Өндіріс | «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ»ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ ҚҰБЫР ЖҰЙЕЛЕРІ

 Өндіріс | «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ»ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ ҚҰБЫР    ЖҰЙЕЛЕРІ

Мазмұны
КІРІСПЕ .................................................................................................................3
1 «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ-ШЫРАЙЛЫ ТҮБЕГІМІЗДІҢ АЛТЫН ҚОРЫ ................................5
1.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ даму тарихы .............................................5
1.2 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұйымдық құрылымы.................................7
1.3 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бөлімшелерімен танысу...........................9
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ ҚҰБЫР ЖҰЙЕЛЕРІ .................................................15
2.1 Мұнай тасымалдау маршрутының дамуы..........................................19
2.2 Каспий Құбыр Консорциумы жеткізілімдері.....................................22
2.3 Атырау-Самара маршрутаның мүмкіндіктері....................................24
2.4 Транскаспийлік жеткізілімдер ............................................................25
2.5 Оңтүстiк вектор маршруттары ………………………………………25
2.6 Қазақстан- Қытай мұнай құбыры ........................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................................31

КІРІСПЕ
Қазіргі заманда мұнайдың адам өмірінде алатын орны өте зор. Қазіргі таңда мұнай бағасының күрт өсуі, оған дген сұраныстың артуын айқындайды. Маңғыстау мұнай нарығында негізгі компаниялар «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз». Бірақ соңғы кезде инвестиционды компаниялардың ролі өте жоғары болып келеді. Басты кен орындар Жетібайда, Қаламқаста, Қаражанбаста, Тасболтта, Опорныйда орналасқан. Маңғыстауда мұнайдың ролі оте зор, мұнайшы мамандығыда жоғары бағаланады. Маңғыстау өлкесі Қазақстан Республикасының мұнайлы аймақтарының бірі болып келеді. Мұнайдан басқа Маңғыстауда мал шаруашылығы, атым энергетикасы, уранды өндіру және газ өндіру саласы өте жақсы дамыған.
Зерттеу объектісі: «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамы және оның еншілес компаниялары. Өлкеміздегі ең ірі мұнай өндіру компаниясы бұл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ. Республикамыздың экономикасының өркенеуіне үлкен үлесін қосып келеді. Компанияның екі ірі кен орны, олар Жетібай және Қаламқас. Маңғыстау аймағында көп жылғы іздеу жұмыстарының алғашқы жемісі Жетібай кен орны Оңт. Маңғыстау өңірінде 1961 жылы ашылды. Ал солт.Бозашы өңірінде 1974 жылы Қаламқас кен орны өзінің қоры жөнінен Маңғыстау аймағында екінші орын алады. Компаниямен бірлесіп жұмыс істейтін серіктестіктері, ұғылар қорын пайдаланумен, бұрғылаумен айналысатын “Oil Service Company” компаниясының, автокөлік және арнаулы техникалар кәсіпорындары “Oil Transport Cоrporation”, құрылысшылар мен монтажшылардың “Маңғыстаумұнайжолдары”, “Маңғыстаумұнара” және “Нефтестрой” еншілес серіктестіктері жаңадан құрылған “Oil Constraction Company” кәсіпорнының, тереңдікте пайдаланылатын мұнай сораптарын сынақтан өткізетін және жөндейтін “Techno Trading” кәсіпорнының, шыныпластикалық құбыр заводының, Ақтау қалалық су тұщытатын заводының, ғылыми өндіріс орталығының негізгі іс-әрекеттерін айта кетсек, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері компания қызметінің бірқалыпты жағдайда болуына елеулі секптігін тигізеді.
