Жарқын елдің шамшырағы –жас маман
Адамзат баласының даму тарихы тамырымен тереңге байлап кете бермек. Сонау тас дәуірінен бергідегі сақтарға дейін, одан қалса бүгінгі айбыны асқар,тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның күнінде де адамзат баласының бармасына ортақ бір қабілет, бір сезімі бар. Ол – білімге құштарлық, бір нәрсені білуді, тануды қалау сезімі.Қай заманда, қай дәуірде болмасын адам білім іздейді, ізденіске талпынады. Дәл осы білім қуу жолында адамның арқа сүйер жаны мұғалім екені сөзсіз. Бұл мамандықтың қашан пайда болғаны белгісіз. Ол бар еді, бар бола бермек. Тіпті, ұстаздық әлеммен бірге жаратылғандай. Сонау Ескендір Зұлқар найынның ұстазы болған Аристотель де, әлемнің екінші ұстазы атанған Әль-Фарабиде, ұлы Қожа Ахмет Яссауиде ұстаз алдын көрген, ұстаздықтың алдында бас иген. Бұл мамандықтың маңыздылығы осындай ұлы тұлғалар арқылы әрленбек. Адамның бар болмысын, мінезін, керек десең өмірлік жолын қалыптастыратын ұстаздың міндеті ауыр, әрі мол жауапкершілікті талап етеді. Дәл осы мамандықты таңдау барысында адам өмірі үшін жауапкершілік пен мойынға артылған ауыр жүкті сезінбей болмас. Сезіне отырып еңбек етуде аса маңызды іс. Ал кез-келген ұлағатты ұстаз өз еңбек жолын жас маман ретінде бастайтыны белгілі.
Мен – жас маман. Өз мойныма ауыр іс ұрпак тәрбиелеуді алған қадірлі мамандақтың иесі. Мұғалімнің қазіргі таңдағы ойнайтын рөлі өте жоғары. Себебі, ел болашағы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі менің мойнымда салмақ болып тұр. Ата-ана, ел, тіпті, әлемнің алдында мен үлкен жауапкершілік иесімін.Елдің қарыштап дамуы да, құлдырап жоқ болуы да менің шәкірттерімнің қолында. Сондықтан, мен ұрпаққа тең білім беру емес оған қоса тәрбие де беру керектігіне баса назар аудардым. “Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,”-дейді Әль-Фараби. Әрбір мұғалім оқушының тек біліміне емес өміріне тікелей жауапты. Сен шәкіртті үлкен өмірге қалай даярласаң ел солай кетпек. Сен оқушының жолын айқындайтын шамшырақ бола біліуің керек. Шәкірт елге пайдасы тиер азамат болса да, бәлки тура жолдан тайған адам болар, бәрібір ұстаз есімі сол адаммен қатар аталмақ. Себебі оның шамшырағы сенсің. Бірақ, сен қандай шамшырақ болдың? Алыстан жалт көрінетін жарық па әлде түтіндеп бықсыған отпа? Міне, ұстаздың міндеті ауыр екеніне тағы бір көзіміз жетті. Неге жас маман жарқын елдің шамшырағы? Атап өткендей болашақ ұрпақтың қолында, ал ұрпақ біздің, жас мамандардың қолында. Мен өз шәкірттерімнің есінде жай ғана мұғалім емес, ұлағатты ұстаз ретінде қалғым келеді. Қарапайым өз сабағын беріп кеткен адам емес, болашақтың ұрпағын біліммен сусындатқан ұстаз болғым келеді. Сол себептен осы жолда аянбай еңбек етемін.Мен - жас маман келешектің шамшырағымын. Мен – бүгінгі жас маман, ертеңгі ұлағатты ұстаз!

Автор: Аманжол Ескендір Асқарұлы
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?