Бухгалтерлік есеп | Материалдық запастар

 Бухгалтерлік есеп | Материалдық запастар

Мазмұны
1. Кіріспе.......................................................................3
2. Негізгі бөлім.
2.1 Материалдық запастар және оларды жіктеу мен бағалау.........................5
2.2 Материалдық запастардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын құжаттар.................
2.3 Материалдық запастардың қоймадағы есебі............................................20
2.4 Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгелдеу және оларды есеп беруде ашып көрсету.....22
3. Қорытынды..................................................................................................25
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................27

1. Кіріспе.
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған ендіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау: КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер — дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, ейткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін "Материалдар" бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 "Шикізат және материалдар", 1311 "Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар", 1312 "Отын", 1313 "Ыдыс және ыдыстық материалдар", 1314 "Қосалқы бөлшектер", 1315"Басқа материалдар", 1316 "Қайта өндеуге берілген материалдар", 1317 "Құрылыс материалдары".
1310 "Шикізат және материалдар" шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе енімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.
1311 "Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар және бөлшектер" шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.
1312 "Отын" мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады.
1313 "Ыдыс және ыдыс материалдары" ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.
1314 "Запас бөлшектер" жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, деңгелектер т.б.) арналған запас бөлшектер есепке алынады.
1315 "Басқа да материалдар" өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б есепке алынады.
1316 "Өңдеуге берілген материалдар" шотында сыртқа өңдеуге берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның езіндік құнға енгізілгені есепке алынады.
1317 "Құрылыс материалдары" құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.
Әрбір шаруашылықжүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар аша алады.
Сонымен қоса, кәсіпорын езіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарды есепке алады.
Материалдардың есебін үйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады.
2. Негізгі бөлім.
2.1 Материалдық запастар және оларды жіктеу мен бағалау.
Тауарлы-материалдық запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (еткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.
Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа босалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте-тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған - есеп бағасы) көрсетіледі.
Егер субъект материалдық құндылықтарды келісімді бағасымен есепке алса, онда олардың нақты өзіндік құнына КДШ қосылуы мүмкін. КДШ құрамына теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлік түрлері арқылы тасымалдау түрінде жарналардың барлық түрлері кіреді; жабдықтаушылардың теміржол және басқа көлік мекемелерінің қоймаларынан материалдарды жеткізу; қорларды алу және дайындауға байланысты іс-сапарлардың шығындары, қоймалардағы түрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек ақысынан басқа тиеу, түсіру және қаттау шығындары; жабдықтаушы, делдал мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар және босалқыларды алумен тікелей байланысты басқа шығындар жатады.
Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған шығындарды анықтаған кезде шегеріледі. Тауарлы-материалдықзапастардыңтаза сату құнын шығару үшін олардың жай шаруашылық қызметінің барысында сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға тең. Өзіндік құн мынадай себептер бойынша қалпына келтірілмеуі мүмкін, онда тауарлы-материалдық запастардың таза сату құны пайдаланады:
- осы тауарлы-материалдық запастар біршама бұлінген;
- олар тұтастай немесе ішінара ескірген;
- олардың сату құны төмендеген.
Мысал. "Шығыс" А.АҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыға тапсырыс берген, оның 1 дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) түрады. Келісім шарт жасасқаннан соң, "Шығыс" ААҚ-натапсырыс берген материалы келіптүскен. Барлықкеліптүскен терінің мөлшері 35 555,6 дм2 құраған, ал оның сомасы 3 200 004 теңге болған. Тасымалдау шығыны 800 000 теңге және түсіру шығыны (түсірушілердің жалақысы — 300 000 және әлеуметтік - 56 700 (300 000 -300 000 х 10%х21%)) 356 700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймада сақтау шығыны 630 000 теңге құраған. "ІПығыс" ААҚ теріні өндеудің тәсілін жетілдірудің арқасыңца, оның құнын 90 теңгеден 75 теңге дейін түсірген, нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4 545 324 теңге немесе 1дм2-ты 127,84 теңге құраған:
