Мемлекеттік қызмет | Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1.Қаржы құқығының негізгі ұғымдары 4
2. Бюджет құқығы негіздері 6
3.Салық ұғымы, жүйесі. 10
3.1. Салықтың түрлері 18
4. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
Кіріспе
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жұйесі түбегейлі жанаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түрпішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялык, құқықтық зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық құқықтық тәртіпті, құқықтың, занның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық ұлтаралық діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.
1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктің қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекет және қаржылық бақылаумен айналысатын көптеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және атқару органдары — Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Санақ палатасы, қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.
Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен басқа тірлікпен айналыса¬тын субъектілердің қаржылық-шаруашылық жағдайын тексеруді мемлекеттік емес тексеру-бақылау органдары — аудиторлар жүзеге асырады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.
Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша қор¬ларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса, керісінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен байланысты. Мысал ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керісінше мемлекеттік бюджеттен бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балаларға төленетін көмекақылар бюджеттен азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады.
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекет¬тік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады. Бұл қатынастар экономикалық сипатта болмағандықтан ақша қаржыларының қозғалысын жанамаламайды. Бірақ, олар материалды қаржылық қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық қаржылық қатынастардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады.
Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттін, қаржы¬лық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:
1) бақылау субьектісі;
2) бақылау объектісі;
3) бақылау заты (тақырыбы);
4) бақылаудың мақсаты;
5) бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылау¬ды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші обьектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:
1) мемлекеттік органдар;
2) мемлекеттік заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
4) азаматтар жатады.
Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік).
Қаржылық бақылаудың мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден, кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша жауапқа тарту; үшіншіден, қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарларын жою.
2. Бюджеттік құқық негіздері
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті.
Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қаты¬настар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды.
Бюджет жүйесі төмендегідей қағидаларға негізделеді:
1. Қа¬зақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы-ның бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету бағытталған бірлік қағидасы.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеуге негізделген толықтық қағидасы.
3. Бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі көрсететін реалистік қағидасы.
4. Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізуді дәйектейтін транспаренттілік қағидасы.
5. Бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауын белгілейтін дәйектілік қағидасы.
6. Бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайда¬лана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз етуге негізделген тиімділік және нәтижелік қағидасы.
7. Бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру басымдық қағидасы.
8. Бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту жауапкершілік қағидасы.
9. Түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі бюджеттердің дербестік қағидасын көрсетеді. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердін түрлеріне:
1) тү¬зетілген бюджет;
2) бекітілген бюджет;
3) нақтыланған бюджет;
4) мемлекеттік бюджет;
5) жергілікті бюджеттер жатады.
Түзетілген бюджет дегеніміз тиісінше Қазақстан Республи¬касының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақ¬стан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере оты¬рып бекітілген немесе нақтыланған бюджет.
Бекітілген бюджет — тиісті қаржы жылына арналған, Қазақ¬стан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.
Нақтыланған бюджет — атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.
Мемлекеттік бюджет — араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, таңдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджеттердің деңгейлеріне:
1) республикалық бюджет;
2) об¬лыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюд-жеті;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;
4) төтенше мемлекеттік бюджет кіреді.
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету¬ге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағытта¬рын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Облыстың бюджеті — араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (об¬лыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, таңдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпай¬тын жиынтық бюджет;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттіқ органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу хабардар етіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттін қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтен¬ше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған мақсатта Қазақстан Республиқасының Ұлттық қоры құрылады. Қазақ¬стан Республиқасы Үкіметінің Қазақстан Республиқасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес актив¬терді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердін қорлануын қамтамасыз етеді.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуынын басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республиқасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Қор түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттын негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзе¬ге асырады. Бюджеттің құрылымы бюджеттің түсімдері мен шығыстарынан тұрады. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемле¬кеттің қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады.
Бюджеттің құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1) кірістер;
2) салықтық түсімдер;
3) салықтық емес түсімдер;
4) негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
5) ресми трансферттер түсімдері;
6) шығындар;
7) операциялық сальдо;
8) таза бюджеттік кредит беру (бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу);
9) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо (қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер);
10) бюджет тапшылығы (профициті);
11) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану, қарыздар түсімі, қарыздарды өтеу, бюд¬жет қаражаты қалдықтарының қозғалысы). Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақ¬стан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынысын құрайды.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?