Қазақ әдебиеті | Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Ш. Құдайбердіұлының дүниетанымдық көзқарастарының бастау көздері.
3. Шәкәрім жырларындағы шығыс шайырларының желісі.
4. Қорытынды.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қазақ даласының Ресейге қосылуы ХІХ ғасырдың орта тұсында аяқталды.
Осыдан бастап қазақтар қай жағынан болсада да Ресейге тәуелді күй кешті. Бұл кезде Ресейде капиталистік қоғам өркен жайған болатын. Капитализм Ресейге ғана емес, Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, сонымен қатар қазақ даласында да қалыптаса бастаған еді. Ресейде болып жатқан экономикалық өзгерістер, саяси оқиғалар, мәдени даму үрдістері азды – көпті болса да қазақ даласына жетіп жататын.
Патшалық Ресей шет аймақтарындағы халықтарды аяусыз қанады, барлық жағынан дамуына кедергі жасап, соған тікелей күш жұмсады. Бұл жағдай ұлттар арасындағы араздықты қоздырды. Ресейге қараған басқа халықтар сияқты, қазақтың да тілі, ұлттық мәдениетіне зорлық келді, қорланды.
Қазақ халқының рухани дамуы патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының жасында әдістерімен жетелеп отырды. Патша өкіметі қазақ өлкесінде ғылым мен білімнің дамуына, ұлттық мәдениеттің өркендеуіне көңіл аударған жоқ. Патшаның жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі ресми құжаттардың біреуінде былай деп жазды: «Мен қырғыздарды (қазақтарды) орналастыру, оларды оқытып ағарту, оларды Еуропа халықтары шыққан сатыға шығару сияқты мүсіркегіштердің мейірбандық әурешіліктерімен шұғылданбаймын. Мен қырғызлардың (қазақтардың) өмірбақи малшы, көшпелі болып қала беруін, олардың ешқашан егін екпеуін, ғылым тұрмақ қолөнерден де мақрұм қалуын жан – тәніммен тілеймін». Бұдан қазақ халқының тағдыры патша үкіметінің « қайраткерлері» үшін немқұрайды мәселе болғанын айқын аңғарамыз.
Ресей патшалығы өзіне бодан халықтар арасына «астам», «алдамшы» идеологияны кеңінен таратып, соны жүзеге асырды. Тек орыс ұлты арасында ғана емес, бодан халықтардың арасында да сол идеологияны қолпаштап, өз бастарының амандығын ойлаған ұлт өкілдері де шыға бастады. Осы идеологияның зардабынан қаншама жазықсыз жандар жапа шекті, көптеген рухани, мәдени қазыналар халықтың игілігіне қызмет ете алмады. Елінің мүддесі, халқының қамы жолында бүкіл ғұмырын сарп еткен ақиық ақын – жазушылар – ғұлама ғалым, кемеңгер ойшыл, бейнелі сөздің биік бәйтерегі болған Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы сияқты арыстардың ойшыл да өршіл шығармалары отаршылдық түнегінде тұншыққан қазақ даласына сызаттап қана сәулесін түсіре бастады. Олардың азаттық идеясын таратып, «оян қазақ» деген ұран тастап, теңдік пен тәелсіздік туын бастарын қатерге тігіп, темірдей тәуекелмен тік көтергені бүкіл алашқа аян.
Жалпы, адамзат тарихында күллі дүниені қүрт өзгерткен асулы кезеңдер болады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ басында осындай сынағы мол аласапыран дәуірдің басталғалы тұрғанын дәл аңғарған қазақ халқының көкірегі зерделі ұлдары ұлт тағдырына басқаша қарап, оның хал – ахуалын, тұрмыс – тіршілігі, аңсары мен ұмтылысы, ұлттық дамудың жолдары мен болашағы туралы тереңнен тербеп, саналарын сарықты, іс - әрекеттерін де сол бағытқа бұрды. Олар өздерінің қоғамдық – саяси, ағартушылық, ақындық, журналистік қызметтерімен, көркем туындылары және ғылыми еңбектерімен, әлеуметтік саладағы алуан түрлі ізденістерімен қалың бұқараның ұлттық санасын, отаншылдық сезімін қайрай түсті, жаңалыққа, оқу – білімге ұмсындырды, бостандыққа, теңдікке, бірлікке бастады, Туған халқын отарлықтың тұзағынан, қанаушы өкіметтің құлдығынан құтылуға, елдің тәуелсіздікке ие болып, оның экономикалық, мәдени дамудың жаңа жолына түсінуіне ақыл – ой, дарын – қабілеттерін, күш – жігерлерін, бүкіл саналы ғұмырларын арнады.
