Тарих | Балықты көлінің орналасуы мен тарихы

 Тарих | Балықты көлінің орналасуы мен тарихы

Балықты көлінің орналасуы мен тарихы
Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық паркі Батыс Тянь - Шаньның солтүстік бөлімінде Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы, 26 - қаңтарындағы №52 қаулысына сәйкес Балықты көлі аумағындағы орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орын болып табылады. Жалпы ауданы 30 гектар. Көлдің тереңдегі 16 - 17 метр. Балықты көлінің Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы, Жаскешу елді мекенінде орналасқан.
Аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 20 шақырым, Састөбе темір жол стансиясынан 12 шақырым жерде, Арыс өзенінің оң жақ жағалауында Жібек жолында орналасқан. Балықты көлі ғалымдардың болжамы бойынша Мезозой эрасында пайда болған деген дерек бар.

Біздің ата - бабаларымыз бұл жерді қазақ халқының басына түскен қасіретті оқиға «Ақтабан шұбырынды» кезінде жоңғар шапқыншылығында туған жерді азат етуде көрсеткен ерліктері үшін еншіге алған екен.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Жаскешу елді мекені, Алатау мен Қаратаудың арасында орналасқан, өзен - бұлағы мол, жері құнарлы, табиғаты бай өңір. Сондықтан да бұл өлкені «Екінші Швецария» немесе Қазақстанның «жаңа Зеландиясы» деп халық бекер атамаған. Солардың ішінде Жаскешу ауылының тұрған жері ерекші жер жаннаты деп айтуға болады. Ауылдың іргесінен суы мол әрі таза Балықты көлі Үлкен шағыл деп аталатын әктас төбенің астынан қайнап шығып жатыр.
Біздің ата - бабаларымыз алғаш қоныс тіккен кезде Балықты көлінің бойы қалың ағаш, ну қамыс екен, оны қабан, жолбарыс және басқа да жыртқыш аңдар мекен етіпті. Осындай шұрайлы жерге орналасқан ата - бабаларымыз мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығымен де айналысқан. Оған куә Балықты көлінің басынан қолмен қазып шығарған Бейбіт, Жаныс, Байыс арықтар деп аталатын канал іздері осы күнге дейін сайрап жатыр.

Балықты көлінің аталуы
Балықты сөзбе - сөз «қала бастығы» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі түріктің «балық» яғни «қала» деген сөзінен шыққан. Шынында да Балықты көлінің орналасқан жері, айналасы, қолайлығы жағынан еш жерге тең келмейді.
Балықты көлі Ұлы Жібек жолы бойымен ілгері - кейінгі өткендердің таңдайын қақтыратын болған.
Көл бойындағы көк майсалы тау - талды, ақ және көк теректі сазды алаңдарға шатыр тігіп демалатын жолаушылар, керуендер көп болған. Бұл тұстағы жүздеген қайнар бастаулардан бұрқырап шығып жатқан судан мейір қандыра сусындап, жолға арналған алуан түрлі ыдыстарына құйып алып, сапарға шығады екен.
Балықты көлінің тарихы 1780 - 1790 жылдары Барлыбай қарт Қартқожа, Малкелді, Жалкелді және Ниязбек деген ұлдарымен көшіп келеді. Олар Балықты көлінің солтүстік шығысынан орын тепті.
Барлыбай қарт көшіп келгенде өзенде балық өте көп болған екен. Балығы көп көлді Барлыбай қарт «Балықты» деп атаған екен.
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Су – табиғаттың айнасы.
Су деген тіршіліктің қамы емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе,
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс – су қара жердің сәні емес пе.
(М. Хакімжанова)

Балықты көлі суының емдік қасиеттері
Зерттеу барысында көл мезазой эрасында пайда болған деп есептеледі. Судың құрамын зерттеген кезде құрамында сутегі дитеритрид бары анықталған, яғни ауыр суға жатады. Суы ішуге жарамды. Су негізінен жер астынан шыққан мыңдаған бұлақ көздерінен шыққан судан пайда болған. Ғалымдардың айтуынша жер асты мұхитының жер бетіне шығып жатқан жері. Бұлақ суы мұздай, суық, тап - таза, мөлдір, шипалық қасиеті мол. Суы демікпе ауруына мыңда бір ем. Денеге шыққан жараға, құлақтан құлық ағуына қарсы, полеартрит ауруына ем. Жергілікті тұрғындардың аяқ - қолы сырқырап ауырғанда бірнеше күн осы көлге шомылғаннан соң аяқ - қолының ауырғаны сап тыйылғанын жыр етіп айтып отырады.

