Аптап ыстықта сұлу болып қалу үшін

Аптап ыстықта сұлу болып қалу үшін

Биылғы жаз ерекше ыстық. Жазда сымбатымыз бұзылмауы үшін не істеу керек?

☀ Жазғы маникюр

Маникюр жасамас бұрын лакты 20 минутқа тоңазытқышқа салып қойыңыз. Тырнақты бояп болған соң екі-үш минут салқын суда ұстаңыз. Бұл әдіс тырнақтың тез кебуі үшін қолданылады.

☀ Мұз

Жазда теріні мейлінше жиі ылғалдандырып тұру керек. Ол үшін алоэ немесе қияр шырынынан мұз дайындап, сүртініп тұрыңыз.

☀ Түймедақ шайы

Эпиляциядан кейін тері тітіркеніп кетпеуі үшін түймедақ шай қалташасын (пайдаланған) 10 минутқа мұздатқышқа салып, теріні уқалап сүрткен жөн.

☀ Қажалу

Жазда қыздар ашық аяқ киім киетіндіктен, аяқ қажалып қалады. Мұның алдын алу үшін қажалатын жерге дезодарант жағып қоюға болады.

☀ Шаш күтімі

Шашыңыз күнге күйіп кетпеуі үшін әр жуған сайын алма сіркесуы мен судың 1:4 қатынасындағы қоспасымен шайып отырыңыз.

☀ Шаштың ұшына күтім

Жоғары температураның әсерінен шаш құрғап, ұшталып кетеді. Сол себепті далаға шығудың алдында шаш ұшына кокос майын жаққан жөн.

☀ Құмнан қорғау

Егер денеге құм жабысқанын қаламасаңыз, жағажайға барудың алдында нәресте сеппесін (присыпка) жағып алыңыз.

☀ Теріңіз күнге күйіп кетсе

Алма сіркесуы мен кокос майының 1:4 қатынасындағы қоспасын дайындап, теріге жағыңыз. Ол қызарғанын басып, күйген жерді емдейді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?