Тойға дайындық: Қалыңдық қорқынышы
Үйлену оңай, үй болу қиын дегенмен, үйлену тойының да қиыншылықтары жетерлік. Әр ұсақ-түйегіне дейін ұйымдастырып, реттеп қою қыз баласының, әйел адамының мойнында. Сондықтан олар той жөнінде ер азаматтарға қарағанда көбірек бас қатырады. Бірі тойды уайымдап біраз салмақ тастаса, бірі уайымнан көп тамақ жеп қойғанын да білмей қалады.
Өмірде бір рет келетін отау құру тойы сценариі жазылған концерт секілді бірқалыпты өтіп кетпей, нағыз мерекеге айналып, қуаныш сыйласын десеңіз бүге-шүгесіне дейін алдын ала ойластырып қоюға тура келеді.
Тойға дайындық басталғаннан өзіңізді ханшайымдай сезініңіз. Барлық істі үтір нүктесіне дейін қалай орындалуы керегін түсіндіріп, ең сенімді адамдарыңызға тапсырыңыз. Той кезінде өзіңіз тек тапсырмалар орындалғанын қадағалап отыратын басқарушы боласыз.
Қалыңдықтар той дайындығы кезінде мынадай мәселелер бойынша алаңдайды екен:
– Ештеңеге үлгермеймін. Бұл қорқынышты жеңу үшін жоғарыда айтқандай, киіміңізді дайындауды сіңліңізге, қонақтарды шақыруды ініңізге, сыртқы келбетіңізді құрбыңызға, қонақтарды орналастыруды анаңызға деген секілді тапсырып қойыңыз. Кім неге жауапты екенін қағазға жазып, тапсырма орындалып-орындалмағанын белгілеп отырсаңыз құба-құп.
– Жастар жағы аз болып қалса... Тойдың көрігін қыздырып, қызығын арттыратын, ән айтып, би билеп мерекенің сәнін келтіретін – жастар. Сондықтан сыныптастарыңыз, құрдастарыңызға өзіңіз арнайы қоңырау шалып шақырып, екінші рет хабарласып келетін-келмейтінін анықтап, орынды соған қарай есептеңіз. Араласатын қатарластарыңыз көпшілігі келе алмайтындай жағдай туса, сіңліңіздің, ініңіздің құрдастарын шақырудың еш сөкеттігі жоқ.
– Салмақ қосып алсам, көйлегім симай қалады. Салмақты бірқалыпта ұстаудың ең тиімді жолы – үш мезгіл мөлшермен, дұрыс тамақтану. Тамақтану тәртібіңіз дұрыс болса, бұл қорқыныш та түкке тұрмайды. Қазіргі сымбатыңыз көңіліңізден шықпаса, интернеттен түрлі диета түрлерін қарап, өзіңізге ыңғайлы түрін ұстаныңыз.
– Той кезінде сырт келбетім өзгеріп кетсе... Көптеген қалыңдық той кезіндегі суреттерім қалай шығар екен деп уайымдайды. Арнайы жалданған фотограф болса да, келген қонақтар келіншекпен бірге телефондарымен суретке түскісі келеді. Осындай суреттерде сәтті шығу үшін қыз жолдастың сөмкесіне кішкене айна салып қойып, тілек айтылып жатқан кезде қонақтарға байқатпай айнаға қарап алсаңыз болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?