География | ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ ТАБИҒАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мазмұны
КІРІСПЕ
I. Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
1.1 Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстардың зерттелу әдістері
1.2 Тік және көлденең бағыттағы қозғалыстардың арақатынасы
II. Сейсмикалық қозғалыстар және неотектоника
Жер сілкінісі түзілуінің геологиялық табиғаты
Жер сілкіністер ошақтарының географиялық таралуы
III. Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстардың табиғаты
3.1 Литосфералық плиталар тектоникасына байланысты қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
3.2 Тұзды тектоникасына байланысты қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
3.3 Адамның әрекетіне байланысты жасанды жер сілкіністер
IV. Қазақстанның оңтүстік шығыс аймақтарының сейсмикалық сипаты
4.1 Сейсмикалық қауіпті аудандар
4.1.1 Алтай сейсмикалық ауданы
4.1.2 Жоңғар Алатауы сейсмикалық ауданы
4.1.3 Солтүстік Тянь-Шань сейсмикалық ауданы
4.1.4 Жамбыл-Шымкент сейсмикалық ауданы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
Неотектоникалық қозғалыстардың табиғатын түсіну үшін алдымен қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстарды және неотектоникалық қозғалыстардың бүгінгі таңдағы айқын белгісі сейсмикалық қозғалыстарға назар аудару қажет.
Жоғары айтылғандай қазіргі тектоникалық қозғалыстар деп қазіргі кезде тікелей көзбен шолып байқалатын, сонымен бірге аспапты бақылаумен зерттелетін жер қыртысының қозғалысын айтады. Мұндай қозғалыстар әр түрлі аспаптарды қолдану арқылы зерттеледі. Бұл қозғалыстардың бірнеше зерттелу әдістері бар.
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстардың зерттелу әдістері
Тарихи-археологиялық әдіс. Голландияда теңіз деңгейі ұдайы көтерілгендіктен Х ғасырдан бастап, онда тұратын халықтар теңіз шарпуынан қорғаныс ретінде жағалар бойында бөгеттер орнатқан. Теңіз жағасы төмен түскен сайын бөгеттердің үстіне құм, тас салып жалғастыра берген. Сол кездегі салынған қорғаныс бөгеттердің биіктігі қазіргі кезде 15 метрге дейін жеткен. Сонда есептей келгенде осы аймақтың жылдағы төмендеу жылдамдығы 0,5 – 0,7 миллиметр шамасында болған. Қара теңіз жағалауындағы ежелгі гректер отарларының теңіз астында қалғаны баршамызға аян. Сондай – ақ Индияда теңіз жағасындағы кемелер тоқтайтын гаваньдар жердің көтерілуі нәтижесінде біртіндеп тайыздап, порт құрылыстары теңіз жиегінен бірнеше километрге дейін алыстай берген.
Құрылыстық - картографиялық әдіс. Балтық теңізінің деңгейі неотектоникалық қозғалыстар әсерінен өзгерілуінен Аланд аралдарының ХIХ және ХХ ғасырларда сызылған карталарын салыстырғанда құрлықтың көлемі өткен ғасырға қарағанда едәуір ұлғайғаны байқалған.
Су деңгейін өлшейтін бақылау өдісі. Теңіз деңгейінің көтеріліп – төмендеуін жағаға орнатылған, тең сызықтарға бөлінген рейкалармен және футштоктармен өлшеп отырады. Әдетте теңіз деңгейінің қалпын өзі қағазға түсіріп отыратын мареограф деген аспап қолданылады. Осы аспаптар арқылы алынған мәліметтер бойынша Фенноскандинавиядағы Ботника шығанағының орта және солтүстік бөліктері (жылына 0,8 мм көтерілуде) (3.1-сурет). Ежелгі теңіз террасалардан және көл алаптарының таспалы саздардан алынған қосымша мәліметтері бойынша 9000 жыл аралығында Фенноскандинавия аумағның дөңесті тәрізді көтерілу амплитудасы 250 м болған. Мұндай изостазиялық көтерілу қазіргі заманға жақындаған сайын бәсеңдей берген. Мәселен, 9000 жыл бұрын көтерілу жылдамдығы жылына 13-8 см болса, 7-6 мың жыл бұрын көтерілу жылдамдығы жылына 2 см – ге дейін төмендеген, ал қазір 1 см шамасында.