Зерттеу мақсаты: «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамы және оның еншілес компанияларымен танысу. Қазіргі заманда жоғарғы оқу орны студенттері үшін теориялық, яғни оқулық жүзіндегі біліммен қоса, тәжірибенің де маңызы зор. Бұл тәжірибені Маңғыстау облысының ірі компанияларының бірі “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-ның болашақ мамандары үшін жасап отыр. Бұл танысу практикасының алға койған мақсаты болашақ мамандарға компания туралы, компанияның жұмыс жағдайы жайында алғашқы түсінік беру. Білікті мамандар мен көш бастаушы басшылардан ақыл кеңес алу. Биыл тәжірибеден екінші курс экономистермен бірге бірінші курс мұнайшылары өтті. Практиканың алға қойған мақсаты – Маңғыстау өңіріндегі ірі-ірі мұнай кен орындарымен таныстыру болды. Жалпы тәжірибелік экскурсияда компания құрамындағы сегіз жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде кездесу өтті. Тәжірибелі мамандар өз қызметтері жайында көпті – көлемді мағлұматтар беріп, жұмыс орындарымен таныстырды. Сонымен қатар компанияның экономикалық жағдай және болашақ жоспарлары жайында айтылды. Аймақтағы ең ірі екі мұнай кен орны Жетібай және Қаламқаста кездесу болды және олар жайында азын – аулақ мағлұматар белілді
Зертеу заты: Бұл әрине өлкеміздің ұйытқысы болып отырған «кара алтынымыз». Ол қазіргі нарықтық жағдайда басты бәсекеге түсе алатын еліміздің алтын қоры. Қазақстан дамушы елдер қатарына енгендіктен әлемдік нарыққа тек шикізат арқылы кіре алады. Мұнайдың өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Маңғыстау мұнайын айтар болсақ, Қаламқас мұнайының тұжырымдылығы жоғары, ауыр, меншікті саағы 0,9 – 0,91 г\см3,құрамында смола 18- 30%, күкірт 2% , әрі микроэлемент тергебай болды, бензин фракциясы аз. Ал Жетібай мұнайының құрамында парафин 20 - 24%, смола 8 – 15% жетті, меншікті салмағы – 0,84 – 0,87г\см3.
Негізгі тақырып жайында Қазақстанның магистралды құбыры-жоғары миханикаланған және автоматтандырылған күрделі гидравликалық өте дамыған, әлі ұзартылған жүйе. Ол күрделі сорапты станциалармен, линиялармен, әрі технологиялық байланыс құрылыстары, телемеханика мен автоматика, эоектрохимиялық қорғаныс, өртке қарсы пайдаланылатын шаралармен, кейбір керекті жағдайларда қыздыру пештерімен жабдықталған.
Қазақстан мұнайын құбырөткізгіштік жүйсі аркылы тасымалдау. Қазақстан Республикасы құбырөткізгіштік жүйенің қалыптасуы мен дамуы барыснда көптеген жылдарды керек етті. Бұл құбырөткізгіштік жүйенің құрылуы мен қалыптасуы барысында ас назарды аудуарды. 1920 жылы Ембі және Саратов мұнай құбыр жүйесін салу жөніндегі деректе қол қюдан бастау алған бұл құрылыс күні бүгінге дейін шарықтау шегінде.
Қазақстан мұнай тасымалдау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібінің дамуы мен тығыз байланысты.
Қазақстанның алдында тұрған маңызды мәселе – оның ішкі рыногының әлсіз дамуы жағдайында экспорттық рыноктарда да мұнайға деген сұранысқа ие болу үшін мұнай өндірісінің мүмкіндіктерін қайткен күнде де орынды пайдалану болып отыр. Әр кез Қазақстанның алдында тұрған кедергілердің бірі оның географиялық жайғасуы дер едік. Осындай табиғатың қатаң жағдайында мұнайды теміржолы арқылы тасымалдау тиіміз болғандықтан құбыр жүйсі осы проблеманың шешуі. Магистральды құбыр жүйесі әләмдік нарыққа салынған алтын көпір.
1«МАҢҒЫСТТАУМҰНАЙГАЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ-ШЫРАЙЛЫ ӨЛКЕМІЗДІҢ АЛТЫН ҚОРЫ
«Манғыстаумұнайаз»-Манғыстау мұнай өнеркәсібінің қара шағыраңы-үлкен үйі. Қазыналы өлкедегі бүгінде кең қанат жайған бұл жетекші өндіріс саласының даму тарихы, бүкіл облыстың индустриялы өркенделуінің ең әуелі осы кәсіп орыннан бастау алады.
1.1 «Манғыстаумұнайаз» АҚ даму тарихы
Оның даму тарихына тоқтала кетейік.1963 жылдың қараша айында «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестік ретінде қаланған «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы бүгінде Қазақстн Республикасының мұнай-газ өндіретін бірден бір ірі кәсіпорынның қатарындағы аймақта өндірілетін мұнайдың тең жартысынан астамын, ал Респудликада бестен бірінен астамын қамтамасыз етеді.
«Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ мына негізгі қызмет түрлерімен айналасады:
 көмірсутекті шикізат жатқан жерлерді барлау;
 мұнай мен газды іздестіру,құрылымдық және пайдалану ұңыларын қазу;
 мұнай, газ оорындарын жарақтандыру, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарды, жол салу және жөндеу;
 мұнай мен газ өндіру;
 мұнайды кәсіпшілікшілік жинақтау, тасымалдау және комплексті дайындап, тұтынушыларға өткізу;
 республика мұнай өңдеу зауыттарында өңделгеннен кейін мұнай өнімдерін өткізу;
 ұңғыларды, мұнай кәсіпшілік, электромеханикалық қондырғыларды жөндеу және күту;
 өндірісті автоматтандыру мен байланыс құралдарын монтаждау және пайдалану;
 ішкі және халықаралық рынокта мұнай мен мұнай өнімдерін өткізуді зерттеу;
 тауарлар мен қызметті сыртқа шығару және әкелу, өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды, шетел фирмалармен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық қарым-қатынасты дамыту;
 кен орындарын пайдалану барысына ақпараттық-есертеу қызметін көрсету;
1961 жылдың 5 шілдесінде Жетбай жеріндегі №6 барлау ұңғысын қазу кезінде өнеркәсіптік қуатты мұнай фонтаны атқылады. Сол сәттен Маңғыстау мұнай эпопеясы басталып, Қазақстан Республикасының ірі өндірісі бар елдер қатарына қосылды.
Мемлекет байлығын игетуді тұрақты түрде назарға алды. 1963 жылы қараша айының 27-нде Батыс Қазақстан Халық шаруашылығы кеңесінің № 280 Қаулысымен мұнай-газ өндіру кәсіпорны – «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігі құрылды.
1965 жылы «Мангышлакнефть»1 бірлестігі «Казахстан нефть» бірлестігіне өзгертілді.
1966 жылы 30 желтоқсанда Маңғыстада екінші мұнай кәсіпшілігі пайда болды. Бұл күні Жетібай кен орнында алғашқы үш ұңғы мұнай бере бастады. Сол жылы мұнай кен орындары ашылған жерде «Жетібайнефть» мұнай кәсіпшілік басқармасы құрылды.
1967 жылы Өзен мен Жетібай кенорындары елге 3733 мың тонна, 1970 жылы 10401 мың тонна, немесе, 1913 жылы революцияға дейінгі бүкіл Ресейдің өндіргенімен тең берді. 1967 жылы қаңтарда салынып болған 154 километрлік Шевченко-Жетібай-Өзен автомагистралі өндірістердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға мүмкіндік берді.
1970 жылы 25 тамызда 1500 километрлік Өзен-Құлсары-Гурьев-Құйбышев «ыстық» мұнай құбырының ске қосылуы Маңғыстау мұнайын елдің орталық аудандарына жеткізу проблемасын толықтай шешті. Өзен кенорныгда тораптық сорап стансасы арқылы теңіз суын қабатқа айдау объектісіпайдалануға тпсырылды. Оның тәуліктік қуаты 2500 текшеметр құрады. «Жетібайнефть» МГӨБ бойынша жылдық мұнай өндіру көлемі 1,5 млн тоннаға жетті.
1972 жылы Жаңа Өзен қаласында 5000 орындық стадионның бірінші кезегі ашылды. Теңге газ кәсіпорнының өнеркәсіптік газы «Орта Азия-Орталық» газ құбырына қосылды.
1973 жылы Мамырда – Қарамандыбас, қазанда – Асар, оңтүстік Жетібай мұнай кен орындары пайдалануға қосылды. Екі жылдан соң Ұлы Отан соғысының 30 жылдығын байланысты Өзен мұнайшылары 100 миллионыншы тонна мұнай өндірді. Өзен кен орнында қабатқа тәулігіне 1400 текшеметр ысытылған теңіз суын айдайтын қондырғы іске қосылды. 1978 жылы Ұлутас кен орны пайдалануға қосылды. 1982 жылы «Жетібайнефть» МГӨБ ұйымдасқаннан бері 40 млн тонна мұнай өндірілді. Қаражанбаста №82, 809 ауа айдау ұңғылары бойынша өнімді қабаттың ішін қыздыру тәжірибесі жасалды. 1988 жылдары «Кумкольнефть» мұнай-газ өндіру басқармасы құрылды. Оның қарамағына кен орнын жарақтандыру, материалдық-техникалық және көлік қызметін көрсету, әлеуметтік сала ұйымдары берілді. «Жетібайнефть» МГӨБ ұйымдасқаннан бері 50 млн тонна мұнай өндірілді. 1994 жылдары «МұнайГаз» холдинг компаниясының бұйрығымен «Маңғыстаумұнайгаз» «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігі бөлініп шықты. «Манғысаумұнайгаз» АҚ бүгінде Қазақстан Республикаының ең ірі мүнай-газ кәсіпорындарының қатарында келді. Атырау, Батыс Қазқстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Манғыстауда жаңа кенорындары ашылып пайдланып жатқан қазіргі таңда ол облыс мұнайның 40 пайызынан астамын, респулика мұнайының 11пайызын беріп отыр.