- сатып алу бағасы — 2 758 624 теңге (ҚҚС қоспағанда);
- КДШ - 1 156 700 теңге (800 000 + 356 700);
- сақтау шығындары — 630 000 теңге (сақтау шығынын өзіндік құнға енгізілуі мүмкін, егерде олар қойманың түрған жеріне дейін жеткізіп берсе ғана).
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша босатылуы мүмкін. Тап осындай өнімді басқа кәсіпорын 90 теңгеден емес, оның бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан "Шығыс" ААҚ-на да сол бағада сатуына тура келген.
Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.
Әдетте, өнеркәсіп өндірістерінде материалдың запастары өзінің езіндік құнынан темен есептен шығарылмайды (сатылатынтаза құнына дейін), егер де шығарылатын дайын өнімнің бағасы оның өзіндік құнына тең немесе жоғары бағаға сатылады деп күтілетін болса.
Егер де ондай мүмкіндігі болмаса материал қоры сатылатын таза құнына немесе одан да төмен бағаға сатылуы мүмкін.
Сатылатын таза құнын да, өнімнің өзіндік құннан да төмен бағасы бойынша анықтау үшін ТМҚ-ға мына төмендегідей әдістерді қолдануы мүмкін:
- баптық әдісі - әрбір ТМҚ түрлерінің баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;
- негізгі материалдар тобының әдісі — ТМҚ топтарының баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;
- жалпы запастар деңгешнің әдісі — барлық ТМҚ-дың баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады.
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дүрыс анықтау үшін, 7-БЕС қарастырылған төртәдістің бірін қолданамыз: арнайы (түтастай) идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі ("ФИФО"); қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі ("ЛИФО").
Мысал. ТМҚ өзіндік құнын бағалаудың әдістерін қарастырып керейік. "Шығыс" ААҚ-ның 2002 жылдың 1-ші қаңтарына қалған материалдар саны:
- цемент — 200 тонна 60 000 теңге сомасына;
Есептен шығарылған (жұмсалған) материалдардың құны және ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.
Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының құнын анықтау үшін есептеу жолымен шығарылатын формуланы пайдалану мүмкін:
Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны - ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі
Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:
Мұндағы:
Σм.қ. - есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;
Км.қ. - есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;
Σалын. - алынған материалдардың құны;
Калын. - алынған материалдардың саны.
Біздің мысалда цементтің орташа өлшемдік (немесе өлшенген) құны мынаны құрады:
Орташа өлшем құнын, жүмсалған материалдың санына көбейтсек [3232,35х(15+10+12)=119596,95 теңге], ода біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп — қалдық құнын аламыз.
Цементтің ай соңына қалған қалдық құны - 100203,05 теңге құраған (31 тонна х 3232,35теңге немесе 60 000+159800-119596,95).
Тап осындай жолмен бензиннің де орташа елшенген құнын шығарамыз
Жұмсалған бензиннің құны 45,63 теңге х (50+150+300+100+100+100)=36504 теңге. Қалдық құны 300x45,63 теңге немесе 4500+45700-36504=13696 теңге.
Цемент
Кіріс
10 т. х 3100 теңге = 31000 теңге 2 т. х 3200 = 6400 теңге
17 т. х 3400 теңге = 57800 теңге 19 т. х 3400 теңге = 64600 теңге
Кіріс жиынтығы 159800 теңге
Шығыс
15 т. х 3000 теңге = 45000 теңге
10 т. х 5т. (20-15) х 3000 теңге = 15000 теңге
5 т.х 3100=15500 теңге
Жиыны - 30500 теңге
12 т - 5 т. (10-5) х 3100 = 15500 теңге 2т. х 3200 = 6400 теңге 5 т. х 3400 = 17000 теңге Жиыны — 38900 теңге
Шығыстың жиынтығы 114400 теңге
"ФИФО" әдісі — босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жүмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген — бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдыққұны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді|Біздің мәліметтің негізінде "ФИФО" әдісі бойыншасоңғы қалдықтың және жұмсалған материалдық құны мынаны құрайды:
Ай соңында қалған қалдығы: 31 тонна (17-5+19) х 3400 (1 тоннаның бағасы) = 105400 теңге.
Бензин
Бұл жерде де цементтің есебіне үқсас етіп шығарылды. Соңына қалдығы 300 литр (200 х 47 және 100 х 45): 200 х 4 7 = 9400 теңге; 100 х 45 = 4500 теңге; Жиыны 13900 теңге
Шығыстың құны: 4500+45700-13900=36300 теңге немесе
150 литр х(50 литр х 45 теңге, 100 литр х 46 теңге)= 6850 теңге;
300 литр х(200 литр х 46 теңге, 100 литр х 45 теңге)= 13700 теңге;
100 литр х 45 теңге =4500 теңге;
100 литр х 45 теңге = 4500 теңге;
100 литр х 45 теңге = 4500 теңге;
Шығыс жиынтығы 36300 теңге
"ЛИФО" әдісі - запастарды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардьің құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай (кезең) соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдісі біздің мысалымызда "ЛИФО" әдісінің көрсеткіштері мынадай болады:
Кіріс
10 т. х 3100 теңге = 31000теңге 2т.х 3200=6400 теңге
17 т. х 3400 теңге= 5780.0 теңге 19т.х 3400тщге = 64600 теңге
Кірісжнынлығы 159800 Теңге
Соңғы қалдығы:
31 тоннаның құны 94200 теңге
Шығыс
15 т. х 3400 теңге = 51000 теңге
10 т. х 3400 теңге= 34000 теңге 12 тонна = 40600 теңге (Нт..х.3400теңге= 37400 теңге 1 т. х 3200 теңге= 3200 теңге)....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?