3.1 сурет – Фенноскандия көтерілуінің изосызықтары (А.А. Никонов бойынша, 1977) а) соңғы 5000 - 7000 жылдар (метрлер бойынша); б) қазіргі кезеңде (мм/жыл), қайта нивелирлеу мәліметтер бойынша жылына 0.8 мм жылдамдықпен теңіз деңгейінің эвстатикалық көтерлілуінің есептеумен бірге.
Қайталанып жүргізілетін жоғары дәлдікті нивелирлеу әдісі. Құрлықтағы жер қыртысының қазіргі кездегі тербелмелі қозғалыстары мезгіл-мезгіл қайталанып жүргізілетін нивелирлеу әдісі арқылы өлшенеді. Осы әдіс бойынша екі мезгілдің арасындағы жер бері биіктік пунктер салыстырылады. Басқаша айтқанда, біршама уақыт аралығында 1 сызық бойымен жүргізілген нивелирлеу нәтижелерін салыстыру, жекелеген пунктердің биіктік жағдайда өзгергендігін көруге мүмкіндік береді. Бұл әдісті кез келген аймақтарда қолдануға болады. Сенімді нәтижелер 10-20 жылдардан кейін қайталама нивелирлік жүрісінің (повторник нивелировочных ходов) салыстыру кезінде алынады. Егер нивелирлік жұмыстар екі емес, бірнеше рет жүргізілсе, бұл жағдайда тек алғашқы және соңғы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар аралық мәліметтерді салыстыруға болады. Осылайша әр уақыт аралығындағы тектоникалық қозғалыстардың орташа жылдамдықтары өлшенуі мүмкін. Мысалы, Алматы- Ыстықкөл маршруты бойымен жүргізілген қайталама нивелирлеу кезінде келесі нәтижелер алынған:
1952-1964 ж.ж..............................................................................+4 мм/ж
1964-1972 ж.ж..............................................................................-12 мм/ж
1972-1974 ж.ж..............................................................................+32мм/ж.
Сонымен, 1952 жылдан 1974 жылға дейінгі кезеңдегі қозғалыстардың орташа жылдамдығы +0,8 мм/жылына тең, ал 1964 жылдан 1974 жылға дейінгі орташа жылдамдығы -3 мм/жылына тең. Мұндағы «+» белгісі тектоникалық көтерілімді, ал «-» белгісі төмен түсуді көрсетеді. Бұдан өлшенетін аймақтағы қазіргі кездегі қозғалыстардың тербелмелі сипатын көруге болады.
Қайталама нивелирлік жұмыстары ТМД елдерінің Еуропалық бөлігінің батыс, оңтүстік–батыс және оңтүстік аймақтарында, Орта Азияда, Шығыс Еуропа елдерінде көптеген бағыттар бойынша жүргізілген.
Қазіргі кезде көп елдердің өлкелерінде өте дәл аспаптар қойылған арнаулы полигондар құрылып, оларда тек бағытты тербелістермен қатар жазық бағыттағы қозғалыстар да зерттеледі. Әсіресе қазіргі тік бағыттағы тербелмелі қозғалыстар туралы қажетті деректерді темір жол бойымен қайталанып жүргізілген нивелирлеу жұмыстары арқылы алынады. Осындай нивелирлеу жұмыстары Москва-Ленинград, Москва-Одесса, Москва-Керчь, Москва-Таллин, Алматы-Новосибирск темір жолдар бойымен жүргізілген. Бұрынғы Кеңес Үкімет Одағы аумағының Еуропалық бөлігінде бірінші нивелирлеу жұмыстары 1913-1932 жылдары өткізілген, ал 1945-1950 жылдары ол қайталанып жүргізілді.
