Педагогика | Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер және олардың білімділік және тәрбиелік мүмкіндіктері

 Педагогика | Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер және олардың білімділік және тәрбиелік мүмкіндіктері

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
I Бөлім. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер және олардың білімділік және тәрбиелік белсенділігінің әдіс тәсілі
1. 1. Оқу белсенді топтың жұмысы... 6-8
1.2. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер және оларды тәрбиелеу жолдары
1.3. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру....9-12
II. Бөлім. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер және олардың білімділік және тәрбиелік белсенділіктері.....13-18
2. 1. Жаңашыл – педагогиканың оқыту барысындағы әрекеті...19-22
2. 2. Оқытуды компьютерлеу....24-25
2. 3. Мектепте жаңа техниканы пайдалану....26-28
Қорытынды....29
Пайдаланған әдебиет...30
Қосымша..

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік.
Диалектиканың қарама-қайшылықтарының бірлігі мен күресідеп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М. А. Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол карама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықтан мұғалім оқушының оқу барысында туындаған қиыншылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.
Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қандай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э. В. Илентков). Қарама-қайшылық «оқушы (адам)» жүйесінде пайда болып «адам-адам» жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқ-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушылраға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның тоыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің оқшылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктер мол. Бұл жөнінде Т. Е. Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілнтін зерттеу оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, олдардың терең түсінулеріне мүмкінідк жасалады. А. Синицкая зерттеулері жасөспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу материалдарының 60-70% - і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89%-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барнша қолайлы жағдай жасайды.. Мұндай тұжырымды Л. А. Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқ барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктереге жетуге ұмытыл тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағнасын тереңдетеді, оқуға деген жауапкершілікті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына, жағдай жасайды, Оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешуідің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз бетімен реттеу механихмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалауымен сәйкес келетін қолайлы социометриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
Оқу –танымдық іс-әркеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей ұжымдық танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттердің төмендегідей бделгілерін көрсетуге болады:
- бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
- ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;
- іс әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;
- Бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
- Бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
- Жлпы нәтижелердің болуы.
Алайда күнделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқшанда бірден көрініс тбуы мүмкін емес. Ұжымдық жұмыс ұжымдықтың әр түрлі дәрежесіне ие болады, яғни жұмыс брысында қтысушылрдың арасындағы қрым-қатынастың өзіндік сипаты мен әр алуандығы байқалады.
1.1. Оқу белсенді топтарының жұмысы.
Ұжымдық танымдық іс-әрекетсабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылтын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғағ сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.
Белсенді топтар жұмысын ассистентердің, кеңесшілердің еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымның, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсенді тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектепік қорытынды конференцяларда тыңдалып отыруы қажет.
Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеті нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қатысымен көрнекті құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте бар диафильмдердің, әдебиеттердің, папкалардың, көрнекті құралдардың картотекасы дайындалады. Бұл оқу белсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.
Оқу белсенді тобының мұшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Мысалы, безендіруші мұғалімге көрнекті құралдар (кестелер, графиктер, диаграмалар және т. б. ) дайындауға, оқу стенділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттандырушымен бірге бюллетендер, ақпараттар парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабороториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық, құрал – жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т. с. С.; кітапханашы мектеп кітапханашысымен бірігіп пән бойынша жаңа қызықты әдбиеттерге шолу дайындайды, көрмелер ұйымдастырады, пән бойынша құызықты материалдар жианйды, мектеп кітапханасында және оқу кабинеттеріндегі әдебиеттер бойынша жасайды.
Оқушылардың біріккен оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда ассистенттер мен кеңесшілер маңызды рөл атқарады. Ассистенттер көрнекті құралдар, дидактикалық материалдар дайындайды, мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарының дайындығын тексереді және т. с. с.
Кеңесші- пән бойынша (тіпті жеке тақырып бойынша) жақсы үлгерім көрсетуші оқушы ол өз сыныптастарының оқуларына көмектеседі. Ол әдетте бір жылға ғана бекітіледі; олар тақырып бойынша, басқа оқушыларға қарағанда бұрын орындалған белгілі бір тапсырма бойынша кеңесші тағайындалуы мүмкін. Негізгі кеңесшіні оқушының жеке келісімімен, мұғалімдердің мақұлдауымен, сыныптық ұжымның ұсынысымен оқу комитеті (немесе басқа мектепте жұмыс істейтін басқа да өзін-өзі басқару органдары) тағайындайды. Оның міндеттері-түсіндіруші қызметін атқару, оқушының немесе топтың білімін бақылау және тексеру, сондай ақ- әртүрлі оқу тапсырмаларын орындалуының дұрыстығын тексеру. Мұғалімнің берген тапсырмасын белгілеу үшін арнайы дәптер арналады және сабақтағы жұмыстар бойынша, тақырып бойынша есепке алу карточкасы жасалады және т. б. Кеңесші жұмысатрды сабақта және сабақтан тыс уақытта да жүргізілуі тиіс.
