БАЛА БОЛМАУДЫҢ 50 пайызы ЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
«Бізде өмір сапасына деген көзқарасты жақсартуымыз қажет. Ерлердің денсаулығын жақсарту үшін эндокринолог, кордиолог, терапевт қатарлы үш-төрт маман бірігіп жұмыс жасауы қажет. Сонда ғана оңды нәтижеге жетуге болады. Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеуі бойынша статистикалық мәліметке сүйенсек бала болмаудың 50 пайызы ер адамға 50 пайызы әйел адамға тиесілі. Ал біз сияқты уролог ғалымдардың болжамы бойынша бала болмаудың 70 пайызы ерлердің үлесінде. Мұндай болжамды ғылыми мақалалар мен Алматыдағы урология институтының деректеріне сүйеніп шығарып отырмыз», - дейді дәрігер.
Оның айтуынша, біраз жыл бұрын Алматы урология зерттеу институты Қазақстан бойынша ерлер арасында медициналық тексеріс жүргізген екен. Оның нәтижесіне қарағанда қазақстандық ерлердің денсаулығы өте нашар болып шыққан. Ерлердің мұндай қиын жағдайға ұшырауының негізгі себебіне де тоқталып өтеді ғалым.
«Ерлердегі белсіздік жас бала кезінен де пайда болуы мүмкін. Жаңа туған баланы бір айда, 6 айда, 1 жасында уролог пен балалардың оташы дәрігері қарап тұруы қажет. Баланың мәйегі орнына түсті ме, жоқ іште қалып қойды ма, болмаса жүгіріп ойнап тұр ма дегенді бақылап отыруы қажет. Егер мәйек уақытында өз орнына түспесе онда ол белсіздікке алып келуі мүмкін.
Белсіздіктің өте бір өткір түрі жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар. Ол аурулардың кейбірінің белгілері жасырын түрде адам ағзасында сақталып қалады да, имунитет төмендегенде немесе дене шаршаған кезде қозып, белсіздікке душар етеді. Әрбір инфекция адам ұрығын әлсіретіп, оны өлтіруге дейін әкеледі. Бірақ оны адам өзі сезбей қалуы мүмкін. Себебі мұндай жағдай жасырын түрде жүрілетін инфекциялардан соң кездеседі. Кеңес одағы кезіндегі зерттеу бойынша ұрықтың 50-80 пайызға дейінгісі белсенді болуы керек. Қазіргі батыстық ғалымдардың зерттеуі бойынша 20 пайыз белсенді ұрық болса да жеткілікті деп көреді. Бірақ мұндай жағдайда медициналық көмектің әсерімен болады.
Ерлеріміздің арасында простатит деген ауру өте көп тараған. Бұл аурудан адам жанына қауіп жоқ, яғни өмір сүре беруге болады. Бірақ уақытында емдетпесе ол да белсіздікке алып келетін бірден-бір себеп, сонымен қатар еркектік қасиеті де төмендейді. Бұл аурудан емделуге болады. Бірақ біздің азаматтар бір реттік қана ем-шара қабылдайды да, қайтіп оралмай кете береді. Мұндай жағдайда толық айығып кету қиын. Ауруды толық емдеп жазбағандықтан, суық тигенде немесе дене шаршағанда, күйзеліске ұшырағанда ол қайта қозуы мүмкін. Простатит болған жағдайда көктем, күз мезгілдері емделіп, өзін күтіп, ер адам көбірек жаяу жүруі қажет. 1 сағат компьютер алдында отырған адам 10 минут жүріп келуі қажет», - деп түйіндейді ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?