Кейінгі кезде құрлық ішіндегі алынған деректер теңіз жағалауында орналасқан Таллин, Одесса, Петербург, Керчь қалаларының футштоктарымен салыстырылады. Соның нәтижесінде 1963 жылы Кеңес Үкімет Одағы аумағының Еуропалық бөлігінің қазіргі тектоникалық қозғалысының қартасы жарық көрді (3.2-сурет). Осы қартаның деректері бойынша Каспий маңы көтеріліп, Орал аймағы төмендеген. Орыс тақтасының кейбір үлескілері жылына 10 мм көтеріліп, ойпаттар 5 мм-ге төмендеген. Кавказ жотасы орта есеппен жылына 10 мм-ге дейін жоғары көтерілген, ал Колхида және Кура ойпаттары 6,2 мм-ге дейін төмендеген. Тянь Шань, іле Алатауының жылдық көтерілуі Кавказ тауынан кем түспейді.
3.2 сурет – қайталама жүргізілген нивелирлеу нәтижесінде Шығыс Еуропаның қазіргі заманғы вертикальді қозғалыстардың карта-сұлбасы (Ю.А.Мещеряков, 1974).
Жер беті әр аймақтарының қазіргі көтерілу мөлшеріне қарасақ, ауыз толмас жартымсыз сияқты. Бірақ тербеліс құбылыстары жүздеген, мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған жылдар бойы үздіксіз болып тұратынын ескерсек, жылына 10 мм қозғалыстан бір миллион жылда, біздің Іле Алатауы іспетті және одан да аса биік таулардың қарқынды көтерілгеніне көз жеткізуге болады.
Қазіргі заманғы тік бағыттағы қозғалыс қарталары шетелдерде де, АҚШ-та, Канада, Ұлыбритания, Жапония да және т.б. елдерде жасалып шығарылған. Қайталанба нивелирлеу жұмыстары сонымен қатар сейсмикалық аймақтарда жер беті деформациясын арнайы зерттеу үшін жүргізіледі. Осы жағдайда жер сілкіну аймақтарында қатпарлау және үзілмелі деформациясының зерттеліп айқындалуына мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жер қыртысының қазіргі тербелмелі қозғалыстарын өлшеу жұмыстары көптеген елдерде халықаралық бағдарлама бойынша жүргізілуде. Халықаралық бағдарлама мен халықаралық деңгейде зерттеуді ұйымдастыру көбіне кеңес үкіметі кезінде орыс ғалымы Ю.А. Мещеряков үлес қосқан.
Қазіргі тербелмелі қозғалыстар барлық материктерде жүріп жатыр. Олардың жылдамдығы жылына бірнеше мм (кейде жылына 1 см және одан да жоғары) аралығында тербеледі. Қазіргі көтерілмелердің ең жоғары жылдамдықтары Балтық және Канада қалқандарындағы соңғы жамылғы мұздықтық аймақтарында таулы өңірлерде байқалуда, дегенмен қазіргі қозғалыстар жылдамдықтарының таулар мен жазықтарда айтарлықтай жүйелі айырмашылықтар жоқ. Тербелмелі қозғалыстардың негізгі көрсеткіші – олардың градиенті, яғни олардың аралығындағы қашықтық пен уақыт бірлігіне тәуелді екі нүктенің салыстырмалы биіктігінің өзгерісі.
[қашықтық] = 1 , яғни, [1] = 1
[уақыт] х [қашықтық] [уақыт] [t]+[1] [t]
Егер уақыт бірлігі ретінде жыл жазылса, онда градиенттің өлшемі жыл־¹ болады.
