Психология | ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН САЛАЛАРЫН АНЫҚТАУ

 Психология | ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН САЛАЛАРЫН АНЫҚТАУ

Мазмұны

КІРІСПЕ.............................................................................................................................


І. ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

1.1.Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері мен оның ғылымыдар
жүйесіндегі алатынн орны....................................................................................
1.2. Психологиялық зерттеудің обьективтілігіне жалпы қойылатын
талаптар...............................................................................................................
1.3. Психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі..............................................


ІІ. ТАРАУ. ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН САЛАЛАРЫН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.

2.1. Психикалық процестерді зерттеуге арналған тәжірибелік
(эксперимент) әдістері.......................................................................................
2.2. Психикалық процестерді зерттеуге арналған қосалқы әдістердің
түрлерімен зерттеу жұмыстарды ұйымдастыру..............................................
2.3.Қазіргі замандағы психологияның салаларын анықтау
жұмыстары .........................................................................................................
2.4. Психология салаларынына жасалған бағдарламаның оқу процесіндегі
қолдану жұмыстарының ерекшеліктері ............................................................

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................


1.1.Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері мен оның ғылымыдар
жүйесіндегі алатынн орны

Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф.Ломов «Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары» деген еңбегінде қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта «психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда» деп айтты.
Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әртүрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеу мен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау – теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді.Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйенсе, онда теориялық білімнің эмпирикалықпен алмастырылуының қауіпі туады.
Психикалық құбылыстардың мағынасын түсінудегі диалектикалық материализм дәрежесінің рөлі маңызды болады. Б.Ф.Ломовтың аталған еңбегінде психологиялық ғылымдардың негізгі дәрежелері анықталып, олардың жүйелік өзара байланысы, әрқайсысының жалпыға ортақтығы, сондай-ақ, бір-біріне келтірмейтіндігі көрсетілген. Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, әрекет дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгеі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл «әлеуметтік» және «биологиялық» ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи қасиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау – ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді.
Алдыңғы онжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім бері жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске ұшыратады. Шешулі психологиялық құзырды талап ететін, адам факторының рөлінің көтерілуімен анықталатын мәселелер қоғам өмірінің барлық салаларында әр түрлі түрде пайда болады. «Адам факторы» деп адамдардың нақтылы әрекеттерінен көрінетін адам бойындағы әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психофизиологиялық қасиеттердің кең шеңберін түсінуге болады. Бұл жерде біз психология алдына қоғамдық тәжірибе ( олардың саны өте көп, өйткені адам бар жердің бәрінде шешілуі «адам факторын» қажет ететін мәселелер бар) қойып отырған барлық міндеттерді атап айтпаймыз, бала психикасының дамуын түсінудегі психологияның маңыздылығына қысқаша тоқталамыз. Халық ағарту жүйесінің барлық қатарларында ( мектепке дейінгі білім бері, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәсеселер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік – тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік заңдылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.
Психологиялық ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беруі мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылыммен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда.
Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде аталатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихы кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес. Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров ұсынған сызықтық емес, жүктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгі- бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үшбұрыш пішінді. Бұлайша орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үшбұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметнің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б.Ф.Ломовтың айтуы бойынша, зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Беллгілі психолог Б.Г.Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты- ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселенітолығымен өңдеді.
Психологияның аталмыш ғылымдар үшбұрышымен байланысының сипатына толығырақ тоқталайық. Психологияның негізгі міндеті болып психикалық әрекеттердің даму барысында заңдылықтарды зертеу саналады. Бұл заңдылықтар адам миындағы объективтік дүниенің бейнеленуін, осыған байланысты оның қылықтары қалай реттелетінің, психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсететеді. Психика объективті шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің объекивті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді.
Сонымен бірге адамдардың кез келген іс-әрекеті әрқашанда адам өмірінің объективтік жағдайларына ғана емес, сондай-ақ олардың субъективтік сәттерімен арақатынасына байланысты болады. Материалдық психолгия субъективтің және объективтік жағдайлардың әрекеттестігіне шынай ғылыми негіз береді. Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршағындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылысытар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді.
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әрекетінің объективтік жағдайларынан заңды тәуелділікте болатынын анықтай отырып, психология осы әсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерінің де ашуы керек. Психология физиологиямен, соның ішінде, жоғары жүйке әрекетінің физиологиясымен тығыз байланысын сақтау қажет.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға эксперименттік әдістің ( Г.Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады. Психологиялық ілімдердің табиғи –ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И.М.Сеченов, И.П.Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: Л.А.Орбели, П.К. Анохин, К.М.Быков, Н.И. Красногорский, А.А.Ухтомский, Н.А.Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар тіршілік иесінің ораның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың рөлін анықтауға, психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары түрге көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді.

1.2. Психологиялық зерттеудің обьективтілігіне жалпы қойылатын
талаптар

Ғылым - алдымен зерттеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін анықтау, оның сипаттамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістерін анықтау да енеді. Әдістер - ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. Психология - жеке әдістері немесе әдістемелері бар бір тұтас жүйе. Ғылым әдістері заңдылықтарды ашады, бірақ олардың өздері ғылым пәнінің негізгі заңдылықтарына сүйенеді. Сондықтан ғылымның даму барысында оның әдістері дамып, түрленіп отырады.
Зерттеу әдісі әрқашанда қандай да бір әдістемені білдіреді. Ғылым, ғылыми психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы талаптар қояды:
1. Психологиялық объективтік зерттеудің принципі, зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне туелді болатын, әр түрлі әдістемелік амалдар арқылы жүзеге асырылады. Психика мен сана ішкі және сыртқы көріністерімен бірге зерттеледі.
2. Біздің психология психикалық пен физикалықтың теңдігін емес, бірлігін көрсетеді, сондықтан, кейде психологиялық үрдістердің физиологиялық талдауы физиологиялық зерттеуге енсе де, психологиялық зертгеу оған енбейді.
3. Біз психиканың материалдық негіздерінің оның органикалық негіздеріне теңелмейтінін байқадық, адамдардың ойының үлгісін олардың өмір үлгісі, адамдардың санасын - қоғамдық тәжірибе көрсетеді.
4. Психологиялық заңдылықтар даму үрдісі барысында ашылады. Дамуды зерттеу арнайы саласы ғана емес, сонымен қатар психологиялық зерттеудің арнайы әдісі болып табылады. Генетикалық принцип біздің әдістемеміздің негізгі принципі болады.
Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама беру, бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ, өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет екендігі, психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми зерттеу жүмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін-фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т. б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз — оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;
3)Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу — осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?