Нақты біртақырып бойынша да кеңесшінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Оның жұмысын сабақ үстінде белгілі бір тапсырманы өз уақытынан бұрын тиянақты орындаған оқушы да ұйымдастыра алады. Мұғалім оған жұмысы тексерілуі тиіс және белгілі бір көмек көрсетілуі тиіс оқушының аты-жөні жазылған карточканы береді. Кеңесші құрбысның орындаған тапсырмасын тексеріп, ол жөнінде карточкаға белгі қойып, оны мұғалімге өткізеді. Осылайша бір сабақта белгілі бір тақырыпты жақсы меңгерген бірнеше кеңесші болуы мүмкін. Сабақ соңында мұғалім міндетті түрде кеңесшілердің жұмыстарының сапасы және қойылған бағалар жөнінде түсінік береді.
Әртүрлі мектептерде белсенді оқу топтарының қозғалысы, құрылымы, ұйымдастырушылық қызметінің танымдық іс-әркеттерінің барысына, сыныптық, мектептік ұжымдардың ұйымшылдықтарына, белсенді топтардың жұмыс істеу формаларына қарай көптеген варианттары бар. Бірақ ұжымдықоқу іс-әрекеттері барысында қандай да белсенді топ болмасын белгілі бір жетістікке жетеді. Сондай талаптардың бірі олардың жұмысына міндетті түрде мұғалімнің сенімді көмекшілері бола отырып белсенді оқу топтарының сенімді мүшелері екендіктерін көрсету кеарек; белсенді оқу топтарының жұмысы балалардың қоғамдық ұйымдарының жетекшілігімен жүргізілуі тиіс; өзара бағынушылық принципі сақталуы тиіс.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әр түрлі формалары мен түрлері жүйесіндетоптық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратынрөлін құрастырды. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыт түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жғдй жасайды, проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектседі.
Педагогикалық әдебиеттер сабақтарда оқушылардың оқу-іс әрекеттерін ұйымдастырудың фронтальды, топтық даярлау тәсілдерінің бірыңғай юанықтамсы жоқ. Мысалы, дәстүрлі дидактик топтық жұмысты негізінен, оқушылардың бірнеше тобы әртүрлі қиындықтағы тасырмалардың көлемі орындалтын еңбекке үйрету, политехникалық білім беру және практикалық дағдыларды игерту сияқты мәселелерін шешу немесе оқыту оқыту даярлу мақсатында лабороторияд, оқу шеберханларында, мектеп жанындағы участоктерде жхүргізілетін жұмыстармен байланыста қрастырады. Басқа жағдайда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын оқытуға қатысушылардың өзара әркеттестігі ретінде қарастырады, ал фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқушыларын 3-8 мүшелері бар, оқу материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспар мен рет бойынш жхұмыс істейтін топтарға бөлінетін сабақтарды ұйымдастыру формасы ретінде түсінідруге болады.
Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істе әр топта екі оқушы) , мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хбарлама жасауда, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т. б. жатқызуға болады. В. К. Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жттауда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді уызш және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттатуда, сұрақтар мен жұмыс істеді және т. б. жұптық жұмыстардың, яғни жұптық-ұжымдық жұмыстрдың тиімді екендігін көрсетеді.
Топтық сабақтардың құрылымның классикалық нұсқасы: шартты түрде сабақ үшке бөлінеді: кіріспе, топтық және қорытынды. Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғпалім мотивті – ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді: танымдық мәселелерді анықтайды, жұмыстың орындалуы барысы бойынш түсінік береді, дидактикалық материалдарды таратды. Сабқтың келесі бөлігі әрбір топтағы оқушының іс-әрекеті ұйымдастырылады: берілетін тапсырмамен таныстырғанан кейін мұғілім топтардың жұмысы жоспарланады, материалдар бөліктерге бөлініп топтарға таратылады. Әрбір оқушы өзінің тапсымасын орындағанан кейін, жұмыс нәтижесі талқыланады, тапсырма бойынша жалпы қорытынды жасалады. Осы сатыда ұжымдық және жеке жұмыстардыңөзара байланыстылығы, ұжым мен жеке тұлғаның мүддесі мен мақсаттары талданады, әрбір оқушының белсенділік танытулары үшін мүмкіндік туғызылады. Сабақтың қорытынды бөлігінде әрбір топтың жұмысы тлданады,қойылған міндеттің орындалуы, берілген тапсырмның нәтижелілігі жөнінде қорытынды жасалады.
