Педагогика | ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДА БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ

 Педагогика | ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДА БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ

Мазмұны

КІРІСПЕ...................................................................................................................5

1. ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДА БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ
1.1 Педагогика тарихы мен оның даму жолдары.......................................6-7
1.1 Тәрбие мақсатының мазмұны.....................................................................8-11
1.2 Педагогика тарихында балалар тәрбиесі
маңызды мәселе .........................................................................................12-14

2. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Халық педагогикасында тәрбие мәселесі.............................................15-17
2.2 Халықтық педагогикадағы жастарды тәрбиелеудің басты
қағидалары ақыл – ой, ізгілік пен адамгершілік және еңбек пен
өнер тәрбиесінің алатын орны.................................................................18-20
2.3 Жастар тәрбиесінің ұлттық дәстүрлері....................................................21-24


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................25
ПАЙДЫЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................26


1.1 Педагогика тарихы мен оның даму жолдары
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым -білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін» тигізбейді.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы — тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие — жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика пәнін және оны зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда — қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада — тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) — объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада «мақсат», «құрал», «тәсіл», «даму» және «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ, олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес тоқталамыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі — тәрбие. 'Тәрбие жайында осы уақытқа дейін ор түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір жақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Мұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді, сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.
Педагогика ғылыми тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, өйткені тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В. И. Ленин. Сондықтанда Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К. Д. Ушинский: «...мектеп, тәрбиеші не ұстаздар — адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес оның сонша күшті, ал мүмкін және әлде қайда күшті тәрбиешілері: табиғат, үйелмен, қоғам, халық... және оның тілі болады, — деді.
Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері педагогикалық талаптардан басқа (әр түрлі дәстүр, үйелмен ішіндегі қарым-қатынас және т. б.) себептерге де байланысты. «Тәрбие» термннің әрдайым тар мағынада «тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада өмір тәрбиелейді» деп қолданады. Мұның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тар мағынада тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие — көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады. Олай болса тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.


