Экономика | Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты
Мазмұны
Кіріспе.............................................................................5
І.Ақша нарығының теориялық негіздері...........................................................................7
1.1Ақша туралы түсінік .....................................................................................................7
1.2 Қ.Р. ақшаға сұраныс және ерекшеліктері ...................................................................9
ІІ.Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты.....................................................16
2.1Ақша – несие саясатының түрлері, құралы, мақсаты........................................16
2.2Несие операциялары. Ақша нарығының операциялары ..................................19
2.3Ақша – несие саясатының механизмі................................................................22
2.4 Қ.Р-ғы ақша-несие саясаты ..............................................................................27
Қорытынды..............................................................................................................34
Әдебиеттер тізімі.....................................................................................................36
Кіріспе
Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндіруідіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады. Қазақстанның Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының жанама құралдарын пайдалана отырып, ақша базасының деңгейін реттеу жолымен инфляцияның төмен қарқынын ұстауға бағытталған тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізеді.
1998 жылдан бастап Ұлттық Банк бюджет тапшылығын тікелей кредиттеу практикасын доғарды.
Соңғы 5 жылдың (1996-2000 жж.) қорытындысы бойынша девальвация мен инфляция сияқты көрсеткіштер бойынша Қазақстан Шығыс Еуропаның Польша және Венгрия тәрізді елдерімен бір қатарда тұр. Инфляцияның төмен қарқыны және ұлттық валютаның нақты қайта бағалануының болмауы өндірістің және экспорттың өсуіне оң ықпал етеді.
Бай табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану теңге бағамын нығайтуға және төлем балансының ағымдағы шотының оң сальдосын қолдауға ықпал ететін шетел валютасының елге жеткілікті келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі тұрақты қалыптасты, ол таяу шетелдердегі банк жүйесімен салыстырғанда неғұрлым дамыған болып табылады. Екінші деңгейдегі банктердің қызметтің және есептіліктің ха-лықаралық стандарттарына көшуі, шетел банктерін ішкі нарыққа жіберу, банк капиталын шоғырландыру және банк секторын капиталдандыруды одан әрі арттыру банктеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, Қазақстанның банк капиталының әлемдік қаржы ағынына интеграциялануын ынталандырады. Халықаралық рейтингілік агенттіктердің кредиттік рейтингіне ие отандық банктердің саны 8-ге дейін өсті.
Банктік сектордың тұрақтылығы, жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесінің жүмыс істеуі коммерциялық банктердің жүмысына халықтың сенімін біртіндеп нығайтады, мұның өзі банктердің ресурстық базасының ұлғаюына ықпал етеді.Өз кезегінде олардың ресурстық базасының өсуі, банктер арасындағы бәсекенің күшеюі және қайта қаржыландыру ставкаларының бірнеше мәрте төмендеуі экономиканы кредиттеуді кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазіргі кезде таза халықаралық резервтер ақша базасынан 2,3 есе асып түседі, мұның өзі ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оның үстіне Қазақстан алтын өндіретін ел болып табылады және алтын-валюта резервтерін ішкі тауар өндірушілерінен алтын сатып алу есебінен толықтыру мүмкіндігіне ие.
I.Ақша нарығының теориялық негіздері
1.1 Ақша туралы түсінік
Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Акша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толык кұнды ақшалар және толық құнсыз акшалар.Толық кұнды ақшалар — номиналдық құны оны дайындауга кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы — бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны гурт деп аталады.
«Монета» сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген акшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «mоnео» — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX — Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған. Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
• алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай,нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
• жоғары қүнды алтын ақшалар ұсаң құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
• алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауарайналымын ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Толық құнсыз ақшалар (құннын белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардын өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.Оларға мыналар жатады:
• құнның металдық белгілері — арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
• құнның қағаздан жасалган белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардын өкілдері.Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналыбар құнның белгілері.Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем күрс қызметін атқарады.
Несиелік ақшалар — тауар өндірісінін дамуын яғни тауарларды сатып алу және сатудын уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.
Вексель — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордын қарыздық міндеттемесі.
Қазакстанда жоғарыда аталған заң ңабылданға дейін және онан кейін де вексель айналысы дамып келеді.
Банкнота (ағыл. сөзінде «Ваnk-nоtе» аударғанда «банк билеті») — орталық банктін айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Чек — ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Электрондық ақшалар — компыотер торабының ақпараттарды автоматты түрде өндеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардын клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жынтығы.Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді: Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы колма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.Кредиттік карточка — онын эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартка сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
1.2. Қазақстанда ақшаға сұраныс ерекшеліктері
Ақша сұранысы: теория. Ақша - төлем немесе халықаралық айырбас құралы.
Ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабі
летіне байланысты:
1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Өзгерістер байқалмаған жағдайды төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам "ақша сұранысына" ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды болатынын көреміз.
Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.
Ақша сұранысын айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.
Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен сабақтас келеді:
— Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде қолданылады;
— Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
— Жалдаптық дәлел: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша құнына сенімсіздік білдіреді.
Келісімдер мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, біз негізінде М1 жөнінде айтамыз, себебі М2 мен М3 жалдаптық дәлелге жатады.
Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенеді:
— монетарлық;
— кейнстік.
Классиктер ақша сұранысын мына тендеу арқылы түсіндіреді:
МV= РҮ
М — айналымдағы ақша көлемі;
V - ақша айналымының жылдамдығы;
Р — баға деңгейі;
Ү - өнім шығару көлемі.
Сандық теория тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. 1-мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны телем құралы ретінде қажет етеді.
Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:
- тауар жиынының кәлемі;
- баға;
- жиынтық табыс;
- ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.
Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан
M d/t =(f*Y/+)
Бұл жерде M d/t — ақшаға трансакциялық сұраныс;
Ү — жиынтық табыс.
Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие болды. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:
M d/i =(f*Y/+)
M d/i — сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы. Бұл 2 сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болғандықтан, 1-суретте ол тік сызық ретінде көрсетіледі.
Сурет 1. Ақша сұранысы. а-трансакциялық, ә- жалдаптық, б- жалпы.
Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотивті - жалдаптық мотивті бөліп көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивиденд әкелмеген кезі қарастырылады.
Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі.
Классикалық және кейнстік тұжырым ақша сұранысында келесі факторларды бөліп шығарады:...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?