Педагогика | Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама (гимназия, лицей, колледж)

 Педагогика | Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама  (гимназия, лицей, колледж)

Мазмұны
І КІРІСПЕ................................................................................................................3-4
І ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ОҚУ МЕКЕМЕЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі Ұлттық гимназия............................................5-7
1.2. Жаңа типті мектеп гимназияда оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру............................................8-14
ІІ ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1. Қазақ-Түрік лицейлерінің қызметі..............................................................20-22
2.2. Қызылорда медициналық колледжі — республикамыздағы ең байырғы медициналық орта арнаулы оқу орындарының бірі.......................23-25
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................26-27
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТРІ...........................................................28

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Осыған орай мектепте 2—11 сыныптар арасынан қырық бес оқушы "Қабілетті оқушылар" қатарына іріктеліп, картотека жасалған. Картотекадан жеке оқу туралы толық мәліметтер алуға болады. Оларға кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдер жетекшілік етеді. Жетекші мұғалімдер арнайы бағдарлама түзіп, оқушы мектеп бітіргенше тұрақты жұмыс жасайды.
Білім мен сенім — егіз. Қазіргі кезде көп жерде айтылып жүрген "Ауыл мектебіндегі білім нашар" деген көзқарас ауыл балаларының психологиясына кері әсер етеді. Оның үстіне ауыл балаларының ұяң болып келетіні тағы бар.
Әрине, қаламен салыстырғанда ауылда ақпарат көздері аз, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы бүгінгі өміршең талаптарға сай келе бермейді. Алайда білімді де білікті мұғалімдср мен ата-аналар бар жерде қандай қиындықты да жеңуге болады. Мектебімізде жоғарыда айтылғандай түрлі шараларды ұйымдастыра отырып әрбір баланың біліміне, ерік-жігеріне деген сенімін қалыптастырып келеміз. Өйткені, біз бүгін әлемдік мәдениет пен білім беру кеңістігіне кіріскен ашық қоғамда өмір сүрудеміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өркениетті қоғамға тән толыққанды тұлға тәрбиелеудің негізгі алтын діңгегі — ата-ана, өскен ортасы, өмір сүріп жатқан қоғамы. Демек, тұлғаның дамуы өзінің бастауын ең алдымен отбасынан алады. Сол себепті дс қаншалықты дәрежедегі инновациялық мектеп болса да, ата-аналармен бірлескен жұмыс болмаса нәтижеге жету екі талай нәрсе.
Бүгінгі таңдағы нарықтық қатынастар ауылдық жерлердегі отбасыларда экономикалық фактордың мәнін күшейтіп, рухани әлеуметтік отбасылық құндылықтар тасада қалды. Көптеген ата-аналар "Баламның тамағы тоқ, көйлегін көк қылсам болды, оқыту, тәрбиелеу — мектептің міндеті" деп есептейді. Мектепте өткізілетін жиналыстарға, конференцияларға, басқа да түрлі іс-шараларға ата-аналар ұжымының 20 пайызы ғана тұрақты қатысады, ал қалғандары жыл бойына мектептің есігін ашпауға пейілді.
Ұлттық мектеп - өркениеттің жалғастырушысы, одан әрі дамытушысы. Ал білім мен ғылым - өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз. Ендеше ауыл мектебі материалдық базасы мықты, озық техника жетістіктерімен жабдықталған, талапты да талантты шәкірттері бар, ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ педагогтермен қаруланған, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті білім ордасы болмағы ләзім. Сонда ғана мектеп білім мен мәдениеттің нағыз ошағына айналары сөзсіз.

Курстық жұмыстың міндеті:
-Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі Ұлттық гимназия.
-Жаңа типті мектеп гимназияда оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
-. Қазақ-Түрік лицейлерінің қызметі.