1.2. Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі.
Бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс . Бірыңғай топтық жұмыс барысында балық топ бірдей тапсырм орындайды, ал сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әр түрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда саралнғанда топтық жұмыс ерекше құндылыққ ие және оқушылрдың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің барлық талаптарына барынш сәйкес келеді.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру көптеген проблемалардың шешімімен байланысты. Зерттеушілер (И. Т. Волков, Х. Й. Лийметс, В. Оконь, А. М. Раевский) оларға топтар құру, топтық жұмыстардың нәтижелілігінің критерийлерін анықтау, оқушыларға тақырып мен тапсырмалар таңдау, дидактикалық материалдар дайындау, оқу топарындағы оқушылардың өздерін өздері басқаруының рөлі, оларды орналастыру сияқты проблемаларды жатқызады. Оқу пәндеріне жасалған талдау Тптық жұмыстар рқылы әрбір пәннің меңгерілу мүмкіндігі әртүрлі. Сонымен бірге әрбір оқу пәнінің топтық сабақтарда табысты оқытылатын тқырыптары бар.
Топтрды ұйымадстыруда мына мәселелер бсшылыққа алынуы тиіс:
- әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтың құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;
- математика, физика, химия, шет тілі пәнденрі бойынша топтар оқушылардың білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды (гемогенді топтар);
- әдебиет, тарих, география пәндері бойынша топтар оқу жұмыстарының қарқыны, әртүрлі оқудан тыс ақпараттардан хабардарлығы бойынша көп жекеленбейтін оқушылардан құрылғаны орынды;
- оқу топтарын жинақтауда оқшылардың өзара қарым қатынасы да ескерілуі тиіс.
Әр түрлі құрамды топтарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, бес оқушыдан құралған топтар тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені, 3 тоқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған топтарда жіктелеу пайда болады, ал7 адамнан құрылғн топта әрбір оқушының өз пікірін айтуын мүмкіндік болмайды.
Топпен орындалатын жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да, олардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен. Жекелеп алғанда, бір-бірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс онайтындығына көз жеткізілді.
Топтық сабақтарды ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың оқу іс-әркетерін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың педагогикалық құралдарын пйдалана алу біліктері қажет. Арнйы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: кеңесшіні топтың өзі мұғалімнің және жоғары социоиетриялық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі уыстырылып отырғаны дұрыс.
Осылайша, танымдық мәселелерді шешуде негізінесабақтрға оқушылардың өзара ықпалдастығы, ынтымақтастығы алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін:
1. Ұжымдық жұмыс принципімен ұйымдстырылған фронтальді жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдстыруда берілетін тапсырмалардың түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауды, теоремоларды біргіп отырып дәлелдеуі, орындалтын жұмыстың бірігіп талқылауы, бірге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жсуды және т. б. жатқызуға болады.
2. Ұйымшылдық принципі бойынш ұйымдстырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалдар, топпен оқу тапсырмаларын орындау жоспары мен тәсілерін тлқылау, сабаққа дайындалу барысында топтық тапсырмларды орындау, мұғалімнің қойған сұрағына жауап беру мақстында қажетті тәжірибені жасау, тілдік сабақтард диалог жүргізу, топтық сабақтар,әңгімелесу- «дөңгелек үстел», пікірталас элесенттері бір топтық жұмыстар (форум, сараптау топтарының отырысы, симпозиум, жобаларды ұсыну, ойындық-модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, айтыс диалог және т. б.
3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтрдың өзара тексеруі: орындалғн жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір айту (ауызша, жазбаша, бағалау бойынша пайымдаулар, өз бетінше орындалтын жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру және т. б.)
4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа мүшелерінің жұмысы.
5. Оқшы кездесуі.
6. Білімді қоғамдық байқауы.
Сабақ жұмсалатын уақыт көлемі және педагогиклық маңыздылығы бойынш жетекші білім беру формаларының бірі болып табылады. Алайда оның (форманың)мүмкіндіктері, артықшылықтары автоматты түрде жұмыс істемейді. Бұл объективті мүмкіндіктер оқушылрдың өзар ықпалдасулары есебінен жүзеге асырылды, өйткені олардың білім алу және өзара қрымқатынастарының сипаты жеке тұлға, іс-әрекет субъектілерін оқыту мен тәрбиелеу міселелерін табысты шешу үшін сабақта ұжымдық танымдық іс-әрекет элементтерін пйдалану маңызы.
Ұжымдық оқу жұмыстрын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушыны іс-әрекет субъекті тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуне көмектесеуде. Орынды, әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы оқу іс-...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?