Тарих | Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
І. Тарау. Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы.
І.І. Тарихты оқыту әдістемесінің қоғамдық орны мен ролі, ХХғ. басындағы мектептердегі тарихи білім беру барысы
І.ІІ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары.
ІІ.Тарау. Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері, басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері.
ІІ.І. Әңгімелеу тәсілдері
ІІ.ІІ. Бейнелеу тәсілдері
Қорытынды
Cілтемелер тізімі
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әңгімелеу және бейнелеу тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Әдістеме бұл оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
Тарихты оқыту әдістемесі өзектілігі – нақты міндетті шешудің, қандай-да бір нақты мақсатқа жету тәсілі болып табылады.
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері-әртүрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды.
Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары төмендегіше айқындалған:
- оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;
- тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;
- отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;
- халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылықпен құрметін дамыту.
Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда.
Тарихты оқытудың міндеті - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты мен қол жеткен нәтиже арасында, қолданылуы жоспарластырылған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.
Тарихты оқыту әдістемесінің тарихнамасы – тарих ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу болып табылады.
Сонымен, әдістеме бұл бұл әдістер жиынтығы, кешені. Әдістеме дегеніміз – ежелгі грек тілінен аударғанда – методика - «таным тәсілі», зерттеу жолы» деген ұғымдарды білдіреді. Ал, тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Әдістеме бұл оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
ХХғ. басындағы көрнекті әдіскер К.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.
Зерттеудің тарихнамасы:
Курстық жұмысты жазу барысында кітаптардан, бұқаралық ақпараттардан, журналдардан пайдаландым. Б.Адырбек, А.Көпекбайдың «Ежелгі Қазақстан тарихы» кітабынан, Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде», Жолдасбаевтың, Аманбосиновтың «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» мұғалімдерге арналған көмекші құрал Алматы 2002 жылы шыққан кітаптарының, Тұрлығұлов Т.Т. «Тарих сабағын оқыту әдістемесі» Алматы 2004 жылы шаққан кітаптарынан тарих пэнінің мүғалімі қандай болуы керек жэне оған қойлатын талаптар, тарихты оқытудың мақсаты, міндеттері, мектепте Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері бойынша мэліметтерді алдым.
Осылайша әдістеме пәні – педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал, әдістеменің нысаны – оқыту әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Ғылыми зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабақ) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі «экспериментум» сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда болады.
Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары, логика секілді ғылым салаларымен де тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, себебі әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғыртып пайдаланады.
Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастырак алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.
Өмірде нашар мұғалімдерді жиі кездестіреміз, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан да пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.

Тарихты оқыту әдістемесінің қоғамдық орны мен ролі, ХХғ. басындағы мектептердегі тарихи білім беру барысы
Тарихты оқыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудың мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты.
Таңдап алу оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым оқушылар танымы мен танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Оның үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялық және педагогикалық зерттеу тәсілдері де қолданылады. әдістеме пәні оқытудың бір саласы ретінде педагогикамен де тығыз байланысты. Педагогика – оқыту, ғылыми зерттеу әдістемесі мен тәрбие мақсатын айқындайды. Осы әдістер мен мақсаттарды негізге алып, әдістеме оқу процесіне де, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді. /1/

Педагогикалық бақылау – оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді.Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп, мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады.
Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесіне белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті құрамы – дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді қажет ететін болжанған нәтиже, болжалболмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң нәтижеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың жаңа тәсілін қолданса, б) таным әрекетін басқаша ұйымдастырса. Болжал іс жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі.
Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді. /2/
Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі, студент үшін:
- белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәні бойынша білім мен дағды деңгейін анықтауға;
- сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылауға;
- оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылауға;
- оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тісілдермен ұштастыруға;
- тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындауға;
- оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға;
- оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.
