Педагогика | Халық педагогикасындағы имандылық пен адамгершілік тәрбиесі

 Педагогика | Халық педагогикасындағы имандылық пен адамгершілік тәрбиесі

Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
І ТАРАУ. 5
1.1. Адалдық пен шышылдық. 5
1.2. Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу. 10
1.3. Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері. 15
1.4. Имандылықтың адамға тән қасиеттері – үлкенге құрмет, кішіге ізет 18
1.5. Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеудегі діннің ролі. 23
ІІ ТАРАУ 33
2.1 Халық педагогикасындағы имандылық пен адамгершілік тәрбиесі. 33
2.2 "Тәрбие басы — тал бесік" атты музыкалы-драмалық қойлым 41
ҚОРЫТЫНДЫ. 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 49

Кіріспе.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолданар ісіміздің бірі де, бірегейі де – ұрпақ тәрбиесі.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілімен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру - бүгінгі күннің бастысы.
Кімді және қалай тәрбиелеу керек бұл қоғамның маңызды мәселесі.
Адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі, сол елдің мақтанышы. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген жас тәрбиелі, білімді, мәдениеті, дене тәрбиесі мықты болуы шарт. Тәрбиелілік - иман жүзді, адамгершілікті, өзін өзгенің орнына қойып түсіне білуі.
Білімділік - ғылым негіздерін бағдарламалық деңгейде білу, ой еңбегінің негізі қағидаларын меңгеру.
"Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте адамның өміріне опат әкеледі"- деп Шығыстың аристотелі атанған Әбу Насыр – Фараби бабамыз айтқандай қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды.
Білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл, елі мен жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу " мектептің қоғам алдындағы борышы. Халқымыздың белгілі ақыны Мұзафар Әлімбаев ол туралы былай дейді:
Туған жерді сүю – парыз.
Сүю үшін білу – парыз.
Қасиетін ұғу – парыз.
Күзетінде тұру – парыз.
Ешбір халық ұрпағын жаман болсын, мұрасыз, мұратсыз болсын демейді. Қай халықта болмасын жиып-терген мол тәжірибеге бар. Оның аты халыктық педагогика. Халықтық педагогика халықтың рухани тәрбиесінің бір бөлігі, ақыл-ойдың асыл қойімасы. Рухани тәрбие - ол имандылық.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі:
Егеменді ел болып, ұлттық тағылымдарға қайта оралу кезеңінде болашақ ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мақсатында мектепте жүргізілетін тәрбие сағаттарында халықтық педагогиканы, құрал, кітаптарды, хадистерді пайдалану арқылы мектеп оқушыларына имандылық тәрбие беру, бүгінгі күн талабына сай түрде өз ұлтын, тілін, дінін тануда ата-бабаларымыздың бай мұралары болашақ ұрпаққа тәрбие сағаттарында, күнделікті сабақта жеткізу, оларды адамгершілігі мол, иманды, қайырымды етіп тәрбиелеуді халықтық педогогика үлгерінің маңыздылығы.
Курстық жұмыстың мақсаты; Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызын, мазмұнын, түрлерін игеру, білу, өмірде, өз ісіне қолдану.
Курстық жұмыстың міндеті
1. Мектепте жүргізілетін имандылық сабағының ерекшелігін зерттеу.
2. Тәрбие сабақтарында халықтық педогогиканың үлгілерін
имандылыққа тәрбиелеу кезінде пайлаланудың жолдарын көрсету.
І ТАРАУ.
1.1. Адалдық пен шышылдық.
Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан мінез бітістері. Адал адам – шынайы да шыншыл адам. Адалдық – сөздің таным мен
сенімге ұштасуы оның іс әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық адамның азаматтық борышына, ар-ұжданына қалтықсыздығы. Адал да шыншыл әділетті болу - еңбек пен білім алуға жалпы іс әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты тіршілікте тиянақты прнципті бөлу деген
сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жердеәділет, кішіпейілділік, қайырымдылық та еріп жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. Жасында ерке болып, ата-анасынан именбей, бейпілауыз сөйлейтін, қисынды-қисынсыз өтірікті беті шімірікпестен айта салатын адамның есейе келе тек өз басының ғана қамын ойлап, керек десе басқа түгіл, өз отбасын да алдайтын екі жүзді суайт адам болып кетуі ғажап емес. Осы айтылғанды үнемі еске алып жүрген абзал.