2005 жылдың бірінші қаңтарына дейін акционерлік қоғамның кен орындарында алғаш игеріле бастаған күннен бастап барлығы 178 миллион тоннадан астам «қара алтын» өндірілген.
1.2 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұйымдық құрылымы
«Манғыстаумұнайгаз» АҚ қазір бастапқы мұнай қоры 969миллион тонна(6783 миллион баррель) құрайтын 15 мұнай, газ кен орындарын пайдаланып отыр. «Манғыстаумұнайгаздың» негізгі өндірістік обектілері Қаламқас пен Жетібай кен орындары.
Қаламқас кен орыны 1979 жылдан игеріліп келеді. Оның қойнауында жалпы мұнай қоры 510 миллион тоннадан астам (3570миллион баррель) 13 өнімді деңгейі бар.
2000 жылға қарай Жетібайда мұнайлы қабат көздерін сұйықтықпен ашу тәсілін қолдану қосымша 63 мың тонна өнім алуға мүмкіндік берді. Жетібай кен орыны осы топтағы бірнеше серіктес кен орындрымен бірге пайдалануда. Олардың қатарында Асар, Шығыс Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Бектұрлы, Оймашы, Бұрмашы, Солтүстік Қарағия, Алатөбе, Атамбай-Сартөбе, Ащығар, Солтүстік Аққар, Айрантақыр, Придорожие бар. Жетібай тобының жалпы мұнай қоры 458 миллион тоннаға жуық (3206 миллион баррель).
Өнімді деңгейлердің төмендігі Қаламқас кен орында 505-936метр, Жетібай кен орыныда 1700-2500метр аралығында.
Өндіріске жаңа техника мен техналогиялар батыл енгізілген. Мысалы, қабат мұнай көздерін үлкен қысыммен айдалған сұйықтықпен ашу ( гидро-разрыв пласта ГРП ) тәсілі мен терең бұрандалын айта кетсек болады. Бұл Жетібай кен орынынның көрсеткіштерін әлде қайда жоғарлатты. Қазіргі таңда Қаламқас пенен Жетібайда 250-ге тарта ұңғы жасап тұр. Оларды пайдалануға ыңғайлы, жеңіл және жөндеуаралық мерзімі кәдеуілгі штангалы сораптан төрт-бес есе арық.
Соңғы жылдары өндірісті оңтайлардыру процестері де сәтті жүріп жатырған көрінеді. Мәселен, ұңғылар қорын пайдаланумен, бұрғылаумен айналысатын «Химремонтскаважин», «Шегендеу», «Бұрғышы» ЖШС-тері ірілендіріліп, 2001 жылы «Oil Serves Company» ЖШС компаниясына біріктірілді. «Маңғыстау Технологиялық Көлік», «Бозашы Технологиялық Көлік», «Жетібай Технологиялық Көлік», сонымен қатар «Арай» автокөлік және арнаулы техникалық кәсіпорындары «Ойл Транспорт Корпорейшэн» компаниясының құрамында жұмыс жасауда. Құрылысшылар мен монтажшылардың «Маңғыстаумұнайжолдары», «Нефтестрой» еншілес серіктестері жаңадан құрылған «OIL CONSTRUCTION COMPANY» кәсіпорыны кұрамында қызмет ете бастады. Осы өзгерістердің нәтижесінде жұмыста ұйымшылдық байқалады.
«Маңғыстаумұнайгаз» кен орындары орталықтан шалғай орналасқанына қарамастан электр қуатымен мүлтіксіз қамтамасыз етілген. Қаламқас пен Жетібайда арнайы учаскелері бар «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС де 500ден астам адам еңбек етеді.
Телефон байланысы да қалтқысыз қызмет етеді.Акционерлік Қоғамда сенімді байланысты қамтамасыз етіп отырған «Мұнайтелеком» ЖШС қазіргі заманғы озық байланыс құралдарымен жабдықталған.
Барлық өндірістік және технологиялық жұмыс прцесстері автоматтандырылған және компьютерлендірілген. Акционерлік Қоғамда автоматтандыру, ақпараттық технолгиялар және байланыс басқармасы жұмыс жасайды. Ал, кенорындарын ғылыми зерттеп, пайдалану мақсатында Ғылыми өндірістік орталық қызмет етеді.
