Педагогика | ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

 Педагогика | ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3-5

ТАРАУ І. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.«Қиын бала» ұғымына түсінік..........................................................................6-9
1.2.Қиын балалардың пайда болу себептері........................................................9-15


ТАРАУ ІІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

2.1. Мұғалімнің қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері........................................................................................................16-23
2.2. Мұғалімнің қазіргі мектептегі қиын балалармен тәрбие жұмысын жүзеге асырудың жолдары..............................................................................................23-26

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................27-29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................30-31
ҚОСЫМША..........................................................................................................32-34


ТАРАУ І. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. «Қиын бала» ұғымына түсінік

«Қиын бала» дегеніміз кім? Осы бір сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды және жалпы жұртшылықты жиі толғандырады, әрі оған бір-екі ауыз сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз. Өйткені баланың «қиын» аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.
Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезендеріндегі өсу, даму эволюциясынан өтеді. Сол кездерде жанұядағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер мен оқу-тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың қалыпты жағдайдан ауытқуына себепші болады. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескер-меу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктер байқалмай кетіп жатады.
Әсіресе, отбасында қалыптасқан микроклимат (жанұя мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, үй тіршілігіи әр-қайсысының шама-шарқына қарай бөлісіп атқаруы, адамгершілік қадір-қасиеті, қоршаған ортаға көзкарасы, дүниетанымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет-дағдылары баланың мінез - құлқының жақсы, не жаман болып өсуіне көп ықпал етеді. Өкінішке орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Дұрыс жанұя болса да, бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай қалатындары да кездеседі. Біраз жанұяларда мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз қылықтар орын алады. Ендеше қиыи баланың пайда болуындағы объективтік және субъективтік факторлар ретінде мынадай себептерді айтқан орынды. Біріншіден, білім мен мәдени өресі төмен ата-аналар баласының ішкі жан-дүниесіне үңілмей, педагогикалық зандылыққа сыймайтын талап-тілек қояды, әрі оны сөзсіз орындауын талап етеді. Бұл жердегі қателік балаға қойылған талаптың оның жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу-келмеуін ескермеуде. Соның салдарынан бала жанұя ортасында адамгершілік қадір-қасиеттері мен эстетикалық сезім-талғамдары, логикалық ой өрісі жағынан өмір талабына сай өріс ала алмайды. Оған дәлел, педагогикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша үнемі ұрыс - жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбірлеу кездесіп тұратын жанұяларда өскен балалардың, 40-43 пайызы, ішімдік орын алған ортада өскен балалардың 30 пайызы, жезөкшелік пен моральға қайшы әдеттермен айналысатын ата-ана өсірген балалардың 12 пайызы "қиын бала" аталады. Оларға тән қасиеттер-дәрекілік, қатыгездік, ұрлық, жалқаулық, қиқарлық, тағы басқа жағымсыз мінездер[1].
Көптеген ата-аналар өндірістік еңбектен бала тәрбиелеуге қолы босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны желеу ететіндердің көпшілігі баласының кешкісін және бос уақытында немен айналысатынын, кімдермен бірге жүретінін біле бермейді. Елімізде еңбекпен айналыспайтын адам кемде-кем, өндірістік міндетін атқара жүріп тәрбиелі, іскер, білімді, мәдениетті ұрпақ есірген ата-аналар да мыңдап саналады. Олардан үйренетін жақсы дәстүр - баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермеуі (музыка, спорт, түрлі үйірме жұмыстары), әрі үйдегі үлкенді-кішілі мәселенің бәріне баланы араластырып, ортақ мүдде үшін міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеуі.
Баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Олардың 13-14 жасқа аяқ басқандағы бір ерекшелігі, жора-жолдастарымен оңаша сұхбаттасуға, әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі басталады. Сондай сәтте жолдастары кім, қай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп режимінде белгіленген уақыттан аспау сияқты тәртіпті ескермеген ата-анаға баласын уысынан шығарып алу қиын емес. Ал бетімен жүрген, әсіресе түн жарымға дейін көше торыған қаңғыбастар қоғам, заң тәртібін бұзуға бейім келеді немесе баланың сондайлардың ықпалына тез түсуі де ғажап емес.
Ата-аналар көңіл аударатын мәселенің бірі - жанұяда бір,не екі, немесе көп бала болудың тәрбие ісіндегі орны. Белгілі педагог А.С. Макаренко жанұяда жалғыз баланы тәрбиелеуден бірнеше баланы тәрбиелеу әлдеқайда жеңіл екенін дәлелдеген. Өйткені көп балалы үйде ұжымдық, бір-бірімен санасу сияқты жанұя дәстүрі ұсталып, тәрбие жүйесі жинақталады.
Ағалы- қарындасты, інілі-сіңлілі бауырластар біріне-бірі көмектесіп, сүйеніш болу арқылы бауырмалдық сезімде, шаруаны бөлісіп атқару арқылы ұжымшыл ниетте, бір-бірлерінің кемшілігін көргіш, жақсы өнегесінен үйреніп өседі. Ал жанұядағы жалғыз бала менменшіл, өркекірек, ішінара еңбекке құлқы жоқ, енжар жан болып қалыптасады. Мұндай балалар алдауға тез түседі, "алақаны ашық", керек болса жолдастарына қажет нәрсені үйінен тасып береді. Сөйтіп жүріп "қиын" балалардың ықпалына түсіп қалады.
Еңді осындай жолдармен "қиын" бала аталғандарды қайта тәрбиелеуге бола ма деген мәселеге тоқтала кетейік. Жанұяда қандай, қай жастағы бала болсын онымен санасып, оның жеке ерекшелігін ескеріп, ақылдасып отырған мақұл. Жеткіншек бала өзінің өмір тәжірибесінің аздығына, білімінің әлі таяздығына қарамай "ересектерден кем білмеймін, қолымнан бәрі келеді" деп есептейді. Бұл кезенде айтылған құрғақ ақылға құлақ қойғысы келмейді. Баланың осы кездегі ерекшелігін педагогикалық талапқа сай басқара білмеген адам оны түзеудің орнына бұзып алуы қиын емес. Мысалы, әке ұлының, шеше қызының жан дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе, баланың үлкенге деген сенімі күшейеді. Зор сенім мен құрметке ие болған ата-ана мен педагог баланы жан-жақты дамытуға мүмкіндік табады. Сол сияқты әр баланың өзінің ерекшелігі бар, оны байқай білу де, соны орайына қарай дұрыс бағытқа сілтей білу де шеберлікті қажет етеді [2].
Қандай қиын бала болса да оның ар-ожданына тимей, жеке ерекшелігін ескеріп, икемі бар жаққа қарай баули білу, қоғамдық пайдалы істерге икемдеу тыңдырған ісіне баға беруде де қырағылық таныту, оның алдында айқын мақсат қойдыра білу және оған көмектесу сияқты сан-саналы, тынымсыз жұмыс арқылы ғана мақсатқа жетуге болады.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1.Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескер-меу, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады. Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендеуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден-бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын-отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу.
2. Тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
3. Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян.
Қиын балалармен ұстанымдарын өзгертудегі мұғалімнің атқарытын іс-әрекеттері:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап-тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу-тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез-құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай-ақ ата-ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді. Тағы бір әдіс-қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік-тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
- екінші кезең–қиын оқушылар мен көш жора–жолдастары арасын-дағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.
Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қы-лықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.
Соңғы кезең бекіту кезеңі, әрбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерістер болған сайын, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.

