Конституция | Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы

 Конституция | Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы

Мазмұны
Кіріспе ...............................................................................3-4 бет
І. Мемлекеттік бірліктің біртұтастығы
1.1. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі..........5-10 бет
1.2.Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері және
Қазақстанның конституциялық дамуы ......................................11-15 бет
1.3.Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері .............16-20 бет
ІІ. Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы
2.1. Конституцияның мәні ............................................................21 - 24 бет
2.2. Конституцияның қолданылу мәселесі ...............................25 – 30 бет
2.3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының
арақатынасы туралы ....................................................................31 – 37 бет
2.4. Қазақстан Республикасында Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері ..............................38 – 43 бет
Қорытынды .....................................................................................44 - 49 бет
Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................50 - 51 бет

Кіріспе
Қазан төңкерісінен күні бүгінге дейін тарихымызда бес Конституция қабылданған екен. Үшеуі – қазақ Кеңес Социалистік Республикасының 1924 жылғы Конституциясы, 1937-1978 жылдары қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциялары.
Бір сөзбен айтқанда, тәуелсіздік жағдайында өміріміздің он екі жылы ішінде біз екі Конституция қабылдадық. Соңғы Конституция бүкіл халық қабылданған заң болғандықтан, оның қағидаларын міндетті түрде ақиқат өмір талаптарына сәйкес орындау мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың сондай-ақ республикасының барша азаматтарының бұлжымас борышы болып табылады.
Сондықтан да біздің Заң алдында есеп беруіміз, бақылауында болуымыз керек. Мемлекет алдында, Заңға бағынуымыз шарт.
1990-1991 жылдардың саяси оқиғаларға толы болғаны белгілі. Олардың қатарында «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның жариялануын, КСРО – ның ыдырауын, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының» қабылдануын жатқызуға болады. Қазір біз тәуелсіздік атты бүкілхалықтық игі мұратқа қол жеткізген сол жылдарды еске түсірудеміз. Содан бергі дөңгелетіп айтатын он екі жыл уақыт өтіпті. Бұл тарих дамуы тұрғысынан қарағанда қас қағым сәт қана болса да, өткенімізді саралап, алдағымызды болжау үшін белгілі бір қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін мерзім.
Саяси оқиғаның екінші сатысы – 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының» қабылдануы.
Ол егемендіктің халықаралық деңгейі заңдандырылуын, мемлекеттік дүниежүзілік интеграцияға төте араласуын, халықаралық ұйымдарға тікелей мүше болып, халықаралық субъект ретінде әрекет ете алуын дәйектейді. Егемендіктің жариялануы мен тәуелсіздік туралы Заңның қабылдану күндері Қазақстанның өз ішіндегі жағдайларға сәйкестендіріліп белгіленеді. Демек, егемендік пен тәуелсіздік тиісінше 1990 жылдың 25 қазаны мен 1991 жылдың 16 желтоқсаны күндерінің ғана оқиғалары емес. Аталаған даталар шартты, қабылдануы да әбден мүмкін еді. Осыған қатысты бір ескерте кететін жай – аталған даталардың шарттылығы егемендіктің де, тәуелсіздіктің де, олар аталатын күндердің де мәртебесіне нұқсан келтіре алмайды. Бұл жерде мәселе тек оқиға тұтастығын, демек, Егемендік пен Тәуелсіздіктің, сонау 1985 жылдың көктемімен 1991 жылдың аяғына дейін созылған қоғамдық даму үрдісінің нәтижесі екендігін тұшынып, сезінуде деп білу керек.
Тәуелсіздік – Қазақстаннның еркіндік пен теңдік аңсаған әр азаматтың тарихи арманы. Тәуелсіздік – біздің әрқайсымыздың өмірлік мұратымыз, рухани қуатымыз, ойымызбен жан дүниеміздің аңсары. Тәуелсіздік – баға жетпес рухани құндылық. Біздің бәріміздің тағдырымыз Отанымыздың тәуелсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан Тәуелсіздік әр ақынды шабытқа жетелейді, әр сазгерді сиқырлы әуеннің тұңғиығына шомылдырады, әр ғалымды зерттеулердің теріне батырады, әр мұғалімнің сезімін желпінтеді, әр шәкірттің көзіне ұшқын ұялатады.
Осы зерттеген еңбегіміз арқылы 1995 жылғы 30 тамызда егемен Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жағдайында өзінің екінші Конституциясын бүкілхалықтық референдум жолымен қабылдағанын, Конституцияның жаппай қолдау тапқанына көзімізді жеткіздік.
