Қазақ әдебиеті | Шәкәрім лирикалары
Мазмұны
І. Кіріспе ------------------------------------------------------------------3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақынның лирикалық өрнегі -------------------------------------------- 5
2. Шәкәрім лирикаларының тақырыптық, түрлік ерекшеліктері -----7
3. Шәкәрімнің саяси - әлеуметтік лирикалары ------------------------------- 10
4. Шәкәрімнің философиялық лирикалары ---------------------------------- 15
5. Ақынның махаббат лирикасы -------------------------------------------- 22
6. Көңіл-күй лирикасы ---------------------------------------------------------- 27
7. Табиғат лирикасы --------------------------------------------------------------30
8. Ақынның қазақ лирикасына қосқан жаңалығы -----------------------32
ІІІ. Қорытынды -----------------------------------------------------------33
IV Пайдаланылған әдебиеттер -----------------------------------------34
Кіріспе
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеті идеялық, тақырыптық және көркемдік жағынан жаңа сипатқа көшіп, соны бағытқа бет бұрды. Бұл бағыт өмір құбылыстарын кестелеудегі шынайылықты, имандылқ пен азаматтық үнді қастерлейтін реалистік бағыт еді. Қандай дап болсын реалистік туындының күш – құдіреті айнала қоршаған ортадағы былайғы көпшілікке беймәлім құбылыстар мен құпия сырларды мейлінше нанымды әрі көркем етіп жеткізе білуінде болса керек. Реалистік әдебиеттің әлеуметтік маңызы мен қоғамдық мәнінің өзі оның өмір құбылыстарын, уақыт пен кеңістік сипатын дәл де шынайы бейнелей білумен өлшенбек.
Төл әдебиетіміздің даму тарихындағы аса маңызды белеске айналған осынау дәуір ұлттық лирикамыздың жан-жақты баюына, нәрленіп, ажарлануына аса мол ықпалын тигізеді. Бұл дәуірде Абайдың ақындық дәстүрі тұтас мектеп е айналып, өзінің ізбасары мен жалғастырушылары арқылы тамырын кең жайды. Осынау ұлағатты дәстүрді нысана тұтқан ақындардың алдында өз заманындағы қазақ даласының әлеуметтік - саяси жағдайынан, рухани мәдени психикалық хал-ахуалынан туындайтын сан тарау тақырыптар бой көтерді. Мұның өзі лирикалық поэзияға аса мол м індеттер жүктеді. Ендігі жерде халықтық лирика бұқараның қоғамдық жағдайы мен эстетикалық таным-түсінігін бейнелеуге ұмтылды. Халық өмірінің әрбір сәтін қалт жібермеуге әзір елгезек лирика жанрының маңызы бұл кезеңде ерекше өсті. Онда айналады болып жатқан оқиғалардан, адамдардың іс - әрекеттерінен туатын қым-қиғаш көңіл күйлері мен сезім сәттерінің біртұтас көркем бейнесі іспетті халықтық болашаққа меңзеген ой-пікірі бүршік жарды.
Осынау заман талабына сай өркен жайған жаңа әдебиеттің, тың өрнектегі лириканың ұлы Абайдан кейінгі алғашқы көрнекті өкілдерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. Ол өзінің алдындағы Абайдың поэзиясынан нәр ала отырып, Ақылбай, Мағауия, Әріп, Әсет, Уәйіс, Көкбай, Нарманбеттер тәрізді талантты замандастарымен бірге ұстаз дәстүрін ілгері дамытты. Абай үлгісіндегі ұлттық лирикамызға Шәкәрімнің қосқан үлесі, әкелген жаңалығы әралуан. Ақын поэзиясының басты қасиеттерін айқындайтын да осы үлес.
Лирика (грекше Іуга — ежелгі гректер үніне қосыльш ән салған музьжа аспабы) — әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкікөңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне, елеңмен жазылады.
Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқынуы, автордың өз басының алуан-алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйшіші тән болып келеді. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс — субъективті нәрсе; бірақ, сонымен қабат кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның кеңіл кұйі әркашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, — лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады. Оқушы әрбір лирихалық шығармадан оны жазған автор өмір сүрген кездің жай-жапсарып аңғарып отырады.
1. Ақынның лирикалық өрнегі
Шәкәрімнің бай мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдегі қоғамдық көріністер, ақыл-ой ізденіетері, толғамды тұжырымдар ізін қалдырды.
Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа сан-сала құбылыс, көріністерге, дінге көзқараеында кеібір қайшылықтар кездескенімен, ешқашан оған көзсіз берілген жоқ; өмірдің қуанып-рақатннан аулақ болуды уағыздаитын тақуа, бәрін жоққа шығаратын түңілген торыққан адам емес. Дүниеге көзқарасы жөнінен Шәкәрім көбіне рационализмге деиэмге бе,йім. Бұл философнялық бағыт дүниені жаратушы бір күй бар дегенді мойындайды оған табиғаттың, жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысын дәлел етеді, дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білуі мен өзін-өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ деп қарайды. Қазақтың ағартушы-демократтары да көбіне осы дүниетанымды, көзқарасты жақтағаны белгілі. Шәкәрім де солардың ізінде болды.
