Денсаулыққа қатысты қызықты деректер

Денсаулыққа қатысты қызықты деректер

Адам тәнінде кем дегенде 700 фермент бар екенін осыған дейін білдіңіздер ме? Бүгін сіздерге осы тектес қызықты деректер ұсынамыз.

1. Осы сөйлемді оқып отырған сәтте тәніңіздегі 50 000 мың жасуша өліп, орнын жаңа жасушалар басты.

2. Түшкіргенде ағзаның барлық қызметі, тіпті жүрек те тоқтап қалады.

3. Адам жүрегі бүкіл өмір бойы 48 миллион галлон қан айдайды.

4. Адам бас сүйегі әртүрлі 29 сүйектен тұрады.

5. Адам денесіндегі қанмен қамтамасыз етілмейтін жалғыз бөлік — көздің қасаң қабығы. Ол оттегіні тікелей ауадан алады.

6. Жеті айға дейін адам бір мезгілде тыныс алып, жұтына алады.

7. Жүйке импульсі миға дейін сағатына 274 км жылдамдықпен жылжиды.

8. Адамның саусақ ұшына қарағанда ерні жүз есе сезімтал. Сүйісу кезінде тамыр соғысы минутына 100-ге дейін, тіпті одан да жиілейді.

9. Тіс — адам тәніндегі өздігінен қалыпқа келмейтін жалғыз бөлік.

10. Ағзада өмір сүретін бактериялардың орташа салмағы — 2 кг.

11. Адамның шашы өмір бойына шамамен 725 км өседі.

12. Кіндіктің ғылыми атауы — умбиликус.

13. Адам тәнінде кемінде 700 фермент бар.

14. Адамда бактерияның 1 пайызы ғана сырқат тудыра алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?