Сақтандыру | ҚР-ғы сақтандыру саласы

 Сақтандыру | ҚР-ғы сақтандыру саласы

Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................................2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1. Сақтандырудың теориялық негіздері......................................................4
1.1Сақтандырудағы тәуекелдік және әртүрлі зардаптардың келтірер шығындары........................4
1.2 Сақтандырудың шығу тарихы....................................................................6
1.3 Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні.....................................8
2. ҚР-ғы сақтандыру саласы........................................................................11
2.1 Қазақстандағы сақтандыру ісінің даму кезеңдері...................................11
2.2 Қазіргі жағдайы, проблемалары және оларды шешу жолдары.............16 ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................24

Кіріспе.
Біздің қоғамның даму процесі кезінде сақтандыру барынша, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Жалпы алғанда сақтандыру тәуекелділікпен тікелей байланысты. Тәуекелділік дегеніміз, мүмкін болатын қауіптермен байланысты. Мысалы: (кәсіпорынның ресурсының белгілі бір бөлігінен айырылу, табысының кіріске толық түспеуі және сол сияқты тағы басқа салалардағы қауіптер). Себебі нарықтық экономикада тәуекелдік факторы кәсіпорынның іс барысына, жалпы экономикаға әсер ететіндіктен, кейінгі кезде Қазақстанда сақтандыру нарығына баса назар аударыла бастады, сөйтіп оның экономикалық өмірде маңызы біршама артып отыр. Және де бұл сала қаржы ұйымдарының аса бір қызығушылығын танытып отыр. Алайда сақтандыру нарығының оң және позитивті өзгерістеріне БАҚ-ның тарапынан көңіл бөлінбеуінің салдарынан, қоғам ішінде сақтандыру ісіне байланысты немғұрайлық байқалады. Сөйткен күннің өзінде, жоғарыда айтқанымдай бұл салаға Қазақстанның қаржы ұйымдары үлкен бет-бұрыс жасады, себебі сақтандыру дамыған елдерде дұрыс жолға қойылған және де бұл нарық үлкен табыстың көзі.
Менің курстық жұмысты жазуымның негізгі мақсаты сақтандыру саласындағы болып жатқан өзгерістер мен проблемаларды айқындап, оларға өз көз-қарасымды білдіру. Сол себепті мен өз алдыма мынандай міндеттер қоямын:
1. Сақтандыру ісінің тарихы мен теориялық негіздеріне байланысты арнайы әдебиеттерді оқу.
2. ҚР-ның сақтандыру ісінің дамуымен және де даму кезеңдерімен танысу
3. ҚР-ның сақтандыру нарығындағы статистикалық мәліметтреді қарау.
4. ҚР-ның сақтандыруға байланысты заң нормативтерімен танысу.
5. Және осы міндеттерге байланысты анализ, талдау жасап ҚР-ның сақтандыру саласын зерттеу
1. Сақтандырудың теориялық негіздері.
1.1 Сақтандырудағы тәуекелділік және әртүрлі зардаптардың келтірер шығындары.
Дамыған нарықтық экономика сақтандыру саласын дамытуға қолайлы орта болып табылады, өйткені нарық және сақтандыру өте тығыз байланысты. Нарықтық қатынастар кезінде әрдайым кәсіпкерлік немесе өндірістік тәуекелділік болады, ал тәуеклділік бар жерде сақтандыру болады.
Сақтандыру экономикалық-қоғамдық қатынастардың жүйесі ретінде тәуекелділік категориясымен тікелей байланысты. Алайда барлық тәуекелділік түрі сақтандыруға алына бермейді. Тәуекелділік арқылы көптеген шығындар болуы мүмкін, сонымен қатар тәуекелділікті дұрыс меңгере білсе пайда алып келуі мүмкін. Тәуекелділіктің объектісі ретінде – демографиялық, математикалық және қаржылық тәуекелділік түрлері кіреді.
Мысалы, McKinsey&CO. компаниясының сақтандыруға байланысты стратегиялық кеңесшілері тәуекелділікті төмендегідей екі түрге бөледі, бұл түрлердің негізін ірі қаржы және өндірістік компаниялардың іс-тәжірибесінде кездесетін мысалдарға байланысты алынған.