1.2 Тәрбие мақсатының мазмұны
Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А.С.Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы", "Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға өмірінің алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында.
Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылық тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз керек.
Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы, мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға бұқаралы жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да, жақсы көрсе де, он жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекшелігі жақсы қасиеттеріне, сұу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп "қошақаным, құлыным, ботам, қозым" деп еркелетті.
"Қанағат қарын тойғызар" деп қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымда "бұлақ көрсең көзін аш" деп табиғатқа деген аяушылықты үйретгі, бес уақыт намаз гигиеналық т азалыққа баулыса, қырық парыздың бірі - ілім деп өнерге, ілімге үйретті.
Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болсын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін көру, жас ұрпақтын бойына сініру, баланын қоршаған ортадаты қарым-қатыкаеын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-кұлқын қалыптастыру.
Тәрбие жеке адамды мақсатты багытта жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтың тәжірибесіне беру және игеру, сананы қалыптастыру, төрбиелеудің және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбиелу процесінае жүзеге асырылады.
«Тәрбие баламен сөйлесумен әнгімелесумен оған ақыл-кенес берумен ғана шектелмейді» - дейді Макаренко. Ол тұрмысты ұйымдастыра білуде балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсете білуде.
Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімнің тәрбиелік ықпалы зор. Тәрбие жұмысынын ен терен мәні адамнын Тәрбиенін негізгі максаты-дені сау ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлы дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол енбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Еліміздегі саясат пен экономикадағы түбірлі өзгерістер қоғамымыздын барлық саласын, соның ішінде білім беру жүйесі және оның алғашкы баспалдағы - мектепке дейінгі тәрбиені де қамтып отыр. Бүл кездейсоқ нәрсе емес. Ұзак уакыттар бойы біз мектеп жасына дейінгі баланын тәрбиесінде отбасының алатын орнын жеткілікті дәрежеде ескермей келдік. Көбінесе коғамдық тәрбиеге баса назар аударып, әсіресе, оның бала дамуына тигізетін жетекші рөліне сүйендік. Ал бүгінгі таңда мемлекетіміз мектепке дейінгі мекемелер жүйесін толыққанды қаржы және материалдық жағынан камтамасыз ете алмауы себепті балабақшалар көптеп қыскара бастады. Соған орай керісінше тенденция - отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту талабы қойылып отыр.
Көптеген елдерде балалардың екі тәрбие ошағында да - отбасы - және
мектепке дейінгі мекемелерде қатар тәрбиеленіп дамуы жүзеге асуды. Жоғары дәрежеде дамыған елдердің бір қатарында мектеп жасына дейінгі балалардын басым көпшілігі қоғамдық балалар мекемелеріне барады. Мысалы, Францияда – Швецияда Финляндияда - 65-75% және т.б. Отбасы - бала жанына жақын, жеке туысқандық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі, емен-жарқын сөйлесу, аялау, еркелету, қалыптасқан от-басылық дәстүрлер, әдет және т.б. тағылымды тәрбиенің негізін қалайды.
Әрбір отбасының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: олардың ішінде жас ерекшелігі және туысқандық қатынастар бойынша құрамының әр түрлі болуы, отбасы өмірінің стилі, материалдық байлық пен рухани құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі, т.б. Бұның барлығы баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру және оған тәрбиелік ықпал жолдарын анықтайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуы отбасы өмірінін тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру, көңіл - күй адамгершілік тынысы, қалыптасқан отбасылық дәстүрлері сияқты барлық саласымен тығыз байланысты. Міне, сондықтан да баланы тәрбиелеу, оның өмірін ұйымдастыру ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеу, отбасы өмірін дұрыс ұйымыдастыра білу, жылы да бейбіт микроклиматты қамтамасыз ететін ізгілікке құрылған үй-ішілік қарым-қатынасты орнықтырудан басталады.
Ал отбасылық микроклиматтың дұрыс болуы көбінесе педагогикалық ықпалдын тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, яғни өзара құрмет, достық сенім атмосферасында өскен бала жетекке онай жүріп, тәрбелік әсерге көнгіш болады.
Сонымен, отбасының тәрбиелік ықпал деңгейін былайша анықтауға болады:
Отбасының әлеуметтік құндылығы. Бұл отбасының беріктігімен, оның мүшелерінің адами, рухани жан саулығымен, ортақ іске қызығушылық-тын болуымен анықталады. Пайдалы іс-әрекетке толы күнделікті ортақ тірлік, отбасылық және қоғамдық мерекелер, мәдени және спорттық демалыстар отбасының бірлігін нығайта түседі. Өсіп келе жаткан кішкентай азаматқа үлкен қуаныш сыйлайды.
