Экономика | ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ

 Экономика | ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ

Мазмұны
. Кіріспе бөлімі ..........................................................................2
ІІ. Негізгі бөлімі
1. Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік мәселелері туралы...............................................4
2. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі және оған Қытай миграциясының қатері....................................................10
3. Кедейшілік проблемасы оның ұлттық қауіпсіздікке ықпалы..................19
ІІІ. Қорытынды бөлімі ......................................................................................27
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................29

Кіріспе
Менің жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік тұрғысындағы мәселелер өзіндік ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр деуге болады. Оны мынадан аңғаруға болар еді, яғни бүгінгі күнгі ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі тек Қазақстанға тән проблема ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдік қауымдастыққа мүше елдердің үлкен де өзекті ірі мәселесіне айналып отыр. Мәселен, ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі шын мәнінде қазір тәуелсіз мемлекеттердің дербес қорғаныс саласы болып қалыптаса бастағаны да белгілі. Сондықтанда біздің елімізде ұлттық қауіпсіздігін қорғау және оны құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстанда ұлттық қауіпсіздігін қорғаудағы басты мақсаты мен қағидалары еліміздің тәуелсіздігін нығайтып барлық даулы мәселелерді бейбіт жолдармен шешу, басқа елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруді болдырмау және күш қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш колдану қаупінен тартыну, сондай-ақ қандай да бір іс-қимыл қолданбайтындыққа негізделген. Осы тұрғыда Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап еліміздің екінші тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан, екінші тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір үшінші тараппен шарт немесе келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді.
Декларацияда Қазақстанның сепаратизмді және діни фундаментализмді қабылдамайтыны туралы Қазақстан Рсспубликасының Президенті Н. Назарбаев ашық мәлімдеме жасаған болатын.
Мен бұл курстық жұмыс барысында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйін және оған әсер ететін әр түрлі факторлардың ықпалын теориялық тұрғыдан қарастырып кеткім келеді.
І.Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік мәселелері
Қазіргі таңда жаңара түскен ғаламдық даму жағдайында жаһандану үрдістері күн өткен сайын қарқын алып келеді. Аталмыш үрдістердің бөлінбес бір бөлігі ретінде бүгінгі күні елеулі беделге ие болған ұйымдарды немесе олар әлемдік болып келе жатқан, болуды көздейтін түрлі аймақтық саяси-экономикалық жаһандану процестерінің қозғаушы күштері екенін атап айтқан ләзім. Әлемдік қарым-қатынастар жүйесіне енді ғана араласа бастаған Қазақстан Республикасы да аталмыш оқиғалардан тыс қала алмайды.
Жаһандану үрдісінің дамушы елдерге тигізетін түрлі ықпалдары бар екенін ескерсек аталмыш даму сатысындағы елдер үшін түрлі мақсаттағы сыртқы байланыстар бағытын айқындау, осыған орайластыра сыртқы саяси тұғырын орнықтыру - бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі.
Әлемдік ойыншылар арасындағы бәсекеде жұтылып кетпеуді мақсат тұтатын Қазақстан үшін әлемде болып жатқан жағдайларды, осының төңірегіндегі туындауы мүмкін қайшылықтар мен қауіптерді нақты бағалай отырып, өз мүддесі үшін оңтайлы шешімдер қабылдау — күн тәртібіндегі мәселе.
Біз жоғарыда атап өткен аймақтық интеграциялық ұйымдардың, Қазақстан мен олардың арасындағы екіжақты, әрі сан-салалы байланыстардың дамуы мен одан әрі тереңдей түсуі Қазақстан Республикасының әлемнің саяси-экономикалық дамуы жөнінен түрлі деңгейдегі елдерімен өзара пайдалы қарым-қатынастар орнатуына, сол арқылы өзіндік проблемаларды неғұрлым оңтайлы жолдармен шешуіне біршама жағдай жасайды деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда Қазақстан үшін саяси-экономикалық саладағы сыртқы байланыстарын бекемдей түсуге, дүниежүзілік қауымдастыққа дербес
араласуға, әлемдік үрдістер шеңберінде өзіндік орнын белгілеуге біршама қолайлы мүмкіндіктер бар. Ол үшін қазіргі әлемдік ауқымда болып жатқан өзгерістерге орай қазақстандық қадамды дұрыс қалыптастыра білу, мемлекеттік мүддеге сай барынша әрекеттер жасап алуы керек.
Қазіргі кезде әлемдік экономикалық дамудың негізгі тетігі ретінде біртұтастық құбылысқа бет алу, яғни жаһандану үрдісінің белең алып келе жатқаны белгілі. Әлемдік әрекеттердің өзі осы жағдайға жетелеп отырғанда болмай қалуы мүмкін емес, бұл процестің негізін құрайтын оның жүзеге асуына белгілі бір деңгейде негіз болатын аймақтық экономикалық қарым-қатынастар да күн өткен сайын жандана түсуде.