-Қызылорда медициналық колледжі — республикамыздағы
ең байырғы медициналық орта арнаулы оқу орындарының бірі
І ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕКЕМЕЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі Ұлттық гимназия
Алдымызға қойған міндеттер мен талаптарды басшылыққа ала оты-рып, жан-жақты терең білім негіздерімен қаруланған, болашақта жоғары оқу орындарына еркін түсе алатын, ғылыми-зерттеу ісімен айналысатын жеке, дара түлғаны қалыптастыру. Жаңа типті мектеп-гимназия педагогикалық кадрлар мен оқушы-гим-назистер басқару жүйелерінің негізінде бір-бірімен баиланыста жүмыс істеу бағыты анықталды. Мектеп-гимназияны педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету негізгі мөселе болып табылады. Қазіргі кезде дәстүрлі емес пәндер: философия, логика, мәдениеттану, психология, экономика, менеджмент және бизнес, т. б. мектеп-гимназияларда ата-аналар мен оқушы-гимназистердің сұраныстары бойынша өтеді. Сондықтан осы пәндер бойынша мамандармен қамтамасыз ету мектеп — гимназиясының басқару жүйесінің басты міндеті. Мектеп-гимназияда қазір 1 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, 2 ғылым докторы, 2 профессор, 2 «Ы. Алтынсарин» медалінің иегері, 10 ғылым кандидаты, 2 «Құрмет белгісі» орденінің иегері, 20 Білім беру ісінің үздігі, 38 жоғары жөне 20 бірінші санатты мұғалімдер, 1 спорт шебері, 9 әдіскер, т. б. мамандар қызмет етеді. Мектеп-гимназияда басқару мәселелері: басқарудың құрылымы, атқаратын қызметі жөне механизмі түрінде жүиеленеді. Жаңа типтегі білім берудің ерекшелігіне байланысты басқару әкімшілігіне директор, директордың 5 орынбасары, кафедра меңгерушілері енеді. Мектеп-гимназия іс-әрекеттеріндегі шаралардың іске асуы басқару және оған бағыт-бағдар беру тікелей басқару әкімшілігіне байланысты.
Президентіміздің халықка арнаған «Қазақстан — 2030» Жолдауы білім беру қызметкерлеріне, соның ішінде гимназия мен лицей типті мектептерге үлкен міндеттер жүктеді. Бұл құжатта баяндалған басым мақсаттар мен республиканың даму стратегиясын әрбір шәкірттің жүрегі мен санасына жеткізу мақсатында Атарау облыстық ұлттық гимназия ұжымы жоспарлы да жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Бұл гимназия жалпы білім беретін мектептің жаңа үлгісі және үздіксіз білім беру жүйесінің басты буыны ретінде шәкірттерге терең де тиянақты білім мен ұлттық тәлімтәрбие беру жолында үлкен ізденіспен еңбек етуде. Гимназияда оқыту шәкірттерге үш бағытта терендете білім беруді көздейді. Атап айтқанда, гуманитарлық, химия-биология жөне физика-математика бағыты. Тиісті бағыттар бойынша пәндерді сапалы оқыту ; кафедралар арқылы жүзеге асырылады. Әр кафедра өзінің алдына қойған мақсатынан туындайтын проблемалар бойынша жұмыс жасайды. Ұлттық гимназия ұжымының қазіргі айналысып отырған проблемасы — «Саралап оқытудың жаңа технологияларын сабақ үрдісінде іске асыру жолдары». Бұған байланысты әр мүғалімнен озық техиологияны пайдалана отырып, әр шәкірттің жеке ерекшеліктеріне сай шығармашылықпен жұмыс жасау талап етіледі және өр мүғалімнің жыл ішінде кафедрада, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте, ғылыми-практикалық конференцияда есептері таңдалып, талқыланады, оған баға беріледі. Мұның өз мұғалімнің кәсіби шеберлігін шындап, өсуіне, жан-жақты жетілуіне үлкен көмегін тигізеді. Көптеген жұмыстардың нәтижесінде тек өткен оқу жылының өзінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұгалімі Мұқашева Гүлмира республика мұғалімдерінің арасынан «үздік Әуезов танушы мұғалім» атанып, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен мадақталса, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұгалімі Мұхитова Жұлдыз панорамалық сабақтар өткізуден облыс мұғалімдері де жеңіп шығып, республикалық сайыста жүлделі орынға ие болды. Бүгінгі күні ұлттық гимназияның педагогикалық ұжымында 1 профессор, 4 доцент, 3 ғылым кандидаты, 9 жоғары санатты, 10 бірінші санатты мұгалім жұмыс жасайды. Гимназия ұжымының осындай сапалық құрамы шәкірттер білімінің тереңдей түсуіне айтарлықтай септігін тигізіп отыр.