Осындай « құдыретті топтың» төрінде жарқыраған үркер шоғырындай зиялылар қауымының бел ортасында, соның рухани көсеміндей болған Шәкәрім қажы жүрді.
Оның ақжүрек адамгершілік пен ақниет азаматтықты дәріптеген өлеңдері, имандылық пен инабаттылыққа шақырған сыр сөздері, елдік пен бірлікке үндеген салауатты жырлары дауылпаздай дабылдап, қалың шарасыздық пен табансыздықтан тауы шағылып, жігері жасыған «қалың қазақ қайран еліне» тірек болып, болашаққа үміттерін оздырды. Қоғамды танып, дәуірді бағалауға таразы өлшеміндей нысанаға айналды. Ақын сөздері алты алашқа ұран болды.
Шәкәрімнің рухани мұрасы соңғы жылдардың төңірегінде көбірек зерттелді. Көрнекті ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміз, тарихшыларымыз оның шығармашылық биігі мен өмір жолын әр тұрғыда талдап, қалың оқырман қауымға бішама таныстыру ісін атқарды. әсіресе Қ.Мұхаметханов, Ш.Сәттібаева, Б.Әбдіғазиев арнайы зерттесе, Ә.Дербісәлин, Х.Сүйіншәлиев, Ш.Елеукенов, М.Базабаев, М.Мағауин, С.Негімов, Ө.Күмісбаев т.б. ғалымдардың бірнеше мақаларында сөз болып, Шәкәрімнің жалпы шығармашылық мұрасын игеруге тарихи - әдеби жағынан бағдар жасалынды, ал философиялық тұрғыдан оның дүниетанымдық орынын айқындау ісінде Ж.Әбділдин, Қ.Әбішев, Г.Ақмамбетов, М.Бурабаев, Д.Орынбеков, М.Хасанов, Қ.Шүлембаев, Қ.Салғарин сияқты ғалымдар көптеген еңбек сіңірді. Шәкәрімнің шығармашылығын насихаттауда өзінің баласы Ахат Шәкәрімұлының, Ж.Жүнісовтердің еңбектері де елеулі.
Әйтседе, Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымына, оның әлеуметтік – фиософиялық көзқарастарына арнаулы тоқталып, толық және жан – жақты сипаттама, берілді деп айта алма ймыз. Себебі, Шәкәрім шығармашылығындағы дүниетаным мәселесі тереңде жатыр. Шәкәрімнің діни және дүниетанымдық көзқарастарына жете, түпкілікті талдау жасалмаса да, оған жол салып, соқпағын ашуға А.Айтбаеваның кандидаттық диссертациясы біршама көмек берді. Десек те, Шәкәрәм мұрасы әлі де кең құлашын жая қоймаған алғашқы зерттеулер мен мақалалардағы ой-толғамдармен шектеле қоймаса керек.
Ендігі кезек – ақынның бай шығармашылық әлемін әр қырынан үңіле қарастыру арқылы танымдық сырын, қоғамдық мәнін, көркемдік құдіретін, тарихи маңызын терең талдау. Ақынның қоғамымыздың мәдени, рухани өміріндегі дара тұлғасын таныту. Терең ойлы суреткерге тән шынайы бейнесін көкейге орнықтыру. Шәкәрімнің әдебиет пен поэзияда ғана емес, қоғамдық ой-жүйедегі орынын анықтау.