Мұхаммед пайғамбар адалдық пен шыншылдық туралы хадистерінде былай деген:
«Уа, адамдар. Тәңірден қорқыңдар, риздық несібені адал жолмен табуға талпыныңдар. Ешкім өз несібесі таусылғанша өмірден өтпейді. Ерте ме кеш пе әйтеуір бір өлімнің бары хақ.
Сондықтап тіршілікте он жолда жүріп адалдыққа ұмтылыңдар, арамдықтан аулак жүріңдер.
«Шындықтан залал — зиян көресіңдер де әділ сөйлеңдер. Сонда береке табасыңдар. Пайда көріп тұрсаңдар да өтіріктен сақтаныңдар. Бәрібір өтіріктің құйрығы бір тұтам.
Ақылдылық.
Бұл жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды, қарапайым да, кішіпейіл, аса ізетті адам. Мұндай кісі әр кез ойлап сөйлейді, мәселеге жан-жақтан қарайды, оны ақыл таразысына салып яғни жеті рет өлшеп, бір рет пішеді. Оз болжамын қашанда кесімді пікір деп айтпайды. Оз пікірінен сын көтермейтін лайықсыз пікірді алып тастайды. Ақылды - адам қиялы бай, жүйрік, ақыл-парасатты, тәртіпті мәселені ескі, таптаурын, үйреншікті жолмен шеше салмай, оның талап тілегіне, шартына лайық жаңа әдістерін іздестіріп, оны тапқанша дамыл таппайтын кісі. Бұрын бір рет сыналып, қате деп табылған әдісті қайталамайды. Ол мәселені тұтас түрде керек имандылық тәрбие адамның өзін-өзі іштей де сырттай да көз жүгіртіп, толықтырып отыратын адам тәрбиесінің жоғарғы сатысы. Ғылым білімнің жоғарғы сатысы деп қарасақ, имандылық – тәрбиенің жоғарғы сатысы деп қарауымыз керек.
Біздерге бұл тәрбиеге жету үшін Құран хадис ғылыми еңбектер ұлттық сананы оятатын тәрбиелік мәні бар нәрселерді пайдалануымыз керек. Ұрпақты Аллаға деген сенімінін беріктігін пайғамбарымызға деген шапағатын, ата-анаға деген құрметін ұстзға, білімге деген ұмтылысын өз жерінің тарихына деген махаббатын арттыра білу. Сонда ғана ондай адамнан мейір шапағат, адамгершілік, парасаттылықты, қайырымдылықты күтуге болады. Оған жеткізетін адамның иманды мінез-құлық тәрбиесі. Яғни көркем мінез. Алланың мінезі. Біз қазіргі таңдағы ұрпағымызға керекті имандылық тәрбие.
1. Имандылық
2. Парасаттылық
3. Әдемілік
4. Әдептілік
5. Мейірімділік
6. Инабаттылық
7. Салауаттылық болса
Онда иманның мынадай белгісін де бойға түту керек:
1. Басы - сенім.
2. Нұры —шындық
3. Дәмі — пәктік, тазалық
4. Тірегі – ықылас, ниет, тілек
5. Жемісі — сабырлылық, қайырымдылық
6. Дәрісі — ар-ұят
7. Жапырағы — тақуалық
Одан әрі мынадай жеті шартты толық түсіне алады:
1. Ғайыпқа, сырлы жұмбақ әлем иланбақ. Әлі айқын танылып болмаған бес түрлі ғайып Алла жаннат, жаһаннам, шайтан, жын-перілер тәрізділер.