Балаға оны тәрбиелеуші ересек адамдардың тарапынан қойылатын талаптың бірлігі. Бұл жерде атақты педагог А.С.Макаренконың педагогтарға арналған тәрбиенің педагогикалық мақсат-міндеттерге жұмылған барлық тәрбиешілердің ортақ ісі екендігі, егер педагогтардың тәрбиеге ортақ көзқарасы, ортақ қатынасы болмаса, мақсатқа бағытталған тәрбие үрдісін қамтамасыз ету мүмкін еместігі жөніндегі сөзін еске алуға болады.
Отбасының барлық ересек мүшелері бала үшін тәрбиеші, олардың тарапынан болатын талаптың бірлігі өте маңызды.
Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы. Бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі. Ана өз баласының тәрбиешісі ғана емес, отбасының ұйытқысы. Отбасы мүшелерінің өзара түсінісуінің бірі-біріне кішіпейіл, қамкор қатынасы мен үйде жылы атмосфераның орнығуына бірден бір себепкер болатын әйел – ана. Сондай-ақ әке - азамат, от ағасы. тәрбиеші, Парасатқа құрылған «әке-шеше» қатынасы баланың адамгершілік сапаларына жетудегі теңдесі жоқ үлгі- өнеге.
Отбасылық дәстүрлер. Отбасының рухани байлығы мен потенциалды - тәрбиелік мүмкіндіктерін онда қалыптаскан дәстүрлерге қарап анықтаймыз. Уақыт сынынан, өмір елегінен өткізілген отбасылық дәстүрлер бала тәрбиесіне аса зор ықпал етеді. Бұл отбасын ұжым ретінде нығайта түседі. Қалыптаскан өзара жауапкершілік пен тендік атмосферасы баланың өзімшілдік, жалқаулык, дәрменсіздік, канағатсыздык сияқты жаман қасиет-терден аулақ болуға баулиды.
Отбасындағы еңбекке қатынас. Үйдегі барлық отбасы мүшелеріне орған жұмыстарға үлкендермен бірге араласа отырып, бала әркімнің өзіндік міндеті бар екенін, оны орындау қажеттігінің маңызын байқайды.
Үлкендер де балалар да не істегісі келсе соны істеп қана қоймайды, сонымен бірге оны тек өзі үшін ғана емес басқалар үшін
жасайтынын, яғни, отбасы ұжымының барлық іс - әрекеті ортақ қажеттілікке бағынатындығын саналы түсінеді.
Отбасындағы өсіп келе жатқан жеке тұлғаның қалыптасуына отбасындағы көңіл=күйге қатысты адамгершілік микроклиматтың әсері де зор. Кейбір отбасында барлық жағдай байыппен ақылмен шешіледі, ал кейбір отбасыларда жәй әңгіменің өзі ұрсы-керіспен балаларға дауыс көтерумен шешіледі.
Осынау атап көрсетілген тәрбиелік ықпалдың дұрыс жүзеге асуы отбасындағы балаға берілетін өнегенің нәтижелі болуының айғағы деуге болады. Неге десеңіз, отбасы - баланың сезім мектебі. Ондағы ересектердін әрбір іс-әрекеті, сөзі, араласатын адамдармен қарым-қатынасының барлығына бала еліктей отырып, бойына жұқтырады. Егер бала ересектер қатынасынан үнемі татулық, достық, жанашырлык, адалдық, өзара көмекі байқайтын болса, бұл бала жүрегіне адамгершілік - ізгілік сезімдерін құяды. Ал керісінше дау-жанжал, өсек, өтірік, немқұрайдылық бас пайдасын ойлау, қатыгездік сияқты қасиеттер байқаса, бала санасын у
1.3 Педагогика тарихында балалар тәрбиесі
маңызды мәселе
'Бала тәрбиесі - баршаның ісі". Ендеше бала тәрбиесіне оның болашағыне немқұрайды қарау кешірілмес күнә. Халқымыздың ''балалы үй бәзар баласыз үй мазар" деген аталы сөзі текке айтылмаған Балғындардың риясыз күлкісі, әсем қылыаынсыз өмірді, келешекті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бала десе жүрегіміз езіліп көңіліміз толқып, мерейіміз таси түсетіні де сондықтан болар.
Нарық заманы бүгінде қай салаға да жеңіл тиіп отырған жоқ. Бірақ сол қиыншылықтарды тілге тиек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне, келешегіне немқұрайлы қарауға болмайды.
Ата-бабаларымыздың өткен тарихын, ғасыр ауламаларын балғын-дардың жүрегіне ұялатып, болашақта олардың ел қамын ойлайтын отансүйгіш азамат болып өсуіне басты назар аударылады Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына сай "Қазақстан - 2030" бағдарламасын қуаттап, "Ақбота" балабақшасында көптеген тыңғылықты істер жүзеге асырылуда. Мысалы: "Мен Қазақсандықпын" әдеби-музыкалық мейрам "Отан отбасынан басталады", "Болашақ" атты интелектуаль-ды ойын-сауық. патриоттық, саяси тақырыптарды Отан-Ананың не екенін бүлдіршіндерге жан-жақты түсіндірсек, "Ақын Абай", "Мұхтар ата", "Қыз Жібек", "Біржан - Сара" тақырыптары қазақ даласының, өнері мен дәстүріне деген кішкентай сәбилердің сезімін оятты деуге болады. Сондәй-ақ әртүрлі тақырыпта өткізілген ашық сәбақтар: "Отан -екінші үйім", "Көршімен тату болайық", "Достық"тағы басқа семинар-кеңестер, өзге бақшалармен іс тәжірибе алмасу, облыстық, қалалық байқауларына өнерпаз балғындарды үзбей қатыстырып, олардың бойларынан ұшқын атқан титтей жақсылықты одан әрі ұштап, қанатын қомдау бәрі-бәрі игі жақсылықтарға бастаған еңбектің нәтижесі деп білеміз.
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.
Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітгі тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.
Шығыстың ғүламасы әл-Фараби: "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" - деген.
Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Баланың құдіреті санасында, сондықтанда әрбір бала саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып, ойлап істесе, оның алдына қойған мақсатына да, байлыққа да, бақытқа да қол жеткізуіне болады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?