(1) Сыртқы, жиі қайталанбайтын тәуекелділік.
Бұл топқа халықтың денсаулығына келер зияндар олар: экологиялық, транспорттық тасымалдау кезінде болатын зардаптар; сонымен қатар авторлық құқықты бұзушылыққа байланысты, ол мысалға өндірісті бағдарламамен қамтамассыз ету, биотехнологияда, фармацевтика өндірісінде, машина жасау салаларында. Және осында ақпараттық технология проблемалары кіреді. Сонымен бірге заң нормативтерінің өзгеруі, бухгалтерлік стандарттардың өзгеруі, бір сөзбен айтқанда құқықтық және саяси тәуекелдік.
(2) Жиі қайталанып тұратын нарықтық тәуекелділік.
Бұл топқа мұнай өндірісіндегі, түсті және қара металлургия, ағаш өңдеу өндірісіндегі сұраныс және ұсыныс ауытқулары. Бизнестегі табыс ауытқулары, яғни тәуекелділік, мұнымен өз өндірісінде кездесетін қайшылықтардың салдарынан болатын зардаптарға байланысты көптеген кәсіпорындар мен компаниялар жиі кездеседі. Бағаға байланысты ауытқулар, бұлар бәсекелестікке байланысты айтылған. Тасымалдау және жеткізуге байланысты тәуекелділіктер, сонымен қатар сапаға байланысты тәуекелділіктер.[1;
Міне, осындай тәуекелдіктер жалпы сақтандырудың негізі болады.
Қазіргі әлемдік экономика тәуекелділікпен тікелей байланысты және оның болуы белгілі бір дәрежеде экономикалық шығындарға әкеп соқтырады. Сақтандырудағы экономикалық шығындар – машиналар мен құрал-жабдықтарды техникалық күрделендіргенде, кейбір объектілердің өзіндік құны өте жоғары болғанда болады. Сонымен қатар сақтандыру көптеген табиғи апаттар мен катастрофалардың салдарынан болатын шығындармен байланысты. Осы зардаптардың салдарынан әлем мемлекеттері миллион АҚШ долларына шығынға батып жатады. Мысалы мамандардың айтуы бойынша 2001 жылы Индияның Герат штатында болған жер сілкінісі 3,5 млрд. АҚШ долларына тең зардап алып келген, 2001 жылдың қазан мен желтоқсан айында Англияның оңтүстігінде болған нөсер-жаңбырдың салдары 3,3 млрд. евромен бағаланады, ал сол жылы Японияда болған су тасқынының экономикалық шығыны 1,3 млрд. АҚШ долларына тең болды. Кейінгі кезде өндіріс орындарындағы апаттар үлкен қауіп төндіріп отыр, сонымен қатар ол үлкен шығындар әкеледі: 2001 жылы 21 қыркүйекте Тулуза қаласындағы мұнай өңдейтін зауытта болған жарылыс 1,3 млрд. АҚШ долларына бағаланса; ал сол жылы наурыз айында Бразилиядағы мұнай платформасында болған жарылыс 580,0 млн. АҚШ доллары көлемінде экономикалық шығын әкелді. Мұндай апаттар салдарынан болған шығындар тізімін тізе беретін болсақ, олар өте көп. Соңғы уақытта экономикалық шығындар, апаттардың жаңа түрінен туындап жүр. Ол әлемдегі саяси тұрақсыздықтың салдарынан болып жатқан, террорлық әрекеттер. Алысқа бармаяқ 2001 жылығы 11 қыркүйектегі Нью-Йорк қаласындағы Бүкіл әлемдік сауда үйіне жасалған шабуылды алатын болсақ, оның зардаптары 3 мыңға жуық кінәсіз адамдардың өмірі.., ал сол шабуылдан келген шығын 40-70 млрд. АҚШ долларымен бағаланады. Сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан ланкестік әрекеттер салдары қаншама зардаптарқа ұшыратып жатыр...[1;
Жоғарыда келтірілген мысалдардың салдарынан болған шығындарды өтеу үшін сақтандыру ісі экономикада кеңінен қолданылады, терең тарихы бар сақтандыру, қазіргі таңда әлемдік экономикада стабилизатор рөлін атқарады. Ендігі жерде сақтандырудың тарихына үңілсек.
