Педагогика | ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Мазмұны
І.Кіріспе..............................................................3-4
І.ТАРАУ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1 Халықтық педагогиканың жастарды тәрбиелеу мәні....5-9
1.2 Халықтық педагогикадағы жастарды тәрбиелеудің басты қағидалары ақыл – ой, ізгілік пен адамгершілік және еңбек пен өнер тәрбиесінің алатын орны.........................................................13-16
ІІ ТАРАУ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР Ы
2.1. Жастар тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың негізгі бағыттары...............................17-21
2.2. Жастар тәрбиесінің ұлттық дәстүрлері..................................................21-25
ІУ. Қорытынды.................................................................................................26-27
УІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................28-29
У. Қосымша..................................................................................................29-34
І. КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.
Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады.
1) Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар.
Тегінде ұрпақ тазалығы жөнделмей, жан тәрбиесі түзелмейді.
Өйткені ұрық тазалығы - адам тәрбиесінің алғашқы шарты. Таза ұрықтан бірте-бірте өсетін жан иесінің жүрек тәрбиесі (бала тәрбиесінің бұдан басқа тағы бір жүйесі - ақыл тәрбиесі бар) жалғасады. Ана құрсағындағы тоғыз ай тоғыз күнге созылатын өмірінде нәресте бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан баспалдақтарын басып өтеді. Бала осы кезенінде өзіндік биологиялық ерекшеліктерімен қатар кейін көкірек көзіне айналатын түйсіктік тәрбиелерін жетілдіреді.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың білімі мен тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қолдануда балалардың дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы қолданудың ғылыми - теориялық негіздерін анықтау;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысанасы: Мектептерде білім білік дағдылары, тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда балалардың білім, білік жағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық педагогиканы оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің пәні: Осы жұмыста ұсынылып отырған балалардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі орта мектептерде мұғалімдерге көмекші құрал бола алады.
І.ТАРАУ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РОЛІ
Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А.С.Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы", "Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға өмірінің алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында.
Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылық тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз керек.
Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы, мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға бұқаралы жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да, жақсы көрсе де, он жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекшелігі жақсы қасиеттеріне, сұу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп "қошақаным, құлыным, ботам, қозым" деп еркелетті.
"Қанағат қарын тойғызар" деп қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымда "бұлақ көрсең көзін аш" деп табиғатқа деген аяушылықты үйретгі, бес уақыт намаз гигиеналық т азалыққа баулыса, қырық парыздың бірі - ілім деп өнерге, ілімге үйретті.
Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болсын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін көру, жас ұрпақтын бойына сініру, баланын қоршаған ортадаты қарым-қатыкаеын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-кұлқын қалыптастыру.
Тәрбие жеке адамды мақсатты багытта жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтың тәжірибесіне беру және игеру, сананы қалыптастыру, төрбиелеудің және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбиелу процесінае жүзеге асырылады.
«Тәрбие баламен сөйлесумен әнгімелесумен оған ақыл-кенес берумен ғана шектелмейді» - дейді Макаренко. Ол тұрмысты ұйымдастыра білуде балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсете білуде.
Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімнің тәрбиелік ықпалы зор. Тәрбие жұмысынын ен терен мәні адамнын Тәрбиенін негізгі максаты-дені сау ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлы дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол енбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Еліміздегі саясат пен экономикадағы түбірлі өзгерістер қоғамымыздын барлық саласын, соның ішінде білім беру жүйесі және оның алғашкы баспалдағы - мектепке дейінгі тәрбиені де қамтып отыр. Бүл кездейсоқ нәрсе емес. Ұзак уакыттар бойы біз мектеп жасына дейінгі баланын тәрбиесінде отбасының алатын орнын жеткілікті дәрежеде ескермей келдік. Көбінесе коғамдық тәрбиеге баса назар аударып, әсіресе, оның бала дамуына тигізетін жетекші рөліне сүйендік. Ал бүгінгі таңда мемлекетіміз мектепке дейінгі мекемелер жүйесін толыққанды қаржы және материалдық жағынан камтамасыз ете алмауы себепті балабақшалар көптеп қыскара бастады. Соған орай керісінше тенденция - отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту талабы қойылып отыр.
Көптеген елдерде балалардың екі тәрбие ошағында да - отбасы - және
мектепке дейінгі мекемелерде қатар тәрбиеленіп дамуы жүзеге асуды. Жоғары дәрежеде дамыған елдердің бір қатарында мектеп жасына дейінгі балалардын басым көпшілігі қоғамдық балалар мекемелеріне барады. Мысалы, Францияда – Швецияда Финляндияда - 65-75% және т.б. Отбасы - бала жанына жақын, жеке туысқандық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі, емен-жарқын сөйлесу, аялау, еркелету, қалыптасқан от-басылық дәстүрлер, әдет және т.б. тағылымды тәрбиенің негізін қалайды.
