Экономика | Байқоңыр және Байқоңыр ғарыш алаңы
Байқоңыр және Байқоңыр ғарыш алаңы
Байқыңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы)- Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам темір жол станциясынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдемінде орналасқан. Тұрғыны 53 мың адам (1997). Қаланың іргесі 1955 жылы Байқоңыр ғарыш алаңын салуға байланысты қаланған. 1960 жылы қаланың тұрғыны 40 мыңға, ал 1975 жылы 74 мыңға жетті. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температурасы –11 С , кейбір күндері -35 С -қа төмендейді; шілдеде 26 С, кейбір күндері 45 С -қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеогон кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынын түзілген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Шалғынды-боз және бозғылт құмдақты топырағында баялыш, күйреуік, жусан, сораң шөптесіндер басым. Бірнеше мың га жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойына “аса құпия” нысан болып саналды. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы “10-алаң” деп атап келген. Ал қалаға іргелес жатқан “Крайний” әуежайы мен көптеген шаруашылық мекемелері және Төретам темір жол станциясы “9- алаңға” кіреді. Қалада Мәскеу авиация институтының филиалы, электр техтикалық колледжі, ірі есептеу орталығы, әскери аурухана, емхана, әуежай электр станциясы, нан, сыра зауыттары, түрлі мәдениет ошақтары, көптеген сауда, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Байқоңыр қаласының орталық алаңына бас конструкторлар С.П Королев пен М .Г Янгельдің ескерткіштері, сондай-ақ, тұғырға С.П Королев құрастырған ғарыш кемесі орнатылған. Қаланың демалыс саябағында ракеталарды сынақтан өткізу кезінде қаза болғандардың (200-ден астам) бауырластар, ғарышты зерттеу тарихы музейі бар. Байқоңыр қаласы мен ғарыш алаңына қажетті құрал-жабдық, техника, құрылыс материалдары, тағы басқа заттар Төретам темір жол станциясы арқылы жеткізіледі.
Байқоңыр- ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық обьектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, тағы басқа факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші обьектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және темір жол арқылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі обьектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техникалық және арнаулы технологиялық құрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, тағы басқа көмекші және қызмет көрсету обьектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, тағы басқа жатады. Байқоңырда ракета-тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?