Осындай аймақтық құрылымның қатарына Азия құрлығындағы Экомомикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) жатады. Ол 1985 жылы құрылған. Ол үш бірдей құрылтайшы мемлекеттер -Иран, Пәкістан, Түркия 1977 жылы 12 наурызда қол қойған Измир Келісім - Жарғысының негізінде әрекет ететін Даму жөніндегі Аймақтық Әріптестік Ұйымының тікелей мұрагері болып табылады.
1992 жылдан бастап аталмыш Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ауғанстан сынды мемлекеттердің бірігуімен оның жұмысы айтарлықтай деңгейде қарқын алуымен қатар, ендігі жерде ол 300 миллионнан астам халық мекендейтін, 7 млн. шаршы шақырым аумақты қамтитын ірі экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық потенциалға ие құрылымға айналды 1.
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі елдердің Ұйым шеңберіндегі қарым-қатынастары өзара теңдік және құрмет ұстанымдарына негізделе отырып, өзара қатынастарда көбіне экономикалық әріптестікке баса назар аударады.
Осы тұрғыдан да, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының негізгі міндеттері аймақтағы экономикалық дамуға анағұрлым жайлы жағдай туғызу, осындай әрекеттерді жүзеге асыра отырып, аймақ елдері арасында ішкі аймақтық әріптестікті барынша кеңейтіп және қоғам өмірінің түрлі салаларында (әлеуметтік-мәдени және ғылыми-техникалық) бір-біріне өзара көмек көрсету жолдары арқылы бірте-бірте Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы біріктіретін аймақ елдерінің халықаралық қауымдастықтың әлемдік шаруашылық қатынастарына қосылуын қамтамасыз етуді көздейді.
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы экономикалық және саяси іс-шараларының негізгі бағыттары екі жылда бір рет ұйымдастырылатын, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары бас қосатын Саммитте қозғалып, оның саяси және стратегиялық шараларының кең көлемде іске асуы жолдары қарастырылады.
Солай бола тұрғанмен де, бұл елдер өзінің жаңа экономикалық байланыстар кезеңіне көшкеніне қарамастан, әлі де болса Кеңес Одағы кезіндегі аграрлық-шикізаттық аймақ дәрежесінен аса алмай отыр. Сонымен қатар осы елдер азаматтарына тән құбылыстың бірі - өздерін өмір сүріп жатқан ел мен жердің шын мәніндегі иесі ретінде әлі де болса толық сезіне алмау сынды келеңсіз жайттар, ал ол жаһандану үрдісі белең алып келе жатқан шақта тек қана кері әсерден басқа-ештеңе де бере қоймайды. Жаңа ғасырдағы әлемдік деңгейде болып жатқан өзгерістерге және олардың негізгі салдарлары осы аймақтар маңында өтіп жатқанына қарағанда әлемдік ойыншылар назары біз сөз етіп отырған аумақта тігілгеніне оңай көз жеткізуге болады.
Орталық Азия және Каспий бүгінде әлемдік ойыншылардың қым-қиғаш бәсекесіне алғышарт болатын себептердің бірі. Осы жағдайда Орталық Азия интеграциясы, Ресей, Қытай, Иран. Сонымен қатар Еуразияның ішкі құрлықтық аудандарына бақылау жасау үшін күреске байланысты. АҚШ сынды ірі державалардың күшті әсері мен тұрақты қатерінің астында оңай түсетін болады. Дегендей, соңғы кездері коалициялық күштсрдің парсы шығанағындағы жеңісінен соң НАТО блогы күштерінің орталық Азияға сұғына кіре бастауы ресми Мәскеуді де бейжай қалдыра алмады.
Ендігі жерде ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты сипатындағы Вашингтон – Мәскеу арбасуы басталғандай. Осыдан да болар ЭЫҰ-ң мүше-мемлекеттері ішінде ендігі жерде бибағыттық үрдіс белең алды.
Бұл дегеніміз Орталық Азия мемлекеттеріндс әлі де ұлттық мүдделер маңындағы мәселелерден әрі аса алмай, ұлттық мүддеден жоғары жайттарға тосырқай қарау жалғасып келе жатқаны екенін көрсетсе керек. Осыдан келіп, алдағы уақытта біз сөз етіп отырған елдер үшін қайсы идея маңыздырақ: ұлттық мүдде ме, әлде ұлттық мүддеден жоғары аймақтық мүдде ме деген сауал туындайды.