1-тарау: Құдайбердіұлының дүниетанымдық көзқарастарының бастау көздері.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы – қазақ әдебиетінің кемелдену кезеңінен бастау алып, мағыналық тереңдеу, мәнді ой түйіндеу, көркемдік өрнектену, халықты өрлеуге шақыру, кәсіби тұрғыдан толысу кезеңі еді. Бұл кезде бұрын әлі қалыпқа түсіп бітпеген, қайталана қолданылып келген көшпелі мазмұн, түрлік пішіндердің, бір текті стильдік тілдік оралымдардың сапалы көркемдік әдіске айналу дәуірі басталса, ал қазақ философиясында ерте кездегі философиялық ой-толғамдардың танымдық өрісі одан әрі жандана, жаңара түсті. Бұл үрдіс ең алдымен, Абайдың, оның дарынды шәкірттерінің, әсіресе Шәкәрімнің шығармаларында кеңінен көрінді. Ауыз әдебиетіндегі философиялық ой, дүниетаным Шәкәрім шығармаларында жалғасып, әлемдік философтардыңпікірлері қазақ дүниетанымымен ұштасқан күйі жазба әдебиет үрдісінде көрініс тапты. Ал, сол Шәкәрім шығармаларындағы «жасырынған мағыналар қазынасын» бірлесіп аша түсу алдағы күндердің таусылмас игілікті сыбағасы.
Зерттеушілердің де, әдебиетші ғалымдардың да алдағы нысана-бағдары ақынның сан-салалы шығармашылығын әр бағытта, мысалы, Шәкәрім шығармашылығының тақырыптық желілері, оның поэзиясының көркемдік өрнектері, тәрбиелік және эсттетикалық мән-мағынасы, тарих пен бергі заман байланысы, Шәкәрім поэзиясының Батыс-Шығыс классикалық поэзиясымен сабақтастығы, Шәкәрім өлеңдерінің түрлік, ұйқастық иірімдері, Шәкәрәм шығармашылығындағы ұлттық дәстүр мен ақынның дара ерекшеліктерін танытатын басқа да қасиеттерін саралау, ғылыми жүйеде зерттеу болуы тиіс.
Қандай біртуар тұлға болса да, ол ең алдымен, өз заманының, өз ортасының түлегі. Суреткер өз дәуірінің шындығын шығармаларына арқау етеді. Замандастарының мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды. Халқының мәдени, рухани дәрежесін өзі өмір сүрген уақыттың өлшемімен биікке жетелейді. Сол замандағы қоғамның тыныс-тіршілігі мен халқы көтерілген рухани биікті өткен тарихпен салыстырып барып, ел-жұртының қаншалықты ілгерілегенін, жетістігі мен кемістігін салмақтайды. Өткен тарихты санасында сүзіп, өмір сүрген дәуірінің қыр-сырына қанығып, болашаққа болжам жасайды. Көне тарихтың, алдыңғы ата-баба дәстүрінің прогресшіл жақтарын өз уақытына қайта жаңғыртып жеткізеді, өз дәуренімен байланыстырып барып, болашаққа жол тартады. Ендеше, әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің көпшілігі – заман мен заманды жалғаушы, ел тарихын көркем туындылары арқылы қайта жаңғыртушы басты тұлғалар. Олардың туындыларының үлкен бір қыры – шығармаларындағы тарихи, қоғамдық, өмірлік танымы, оның үстіне, ақын не жазушы өз шығармалары арқылы заманды жалаң көрсетіп, оқиғаны тізіп шығушы емес, көркем суреттеп, оқушысына жан-жақты әсер беруші. Осы жан-жақты әсердің ішінде көркемдік шеберлікпен бірге тағылым-тәрбие, таным, саналық жолдар көркем туындының бөлінбес бір саласы есебінде қоса жүрмек.
Шәкәрімнің шығармашылық жолы сан-салалы. Әрине, ол ең алдымен, ақын. Сонан кейін барып, шежіреші- тарихшы, елдің ішкі тіршілікгінің қам-қарекетін жазған көсемсөзші. Ең бастысы Шәкәрім өзінің өмір сүрген ортасында болған қоғамдық-тарихи құбылыстар арқылы өмір сырына үңілген дүниетанушы адам. Сонымен бірге, Шәкәрім ғұлама ойшыл, үлкен тәрбиеші. Ол шығармасын тек тарихи тұрғыда жазбайды, ескінің жаңаға ұласуын, арғы заман мен бергі заманның саналық, сапалық ерекшеліктерін образ бейнелері, ой-түйіндері арқылы үнемі даралап суреттеп отырады. Кейіпкерлер іс-әрекеті де, ойлау жүйелері де, көбіне саналы тіршіліктің ыңғайына қарай бағытталып отырады. Және ондай бағытталу автордың әдейі иіп әкелген зорлығы емес, заман мен уақыт шындығының белгісі. Ондай тағылымы терең «жұмбақ» шумақтардың үлгі-өнегелік, тәлім-тәрбиелік мәні үлкен. Ендеше ескілік өмірді, жолсыз салтты сынаушы ғана емес, халықтың өмірі мен тарихындағы ғасырлар бойы қалыптасқан жақсылықты дәріптеуші.