Енді біздің алдымызда бір ғана міндет тұр. Ол – аш болайық, тоқ болайық, әйтеуір Азаматтық пен Тәуелсіздіктің қолға қалай түскенін ұмытпау. Соны еске ұстап, қайтадан қанау мен кемсітудің бұғауына түспеуге тырысу. Азаматтық пен Тәуелсіздік оған татиды. Олар біздің одан әрі гүлденуіміздің ең берік іргетасы.
Егемен Қазақстанда құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қалыптастыру жолында құқықтық жүйелер бірте – бірте реформалану үстінде. Бұл өзгерістердің бәрі экономикалық және саяси әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарымен қатарлас жүргізіліп жатыр.
1992 жылы наурыз айында Қазақстан БҰҰ – ның мүшесі болып кірген соң еліміздегі құқықтық реформа халықаралық құқық жүйелеріне сәйкестендіріліп, өркениетті мемлекеттердің құқықтық жүйелеріне қайшылық келмейтіндей етіп қарастырылуда. Әлемдік заң жүйесінің Қазақстан мемлекетінің Конституциялық құрылымына теориялық және тәжірибелік тұрғыдан бері көп.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқық нормаларына кереғар, алшақ емес. Онда Республикамыздағы адам мен азаматтардың мәртебесі өркениетті елдердің қатарында екенін, еліміздің құқықтық – демократиялық өзгерістердің түбегейлі түрлерде жүріп жатқаны көрініс тапқан./1/.
Бұрын – соңды республикамызда шетел конституциялары құрылымын зерттеушілеріміз Москвалық басылымдар арқылы ғана танысып, бұл мәселенің қазақ тілінде арнайы сөз болмағаны бәрімізге аян. Біз осы дипломдық жұмысымызда шетелдік мемлекеттердің конституциялық құқықтарында қазақ тілінде жан – жақты зерттеп, олардың құрылымы мен басты негіздеріне, әрекет ету тетіктеріне тоқталамыз. Бұрын әсіресе шығыс елдерінің мемлекеттік құқықтарына тек ислам дінінің алғы шарттарындай тіксініп қарап, олардың конституцияларындағы зиялылық пен демократиялық тұжырымдарға зер салмай келсек, ал енді бұл дипломдық жұмыста сол мұсылмандық құқық пен оның басты қайнар көзі болып табылатын конституциялық жүйелер арнайы қарастырылған /2/.
І. Мемлекеттік бірліктің біртұтастығы.
1.1. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі.
Конституциялық құқық Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқық Қазақстан қоғамы мен мемлекеті құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды бекітуші және реттеуші құқық нормаларының, жиынтығынан құралады, оларды Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері, адам және азаматтық құқық мәртебесі, мемлекеттік билік және басқарудың жүйесі көрініс тапқан /3/.
Қазақстан Республикасының құқығы деп Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұғынылады.
Конституциялық құқық бастауы, ең алдымен, Конституция, конституциялық заңдар, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер, құқықтық әдет – ғұрыптар, нормативтік келісім – шарттар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негізгі бастауы болып табылады. Бұл Конституцияның сыртқы заң күші барлығы және республиканың барлық аумағында тікелей әрекет ететіндігімен негізделеді. Барлық басқа бастаулар конституция нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуге тиіс /4/.
Ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай – ақ оның басқа да элементтері: принциптері, жалаң қағидалары, міндеттері мен мақсаттары да қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы жарияланған мемлекет қызметінің принциптері қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықты қажетіне орай экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелеріне демократиялық әдістермен шешу қазақстандық қайнар көзі қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық – құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады /5/.
Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей – тегжейлі және жан – жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
Конституциялық құқық басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының идеялары, принциптері, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің барлық субъектілерін (бірлестіктерді, қозғалымдарды, өзін - өзі басқару органдарын және басқаларын) камтиды /6/.
Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық құқытық қайнар көзі ретінде тағы бір өзіндік қыры – онда оның басқа қайнарларының нысандары конституциялық, жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай – ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі. Қазақстанның Конституциялық құқының қайнар көзіне азаматтық туралы және басқа жәй заңдар жатады.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің регламенті, палаталары құрған үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық салаларының қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көзіне Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттің нормативтік жарлықтары үш топқа: 1) конституциялық заң күші бар жарлықтарға; 2) жәй заң күші бар жарлықтарға; 3) заңға сәйкес нормативтік жарлықтарға бөлінеді. Әрине, тәртіп бойынша, Президент өзінің заң шығармашылық қызметін заңға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау жолымен жүзеге асырады /7/.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқытық актілері конституциялық құқықтың, конституциялық – құқытық нормалардан тұратын сала ретінде қайнар көзі болып табылады.
Саланың қайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардың, сондай – ақ конституциялық – құқтық нормалары (шешімдер, жарғылар, ережелер) бар жергілікті өзін - өзі басқару органдарының нормативтік – құқықтық актілер де жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікті сипатта болады.
