Экономика | Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
Мазмұны
Кіріспе
Бірінші бөлім:
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
1.3. Аудиторлық бақылау
Екінші бөлім:
2.1. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
2.2. Қаржылық бақылауда қолданылатын әдістер
Үшінші бөлім:
3.1. Мемлекеттік қаржылық бақылау: шетел тәжірибесі
3.2. Қазақстанның екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық
бақылау жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.
Қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің, қайта бөлудің экономикалық тетігі және ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындады. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың бір бөлігінің қозғалысымен, оны бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өндіріс процесіндеұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен және басқа жағынан, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын жасаумен байланысты болса, қаржының бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл ұдайы өндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет етеді. Қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара байланыстығы осында.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді
Бақылау сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын экономикалық процестерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржы ресурстардың қозғалысы жиынтық қоғамдық өнімді құндық бөлу процесіне мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізі болып табылады. Мұндай бақылаусыз экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық-қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу.
Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымастан сақталуын, мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болып табылады.
Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асуымен және оның жай-күйімен, белгіленген нормалар мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің орындалуымен байланысты болуы мүмкін. Қаржылық тәртіп оны бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып мемлекеттік парызды сақтауға негізделген.
Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында бақылау жұмысының бағыттары, қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері айтарлықтай өзгерді.
Мен курстық жұмысты осы тақырыпқа жазуымның себебі нарық қатынастары жағдайында қаржылық бақылаудың даму тенденциясын анықтап, толық түсінуді мақсат тұтқаным. Осы мақсатпен курстық жұмысты үш бөлімге бөліп қарастырдым. Бірінші бөлімде қаржылық бақылаудың мәні, іс-әрекет сферасы жайлы мәліметтер және бақылаудың сыныптамасы, соның ішінде аудиторлық бақылауды барынша қамтуға тырыстым. Екінші бөлімде қаржылық бақылауды жүргізгенде қолданылатын әдістер мен бақылауды іске асыратын мемлекеттік органдар туралы, олардың атқаратын қызметтері туралы баяндалған. Үшінші бөлімді шетелдердегі, атап айтқанда АҚШ, Гермения және Ресей Федерациясының мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің құрылымын талдауға арнадым. Және де салыстырмалы түрде Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын жеке талдауды жөн көрдім.
I бөлім
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
Қаржылық бақылау деп әдетте тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық жалпы ұлттық өнімді құндық бөлу және оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшылық қызметті айтады.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функционалдық элементтерінің бірі, ол басқарудың басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастыру көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарға ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элеиенттерінің бірі ретінде қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда,оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында. Табыстар мен қорланымдардың қалыптасу процестері, ақша қорларын құру және пайдалану оның тікелей объектісі болып табылады. Алайда, қаржылық бақылаудың іс-қимылы ақша қатынастарының аса кең аясына таралады, өйткені қаржы басқа экономикалық категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік құрал-жабдықтармен (негізгі, айналым капиталымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестициялармен тығыз байланысты. Ал мекемелер мен ұйымдардың бюджет қаражаттарын дұрыс пайдаланылуын бақылау олардың барлық жағын – желі мен контингенттерді өрістетудің толықтығын, қаражаттарды жұмсаудың белгіленген нормаларын сақтауды қамтиды.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1. бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылылығы;
2. бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
3. әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
4. бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
5. бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық бақылаудың мазмұны ашылатын негізгі міндеттеріне мына төмендегілер жатады:
• мемлекет, ұйымдар және халық алдындағы қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру;
• шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақша ресурстарын (бюджет және меншікті қаражаттарды, банк кредиттерін, бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру;
• қаржы операцияларын, есеп-қисаптарын жасау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қаражаттарын сақтау ережелерін орындауын (сақтауын) тексеру;
• өндірістің ішкі резервтерін – шаруашылық рентабелдігін арттырудың, еңбек өнімділігін өсірудің, айналым активтерінің айналымдылығын тездетудің, материал және ақша қаражаттарын неғұрлым тиімді әрі үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін ашу;
• қаржы тәртібін бұзушылықты жою және ескерту. Олар ашылған жағдайда ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал етудің шаралары қолданылады, мемлекет пен ұйымдарға келтірілген залалдың орнын толтыру қамтамасыз етіледі.
Қаржы тәртібі – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:
• ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
• қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
• қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оптималды түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Құрама қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың пәні болып табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
1. кәсіпорындардың қаржы саласындағы қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
2. шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
3. қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
4. ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржы көрсеткіштері (табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар мен салықтар және басқалары) оның пәні болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.
Қаржылық бақылау нарықтық қатынастар жағдайында айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Жаңа экономикалық өзара қарым-қатынастар қаржы операцияларын, әр түрлі мәмілелерді үнемі тексеруді, қадағалауды жақтырмайды. Тегіс қамтитын бақылау қалыпты нарықтық қатынастарға тежеуіш болып келеді. Бірақ өтпелі кезеңнің қиыншылығы қоғам үшін қолайлы бағытта қаражаттар ағынының қозғалысын басқаруды және бақылауды ысырап етеді. Бұл жағдайда қаржы тәртібін, қаржы заңнамасын бұзудың тенденциялары күшейеді, мемлекеттік меншікті пайдалану жөніндегі қиянатшылық жиілейді. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі кез келген келеңсіз көріністерге берік тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік әділдікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндіктерін реттеудің құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу процестеріне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргзудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асыру әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілеріне (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады.
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
Қаржылық бақылау
Мемлекеттік Қоғамдық
Жалпы мемлекеттік Ведомстволық Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми- техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы
Ішкі шаруашылық
Парламенттік (депутаттық) бақылау
Аудиторлық бақылау
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қалданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және тағы басқа болып ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және талдамалық (аналитикалық) қызметтің мынандай түрлерін қамтиды: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджетпен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзүге асырылады.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, нақты ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен (бақылаумен) кредит-есеп-қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.
Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтық қатынастарға қатысушылардың барлығының орындалуын жүзеге асырады.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар.
Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда ...........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?