Бұл аймақ елдерінің қауіпсіздік шеңберіндегі терроризм, экстремизм мен трансұлттық қылмысқа қарсы күресте және Арал теңізін құтқару, шекаралық өзендердің суларын ортақ және теңдей пайдалану, ядролық қарудан еркін аймақ құру, т.с.с ортақ мәселелері төңірегінде тек осы елдер ғана атқара алатын, осы елдер өкілдерінің қатысуымен жүзеге асатын істерде белгілі бір ортақтық өзара қатынастар әрекетінің белгілері байқалып тұратыны немесе осы жайттардан-ақ аталмыш елдердің болашақта өз-өзінен иитеграциялық ұйымға бірігу керектігі көрініп тұрған жоқ па? Саяси жағдайлар бізді тағы да Орталық Азиядағы қауіпсіздік принциптерінің бөлінбестігі мен аймақтың бөлінуі тіпті де ақылға сыйыспайтын ұғымдар деген ойға жетелейді.
Орталық Азия елдері үшін белгілі бір дәрежедегі өзіндік дамуға қол жеткізу үшін, ең алдымен, аймақ ішіндегі басты мәселелерде өзара пайдалы түсіністік негізінде жұмыс істеу өзара бақталастық емес, бәсекелестік тұрғыда өркениетті елдер қатарында көріне білу, әлемдік саяси-экономикалық саладағы аймаққа тән маңызды жайттар мен тегершіктерді ретті қолдана білу т.с.с. шешілуге тиісті мәселелер күн тәртібінде тұрғаны дер кезінде шара қолданбаса, жақын уақыттарда күн тәртібінен түсе коймайтыны ақиқат.
Әзірге Орталық Азия елдерінің кол жеткізген табыстары өз тәуелсіздіктерін нығайта отырып, әлемдік деңгейде таныла бастауы, яғни әлемдік ұйымдар мен қауымдастықтарда ауызға ілінетін дәрежесі (геосаяси және геоэкономикалық әлеуметінің арқасында), аймақтық қақтығыстарға жол берілмегені. Алайда аймақтық басымдылыққа ұмтылудағы қауіпсіздік шаралары шеңберіндегі саясат дұрыс жолға қойылмайынша, Орталық Азия елдері мен Каспий маңындағы (тиісінше ЭЫҰ мүше-мемлекеттері) елдерге деген мүмкін қауіптер сейіле қоймайды.
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының негізгі құрушыларының қатарынан саналатын Иран, Түркия, Пәкестан елдерінің аталмыш ұйымдағы өзара пайдалы экономикалық байланыстарға деген қызығушылығы қандай, жалпы олар өздері негізін қалаған ұйымның одан әрі қарай да өмір сүруіне қаншалықты мүдделі деген мәселелер бізді қызықтырады. Ұйымның пайда болу идеясының өзі осындай құрылымға деген сұраныстан туындағанын ескерсек, аталмыш ұйымның 1992 жылдан кейінгі геосаяси тұрғыда кеңейе түсуі оның құрылтайшы-мемлекеттері мен мүше-мемлекеттерінің өзара тоқайласқан мүддесі негізінде жүзеге асқанына көз жеткізе түсеміз.
Аталмыш ұйымның құрылтайшылары арасында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының жұмыстарына дем беретіндей ниет байқалып тұрғанымен, олар да Орта Азия мен Каспий маңындағы әріптестері сияқты көбіне сыртқы күштердің ықпалы әсерінен ұйым шеңбері негізінде дербес экономикалық саясат жүргізе алмайтыны байқалып қалып отырады. Алайда құрылтайшы-мемлекеттердің өзара ортақ мүдделері қатарында - аумақтық тартыстар, сепаратистік-террористік қимылдармен, экстремистік идеялармен күрес, өзара тауар айналымын өсіру т.б. жайттарды атауға болады.
Территориялық тартыстар маңайындағы дау-дамай салдарынан да осы мемлекеттердің ішкі және сыртқы саяси-экономикалық позицияларында едәуір қиындықтар туындауда. Мысалы, әлемдік дәрежеде көтеріліп отырған Кашмир мәселесі, курдтар мәселесі, осы елдерден бастау алады деп есептелетін экстремистік-террористік әрекеттер аталмыш елдердің халықаралық дәрежедегі беделін ғана түсіріп қоймайды, сонымен қатар оның территориялық тұтастығына, ұлттық тәуелсіздіктеріне және мемлекеттің экономикасы мен халықтың әл-ауқатына айтарлықтай дәрежеде зиянын тигізеді2. Жалпы, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы жұмыстарының алға басуының алғышарты онда жоспарланған жобалардың маңындағы және осы аумақтағы қауіпсіздік мәселелерінің оң шешім табуына тікелей байланысты деп ойлаймыз. Сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен осы жайттар төңірегінде үлкен мүдделер тұрғанын, олардың аталмыш Ұйым аумағындағы қауіпсіздік мәселелеріне айтарлықтай әсер ететінін де ескергеніміз жөн шығар.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?