Негізінде қазіргі тербелмелі қозғалыстардың градиенттері 2· 10ˉ8 -ден 5·10ˉ8 жылˉ1 аралығында өзгереді. Бұл аралығы 100 км, қашықтықты құрайтын екі биіктік нүктесінің аралығындағы өзгерістердің 2-3 мм/ж өсуіне сәйкес келеді. Дегенмен, қазіргі қозғалыстарды егжей - тегжейлі зерттеу, жер қыртысының азды - көпті қозғалатын көлемі ондаған километрді құрайтын жақпарлы массивтерге бөлінуін көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі қозғалыстардың градиенттері жақпарлы массивтерді бөліп тұратын тектоникалық жарылымдарда кенет артады.
Тік және көлденең бағыттағы қозғалыстардың арақатынасы
Бүгінгі таңда тік бағыттағы қозғалыстардан басқа жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарында көлденең бағыттағы, яғни горизонтальды қозғалыстар маңызды рөль атқарады. Горизонтальды қозғалыстарды анықтау үшін қайталама триангуляция кейіннен қолданылған. Қазіргі кездегі трангуляциямен қатар трилатерация, яғни үшбұрыштың бір ғана қабырғасы емес, оның барлық қабырғасы өлшенді [48]. Әсіресе ірі жер сілкіністерден кейін тік бағыттағы, сондай-ақ көлденең бағыттағы ығыспалар айқын байқалады. Олар кейде метрлермен өлшенеді (1954ж. Гоби-Алтайдағы және 1964ж. Аляска жер сілкіністерінен кейін тік бағыттағы қозғалыстар 10-м-ге жетсе горизонтальды қозғалыстар Аляска жер сілкінісінен кейін 21м-ге дейін жеткен). Қазіргі уақытта горизонтальды қозғалыстар лазерлік қашықтық өлшеуін (лазерный дальномер) арқылы зерттелінеді.
Әдетте горизонтальды қозғалыстардың жылдамдығы тік бағыттағы қозғалыстардан кем түспейді. Егер оң және теріс бағыттағы вертикальды қозғалыстар тербелмелі сипатымен ерекшеленсе, горизонтальды қозғалыстар бір бағытта болып келіп, белгілі уақыт аралығында оның жиынтық амплитудасы тік бағыттағы қозғалыстардан асып түседі. Памир және Тянь-Шань таулардың түйіскен зонасындағы Гарм полигонында Памирдың Тянь-Шань тауына қарай жылжуы шамамен 2 см/жылға тең.
Алайда, горизонтальды қозғалыстарының тұрақты бағытта сақтаулы жайлы ой пікірлер әлі талқылау үстінде. 1932ж. Токиодағы жер сілкінісінен кейін горизонтальды қозғалыстардың қысқа мерзім аралығында өздерінің бағыты ауысқаны байқалады. Бұл жайында литосфералық тақталардың ығысуы ерекше қызығушылық тудырады. Литосфералық тақталардың ығысуын кадімгі астрономиялық әдіс арқылы, яғни әр континентте орналасқан пунктердің географиялық, координаттарын қайталама анықтау әдісі сенімді болмай шықты. Қазіргі кезде басқа да әдістер қолданылуда, 80-жылдардың ортасынан бастап ғарыштық геодезия жер қыртысының горизонтальды қозғалысының жылдамдығы мен бағытын анықтайтын негізгі әдістері ретінде қолданылады. Жердің жасанды серіктерде және Айдың үстінде орнатылған лазерлік шағылыстырғыш әдісі арқылы (SLR-Satellite Laser Ranging) алғашқы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Содан кейін біраз мәліметтерді квазарлардан шығатын радиосигналдарды тіркеуге негізделген ұзынбазалы интерферометрия әдісі (метод) ұзынбазалы (интерферометрии) әдісі арқылы (VLBI)1 алынды. Литосфералық тақталардың салыстырмалы түрдегі қозғалысының анықтау дәлдігі осы әдістер арқылы жылына сантиметрлерге жетті. Тақталар