Медицина | Шұбаттың емдік қасиеті
1. Кіріспе.
2. Шұбаттың емдік қасиеті.
3. Қазақстанның ұлттық бренді - шұбат
4. Зертханалық жұмыс.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жобаның мақсаты.
Қазақ халқының байырғы сусыны - шұбаттың емдік қасиетін анықтау арқылы маңызын көрсету.
Қазақтың байырғы сусыны ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.
Жобаның міндеті.
- Қазақтың ұлттық сусыны - шұбатпен танысу;
- Шұбаттың адам өміріндегі алатын орнын көрсету;
- Шұбаттың адам денсаулығына пайдасын көрсету;
Кіріспе.
Түйе – төрт түліктің төресі. Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жануардың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы»атанған жануар табиғи жайылымды тез қоңданады. Әрі оның сүті мен шұбатты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Көзін тауып, өңдей білсе, жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Міне, осындай пайдасы мол мал тек әлемде санаулы мемлекеттерде ғана бар. Соның бірі біздің елімізде. Алайда, түліктің төресі түйені өсіріп, оның өнімдерін ұлттық брендке айналдыра алмай отырғанымыз да шамбайымызға бататын шындық. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан кешенді бағдарлама жасалып, осы саладағы ұсақ-түйек шаруашылыққа барынша нақты қолдау көрсетілмесе бүгінгідей мысықтабандаумен ұзаққа бармайтынымыз белгілі.
- Түйенің пайдалы жақтары көп қой. Бір ғана сусынының өзі неге тұрады. Көптеген ауруларға мыңнан бір ем. Сүтінен шұбат дайындап, құрт қайнатады. Шипалық қасиеті мол, дәмі тіл үйірер шұбат сусынына бүгінде шетелдіктер аса қызығушылық танытып отырғаны белгілі. Көптеген Азия елдері әрі тағам, әрі киімге шикізат, дертке дауа ретінде пайдаланатын түйе сүтінің емдік қасиеттері күннен күнге ғалымдарды таңғалдыруда.
Ғалымдар шұбатпен өкпе құрты, бауыр ауруларын, холециститті, өт жолдарының бітеліп қалуын емдеуге болады дегенді айтады. Осыған орай шұбатты әлемдік нарыққа шығару үшін ғалымдар өнімді кептіру, құрғақ сүт ұнтағы және таблетка түрін жасау технологиясымен де айналысуда. Алайда шұбаттан жасалған өнімдерді әлемдік нарыққа шығарып, ұлттық брендімізге айналдыру үшін қыруар қаржы, көлемді инвестиция қажет екені анық. Ал, әзірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сауықтыратын медициналық сусын деп бағалап отырған шұбаттың пайдасын ескергендер саны саусақпен санарлықтай. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?