2. Адалды адал деп илану – Яғни, адал затты арам демеу.
3. Арамды арам деп илану. Яғни, арам затты адал демеу.
4. Әрқашан да Алладан қорқу.
5. Мукадеске мұсылмандық тәртіптеріне айрықша құрмет болғансын лез көзге түсуден бой тарту.
6. Хақ-тағала рақымынан ешқашан үміт үзбеу.
Айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық
ойлайды, оларға мейірім шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады. Әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Адамгершілігі жоғары кісіні иманды деп құрметтейді. Ал адамгершілік қалыпты бұзған адамды «ИМАНСЫЗ» деп, одан түңіледі. Имансыз қылық жасағандар, яғни адамгершілік міндетке жеңіл желпі қарап, оны бүзғандар кінәлі болып, ерте ме, кеш пе әйтеуір жазасын тартытын болады. Адамгершілігі ар-ұяты бар
адамның бет бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы өзі парасатты келеді. Ондай адамды халық иманжүзді кісі деп құрметтейді. Қазақ халқының ата-баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ, ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-психологиялық қасиеттерді оларлың бойына сіңіру - әрбір отбасының балалар бақшасы мен мектептің, жоғары оқу орындарының парызы.
Міне, қазіргі ұрпағымызға керектісі. Абай бабамыздың шартымен Құранды ізденіп үйренген ешқашан адаспайды. Міне осындай ілімге қол жеткізу үшін имандылық тәрбиесі керек екендігін көріп отырмыз.
Имандылыққа тәрбиелеу деп жеке бөліп алу сырт көзбен қарағанда оғаш екені рас. Тек намазға, оразаға, т.б. діни уағыз сияқты афанатизмге бағышталғандай. Ал шындығына жүгінетін болсақ осы имандылықтың ішіне адамгершілік, еңбек эстетикалық тәрбие денсаулық, ұлттық әдеп-ғұрып бәрі еніп жатыр. Имандылықты адамгершілік тәрбиесіне енгізуге болмайды, адамгершілік имандылықтың бір бөлігі.
Егер біз өз ұлтымыздың өз еліміздің ұрпақтарының болашағын жаңа талапқа сай ойласақ. Әрине біріншіден тіл жетістігі, діннің біріктігін, рухани тәрбиенің жоғарылығын Ш.Маржани ұғымымен қарасақ былай деген екен: «Өзінің дінін, тілін, елін білгендер ғана орысша оқыса, ол жақсы. Оны білмей, орысша оқыса, одан қайыр күту қиын. Бұдан басқа тілдерге де құрмет деп ұғу керек. Егер өз тілінің тағдырын ойлай білген ұрпақ өзге елге де, мәдениетіне де құрметі жоғары болары сөзсіз. Сондықтан осындай дәрежені алу үшін екіншіден имандылық тәрбие міндетті.
7. Кәпірді кәпір деп білмек, муминді – мумин деп білмек Осындай танымы бар, мейір шапағаты мол адам иманның жеті шартына бұлжытпай сенеді.
1. Аллаға сенім
2. Періштелерге сенім
3. Пайғамбарларға сенім
4. Кітаптарына сенім
5. Ахирет күніне сенім.
6. Тағдыр мен қазаға сенім.
7. Жақсы мен жаманға сенім.
Енді мұндай берік иманы бар ұрпақтан үміт күтуге болады. Ал сенімі жоқ адам ұмыт болады. Үмітсіз адамның алды қараңғы. Ал қараңғылықтан жарыққа шығаратын нұр - Құран.
Қасиетті кітап Құран ғасырдың бас шенінде көне араб тілінде жазылған. Қазіргі кезде Құран алпыстан аса тілге аударылды. Ең алғаш 1338 жылы Түрік тіліне аударылды. Құранда жүз он төрт сүре, алты мыңнан аса аяттары бар.