Өкілетті беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнды белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді.
Конституциялық заңдарға тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиетті әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады /8/.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді.
Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құықытық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қақастан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетінзаңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай – ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» (Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 – бабының 1 – тармағы).
Көрсетілген Конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас алғанда, Конституция болып табылады. Мұндай жәйтті бөліп айтуымның себебі, ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай – ақ оның басқа да элементтері: принциптері, жалаң қағидалары, міндеттері мен мақсаттары да қызмет етеді. Тарихи фактіні бұлайша сипаттаудың мемлекеттің тек көп ұлттық қана емес халықтық сипатын ұғыныуда да айрықша мәні бар. Ал бұл идея мемлекеттің барлық көп ұлтты мемлекеттің атынан қызмет етуді, ұлттық белгілері бойынша кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идеялардың бәрі тиісті заңдардың қайнар көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде тануда конституциялық идеяның бастаулық мәні қызметін атқарады. Бұл қағида Республика азаматтарын әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қаунар көзі болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінің принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың қажетіне орай экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қазақстандық құқықтың қайнар көзі қызметін атқарады.
Мемлекет және оның органдары қызметінің негізіне алынбастан бұрын, ол принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілуі тиіс.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтық қайнар көзі ретінде сипатталады?
1. Қазақстан Республикасы Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық – құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытуыдң негізі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салаларды қоғамдық қатынастарды егжей – тегжейлі және жан – жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай – ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқытық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тек құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, сондай – ақ тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын камтиды. Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының идеялары, принциптері, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді: жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қыземттің барлық субъектілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін - өзі басқару органдарын және басқаларын) қамтиды.
6. Сондай – ақ, Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
7. Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық құқықтық қайнар көзі ретіндегі тағы бір өзіндік қыры – онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай – ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының мемлекеттік (республикалық) мәні бар құқытық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады. «Конституциялық заңдар» атауы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген. Қазақстанның конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі – олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқытық нормаларын анықтайды. Қазақстан Республикасның конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуден осынысымен ерекшеленеді.
Жай заңдар да конституциялық құқытың қайнар көзі болып табылады. Жай заңдарды Қазақстан Республикасының Праламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында қаралған жағдайда жай заңдарды Президент те қабылдай алады. Қазақстанның конституциялық құқының қайнар көзіне азаматтық туралы, көші – қон туралы және басқа жай заңдар жатады.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатының Регламенті, Парламентінің Регламенті, Парламент Палаталары құрған үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық салаларының қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көзіне Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттің нормативтік жарлықтары үш топқа:1) конституциялық заң күші бар жардықтарға, 2) жай заң күші бар жарлықтарға, 3) заңға сәйкес нормативтік жарлықтарға бөлінеді. Әрине, тәртіп бойынша, Президент өзінің заң шығармашылық қызметін заңға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау жолымен жүзеге асырады. Парламент өзінің заң шығармашылық өкілеттігін Президентке берген жағдайда ол заңдық күші бар жарлықтар қабылдауға құқылы. Заңдық күші бар жарлықтардың заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған заңдардың заңдық күшімен тең.
Респпубликада заң шығаратын орган жұсы сітемеген кезеңде Президент конституциялық – құқықтық нормалардан тұратын конституциялық және жай заңдық күші бар бірқатар жарлықтар қаюылдады. Олар әлі де күшінде және Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көздері болып табылады. Олардың қатарына Президенттің Парламент және депутаттар туралы, референдум туралы, Президент туралы, Үкімет туралы, Конституциялық кеңес туралы және басқа жарлықтары жатады.
Президенттің нормативтік жарлықтарының бәрі бірдей конституциялық құқытық қайнар көзі болып табылмайды. Ондай жарлықтар – конституциялық – құқықтық нормалардан тұратын нормативтік жарлықтар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері конституциялық құқықтың, конституциялық – құқықтық нормалардан тұратын сала ретіндегі қайнар көзі болып табылады.
Қазақ КСР – ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның конституциялық құқықтық қайнар көзі ретіндегі мәні ерекше зор. Аталған декларация Кеңестер Одағы кезінде қабылданғанмен, ол кейін егемендіктің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңда, 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларда және басқа конституциялық актілерде бекітілген принциптерін жариялады.
Қазақстан Республикасы таныған халықаралық – құқықтық актілердің нормалары да конституциялық құқықтың қайнар көзіне жатады. Ол адам құқы, қоғамдық құрылымдар және басқалар туралы конституциялық мәні бар құқытық нормалардан тұруы мүмкін.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?