Жаңа компьютерлік технологиялар көмегімен мұнай мен газдың қабатта орналасуының геологиялық және гидродиномикалық модельдері жасалып, ол кенорындарының пайдалану жағдайын талдап, бақылауға алыып, сөйтіп қабатқа аз залал келтіре отырып мұнай өнімділігін арттыруға қолайлы жағдай туғызуда. Графикалық станциялардың қуатты есептеу мүмкіндіктері бүгінде Манғыстау өңірінің экономикасына қызмет етуде. Акционерлік қоғамда 2003жылдан бастап жаңа шыны пластикалық тұрбалар зауыты іске қосылды. Маңғыстаудың табиғи жағдайында болат тұрбалардың тез тозып, катты қысымға шыдамай, пайдалануға жарамсыз болып қала тынын тәжірибе көрсетіп отыр. Ал, өте жаңа технологияларға сәйкес жасалған шыны пластикалық тұрбалар біздің жағдайымызда 15-35жылға дейін қызмет ете алады. Ендеше олардың тиімділігі де жоғары. Сонымен бірге тереңдікте пайдаланатын мұнай сораптарын сынақтан өткізетін және жөндейтін «Технотрейдинг» кәсіпорныда құрылып нәтижелі жұмыс жасауда.
Сөйтіп,мұның бәрі жыл сайын жаңа жұмыс орындарын ашуға, облыста жұмыссыздықты қысқартуға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі күні Акционерлік Қоғамның ондірістік басқармалары мен Еншілес серіктестіктерінде,әлеуметтік салаларында он екі мыңға таяу адам еңбек етеді. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – ның 2005-2007 жылдарға мұнай өндіру көрсеткіші 1-інші кестеде кескінделген. Бұл көрсеткіштер мұнай өндіру көлемі жылдан – жылға өсіп отырғанын көрсетеді.
Кесте 1 – Мұнай өндіру көрсеткіштері
көрсеткіштер 2005 2006 2007 2007 жылдың 1жартысы
Мұнай өндіру,мың.тонна 5660 5741,78 5800 2835,966
орта күндік мұнай өндір,тонна 15507 15731 15890 15668
"Қаламқасмұнайгаз" ӨБ. мың.м3 29722,658 31338,99 33353,67 15932,87
"Жетібаймұнайгаз" ӨБ, мың.м3 6441,4 7184,6 6742 3882
Сурет 1 – Мұнай өндіру көрсеткіштері
Бұл көрсеткіштер арқылы кционерлік қоғамның мұнай өнідіру көлемі жылдан жылға артып келе жатырғанын көруге болады.
1.3 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бөлімшелерімен танысу
«Ғылыми- Өндіріс Орталығы- «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамы үшін мұнай кен орындарын игеруге арналған Жобалар дайындайды.
Бұл Орталық Маңғыстаумұнайгаз мекемесімен 2000 жылы өз өндірісінің жобаларын ақтау мақсатында құрылып, тек қана аталған мекемесіне қызмет етеді. Нарықтағы алтыншы жыл ішінде 15 жоба қорғаған. Орталықта 70 адамдай еңбек етеді. Олардың ішінде басым көпшілігі геологтар, бұрғылаушылар, іздестірушілер, геофизиктер, экономистер және т. б. Арнайы мамандар белгіленген аймақ жайында толық мәліметтер жинап, оларды өңдеп, ондағы қор көлемін санап, игеруге қанша шығындалатынын тағы да өзге параметрлер бойынша есептей келе болашақ жобаны дайындайды. Ол Қазақстан Республикасы заңнамасына және экологиялық шарттарға қайшы келмеген жағдайда, дайындалған Жоба Республика көлемінде қорғауға қатысады. Қорғалған Жобаны «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ сатып алады. ҒӨО қазіргі кезде Оймаша жобасын әзірле Орталықтың уде.
«Oil Transport Corporation» ЖШС - «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамының барлық бөлімшелерін тасымалдаудың кез келген түрімен қамтамасыз етуші және транспорт түрлерімен жабдықтаушы мекемесі.
Ол 1964 жылы Транспорттік компания болып қалыптасып, 2001 жылдың сәуір айында 4 басқарма бірігіп келіп ортақ корпорация құрды. Құрылған жылдары «ММГ» Акционерлік қоғамының Еншілес компаниясы атанып жүрді. Кейінірек Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестікке аталды.
«Oil Transport Corporation» ЖШС –нде барлығы 2438 адам қызмет етеді. Серіктестіктің басқару құрылымында 83 адам, қызмет көрсетуде – 14, Орталық Ремонт Базасында -38......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?