Ел арасында мынадай аңыз әңгімелер бар. Ертеде осы өңірдегі малдың денесіне жаман жара шығып, індеттен малдар қырылып қалады. Ал осы суға тоғытылған бір отар қой жарасынан құлан таза айығады.
Балықты көліндегі «Қазан шұңқыр» деп аталатын бастауды әулиелі, киелі жер деп тәу етуге келушілер де көптеп кездеседі. Оған себеп, ел аузындағы аңыздар болса керек. Ертеректе Жамбыл облысындағы Билі көлден батқан жылқы осы «Қазан шұңқырдан» шыққан деген аңыз бар. Сондықтан бұл бастау «Қамбар әулие» деп аталады. Ал тағы бір аңыз бойынша, бір кездері шұңқырдан қазанның 4 құлағы көрініп, тұрыпты деп аңыз етеді. Соңғы кездері шұңқырдан қазанның екі құлағын көрдік дейтіндер де кездесуде. Ол үнемі көріне бермейді. Ал сол қазанның құлағын көрген адамның тілегі қабыл болады деседі. Тағы бір кереметі, су түбінен жарыс шығып жатқан бұл шұңқырдың суы жанды нәрсе тәрізді әсер етеді. Егер алыстан қарап тұрсаң тып - тыныш жатады. Ал адам жақындаған сайын бейне бір жан біткендей түбінен суы бұрқырап қайнап шыға бастайды. Сынамақ болып алыстай бастасаң, ол да ашуы қайтқандай момақанси қалады.

Міне, осындай ғажап мекен соңғы кездері қамыс құрақпен, қоқыстың астында қалып барады. Кеңес Одағы өмір сүрген уақытта «Завета Ленина» колхозы мен «Красная звезда» колхозының жұмысшылары бірігіп, жылда көктем айында көлдің айналасын, қураған ағаштарды, су ішіндегі балдырларды тазалап отырған. Сонымен қатар бастау көздерін ашып отырған. Күні бүгінге дейін осы бұлақтың суын Шарафкент, Балықшы және Жаскешу ауыл тұрғындары ауыз суға пайдаланып келеді.

Табиғаты, жануарлар және өсімдіктер дүниесі
Балықты көлінің табиғаты тамаша. Бірақ соңғы кезде адамдардың салақтығынан, табиғатқа немқұрайлы қарағандықтарынан балықты көлінің маңы экологиялық аймаққа айналып отыр. Осыған байланысты Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің №76 орамының мемлекеттік инспекторы Кашапов Құлсүлейменнің сіңірген еңбегі зор. Балықты көлінің айналасында өрік, жабайы долана, емен, жылауық тал, алхор ағаштары бар.
Жануарларға келетін болсақ, азайып құруға айналып бара жатқан құстар бөдене, қырғауыл, дегелек, жабайы үйрек, қасқалдақтар бар. Балықты көлі маңында жырқыш құстардан жаман сары кездеседі. Сонымен қатар қырғи, қаршыға, киелі үкі де кездеседі.

Балықты көлінде мекендейтін балықтар түріне келетін болсақ, балықтардың 9 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Балықты көлінде сазан, майшабақ, кеңмаңдай, тұқы, қаракөз және ерте кезде патшалар балығы аталған (патшалар арнайы алдырып жеген) маринка деген балық бар.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деп аталарымыз айтып кеткендей көл жағасындағы ірілі ұсақты бұлақ көздерін тазартып, мөлдір де кәусар бұлақтың емін - еркін ағуына оқушылар да өз қол ұштарын беруде. Бұл оқушыларды мектебіміздің биологы Еркебаева Нағима ұйымдастырып, көл жағасы беткейлерінде отырғызылған жеміс ағаштары мен тал - теректерінің күтіміне жерін қопсытып, бұтағын бұтау жұмыстарына қолғабыстарын беріп, жауапкершілікпен қарап жүр.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Жаскешу ауылы, Түлкібас ауданы
С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
10 сынып оқушысы Лес Ақлима Нұржанқызы
Жетекшісі: Мауленқұлова Гүлжан Пернеханқызы .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?