Ағза тазалауда көмекке келер 11 тағам
Ішіп-жеген асымыз ағзамызда «қалдық» қалдырады. Ал ағзамызды тазартпасақ, түрлі ауруға әкеліп соқтырады. Олай болса, ағза тазалауға таптырмас 11 дәмге көз жүгіртелік.
1. Миндаль
Оның құрамында қандағы қант мөлшерін қалыпты ұстауға көмектесетін кальций, магний, ақуыз көп. Ал миндаль құрамындағы май ағзадан холестеринді шығарып, ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмек болады.
2. Авокадо
Ол холестерин мөлшерін азайтып, қан тамырларын кеңейтеді. Құрамындағы глютатион 30 түрлі канцрогендердің (организмде қатерлі ісік ауруларын және қатерлі-қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар) жолын кеседі.
3. Қызылша
Минералдарға бай қызылша инфекциямен жақсы күреседі. Сонымен қатар, қан құрамы мен бауырды тазалайды. Аңызға сенсек, Афродита әдемілігін сақтап қалу үшін қызылша жеген көрінеді.
4. Көкжидек
Оның құрамында ауыру сезімін жоятын табиғи аспирин бар. Сонымен қатар, көкжидек антибиотиктер сияқты қуық жолдарындағы бактерияларға қарсы тұрып, инфекция таралуына кедергі жасайды.
5. Орамжапырақ
Оның құрамындағы көптеген антиоксиданттар бауырға қауіпті заттардан арылуға көмектеседі. Сонымен бірге, ол ішектің қозғалыс функциясын арттырып, асқорыту жүйесін тазартады. Темекі түтінінің зиянын азайтады.
6. Мүкжидек
Ол антибиотик, әрі вирусқа қарсы дәрілердің рөлін атқарады. Қуық жолдарын түрлі бактериялардан тазартады.
7. Зығыр дәні мен майы
Олар омега-3 қышқылына бай. Демек, ағзаға таптырмас тазарту құралы болып саналады. Сонымен қатар, зығыр дәні мен майы ми жұмысын жақсартады.
8. Сарымсақ
Ол қауіпті бактериялар мен паразиттерді, қандағы, ішкі органдар мен тыныс жолдарындағы вирустарды жояды. Артериальді қысымды түсіреді.
9. Бұршақ тұқымдастар
Үрмебұршақ, жасымық, ноқат, өзге де бұршақтар холестерин мөлшерін төмендетеді. Ішек жолдарын тазартып, қан құрамындағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар ағзаны онкологиялық аурулардан қорғайды.
10. Лимон
Ол ағзадағы қышқылды, сілтілік тепе-теңдікті реттейді. Ал құрамындағы көп мөлшердегі С және өзге де дәрумендер бауырды тазалайтын глютатионның көп мөлшерде түзілуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар рактың алдын алып, ағзаның ластануына жол бермейді.
11. Балдырлар
Олар ағзадағы ауыр металдар мен радиоактивті қалдықтарды жояды. Сонымен қатар балдырлардың түрлі минералдар мен микроэлементтерге бай екені көп жағдайда ескеріле бермейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?