ҚАНТ ДИАБЕТІ

ҚАНТ ДИАБЕТІ

✅ ҚАНТ ДИАБЕТІ: қант мөлшерін бір күнде қалпына келтіретін ем бар
Қант диабетінен зардап шегіп жүрген жандарға дәрі ішпей-ақ қант мөлшерін қалпына келтіретін халықтық ем түрлері бар.

✅Диабет – қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте ауыр өтеді. Қант диабетінің белгілері шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 л, одан да көп су ішуі мүмкін); кіші дәретке жиі шығу (күндіз де, түнде де); ауыздың құрғауы; әлсіздік; тәбеттің күшті болуы; терінің қышуы (әйелдерде жыныс мүшелерінің жан-жағы); ұйқының қанбауы; ұйқыдан шаршап тұру; жараның ұзақ уақыт жазылмауы; тез салмақ тастау немесе тым көп салмақ қосу. Осындай белгілерді байқасаңыз, дереу дәрігерге тексеріліңіз. Аурудың асқынуына жол бермеңіз.

✅14-қараша – Дүние жүзілік диабетпен күресу күні. Атаулы күнге орай қант диабетінен зардап шегіп жүрген науқастарға дәрі ішпей-ақ қант мөлшерін қалпына келтіретін халықтық ем түрлерін ұсынамыз.

Күнде көкөністен дайындалған салат жеуді әдетке айналдырыңыз. Салатқа 1 шай қасық қыша немесе қыша майын араластыруды ұмытпаңыз.

200 гр. емен жаңғағын қабығынан тазартып, жақсылап кептіріңіз. Сосын мұқият ұнтақтап алып, тамақтанудан алдын 1 шай қасықтан қабылдайсыз.

100 мл қайнаған суға 5 дана кептірілген лавр жапырағын салып, бетін жауып қойыңыз. Бір тәуліктен соң тұнбаны сүзіп алып, 50 грамнан ішесіз. Емді тамақтанудан 20 минут бұрын жүргізу керек.

Грек жаңғағының жапырағын теріп алып кептіріңіз. Әбден кепкен кезде жақсылап ұнтақтайсыз. Оның 2 ас қасығын 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 3 рет ішесіз.

5 дана көк пияздың басын майдалап турайсыз. Оған 1 литр қайнаған жылы су құйып, тұндырып қоясыз. 12 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамақтан алдын 4 ас қасық қабылдайсыз. Емді күніне 2 рет жүргізу керек.

1 дана шикі жұмыртқаны жарып ыдысқа саласыз. Үстіне 1 дана лимон шырынын қосу керек. Сосын жақсылап көпіршітіп алып, ашқарынға ішесіз. Артынан 1 сағатқа дейін ештеме ішіп-жеуге болмайды. Бұл ем қант мөлшерін 3-5 күнге дейін қалыпты ұстап тұрады.

1/2 стақан сұлының үстіне 3 стақан қайнаған суға құйып, ыдысымен ыстық суға саласыз. 15 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақаннан күніне 3-4 рет ішесіз. Емді тамақтан алдын жүргізу керек. Емделу мерзімі – 30 күн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?