1992 жылы тұңғыш рет реепублика көлемінде гимназияда шәкірттердің ғылыми қоғамы құрылып, Атырау университеті ғалымдарының жетекшілігімен жұмыс істей бастады. Дәстүрлі түрде жалма-жал гимназияда «Шәкірт ізденісінің жемісі — күрделі ойлау мен ізім дархандығында» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізіліп келеді. Осы ғылыми конференцияда ең тандаулы үздік шыққан шәкірттердің баяндамалары жылма-жылғы облыстық, республикалық олимпиадаларға және республикалық ғылыми-зерттеу жұмысы сайысына жіберіліп тұрады. Соңгы жылдары республикалық олимииадаларда жеңімпаз атанып, жүлделі орын алған шәкірттеріміз жоғарғы оқу орындарында ғылыми тақырыптарын зерттеуді одан әрі жалғастыруда. Тағы бір тілегіміз, реепубликалық олимпиаданың жүлдегері Р. Дінеева Алматндағы арнаулы физика-математика мектебіне жолдама алды. Республикалық олимпиадаларда I дәрежелі дипломмен марапатталған окушыларымыз Алматы қаласының оқу орындарына емтихансыз қабылданса, Рамазанова Ханым Атырау университетінің математика-информатика факультетіне, емтихансыз оқуға түсті.
Ұзтаздармен шәкірттермен бірлескен ынтмақты еңбегінің нәтижесінде 1997-98 оқу жылында гимназияның сапа көрсеткіші 79,5 процентке жетіп, өткен оқу жылында мектеп бітірген елу оқушының 49, яғни 98 проценті жоғарғы оқу орындары түсіп кетті. Олардың көпшілігі Алматы қаласындағы және облыс орталықтарындағы оқу орындарының студенттері. Осының өзі ұлттық гимназияда оқыту сапасы оқушылардың білім деңгейі талап дәрежесінде екендігін айқындайды.
Биылғы оқу жылының ерекшелігі білім беру саласындағы үлкен өзгерістерге бастайтын Қазақстан мұғалімдерінің бірінші сьезі өтті. Сондықтан мына мәселелерге ерекше көңіл бөлініп дұрыс шеішіс табылуы жұрыс деп ойлаймыз.
1. Мектептегі білім мазмұны әлемдік стандартқа сай жүргізу үшін оқылатын пәндер санын азайтып, тереңдетіп берілетін сағат санын көбейту керек.
2. Оқушылардың мбілім нәтижелерін белгілейтін құжат «Жалпы орта білімін мазмұнының мемлекеттік стандарты» жүзеге асуы қажет.
3. Жалпы ора білім беретін жекеменшік мектептер ашу және оларды қолдау жұмыстарында кешеуілджетпеген жөн.