қозғалыстарының жылдамдығы әдетте жылына бірнеше сантиметрге (кей тақталардың 10 см/жылына) дейін жетті. Жоғары дәлдікті мәліметтерді алатын басқада радиотолқынды (Доплер эфектісін қолдайтын) жүйелер бар. Олар бүкіл әлемге таралған станциялардан (DORIS)2 қазіргі аппараттармен жабдықталған бірнеше жасанды серіктерді үздіксіз бақылау арқылы пайдаланады. Соңғы кездерде АҚШ-та жасалған Ғаламдық бақылау жүйесі (GPS)3 24 жасанды серіктерді біріктіретін және олардан шығатын сигналдар арқылы бақылау нүктенің орнын және оның теңіз деңгейінен биіктігін анықтайтын мүмкіндік туды. 1994 жылдан бастап GPS Халықаралық қызметі жер бетінің геодинамикасын зерттеу мақсатында тірек нүктелерін ғаламдық жүйеге дәл байланыстыру үшін пайдаланылады, бұл жүйелердің негізгі тәсілі – ITRF4 – GPS әдістерді қолдану барысында жер қыртысының қазіргі заманғы қозғалыстар жайында біршама толық мәліметтерді беріп, тектоникалық талдау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады (3.3-сурет). 2002 жылы түрлі ғарыштық геодезия әдістеріне негізделген литосфералық плиталардың салыстырмалы қозғалыстары жайында жалпы модель – REVEL5 құрастырылды. Лмтосфералық плиталардың қазіргі заманғы горизонтальды қозғалыстарын бірнеше тәуелсіз ғарыштық геодезия әдістері арқылы алынғанын айта кету жөн (3.4-сурет).
3.3 сурет – Ғарыштық геодезия (ғаламдық бақылау жүйесі - GPS) мәліметтер негізінде алынған Арабия планетасының (А) солтүстік-батысқа жылжуы әсерінен Ортатеңіз қатпарлы белдеуіндегі таулы массивтерінің қыспаққа алынғаннан горизонтальды бағытта қозғалып Эгей (Э) субдукция зонасына ығысқан (М.Мак Клуски және т.б., 2000) 1 – қазіргі заманғы қозғалысының векторы (мм/жыл); 2 – Арабия тақтасының шепкі бөлігі; 3 – субдукция зонасы; 4 – бастырмалар; 5 – ығыспалар.
3.4 сурет – Бірнеше тәуелсіз ғарыштық геодезия (DORIS, GPS, SLP және т.б.) әдістер арқылы алынған мәліметтер негізінде литосфералық тақталардың қазіргі заманғы горизонтальды қозғалуы (I) және олардың геологиялық – геофизикалық мәліметтер негізінде (мұхиттағы сызықты магниттік аномалиялармен, NNR – NUVEL моделі) соңғы 3 млн жылдар арасындағы тақталардың қозғалу параметрлермен салыстыру. (Ж.Ф.Крето және т.б., 1998).
Соңғы жылдары жер бетінің қазіргі заманғы қозғалыстар жайында біршама дәл көрсететін дифференциалды интерферометрия (DlnSAR)1 деген ғарыштық әдісі шықты. Бұл әдіс бірнеше ай аралығында жер бетінің бір бөлігінің екі рет немесе оданда көп радарлық түсіру арқылы негізделген. Бедердің өзгерісін осындай суреттердің интерферометриялық жұбын салыстырумен (сравнением интерферометрических пар) анықталады. Қарастырған әдіс тектоникалық, сондай-ақ жанартау әрекетінің, жерасты суларының режимі және таралуына байланысты, мұнай мен газды өндіру, жер асты тау-кен өндірісіне байланысты қозғалыстар туралы маңызды нәтижелер берген.
Жер бетінің тік және көлденең бағыттағы қозғалыстарды зерттеуден басқа оның көлбеулігін арнайы құралдармен – наклонометрмен сондай-ақ деформациясын – деформографпен өлшейді. Соңғысы екі жағынан бекітілген кварцтік өзегі (стержень), оның ұзындығының өзгеруіне орай тіркеп отырады [48].