1.2.Қиын балалардың пайда болу себептері

Біріншіден отбасында тәрбие ісіне жеткілікті көңіл бөлінбеуден, яғни тұрмыстағы дау– жанжал, ата–аналарының маскүнемдікке салынуы немесе олардың біреуінің болмауы кері ықпал жасайды. Осы орайда ғалым–педагог В. В. Трифанов тәрбиесі нашар балалардың пайда болуына қоршаған шағын ортасы (микросреда), отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсете отырып, өзі жүргізген зерттеу жұмыстарының барысында қиын балалардың 44% - да толық отбасы болмағанын, 30% - да жақын туыстарының біреуі (әкесі, шешесі немесе ағасы) заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15% - да әке–шешесінің біреуі ішімдікке салынғанын анықтаған. Бұдан шығатын қортынды, қиын балалардың пайда болуының негізгі себебі-отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы. Сонымен бірге, В. Трифонов қиын оқушының пайда болуының физиологиялық, психосоматиялық негіздері бар екендігін де ескертеді [3].
«Қиын» балалардың шығу себептеріне ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары да бей-жай қарамаған. Ж.Аймауытов: «Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты бұзақылықтарды жасауы тәрбиенің жетіспегендігінен... баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт–жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке–шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады» деген орынды пікір арқылы бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше мән берген.
Екіншіден. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, мектеп әкімшілігінің тарапынан жекелеген оқушылар-дың мінез-құлық ерекшеліктерін, талап-тілектерін, қызығушылықтарын ескермеуден туындайды. Сондай-ақ, мектеп пен отбасының арасындағы байланыстың дұрыс жолға қойылмауы да әсер етеді. Үшіншіден, бұқара халықтың, қоғамдық ұйымдардың тәрбие ісіне немқұрайлы қарауы, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінбеуден туындайды.
«Қиын» балалардың пайда болуының әлеуметтік себептерімен бірге, экономикалық жақтарын да ескеру керектігі туралы белгілі педагог А. С. Макаренко былай дейді: «Ерекше заң бұзушылар жоқ, тек қиын жағдайға тап болған адамдар бар, яғни белгілі бір ортасыз, достарынсыз қалған, жанашыры жоқ, тұрмыстың бар ауыртпалығы бір өзінің мойнына түскен, өмірлік тәжірибесі жоқ кез-келген бала заң бұзушылыққа барады».
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады. Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б.Г.Божович, И.С.Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Д.Б.Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста оқушылар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер оқушы мұғалімнің сыныпта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде оқушылар мұғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мұғалімнің айтқаны олар үшін-заң. Егер де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын тартатын оқушысы басқалар-дан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады. Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан, ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен, балада елестету-дің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-құлқының қалып-тасуында қиындықтар пайда болады. Егерде зерттелу нәтижесінде мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі қалыпты болады. Көбінесе баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланыс-ты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл - отбасы кемшілігі [4].
Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын жеткіншек жастағы сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л.С. (1928ж) еңбектерінде талқыланды, сондай–ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бұл мәсленің ары-қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама. Баланың жеке қасиеттерінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Мысалы, бұл тұрғыда Әль-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, бала да ең алдымен өсіп өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Ана құрсағында-ақ тән сүйегі, біртіндеп дән, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай–осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды [5].
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиет-терге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелердің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінін ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің біркелкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарым-жан сезінуі деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп немесе бір жағына қисайып жүреді. Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармон-дарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселе-лердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады [6].
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшелік-терін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар: осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады. Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткінішектің, айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.
Жеткіншек жастың ерекшеліктері: барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі, үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы; үлкендерге сын көзбен қарап олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі [7].
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар: балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы. Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтін-дігі. Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты орын алып отыр. Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Мінез құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек. Конформдық түрге жататын балаларға қайырымдылық, жақсылық жасалынатын қатынастар, олардың адалдық және ынталылылықтарын мадақтап, дем беретін қолайлы орта болуы қажет.
Мазасыз түрге жатататын балалар тыныш, қайырымды жағдайды қажетсінеді. Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал. Мұғалімдер мен тәрбиешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және әлеуметтік мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара қатынастарын «жақсартуға» көмек қолын тигізуі керек.
Инфантильді түрге жататын балалардың тұрақты оқуға деген қызығушы-лығын, мультивациясы мен дағдысын кеңейту, белсенді ойлау әрекеттері мен ойын әрекеттеріне еліктіру, қызығушылықтарын арттыру, дербестікке ынталан-дыруды қалыптастыру қажет. Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?