30 күнде әдемі болу жолы

30 күнде әдемі болу жолы

Сіз білмейтін 10 керемет
Бір айдан кейін жарқырап, жайнап көктем де келеді. Әрине, әйел затының көктеммен бірге құлпырып, әлдеқайда әдемілене түскісі келетіні анық. Ендеше, бір айдың ішінде қалай жақсаруға, жасаруға болады? Оның құпиясы төмендегі он кереметте жасырылған.

✅ 1. Ас мәзіріне мән беріңіз
Қызылша – өте пайдалы көкөніс. Ол ағзаны тазалап, асқазан мен бүйректің жұмысын жақсартады. Сондай-ақ теріге тигізер пайдасы мол. Сондықтан оны күнделікті ас мәзіріне қосыңыз. Қарапайым салат жасаңыз. Бастысы, оны майонезбен емес, зәйтүн майымен араластырғаныңыз жөн.

✅ 2. Жаңғақ жеңіз
Тек бір түрін ғана емес, бірнешеуін араластырып жеңіз. Жаңғақтар шаш пен тырнаққа ғана емес, мидың жұмысына да өте пайдалы. Десе де, жаңғақтың майлы болатынын есіңізден шығармаңыз.

✅ 3. Сарымайдың пайдасын біліңіз
Өкшеңіз сәбидікіндей жұмсақ болсын десеңіз, күнделікті ұйқыға жатар алдында міндетті түрде өкшеңізді сарымаймен сүртіңіз. Сарымайға эфир майын қосуға болады. Май таңға дейін жақсы сіңуі үшін аяғыңызға шұлық киіңіз.

✅ 4. Теңіз тұзы мен қаймақ
Бұл екеуінің қосындығы – денеге таптырмас табиғи скраб. Теңіз тұзы мүйізденген теріден тазаласа, қаймақ теріні нәрлендіріп, жұмсартады.

✅ 5. Ментол майы
Егер шашыңыз майлы, әрі тез қайызғақтанып кетсе, сізге жалбыз көмектеседі. Бір литр жылы суға 5 тамшы ментол майын тамызып, осы сумен бас жуғаннан кейін шашыңызды шайыңыз.

✅ 6. Зығыр
Зығыр дәнін кремдерге, сусабындар мен шаш бояуларына да қосатыны белгілі. Ал сіз зығыр дәнін күнделікті тағамыңызға қосыңыз. Ең дұрысы, таңертең аш қарынға жеу. Дәнін ұсақтап, таңғы ботқаға да қосуға болады. Зығыр дәні теріге оң әсерін тигізіп, жасушаларын қалпына келтіреді.

✅ 7. Тері жастығы үшін
30 грамм глицеринге Е дәруменінің 10 капсуласын қосып, дайын болған қоспаны бетіңізге жағыңыз. Теріңіз жасарып, ұсақ әжімдер жоғалады. Егер қоспа саусағыңызға жабысып, тым қоймалжың болып тұрса, оны жаққан кейін бетіңізге тоник шашыңыз.

✅ 8. Қышаның шашқа көмегі
Қыша – шаш үшін сиқырлы күш. Қыша шашты түбінен емдеп, жылтыратып, өсуін арттырады. Ол үшін құрғақ қышаны ошаған, зәйтүн майымен араластырып, шашыңызға жағыңыз. Басты жылы орамалмен орап, 20 минуттан кейін жуу керек. Екі аптадан кейін-ақ нәтижесін көре аласыз.

✅ 9. Қайырылған кірпік үшін
Бидай майы кірпікке өте пайдалы. Оны кез келген дәріханадан алуға болады. Кірпік бояуының щеткасымен бидай майын әрдайым кірпігіңізге жағып жүріңіз. Кірпігіңіз ұзарып, қалыңдап өседі.

✅ 10. Гүлтәжі майы (амарантовое масло)
Бұл май зақымданған жасушаны қайта орнына келтіретін ерекше күшке ие. Демек гүлтәжі майымен безеу, күйіп қалған немесе тыртық қалған жерге жақсаңыз, олардың орны да қалмайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?