Ақынның дүниеге, қоғамдық құбылыстарға көзқарастарында үстірт пікірлер, кейбір қайшылықтар бар, Әсіресе оның ертеректе жазған "Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі" және "Мұсылманның шарты" атты кітаптары мен кейбір өлеңдері жөнінде солай айтуға болады. Дүние жаратылысы» "Өлшеусіз ғалам" ғаламаты, "жоқтан бар қылған" ерен күш құдіреті жайындағы түсінік ақынның дінге көзқарасына, сеніміне негіз болған. Дін тарихы, теология туралы кітаптарды оқып, ол бір кезде мұсылман дінінің кейбір шарттарын адам мінез-құлқын жөндеуге пайдаланса деген түсінікке бой ұрады да, ислам ережелерін түсіндіруге тырысады. Мысалы, "Мұсылмандық шартында" "Иманның мағынасы", "Аллатағаланың сипаттарын білмек", "Кітаптарда иланбақ", "Адам жақсы мінезді болмақ", "Әрбір халал іске ұмтылмақ", "Адам өзін таныса", "Ата-ананың құлы", тағы басқа тараулар бар. "Мұсылмандық шартын-мұсылмандықты насихаттайтын кітап. Шәкәрім бірыңғай дін жолын ғана қуып кетпеген сондықтан дін иелерінің, молдалардың өрескел істерін, сұрқия бейнелерін әшкерелейтін өлеңдер де шығарған.
Шәкәрімнің "Түрік, қырғыз, қазақ ҺӘМ ханлар шежірес!" кітабы тарих қойнауына үңілу негізінде жазылса да, ондағы бірсыпыра пікір-тұжырымдарда қайшылықтар аз емес. Ол: "Қазақтың түпкі атасының жанын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы есіткен-білгенімді жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым. Оқыған кітаптарымның мұсылманшасы: Тәбри-тарих ғүмуми, тарих ғұсмани, тарих антшар аласлам, Нәжип Ғасырбектің түрік тарихы. Баһадүр ханның язған шежірәй түрік және һәм түрлі кітаптардан алынған сөздері орысша кітаптардан оқығаным: Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түркі нәсілі туралы; дүниедегі һәм түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірілген сөздері. Оның ішіндегі түріктің ең ескі заманындағы шежірелері - "Құдатқу білік", "Кошу чидам" деген кітаптардың сөзі және қытайдың Иуан-Шауу-ми-ши деген жазушысының сөзі және араб-парсы, рум-европа жазушыларының сөзі",-деп жазды.
Кейбір материалдардан фактілерді. Адам аттарын ғана тізбелеушілік, мән-мазмұны ашылмауы, ел билеушілерге көптеп көңіл бөлу, кейде өткен күндер жақсылыққа толы деген үстірт, қате тұжырымдар айтылуы кездеседі. Тарих қатпарларына терең үңіліп олардың заңдылықтарын, тап-тартыстарын ашу, әрине, оған әрі қиын да еді әрі мүмкіндіктер де жоқ еді.
Бұл кітаптың жазылуы мен басылуы аралығындағы мерзімінде осы ғасырдың алғашқы Он жылында қазақ қоғамы да қайшылыққа толы болғаны белгілі. Мұның өзі жазушы көзқарастарындағы қайшылықтарға да әсер еткені сезіледі.
Шәкәрімнің жан-жақты қаламгер болып қалыптасуына, сөз өнері тарихына өзіндік ою-өрнекпен зор үлес қосуына көпгеген факторлармен қатар оның алдында қазақ халқының бай ауыз әдебиеті фольклордан бірте-бірте бөлініп, жазба әдебиет белгілерін ғасырлар бойы қалыптастырған
2. Шәкәрім лирикаларының тақырыптық, түрлік ерекшеліктері
Ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ерекше ықыласын сезіне жүріп қалыптасқан Шәкәрім о бастан-ақ ақындық өнер жолындағы өзінің биік- нысанасын, асыл мұратбын жете түсінді, дирикалық поэзияны айрықша қастерлі дүиие деп есептеді. Оның болашақтағы шығармашылық өсу жолына үзілмес желідей болған идея да осы сезім туды. Халқының тұңғыш жырлау, бүкіл әлеуметтік мұратын көздеу, адам бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерді баралау оның лирикалық шығармаларының тақырыптық аясын айқындап берді. Әлбетте қандай да болсын лирикалың поэзияның басты бағытын анықтағанда оның әлеуметтік тақырыптарды қалай ұсынатыны бірінші шарт болуы әбден заңды.
Абай дәстүріндегі ақындар алдында XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласының әлеуметтік-саяси жағдайынан, рухани-психологиялық ахуалынан туындайтын сан алуан тақырыйтар тұр еді. Мұның өзі лирикалың поэзияға кеп міндет жүктеді. Бұл кездегі халықтық лирика бұқараның қоғамдағы жағдайы мен эстетикалық таным-түсінігін бейиелруіне ұмтылды: Халық өмірінің әрбір сәтін қалт жібермеуге ұмтылатын лирика жанрының маңызы ерекше артты.