Сейсмикалық қозғалыстар және неотектоника.
Сейсмикалық қозғалыстар бүгінгі таңда неотектоникалық қозғалыстардың айқын белгісі. Жер қойнауларының потенциялдық энергиясы кенет босануы нәтижесінде пайда болатын жер тербелістерді жерсілкінулер дейді. Жерсілкінудің көпшілігі жердің терең қойнауларындағы тектоникалық қозғалыстардың нәтижесі. Тектоникалық күштер әсерінен туындайтын кернеулер ұзақ уақыт бойына (ондаған, тіпті жүздеген жылдар бойына) жинақталады, осы энергияны кенет босануы жерсілкіну ошағындағы қатты қабаттардың айырылып – ажырауы ошақтан өңірлердегі тау жыныстардың деформациялануын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда пайда болған жарықтар бойымен блоктар өзара ығысып, талай жылдар аралығында жиналған энергия бір сәтте бөлінеді де, жер беті тербеліске келеді.
Литосфера тақталар бір-біріне жақындай жылжып соқтығысқан күнде, бірі екіншісінің жоғарғы бөлігін жұла төмен қарай сүңгіп кеткен жағдайда, әр тереңдікте жер сілкіну ошақтары пайда болады. Ал литосфералық тақталар бірін-бірі бойлай жылжыса, онда тақталардың жиектері тегіс болмағандықтан, олардың жиылуы да бір қалыпты болмай, кідірмелі – үзікті болады. Тақталардың бір-біріне ілініп жылжуы, бұл аймақта белгілі бір мөлшерде энергияның жиылып – босануына; сөйтіп кезекті әрекет сайын жер асты дүмпудің болуына әкеліп соғады. Жер сілкіну ошақтары тақталар бір-бірінен екі жақ бағытта жылжып, айырылып – ажырау әсерінен пайда болған рифттік белдемдер бойында да шоғырлануыда ықтимал.
1755 жылғы қарашаның 1-і күні сағат 9-дан 40 минут өткенде Португалияның астанасы Лиссабон қаласының оңтүстік батысынан күн күркірегенде дыбыс естіліп, іле – шала жойқын сілкініс басталды. Көптеген үйлер және ғимараттар құлап ішіндегі адамдарды басып қалды. Бірінші жүмпудан аман қалған адамдар өзен жағасындағы портты паналады. Бірақ, бірінші сілкіністен кейін 20 минутта уақыт өткенде, екінші дүмпу басталып, қаланың бүкіл жағалауы қас-қағым сәтте су астына батып жоқ болды. Жағалаудың орнында тереңдігі 200 метрге дейін жеткен шығанақ пайда болды.
1948 жылы Ашхабад жер сілкініс кезінде блоктардың тік бағыттағы ауысуы амплитудасы бір метрге жеткен. 1911 жылғы жер сілкінісі әсерінен Верный (Алматы) қаласының көшесінде әр бағытта созылған жарықтар пайда болған.