Халис-Ислам дінінің Құран кәрімнен кейінгі екінші орында тұрған қасиетті сөздер жиынтығы. Хадистер Мұхаммед пайғамбар мен оның серіктерінің істері мен сөздері жөніндегі нақыл, ұлағатты тәрбиелік сөздер жиынтығы – Хадистер әуелі ауызша таралып, кейін қағазға түсірілді. Қазіргі таңда ең беделді деген алты хадис жиынтығы бар. Құран мен хадистерді оқып отырсаңыздар әрбір сөзінің тәрбиелік мәні зор. Осы Құран мен Хадистердің ұлағатты өсиеттері – адамның адамгершілігінің бастауы. Қазақ халқы ежелден өзінің адамгершілік, парасаттылық, адалдық, қайырымдылық, ізеттілік қасиенерімен көзге түскен, имандылық қасиетті зор бағалаған. Сондықтан имандылык-адамгершілік тәрбиесі ұлттық дәстүрлердің бірі болған.
Имандылық тәрбиесі - бұл халық педагигикасында дәсіүріге, әдет-ғұрыпқав, байсалд мінез-құлыққа айналып, адам баласының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық тәрбиесі адам бойындағы
адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Мысалы: ізеттілік, әділеттілік, адалдық, достық, кішіпейілділік, үлкендерді сыйлау, қамқорлық, еңбек сүйгіштік, т.б. Міне соларды біразына тоқталып кетсек.
Бүтіндей қамту жағына ерекше көңіл қояды, бірақ оның ұсақ бөліктерін де естен шығармайды. Мәселен, аса күрделі математикалық есептерді шығаруда кездесетін қиыншылықтар мен қателерді бәрі-бәрін жан-жағынан қарастырады, ойы ұшқыр қажетті жағдайда оның барлық күшін бір бағытқа жұмылдыра алады. Ойдың ұшқырлығы мәселенің барлық жағын көре білуге мүмкіндік беретін оның кеңдігіне, ақылды икемділігіне де түрлі жорамалдарды тез таразылап, олардың жарамсыздарын алып тастауға мүмкіндік беретін сыншылдык қасиеттің ерекше дамуын қажет етеді.
Ақылды кісіні халқымыз ежелден ерекше қастерлеген. Мәселен, бұдан мың жыл бұрын қазақ жерінңи ұлы ойшылы Жүсіп Баласағүн: Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық, деген болса, қазақ мақал-мәтелдерінде де ақылдылықтың осы жағына ерекше мән берген: Ақылдының айналасы — гулстан, ақылды кісі азбайды. Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді, ақылды арын қорғайды, ақылдының сөзі-ақ дарияның өзі, ақылдының сөзі қысқа.
Борыш пен жауапкершілік.
Бұл адамның үй-іші, әке-шешесі, тума-туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсірігендердің алдындағы жауапкершілігімен бар санасымен терең аңғарылып, түсіну. сондай-ақ осы арадағы өз парызымен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру жатады.
Қазақ халқы да ертіреден ата-ананы құрмет тұтқан. Оның айғағы /Алты күн аш болсаң да ата-анаңды сыйла. Әкені сыйлаған әбүйірлі, шешені сыйлаған еліне сыйлы/.
/Жақсы қызмет — кәріге құрмет дегінен нақыл сөздер бар.
Алла тағала Құран кәрімде әке-шешеңнің хақысын әрі оларға байланысты істелінетін құрмет пен сүйіспеншілікті мына әмірлермен бұйырған: Құлшылықты тек қана аллаға етіңдер, әке шешеге жақсылық, игілік істеңдер, олардың біреуі не екеуі жандарыңда қарғайса, оларға түк деме, оларға зекіме, екеуіңе де сынайы сөз сөйле, ол екеуіне де кішірейіп мәрхамад құшағыңды жай да: Раббым, ол екеуі мені кішкентайымнан тәрбиелегендей, сен де оларды мәрхаматқа бөлей көр де.