Осыдан келіп Шәкәрімнің танымдық көзқарасының қалыптасу тамыры шығады. Белгілі бір халықты жете танып. Оның өмірлік философиясын білу үшін, алдымен сол халықтың тарихы мен ауыз әдебиетін білу керек. Сондықтан Шәкәрімге де халқының көне тарихын жан-жақты білу, оған қазақтың ауыз әдебиеті, ертедегі арман-тілегі, аңыз әңгімелері әсер етті. Қазақ халқының қиссалары, мақал-мәтелдері, шешендік шиырлары ауыздан-ауызға жетіп, жұрттың рухани жетілуіне өз ықпал-әсерін тигізгені анық. Адамгершілік, бауырмалдық, бір-біріне қамқорлық, ғашықтық, сүйіспеншілік, барлығы да ұлттық дәстүрімізге тән құндылықтар.
Шәкәрім өзінің атасы Құнанбай қажының тәрбиесін көрген. «Мені адалдық жағынан тәрбиелеп, ақыл берегн үлкен әкем – Құнанбай, деген Шәкәрімнің өзі, - Әсіресе, адалдық жағын үйрететін». «Елге адал еңбек етсең, адал болсаң, абыройлы боласың. Елге жақсаң Құдайға да жағасың», «Көпті сыйласаң өзің сыйлы боласың», - деген сияқты нақыл сөздерді жиі айтқан.
Адалдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айныма,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да өнер мен білім үйрен.
Өнерсіз білімсіз,
Болады ақыл тұл.
Ата тәрбиесінен кейін Шәкәрімді қызықтырған ауыз әдебиеті болды. Ондағы айтылған халықтың мұң-мұқтажы, халықтың тіршілікке деген көзқарасы Шәкәрім дүниетанымын, философиялық ойын жетілдірді, оның өмірге деген көзқарасы халықпен ортақ, бірге болды. Шәкәрімнің қай шығармасында болмасын адамдық қалыпты берік ұстанған, мейірімді пейілден айнымаған көпшілік қауым бар, ол халық екенін, халық санасының қай кезде де қалпы құрымайтындығын, келешек күндердің қиыншылығы ел-жұртты тұрмыстық жағынан да, рухани жағынан және мәдени жағынан да қысуы мүмкін екенін түйіндей барлап, елдің елдігін сақтайтын сара жол халық пейілі екенін болашаққа әдейі ескертетін сықылды.
Шәкәрім шығармаларындағы халық, ұлт образы астарында ең бірінші адам образы тұр. Шәкәрім адамтанушы. «Үш анықта» адамды «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді» дейді. Сонда адамның бұл өмірдегі орыны, қызметі тәнге емес, мәңгі өмір сүретін жанға арналу керек. Ал, жаны таза адамның, тәні де таза болады. Ойшыл бергіні емес арғыны қозғап, сол арқылы адамның шын мәнінде кім екендігін танытқысы келеді.
Мысалы: Адам бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең – дағы, - дейді.
Бұл шәкәрімнің Абаймен үндестігі, ұстазы Абайдан алғаны. Мұнда айтары тәннің уақытша екенін, бұл өмірдің рахаты үшін адам бар жағдайды жасатыны, тіпті тән рахаты үшін сауап бермес қылықтарды, озбырлықтарды жасайтыны, ал сол тән өлгенде тіптен жиіркенішті болатынын айта келе жан тазалығын ұсынады. «Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұжданы соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды». Сндықтан ол позитивті сезім мүшелері, түйсік арқылы жинақталған тәжірибені көбірек жақтайтын ойшылдарды, мысалы Кантты сынайды.
Әрі қарай «Үш анықтан» алуға болады. Дүниетанудың өлеңдері көп қой!
Р.S. Шәкәрім. Шығармалары. Алматы 1988 ж. қараңыз!........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?