамадан тыс басым болуын жеңумен және халықтың мұқтаждықтарын тікелей қамтамасыз ететін салалардың жылдам дамуымен байланысты, терең құралымдық өзгерістер ескеріледі.
Дәстүрлі түрде жинақталған құралымдық диспропорцияларды жою, халық шарушылығының жаңа құралымындағы ілгері техника-технологиялық негізде пропорционалдықты қалпына келтіру нарықтық экономикада “циклдік дағдарыс” кезеңінде жүзеге асырылады . Басқаша айтқанда, ұдайы өндіру процесінің циклдік сипаты, мәні бойынша, кезеңдік техника-технологиялық жаңғыртудың және жоғары дамыған мемлекеттерде де, дамитын елдерде де аймақтық экономикалардың құрылымдық қайта құрылуының басты рычагы болып табылады. Аймақтың халық шаруашылығы үшін ерекшелік – экономикалық дағдарыстың біршама басқа себептермен болуында, ал нарықтық қатынастарға өту дағдарыстық жағдайдан шығуды жеделдетуге қабілетті, қозғаушы күш ретінде қарастырылады. Алайда, бұл экономиканың құлдырауын тоқтату, ҒТП-ны пайдалану негізінде оның материалды-техникалық базасын техникалық және экологиялық жаңғырту бойынша міндеттердің бір мезгілде шешілу қажеттігін болғызбай тастамай, керісінше күшейтеді.
2. Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары
Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары бойынша ауқымды экономикалық әдебиеттерге қарамастан, қазіргі уақытқа дейін құрылымдық қайта құру категориясын түсінуде бірлікке қол жеткізілмеген. Сонымен, жұмыста экономиканың құрылымдық-технологиялық қайта құрылуын, осы проблеманың әр түрлі аспектілерін қарастыра отырып, автор бұл категорияға анықтама бермей, құрылымды-инвестициялық және ғылыми-техникалық саясаттың сайланушылығы туралы, олардың басымдылықтары туралы мәселені қояды. Экономикалық өсі мен белсенділіктің ауытқуларын экономиканың технологиялық құрылымының жаңартылуымен және техника-экономикалық даму бағыттарының өзгертілуімен байланыстырылады.
Алайда құрылымдық қайта құру жеке технологиялық процестерге ғана емес, барлық макроэкономикалық жүйеге тән, және оны еңбектің қоғамдық бөлінуіне негізделген, өндірістік күштерді дамытудың және өндірістік қатынастар жүйесінің қол жеткізген деңгейімен себептелген қайта құру ретінде қарастыру керек. Сонымен бірге экономиканың тиімді құрылымын қалыптастыруда технологиялық тәртіптің атқаратын ролін ерекше атап көрсету керек. “Қазақстан өнеркәсібін құрылымдық қайта құрудағы ғылыми-техникалық басымдылықтар” атты ұжымдық монографияның авторлары құрылымдық қайта құруды өндіріске енгізілетін жаңалықтардың қуатты ағының қамтамасыз ету арқылы белсенді ,ылыми-техникалық саясатты жүзеде асыруды мемлекеттік реттеу шараларының бірыңғай және қатаң дәлелденген жүйесі негізінде комплексті түрде жүргізуді ұсынады. Әр түрлі пікірлерді және экономиканы құрылымдық қайта құрудың анықтамаларын салыстыру, берілген мәселені шешу алғашқы көзқарасқа қарағанда едәуір күрделірек екенің растайды. Бұл зерттеудің әр түрлі аспектілерінің бар болуымен себептелген, оларға байланысты экономиканың, құрылымын мұндай немесе басқа құраушылардың басты ролі анықталады. Құрылымдық қайта құрулар қоғамдық қажеттіліктердің өзгерген жүйесі мен материалдық өндірістің құрылымы арасында пайда болатын қарама-қайшылықты шешу, салалар арасындағы шектелген ресурстарды бөлу құралы болып табылады. Бұл қарама-қайшылықты шешуде қажеттіліктерді де, сондай-ақ экономиканың ресурстық базасын да түрлендіретін ҒТП маңызды роль атқарады.
Экономикадағы ұзын толқындар теориясына және оның негізінде әзірленген технологиялық тәртіп (ТТ) теориясына сәйкес атап айтқанда технологиялық тәртіптің ауысуы (өзінің даму процесінде тұтастықты сақтайтын және тұйықталған қайта жаңғырту циклын қамтитын, технологиялық байланысқан өндірістер жиынтығының ауысуы) ҒТП - ның төңкерістік кезеңінің негізгі мазмұны болып табылады. Осындай ауысу нәтижесінде еңбекті қоғамдық бөлуде, салалар арасындағы ресурстарды бөлуде өзгерістер болады, бұл экономикалық өсуге және экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әкеліп соғады. Экономикалық әдебиеттерде XIX - XX ғ. ғ. бір-бірін ауыстырған, алты технологиялық тәртіпті (ТТ) бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысында салалардың белгілі тобы түрінде технологиялық ядро басым болды.
Бірінші ТТ үшін – бұл тоқыма өнеркәсібі және машина жасаудың сәйкес салалары; екінші – көмір өнеркәсібі, қара металлургия, ауыр мешина жасау; үшінші – электр энергетикасы, электртехникалық өнеркәсіп; төртінші – химия және мұнай-химия өнеркәсібі, түсті металургия, химиялық машина жасау, автомобиль жасау. 70-ші жылдардың аяғында басталған бесінші ТТ есептеу техникасының өндірісіне, микроэлектроникаға, аспап жасауға, радиоэлектрондық өнеркәсіпке сүйенеді. Және, ақырында, әлемнің озық елдері информациялық технологиялар мен телекоммуникацияларға, робот жасауға, биотехнологияларға негізделген, алтыншы ТТ-ға өтуді бастады.
Қазақстан озық елдерден бір тәртіпке қала отырып, бесінші ТТ-ға әзірше баяу өтуде. Бұдан басқа, біздің аймақта да реформа бесінші ТТ-ның ядросын құрайтын салаларға теріс жерін тигізді. Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі құрылымдық қайта құру механизмінің толығымен жоқ болуы болып табылады. Реформа басталға дейін болған ресурстарды бөлудің орталықтандырылған механизмі жойылған, құрылымдық қайта құрудың нарықтық механизмі әлі құрылған жоқ.
Аймақтық экономика теориясында аймақтық дамуды реттеуге екі қарама-қарсы ыңғай бар. Неоклассикалық бағыт аймақтардың дамуындағы айырмашылықтар уақытша болып табылады және нарықтық механизммен жойыладыдеп болжайды.неокейнсиандық бағыт рынокты аймақтық диспропорциялардың нашар реттегіші деп есептейді, олар мұндай “реттеу” кезіңде тек қана тереңдетіледі және аймақтық диспропорцияларды тек мемлекеттің программалы-мақсаттық қызметі ғана жоя алады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?