1.2. Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Алла елшісі Мұхамедтің ислам тағлымдарын таратын, ақыретке сенуге шақырғаннан бері 1400-ге жуық уақыт өткен екен. Пайғамбарымыздың оншақты серіктерінің сенімімен басталған мұсылманшылық бұл күнде миллиардтан астам адамның жүрегіне ұялап, пәрменді әлеуметтік күшке айналым отыр.
Қазақтың тегі түркіден де, діні мұсылманнан. Ұлтымызды сақтап, тегімізді бүтіндеу үшін, тарихымызды, дінімізді түгендеу үшін жас ұрқақты ұлттық сауаттылыққа имандылыққа тәрбиелеуіміз керек. Имандылық тәрбиесінің мақсаты адамзатты ақиқатқа жетектеу болып табылады. Яғни, мемлекетіміздің, қоғамымыздың болашағына жауап беретін адал, мәдениетті, білімді азамат тәрбиелеу. Иман, инабат, адамгершілік, ізеттілік, ізгілік іздерінің қайнар көзі діни танымда, дінде жатыр. Дін – адамның күнәдан тазару жолы, адамды адамшылыққа бастау, тәрбиелеу жолы.
Қазақ халқының ата бабасынан келе жатқан байырғы діні – Ислам діні. Ислам ұлттық дін емес, ол әлемдік дін болып саналады.
Ислам дінінің бүкіл адамзат баласының мәдени өміріне қосқан үлесінің зор екенін мұсылман әлемі ғана емес, әрбір сауатты, көкірегі ояу азамат біледі.
Ислам діні - адамды рухани жағынан, әдеп, ибалысын, қанағат, мейірім шапағат, жанашырлық, бауырмалдық адалдық, ізгілік тәрізді жан тазалығына тәрбиелеу мектебі болды. Ислам тәрбиесі барлық уақытта адам баласына иманды үйретіп, иманға шақырып келді. Иман әрбір адамның жүрегінен орын алып, көкірегінде сақталады. Ал Иман дегеніміз – Аллаға, Алланың істеріне күмәнсіз сену дегенді білдіреді.
Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің ,яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарын айқын сеніммен қарай, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі көңішл адамды – «иманды» адам дейміз. Иманды адам шығады. Бұл категориялар әрқашан адамның, қимылымен тәртібімен, іс-әректімен тікелей байланыста.
Сыпыра жырау "Бір дегенде не жаман" деп басталатын толғауында қоғамдық тұрмыстағы тәлім тәрбие ісінің өзегі болған үлкен екі мәселеге назар аударады: Ұлды ақылды, білімді етіп өсіру, Қызды әдепті, ибалыққа тәрбиелеу.
Бір дегенде не жаман!
Білімсіз өскен ұя жаман.
Екіншіден не жаман!
Елеусіз өскен қыз жаман.
Жастарды әдептілікке, сыйласымдықөа бейімдеуді үлкен мәселе етіп қояды. Жасы үлкендердің алдында әдептілік сақтап оларға құрмет көрсетуді талап етеді.
Ертеде бір шаруа кісі жалғыз баласына өзі теңдес біреудің қызын
алып береді, той тарқаған соң бір-екі күннен кейін келіп өз отауында қыз келіншектермен сөйлесіп отырып қатты күледі. Атасы сыртта дәрет алып отырып қатты күлгенін ерсі көріп "осыншама сықылдап күлген қай көргенсіздің баласы екен" депті. Содан бастап келін ұялып сөйлемей қояды. Кешке күйеуі келіп бірнеше күнге деиін күтіп, сонан соң шешесіне айтады. келеніңізге бірдеңенің салқыны тиген болар - деп, оны естіген ата-енесі түрлі бақсы балгерлерге емдетеді, бірақ одан ештеңе шықпайды. Келін ата-енссін өте жасы күтеді. Содан 6 жыл өтеді, тілі шықпай қалған соң 7 жылға
қарағанда баласына тоқал алуға рұқсат береді. Баласы біреуді
айттырып үйленеді, ол келмей жатып бұйыра сөйлейді. Сонда жігіттің бірінші әйелі мылқау шығып:
Келін, келін, келін-ай,........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?