1557 ж. қаңтардың 23 күні Қытайдың орталық аймағында Шэньси өлкесінде Хуасянь жойқын жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Сиань қаласының шығысында 70 км қашықтықта лесс топырағы кең таралған жерде тіркелінген. Қытай құжаттарында сол жер сілкінісі салдарынан шамамен 830 мың адам құрбан болды деп жазған. Соншама мол адамның өмірін жұтқан, қазіргі уақытқа дейін адамзат есін білгелі болған зілзала құбылыстардың ішіндегі ең күштілерінің бірі деп саналатын бұл алапат апат қайдан пайда болды. Шэньси және көршілес жатқан Ганьсу өлкелері Қытайдың белгілі лесс провинциясына жатады. Лесс дегеніміз – бұл өте жұқа құмайттардан тұратын дәнекерленбеген жұмсақ кеуекті және карбонатты борпылдақ тау жыныстар қабаты. Оны қолмен оңай опырып күрекпен алуға болады. Қалыңдығы жүздеген метрге жеткен лесс қабаттары көбіне климаты қуаң аймақтарда және шөл далаларда кең жазықтар бетінде, таулар етегінде, тау арасындағы ойпаңда жайпақ суайрықтарында және өзен аңғарлардың бойында тарап, түгелімен жаппай көмкерген. Бұл аймақты мекендеген жергілікті халық ежелден бері түгелдей дерлік өзендер бойындағы тік жағаларымен қыраттардың беткейлерін жапқан осы лесс топырағын үңгіп қазған қыруар үңгірлерінде тұратын. Араның үйіндей жыбырлаған қыраттар беткейлерінің әр деңгейінде немесе өзен аңғарларының тік жағаларында осындай үңгірлерден көптеген ірі-ірі елді мекендер салынған. Үңгірдің жан-жақ қабырғаларын және төбесін ағаш материалының тапшылығынан ешбір затпен бекітілмеген. Алғашқы ең күшті дүмпуден кейін төбеден төніп тұрған қалың лесс қабаттары бірдей қопарылып, үңгірдегі елді мекендерді адамдармен қоса басып қалды. Айнала әлем топырақ болып кетіп қираған, үңгірлердің орнында ойылып түскен және опырылып құлаған тас үйінділері ғана қалған. Сөйтіп, халық шығынының орасан көп болуы бұл аймақтағы мекендеген ел лесс тау жыныстарынан құралған өзен жағаларында немесе жеке төбелердің баурайында үңгіп қазған үңгірлердің жаппай қирауы.
1962 жылы Байкал маңында болған жер сілкінуден кейін аумағы 260 шаршы километрге жеткен Селенга атырауының солтүстік – шығысындағы едәуір бөлігі кенет құлдырай құлап, оның орнына тереңдігі 8 метрге жеткен Провал шығанағы қалыптасқан. 1976 жылы Қытай халқы қуаты Рихтер шкаласы бойынша 8 балға жеткен өте зауалды жер сілкінісін басынан өткерді. Оның сырткіндігі (эпицентрі) Қытай астанасы Пекиннен шығысқа қарай небары 150 километр жерде, Солтүстік Қытайдың халқы қалың орналасқан аймағында болған. Бұл жер сілкінісінің зардабы бүкіл әлем халқының зәресін алып, жандарын түршіктірді. 242000 адам бірден қаза тапты, Таншан қаласы тұтасымен қирап, жердің бетінде көптеген жарықшақтар пайда болды.
1960 жылы мамырдың 22 күні Оңтүстік Америкада орналасқан Чили елінде жойқын жер сілкінісі әсерінен ұзындығы 500 км, ені 20-30 км мұхит жағалаулары 2 метрге дейін төмен түсіп су астында қалды. Ол тек Америка жағалауын ғана қамтып қоймай, сонау алыста жатқан Австралияға, Жапонияға және тағы басқа көптеген аралдарға зор шығын келтірді. Сөнген деп есептелінетін жанартаулар қайтадан жанданып, олардың кратерлерінен оттай қызған сұйық лавалар төмен жосылды. Үлкен – үлкен тау көшкіндермен жаңадан көлдер пайда болды.
Кейбір биік тау өлкелерде жер сілкіну салдарынан сейсмогендік опырылымдарды көруге болады. Олар өзен аңғарларын бөгеп тастайды да, нәтижесінде өзен бойында бөгесін көлдер түзеледі. Көптеген сейсмогендік опырылымдар мен жылжымалар 1934 жылы Фуюн жерсілкінісі кезінде пайда болды (3.5-сурет). Сонымен қатар, мұнда тау етегінде сусымалы тас шөгінділердің жазық бағытта ығысу іздері де бар. Қайтадан жанданған тектоникалық жарылым бойымен жылжып кеткен массалардың тік ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?