ХХ ғасыр басында педагогтар тарихи білім беру ісінде оқыту әдістемесіне көңіл бөле бастады. Олар сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Олардың кейбірі бұл жолды көрнекілікпен оқытудан, екіншілері оқушылардың реферат пен баяндама дайындау жұмысынан, үшіншілері – тарихи дереккөздерін пайдаланудан іздеді. Ал, кейбір әдіскерлер тіпті еңбекпен оқыту әдістемесін дәріптеді./3/
Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін карталар мен картиналар, суретті оқу кітаптары пайдаланылды. Саяхаттық жұмыс оқыту процесінің ажырамас бөлігіне айналды, тарих сабағына өлкетану материалдары кеңінен тартылды. Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың бойында дербес жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді.
Осы кезеңде сұрақ және жоспар әдісі кең тарады. Оларды мұғалім құрастырып, оқушыларға үй жұмысы ретінде беретін еді. Үйде де, сыныпта да оқулықпен жұмыс істеуге баса көңіл бөлінді. Оқушыларды мәтінді дұрыс оқуға, оқығаны бойынша жоспар құруға дағдыландырды./4/
Оқыту процесіне жаңадан іс жүзіндегі зертханалық және драмалау әдістері енгізіле бастады. Іс жүзіндегі әдістің мәні тарихи дереккөздері негізінде жұмыс істеу. Көрнекті тарихшы, әдіскерлер И.А.Рожов, М.Н.Покровскийлер оқушылардың қызығушылығы мен игеруге оңайлығына сәйкес оқып, үйренетін құжаттарды таңдап алды. Олар тарих курсын жүйелі оқытып, тарих оқулығының өзін шетқақпай жасады.
Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи құжаттармен, иллюстрациялық материалдармен және ғылыми көпшілік мақалалармен дербес жұмыс жасауға үйрету жүйесін қамтиды. Мұғалім оқушыларды тарихи зерттеудің зертханасына жетелеп енгізгендей болады, ал оқушылар ғалым-тарихшыларға бұрыннан белгілі қарапайым жаңалықтарды өзі үшін алғаш ретінде ашады./5/
Белгілі әдіскер А.Ф.Гартвич әдеттегі сабақты оқушылардың рефераттарын оқу және оларды талдауға арналған әңгіме өткізумен алмастырады. Бұл жерде мұғалімнің рөлі оқушылардың дербес жұмысына жетекшілік жасаумен айқындалады. Бұл әдістің ең басты мәні – оқушыларды дербес жұмыс жүргізуге үйрету. Сонымен бірге ол оқытудың драмалау әдісін ұсынады.
Рефераттау жүйесі әдіскерлер Б.А.Влахопулов пен Н.П.Покотилоның ұсынған жаңалығы болды. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес жұмыс істей алу дағдыларын дарытатын негізгі тәсіл деп білді. Мәселенің тарихнамасымен танысқан оқушының реферат жүйесіндегі әрекеті бірнеше кезеңді қамтиды.
Бірінші кезеңде оқушы – ұсынған мақала, брошюра немесе шағын кітапты оқып шығады, конспектілейді.
Екінші кезең бірнеше күрделі кітаптың мазмұнын баяндауға арналады. Оқушы кітап мазмұнымен мұқият танысып, рефераттың жоспарын түзеді, одан әрі сөзімен кітап мазмұнын баяндайды.
Үшінші кезеңде бір тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітап бойынша реферат дайындалады, ең бастысы – оқушы материалды мазмұндаудың өзіндік жоспарын жасай алуы тиіс.
Келесі кезеңде әртүрлі көзқарастағы бірнеше еңбектің мазмұны ортақ тұжырымға келтірілуі тиіс.
Соңғы, ең күрделі кезеңде сынып оқушылары құжаттармен жұмыс істеп, дереккөздерінің «шикі» материалдарын таңдай алуытиіс. Рефераттау жүйесінің кезеңдерге бөлінуі жоғары сынып оқушыларының өз ойларын мазмұндауды байланыстыра және сабақтастыра жүргізілуіне көмектесіп, арнайы тарихи білімдермен бірге жалпы пәндер бойынша да білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді./6/........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?