1.2 Сақтандырудың шығу тарихы.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай-ақ ақша ресурстарында кіріктіретін қажетті қаражаттары да болуы тиіс. Мұндай ақша-қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Зерттеушілердің айтуы бойынша, сақтандырудың қазіргі формасы сонау құл-иеленушілік дәуірінде пайда болған дейді. Ерте Римде коллегиялар құрылды, ол ұйымға әртүрлі маман иелері мүше болды; бұл коллегияға кіру үшін алғашқы 100 сестериций және ай сайын 5 ас төлем төлеп отыру керек болды, осы коллегияның мүшесі қайтыс болған жағдайда оның жанұясына 300 сестериций көлемінде төлем төленді. Ал әскери коллегияларда қаза тапқан жауынгерлердің жанұясына 500 денарий төленген екен. Қазіргі күнге дейін сақталған мәліметтерге сүйенсек коллегиялар біздің эрамыздың 2-3 ғасырларына дейін өмір сүрген.
Орта ғасырларда, жойылып кеткен коллегияларды саудагерлер мен қолөнершілер қайта жандандырды. Олар тек қайтыс болғанның жанұясына көмектесіп қана қоймады, сонымен қатар кемемен жүзу және теңіз саудасынның тәуекелділігін өз мойындарына алды. Ғасырдың ортасында Ломбардия мен Францияда теңіз тасымалын сақтандыру кең қанат жайды. Сақтандырудың қазіргі заман элементтері бар ең ерте келісім-шарт сонау 1347 жылы 23 қазанда Генуяда жазылған. Бұл келісім-шарт қарыз хаттамасы түрінде 107 күміс фунтқа бағаланып, егер 6 ай көлемінде «Санта-Клара» кемесі Генуядан Майоркаға жетпесе, қарыз алушы көрсетілген сомманы өз мойынына алған. Ал Руанада, Франция, 1761 жылы шыққан теңіз саудасы жайлы жинақ жарық көрген және де осы жинақтың формасы сол уақытта Англияда қолданылып жүрген жинақтың мәтініне сәкес келген, ал ол өз алдына сонау XIV ғасырда Италияда қолданылған тәртіпке ұқсаған.
Бертін келе теңіз сақтандыруы Ллойдс атымен байланысты, бұл сақтандыру саласындағы көне ұйымдардың бірі. Олар күніне (бізге дейін жеткен мәліметтер бойынша 1688 жылы) Лондон кафелерінің бірінде бірнеше теңіз тасымалына байланысты келісім-шарттар жасаған. Осы шаралар қазіргі заман сақтандыруының алғашқы қадамдары болды, және ол операциялар қазіргі британ сақтандыру операцияларының негізі болып есептеледі.
Ал АҚШ-та сақтандырушылар жеке заңды тұлға ретінде 1720 жылдары құрыла бастады. АҚШ-та сақтандыруды игеру сол кездегі «бір күндік» компаниялардың пайда болуымен тікелей байланысты. Олар құрылған бетте банкротқа ұшырап жатты, ал ол өз алдына тұтынушылар арасында алаңдаушылық тудырды. Сол себепті парламент сақтандыру саласын екі компанияның құзіретіне берді, олар: The London Assurance Corporation және The Royal Exchange Assurance Corporation. Бұл компаниялар АҚШ сақтандыру нарығында осы күнге дейін жұмыс істейді. Бірақ сол кезде, солтүстік америка континентінде сақтандыру ісімен негізінен Ұлы Британия сақтандыру компанияларының филиалдары жұмыс істеген. Алайда ұлттық экономиканың қарқынды дамуы, олардың өз ұлттық сақтандыру компанияларын құруды талап етті. 1752 жылы Б. Франклин тұңғыш оттан сақтандыратын компанияның (The Philadeiphia Contributionship) құрылтайшысы болып, сақтандыру ісінің дамуына ықпал етеді.[1;
1.3 Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамассыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез-келген ауқымда – мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясы мен қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асаратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категороияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?