Тырнақ берік болуы үшін қандай дәрумендер керек

Тырнақ берік болуы үшін қандай дәрумендер керек

«Тырнақ сынып, шаш түссе, дәрумен ішу керек» деген сөзді барлығымыз айтамыз. Бірақ қандай дәрумен ішу керек екенін білесіз бе? Тырнағымыздың сұлулығы туралы ойлана бастасақ, ең бірінші дәрумендер еске түседі. Бірақ дәл қай дәруменнің пайдасы болатынын білесіз бе? Олардың қайсысын пайланаған дұрыс? Ол үшін алдымен тырнағымызды қандай мәселе мазалайтынын анықтау керек! Өйткені, проблемалардың түріне байланысты оларға әртүрлі дәрумендер қажет болады.

Ал «ТЫРНАҚ КҮТІМІ ҮШІН...» деген жазуы бар барлық затқа сене беруге болмайды. Мысалы сіздің тырнағыңыз сынғыш болса, С және Д дәрумендері жеткіліксіз деген сөз. Тырнақтың жұқа болуына B дәрумені және йод пен темір жетіспеуі себеп. Ал тым әлсіз болса, ақуыз жетіспейді деп түсіне беріңіз. Тырнаққа ақ сызықтардың пайда болуы ағзадағы темірдің аз екенінен хабар береді. Қандай дәрумендер қажет? Әрине, дәрумендердің басым бөлігін біз өзіміз тұтынатын тағамдардан ала аламыз. Бірақ ол үшін тамақтану роционының дұрыс болғаны маңызды. А және Е дәрумені жастықты сақтауға көмектеседі. Оны тағамдардан бөлек, арнайы таблеткаларды ішіп арттыруға болады.

А дәрумені – тырнақты жылдам өсіруге және түрінің жақсы болуына көмектеседі. Оны сәбіздің, асқабақтың құрамынан таба аласыздар.

В дәрумені – тырнақтың беріктігіне, қатаюйына септігін тигізеді. Ол үшін орамжапырақ, бұршақты дақылдар мен жұмыртқаны, етті көбірек жеу керек.

С дәрумені – тырнақтың түсінің қалыптылығы мен тегіс болуына ықпал етеді. Сондықтан жемістерді көбірек жеу керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?