Өмір алма кезек

Өмір алма кезек

Бірде қаладағы колледждердің бірінде 4 жыл оқып танысқан, екі дос болыпты. Біреуі клуб, түңгі көше дегеннен аулақ жүретін, ай сайын оқудағы айлық бағаларын тапсырып тастап, өз ауылына асығатын қарапайым ауылдың жігіті екен. Ал екінші дос керісінше - клуб, көше, әр қыздармен жүру баққаны, ал ауылдық жерді жақтырмайтын қаланың жігіті екен.
Ауылдың жігіті - сабақ үлгерімі нашар болыпты, бірақ қарапайым ауылдың жұмыстарына қолы епті екен, ауылында мал бағып, егін егіп күн көреді екен. Ал қаланың жігіті керісінше - сабақ үлгерімі жақсы болыпты, айлық бағалары толған 5 екен, бірақ 5 болғаны не керек - ай сайын ақша қыстырады екен, жұмыс жасауға икемі жоқ, баққаны оңай олжамен ақша тауып, бар ақшасын қайдағы жоқ клубтармен қыздарға береді екен. Ауылдың жігіті - 1 айға тамағы мен киіміне жететін қарапайым 10000 теңгесін таба алмай жүрсе, қаланың жігіті мұндай ақшаны күнде әр нәрсеге бәс тігіп, тектен-текке ақшасын шашады екен. Қаланың жігіті өте таккаппар екен, қалтасында 100000-даған ақшасы жатсада, досына көмекке 1000 теңгесінде бермейді екен. Сөйтіп өмір өтеді... Сағаттап күндер өтеді, айлап жылдар өтеді. 4 жыл зу етіп өте шығады... Достар бір-бірімен қоштасып, ауылдың жігіті өз ауылына кетеді - болашағын ойлап.. Ал қаланың жiгiтi өз мекенiнде қалады, 2 сағаттан кейін - клубқа баратынын ойлап.. Сөйтіп өмірде - бұлақта аққан судай сырғып өтедi...арада 10 жыл өтеді...
10 жыл ішінде - ауылдың жігiтi еңбек етiп, отбасы құрып, өз жағдайына қарап жеке фермасын ашып - ауқатты кiсi болыпты..
Ал қаланың жiгiтi - 10 жыл iшiнде не бүлдiрмедi десеңізші... Әркiмдермен iшiп-жеп, төбелесіп-шатасып, ұрлап-зорлап, тоналып, тiптi қалыпты 5 жыл қамалып. Қазiр шықты түрмеден, өмір туралы ұғынып, біраз затқа түңіліп, келдi бұрыңғы ауылдағы досына, жұмысқа ал фермаңа, жасаймын жұмыс - тiптi 10000 мыңғада...
Достар, өмiр алма-кезек деген осығо, дуние-ақша бүгін бар, ертең жоқ... Сондықтанда адамды бар дүние-ақшасына бағаламай, оның ой санасына, өмiрге деген көзқарасымен әрекетіне қарап бағалайық!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?