1.2 Жаңа типті мектеп гимназияда оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Бүгінгі білім беру жүйесінде құрылып жатқан жаңа типті мектеп гимназиялар қоғамның сұранысына сай жан-жақты білім беруге, гимназистердің рухани мәдениетін жетілдіруге негізделді. Негізгі сұраушы ата-аналар болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 8023 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 6136-сы ауыл мектептері. Онда 3051.4 млн. бала оқиды. Осылардың ішін жаңа типті 263 мектеп қызмет етеді, олардың 161-і гимназия, 102-і лицей. Қазақстан Республикасының Білім заңында жаңа типті мектептер құрылымдық жүйесіне түсініктеме береді. Мысалы, «гимназия — негіз қосымша, жалпы білімдік бағдарламаларды оқушылардың қабілеті мен бейімділігіне қарай тереңдетіп, бағдарлы және саралап дәріс беру арқылы жүзеге асыратын орта жалпы білімдік оқу мекемесі». «Лицей — негізгі және қосы жалпы білімдік бағдарламалары жүзеге асатын, қабілеті мен бейімділігі сәйкес кәсіби бағдар бойынша дәріс беретін, жоғары сатыдағы оқушылар аймақтық қатыстығына қарамастан қабылдап, оларға орта жалпы білім ретін оқу мекемесі»2 — деп, жаңа типті мектептерге жататын оқу орындарының құрылымымен таныстыра отырып түсініктемелер береді.
Алматы қаласындагы Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназисының білім беру жүйесінде төмендегідей міндеттер басшылыққа алынды.
-Гимназиялық білім алу - жан-жақты, жүйелі,кешенді, дүние көзқарас.
-Гимназиялық білім беру - гимназистердің үйлесімді дамуына жағдай жасайды.
-Гимназиялық білім беру — ізгілендіру тұрғысында, жеке тұрған жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу.
-Гимназиялық білім беру жүйесі — гимназистердің өз бетінше білім алып, шығармашылық дамуына, ғылыми-техникалық прогресті меңгеруі негізделеді.
-Гимназиялық білім беру — гимназистердің болашақ кәсіби мамадығын таңдауға байланысты әлеуметтік сұранысты қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, оқытушылар мен гимназистердің өзара қатынастарның негізіне төмендегі жағдайлар алынды.
-Гимназияда өзара түсінушілік, жылы психологиялық ахуал.
-Шығармашылық дамуға жағдай жасау.
-Жаңа технологиямен жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру.
-Дарынды балалардың мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасау.
Оқытушылардың еңбегін дұрыс бағалау жөне олардың ғылыми өсуі-не ықпал ету.
Алдымызға қойған міндеттер мен талаптарды басшылыққа ала оты-рып, жан-жақты терең білім негіздерімен қаруланған, болашақта жоғары оқу орындарына еркін түсе алатын, ғылыми-зерттеу ісімен айналысатын жеке, дара түлғаны қалыптастыру.
Жаңа типті мектеп-гимназия педагогикалық кадрлар мен оқушы-гим-назистер басқару жүйелерінің негізінде бір-бірімен баиланыста жүмыс істеу бағыты анықталды. Мектеп-гимназияны педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету негізгі мөселе болып табылады. Қазіргі кезде дәстүрлі емес пәндер: философия, логика, мәдениеттану, психология, экономика, менеджмент және бизнес, т. б. мектеп-гимназияларда ата-аналар мен оқушы-гимназистердің сұраныстары бойынша өтеді. Сондықтан осы пәндер бойынша мамандармен қамтамасыз ету мектеп — гимназиясының басқару жүйесінің басты міндеті. Мектеп-гимназияда қазір 1 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, 2 ғылым докторы, 2 профессор, 2 «Ы. Алтынсарин» медалінің иегері, 10 ғылым кандидаты, 2 «Құрмет белгісі» орденінің иегері, 20 Білім беру ісінің үздігі, 38 жоғары жөне 20 бірінші санатты мұғалімдер, 1 спорт шебері, 9 әдіскер, т. б. мамандар қызмет етеді.
2. Мектеп-гимназияда басқару мәселелері: басқарудың құрылымы, атқаратын қызметі жөне механизмі түрінде жүиеленеді. Жаңа типтегі білім берудің ерекшелігіне байланысты басқару әкімшілігіне директор, директордың 5 орынбасары, кафедра меңгерушілері енеді. Мектеп-гимназия іс-әрекеттеріндегі шаралардың іске асуы басқару жөне оған бағыт-бағдар беру .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?