Психология | Қиын балалар оларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары

 Психология | Қиын балалар оларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары

1. «Қиын» балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.
Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
Мінез-қүлқында қиыншылығы бар окушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қиын оқушылардың өскен ортасын, яғни отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай: бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі.
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Жеткеншек жастаға оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы; қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі; шектен тыс қамқорлық т.б. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен оқушы ешқандай күш жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе алмайды (отбасының еркесі). Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады («золушка» - «өгей қыз»). Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жүмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б.Г.Божович, И.С.Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.
Д.Б.Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста оқушылар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер оқушы мұғалімнің сыныпта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде оқушылар мүғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мүғалімнің айтқаны олар үшін - заң. Егер де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын тартатын оқушысы басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады.
Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлга ретінде калыпасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез - құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан, ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен.балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-қүлқының калыптасуында қиындыктар пайда болады.
Егерде зерттелу нәтижесінде мінез-кұлқында киындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі калыпты болады.
Көбінесе баланың мінез-кұлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл - отбасы кемшілігі.
Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын жеткіншек жастағы сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік-психологиялық дезадантацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына мінез-құлық бұзылуының клиникалық және кримонологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л.С. (1928ж) еңбектерінде талқыланды, сондай –ақ макаренко а.с. тәжірибелерінен де ұлкен орын алды. Бұл мәсленің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Баланың жеке қасиеттерінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.
Мысалы, бұл тұрғыда Әль-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, бала да ең алдымен өсіп өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Ана құрсағында-ақ тән сүйегі, біртіндеп дән, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлы не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бүл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір- бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылык орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарга ұшырайды: болашақта кім болатынын, омірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым- қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мүндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелердің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінін ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жсткіншекте «өзін жарым-жан сезінуі деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңіндс балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. (Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар:осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп
мүғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткінішектің, айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді. .
Жеткіншек жастың ерекшеліктері: барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі; үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы; үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. (Олар: Балалардың оқудан баска айналысатын шаруасының болмауы. Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты орын алып отыр.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Мінез құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек.
Конформдық түрге жататын балаларға қайырымдылық, жақсылық жасалынатын қатынастар, олардың адалдық және ынталылылықтарын мадақтап, дем беретін қолайлы орта болуы қажет.
Мазасыз түрге жатататын балалар тыныш, қайырымды жағдайды қажетсінеді. Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал.
Мұғалімдер мен тәрбиешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және әлеуметтік мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара қатынастарын «жақсартуға» көмек қолын тигізуі керек.
Инфантильді түрге жататын балалардың тұрақты оқуға деген қызығушылығын, мультивациясы мен дағдысын кеңейту, белсенді ойлау әрекеттері мен ойын әрекеттеріне еліктіру, қызығушылықтарын арттыру, дербестікке ынталандыруды қалыптастыру қажет.
Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластықққа лайық екенмін деп санайды, ал егер керісінше оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа түк қалмайды және бұл жағдайды баланың реакциясы әртүрлі (апатия, синизм (шектен шыққан арсыздық),агрессия және т.б.) болады.
Қазіргі зерттеулерге қарағанда тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиа баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтықққа соқтырады. Міне, тәртіп бүзу содан паида болады. Тәртіп бүзушылқтың салдарының негізгі-сабаққа үлгере алмаушылқ. Кейбір оқушы қатар – құрбыларынан сабақта артта қалып қойып тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды. Өйткені тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық ата-ана бірлігінің жоқтығына жәнебаласына қойған талаптың әр түрлі болып келуіне байланысты.
Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастырғанда, оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын, олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс. Оқушының ішкі позициясы жеке адамның дербес қасиеті болып саналады.
Совет психологы С.Л.Рубинштейннің «детерминизмді» түсіну заңына талдау беріп, сыртқы себептері ішкі жағдайдың тікелей қатысуымен шешіледі» – деуі ден қоярлық. Өйткені, жеке адамның ішкі жағдайы сыртқы әсерлерге таңдамалы түрде қарайтындығымен айқындалмақ. Сондықтан, қайта тәрбиелеу процесінің нәтижелігі педагогикалық ықпалдардың жеке адамның ішкі жағдайларына байланысты жоспарлы, мақсатты түрде ұйымдастырылуы арқылы шешілмек.
Ол үшін, қиын оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселе төңірегінде белгілі совет психологі к.к.платоновтың көзқарасына жүгінсек, «жеке адамның психологиялық құрылысы төрт бірліктен тұрады екен. Олардың біріншісі – жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері / физиологиялық ерекшеліктері /;екіншісі – адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау т.б. Қабілеттері /биологиялық .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?