Шәкәрім реализміне тән халықтық сипатты да осы әдебиеттің, тың өрнектегі лириканың алғашқы көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ол өзінің алдындағы Абай поэзиясынан нәр ала отырып, Ақылбай, Мағауия, Әсет, т.б. тәрізді замандастарымен бірге ұлы ұстаз дәстүрін ілгері дамытты. Абай дәстүріндегі қазақ лирикасына Шәкәрім қосқан үлес, ол әкелген жаңалық әр алуан. Ақыл поэзиясының басты қасиетін айңындайтын да осы үлес. В. И. Ленин тұжырымдап бергендей: «Тарихи қайраткерлердің сіңірген тарихи еңбегі олардың осы күнгі талаптарға қарағанда жаңалық деп түйеді. Тіпті мынадай ортада өзгеге қиянат жасамаған надандардың өзін Шәкәрім адам қатарына қосады. «Надан болсаң бол, бірақ өзгеге қиянат, кедергі жасама, соған да шүкіршілік», — дейді ақынның сезімтал жүрегі.
Еріншектен салақтық,
Салақтықтан надандық,
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сүйтігі адамдық,
дес («Еріншек») надандықтың өзі түптің түбінде осында жолдармен туатунын топшылайды. Осы тәрізді надандың белгілерін көре тұрып, оны түбірімен жоюға жалғыз өзінің шарасыз екенін сезген ақын:
Жолыққан кісіге соқтық,
Қалжыдға қосып айт боқтық.
Осы ғой сәулесі жоқтық,
Сен күлдің, мен білдім, әйдә! —
деп («Қалжыңшыл қылжақпас») сөзіне әжуа мысқыл араластыра лағынет айтады. Бұл өлеңдерінің қай-қайсысында да Шәкәрімнің реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық, шынайылық бар. Қандай объектіні нысанаға алмасын, Шәкәрім оны бір адамның басындағы -кемшілік деп санамайды, оларға типтік сипат бере сомдайды. Өзінің ақын ретінде өсу эволюциясының барысында ол бұл қасиетті барынша тиянақтай түседі.
Шәкәрімнің шынайы ақын болып қалыптасуының өзі оның лирикасындағы осындай реалистік оипаттарға байланысты. Айналадағы құбылыстарды бақылап көру бір басқа да, оны көркем кестемен, өз мәнінде, бар бояуымен сипаттай, көпке мәлімдеу бір басқа. Ф. Энгельстің тілімен айтқанда «реализм бөлшектердің шындың болуының үстіне типтік сипаттарды типтік жағдайларда көрсетуде де шындың болуын көздейді» (3, 35). Өзінің бүкіл ақындық шығармашылығында осы мұратты ұстамай Шәкәрімнің өлеңдері сол себепті де шыншыл әрі сенімді. Тіпті жоғарыдағы өлеңдерінде келтірілген кейіпкерлер қазір де маңайымыздан табылатын, күнде кездесіп жүрген жандар секілді. Бұлардағы ақын ойларының дәлдігі, ақын жүрегінің сезімталдығы мен көрегендігі оның шығармаларын бүгілгі күнде де осылай жалғастырып, астастырып жатыр. Оның өз заманында айтқан терең ойлары мел сырлы жырлары дәл қазір өмірге келгендей сезіледі. Шәкәрімнің бірқатар туындылары осыған айғақ. Мәселен, оның «Епті тышқан»аталатын өлеңіндегі мына жолдарды бүгінгі күннің шындығынан алшақ жатыр дей аламыз ба?
Ойласам, сол тышқандай бұзықтар көп,
Сырты сопы, іші аран қылықтар көп.
Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,
Адалымсыл жүретін үлықтар коп.
Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар,
Қой терісін жамылған жандар да бар,
Жазасызды жалалап атақ алып,
Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар...
Әлбетте айналадағы адамдардың бойында кездесер кемшіліктер қай заманда да прогресшіл ой-түсінігі - бар азаматтарды толғалдырумен болған. Шәкәрім болса, сол кемшіліктерді көрумен ғана шектелгеп жоқ. Өз халқының мүддесіп көздеген ақын оның бойындағы кеселдерін жұртқа жариялаушы ғана емес, солардың айтушы да бола біледі. Аталған кемшіліктер шын мәнінде адамның ой-саласын топастандырып, рухани дамуға тұсау боларлық қасисттер еді. Соны айқыл сезілген ақын «ше-дірейіп шекиіп, қасын көріп кекиіп» жүрген сәнқойлар мен ақылын ашуға билеткен ызақорларды, еріншектер мен салақтарды өзінің «Хайуан мен ақымақтар» деген өлеңінде ақылсыз мақұлыққа теңейді. Өленің:
Қылығына қара да сөзімді ойла,
Бұларға бір жолығар кезің бар ғой, —............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?