Әрбір отбасының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: олардың ішінде жас ерекшелігі және туысқандық қатынастар бойынша құрамының әр түрлі болуы, отбасы өмірінің стилі, материалдық байлық пен рухани құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі, т.б. Бұның барлығы баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру және оған тәрбиелік ықпал жолдарын анықтайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуы отбасы өмірінін тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру, көңіл - күй адамгершілік тынысы, қалыптасқан отбасылық дәстүрлері сияқты барлық саласымен тығыз байланысты. Міне, сондықтан да баланы тәрбиелеу, оның өмірін ұйымдастыру ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеу, отбасы өмірін дұрыс ұйымыдастыра білу, жылы да бейбіт микроклиматты қамтамасыз ететін ізгілікке құрылған үй-ішілік қарым-қатынасты орнықтырудан басталады.
Ал отбасылық микроклиматтың дұрыс болуы көбінесе педагогикалық ықпалдын тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, яғни өзара құрмет, достық сенім атмосферасында өскен бала жетекке онай жүріп, тәрбелік әсерге көнгіш болады.
Сонымен, отбасының тәрбиелік ықпал деңгейін былайша анықтауға болады:
Отбасының әлеуметтік құндылығы. Бұл отбасының беріктігімен, оның мүшелерінің адами, рухани жан саулығымен, ортақ іске қызығушылық-тын болуымен анықталады. Пайдалы іс-әрекетке толы күнделікті ортақ тірлік, отбасылық және қоғамдық мерекелер, мәдени және спорттық демалыстар отбасының бірлігін нығайта түседі. Өсіп келе жаткан кішкентай азаматқа үлкен қуаныш сыйлайды.
Балаға оны тәрбиелеуші ересек адамдардың тарапынан қойылатын талаптың бірлігі. Бұл жерде атақты педагог А.С.Макаренконың педагогтарға арналған тәрбиенің педагогикалық мақсат-міндеттерге жұмылған барлық тәрбиешілердің ортақ ісі екендігі, егер педагогтардың тәрбиеге ортақ көзқарасы, ортақ қатынасы болмаса, мақсатқа бағытталған тәрбие үрдісін қамтамасыз ету мүмкін еместігі жөніндегі сөзін еске алуға болады.
Отбасының барлық ересек мүшелері бала үшін тәрбиеші, олардың тарапынан болатын талаптың бірлігі өте маңызды.
Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы. Бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі. Ана өз баласының тәрбиешісі ғана емес, отбасының ұйытқысы. Отбасы мүшелерінің өзара түсінісуінің бірі-біріне кішіпейіл, қамкор қатынасы мен үйде жылы атмосфераның орнығуына бірден бір себепкер болатын әйел – ана. Сондай-ақ әке - азамат, от ағасы. тәрбиеші, Парасатқа құрылған «әке-шеше» қатынасы баланың адамгершілік сапаларына жетудегі теңдесі жоқ үлгі- өнеге.
Отбасылық дәстүрлер. Отбасының рухани байлығы мен потенциалды - тәрбиелік мүмкіндіктерін онда қалыптаскан дәстүрлерге қарап анықтаймыз. Уақыт сынынан, өмір елегінен өткізілген отбасылық дәстүрлер бала тәрбиесіне аса зор ықпал етеді. Бұл отбасын ұжым ретінде нығайта түседі. Қалыптаскан өзара жауапкершілік пен тендік атмосферасы баланың өзімшілдік, жалқаулык, дәрменсіздік, канағатсыздык сияқты жаман қасиет-терден аулақ болуға баулиды.
Отбасындағы еңбекке қатынас. Үйдегі барлық отбасы мүшелеріне орған жұмыстарға үлкендермен бірге араласа отырып, бала әркімнің өзіндік міндеті бар екенін, оны орындау қажеттігінің маңызын байқайды.
Үлкендер де балалар да не істегісі келсе соны істеп қана қоймайды, сонымен бірге оны тек өзі үшін ғана емес басқалар үшін жасайтынын, яғни, отбасы ұжымының барлық іс - әрекеті ортақ қажеттілікке бағынатындығын саналы түсінеді.
Отбасындағы өсіп келе жатқан жеке тұлғаның қалыптасуына отбасындағы көңіл=күйге қатысты адамгершілік микроклиматтың әсері де зор. Кейбір отбасында барлық жағдай байыппен ақылмен шешіледі, ал кейбір отбасыларда жәй әңгіменің өзі ұрсы-керіспен балаларға дауыс көтерумен шешіледі.
Осынау атап көрсетілген тәрбиелік ықпалдың дұрыс жүзеге асуы отбасындағы балаға берілетін өнегенің нәтижелі болуының айғағы деуге болады. Неге десеңіз, отбасы - баланың сезім мектебі. Ондағы ересектердін әрбір іс-әрекеті, сөзі, араласатын адамдармен қарым-қатынасының барлығына бала еліктей отырып, бойына жұқтырады. Егер бала ересектер қатынасынан үнемі татулық, достық, жанашырлык, адалдық, өзара көмекі байқайтын болса, бұл бала жүрегіне адамгершілік - ізгілік сезімдерін құяды. Ал керісінше дау-жанжал, өсек, өтірік, немқұрайдылық бас пайдасын ойлау, қатыгездік сияқты қасиеттер байқаса, бала санасын улайды......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?