Экономика | Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары

 Экономика | Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары

Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................................3
І. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ...........4
1.1 Негізгі капиталдың мәні және оның құрылымы................4
1.2 Негізгі қорларды бағалау әдістері..........................................7
1.3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы..................10
ІІ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.......................................................15
2.1 Кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдау ..................19
2.2 Қазақстан өнеркәсібіндегі APH group кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануын талдау ....................23
2.3 Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану жолдарын арттыру..........27
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................29

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы күрделі нарықтық өзгерістер сатысынан өтіп өрістеу сатысында тұр. Көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге өндірістік үздіксіз және динамикалық даму құбылысы тән. Капиталдық табыстылық деңгейін жоғарлату үшін өндірістің экономиклық тиімділігін арттыру мәселесі зерттеу қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіш ретінде өндірістік іс әрекетін жүзеге асыру үшін және тбысты алу үшін кәсіпорынның мүліктік құны, яғни негізгі қорлардың құны қолданылады.
Бұл өтпелі кезінде негізгі қорларды пайдаланутиімділігін жәнекәсіпорынның өндірістік қуаттылығын арттыру проблемалары өте актуалды болып келеді. Бұл проблеманышешу нәтижесіне кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірістегі алатын орны, оның қаржылық жағдайы және нарықтағы бәсекеқабілеттілік дәрежесі тәуелді.
Өндіріс процессіндегі негізгі қорлардыңәр бір бөлшегі туралы, олардың табиғи және сапалық тозуы, негізгі қорларды пайдалануына әсер ететін факторлар туралы толық ақпаратқа ие бола отыры, өндірістік шығындардыңкемуін және еңбек өнімділігін арттыруын қамтамасыз ететін әдістерді анықтауымыз мүмкін.
Осы мәселені таңдау баысында ең бастысы нарықтық қатнастар кезінде сапа, өнім сенімділік туралы сұрақтар сияқты бірінші орынға қойылады. Ал бұл көрсеткіштер тікелей техниканың сапалық жағайына және қолданудың тиімділігіне байланыстсы. Содықтн да еңбек құралдарының техникалық сапалығына арттыру және жұмыскерлерді олармен жабдықтадыр өндіріс үрдісінің өсу тиімділігінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Өндіріс процесс кезінде кәсіпорын жұмыскелері еңбңек құралдары көмегімен еңбек заттарына әсер етіп, оларды әр түлі өнідерге айналдырады. Нарықтық экономикаға өтпелі сатысында негізгі қорлар өндірістің барлық ынталандыру факторлар арқылы кейінгі экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.
I. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы
Еңбек қүралдары (машина, қүрал жабдық, ғимарат, траспорттық қүралдар) еңбек бұйымдарымен (шикізат материалдар, жартылай өнім, отын) бірге өндіріс қүралдары қүрайды. Құндылық формада көрсетілген өндірістік қорлар кәсіпорынның өндірістік қорлары болып табылады. Өндіріс процессіне, олардың құндарын дайын өнімге апару және еңбек қүралдардын қайта өндіру сипатына байланысты негізгі және айналмалы қүралдар болып бөленеді.
Негізгі қорлар бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезендегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың бағалануы. Осыған байланысты қолар өзінің қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Яғни негізгі қорлардын ең маңызды аңықтаушы белгісі ретінде құндылықты өнімге апару әдісі: өндіріс циклдер кезінде, сатылай; тозу дәрежесіне қарап, бөлшектеніп. Негізгі қорлардың тозуы амортизацияның белгіленген нормалары бойынша есептеленеді, оның сомасы өнімнің өзіндік құнына тең болады. Өнімді өткізуден кейін есептелген тозу жаңа капиталдық салымдар үшін арналған ерекше амортизация қорында есептеледі. Сонымен жарғылық қорға берешекке беріліп, тұрақты айналым жасайды. Бұл негізгі қорлардын экономикалық мәні болып табылады.
Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емеснегізгі қорлар тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық , денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.[1, 64б]
Өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорлары бұл өзінің біркелкілігіне қарамастан мақсаты және қызмет ету мерзімімен ерекшеленетін еңбек құралдары болып табылады. Осыдан, негізгі қорларды өндірістік мақсаты бойынша топтарға бөлу қажеттілігі туындайды.
Натуралды заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік шаруашылық құрал саймандар, жұмыс жәнеөнімдімал, көп жылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың , мекемелердің меншігіндегі жер телімдері. Негізгі қорлардың ерекшелік топтардың жалпы жиентығы негізгі қорлардың өндірістік қүрылымын көрсетеді. Қоғам өзіннің қаражаттарың негізгі қорлардың қай тобына салу өте маңызды болады. Ол, яғни, негізгі қорлардың активті бөлігін оптималды арттыруында қызығушылық көрсетеді. Өндіріс процессіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі ( машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімніңмөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процесстер үшін қажетті жағдай жасайды.
Негізгі өндірістік қорлардың құнында жабдықтар үлесі жоғары болған сайын өнім шығарылымы да, қор қайтарымдылығы да жоғары болады. Сондықтан да негізгі өндірістік қорлардың қүрылымын жақсартуы өндіріс және қор қайтарымдылық көрсеткіштін жақсаруына, өзіндіқ құнның төмендеуіне, кәсіпорынның ақшалай жинақтардың ұлғайуына әкеледі. Негізгі өндірістік қорлардың құрылым түрлері өндірістін әр келкі салаларында бірдей емес. Мысалы, негізгі қорларды ғимараттар үлесі жеңіл және азық түлік өнеркәсібінде жоғары болып келеді (44 %), отын энергетика кешенінде құрылғылар үлесі 17%, машина құру кешенінде жабдықтар және машиналар үлесі (45%) артық болып келеді.[2, 92б]
Негізгі қорлардың құрылымы динамикасы өте инерционды болып табылады. Тұрақты экомика жағдайында ол жиі өзгереді. Солай соңғы елу жыл бурынғы Кеңес Одағының өндірісінде ол тұрақты болды. Актив және пассив бөлектерінің жиентығы аз өзгеріске ұшырады, өйткені ең бастысы өндіріске салынған инвестициялардың маңызды ағымы іс әрікеттегі құрылым және технологиялық процесстерін көшермесі сияқты жаңа кәсіпорындардың құрылысына жұмсалған.
Қазіргі Қазақстан өндірісіндегі негізгі қорлардың құрылымы Кеңес одағында қалыптасқан ерекше топтардың жиынтығынан өзгешелеу болып табылады. Бұл біріншіден жабдықтар және машиналар үлесінің кемуінде, сәйкесінше транспорттық құралдар және бсқа да негізгі қорлар үлесінің артуында көрінеді. Қорлардың пассивті бөлігінің шамалы өсімі байқалды. Бұл өзгерістер оң әсер тигізеді деп айта алмаймыз. Әрине, бұл жылдары өнеркәсіптің бірнеше салаларында өндірістік қуаттылықтың нақты төмендеу, станоктарды экономиканың басқа секторларына өткізілу процесстері орын алды. Сонымен қатар, құрылымның өзгеруіне негізгі қорларды өткізілген қайта бағалау және қолданылған әр түрлі бағытталған индекстер жүйесі әсер етті.[1,66б]
Негізгі өндірістік қорлар құрылымына әсер ететін ең маңызды келесі факторлар болып табылады: шығарылған өнім сипаттамасы, шығарылым көлемі, автоматизация және механизация деңгейі, кәсіпорынның географиялық және климаттық жағдайы.
Бірінші фактор әсері ғимарат құнында және көлемінде, транспорттық құралдарында көрініс табады. Өнім шығарылымы жоғары болған сайын жабдықтардың және арнайы прогрессивті жұмыс машиналардың үлестік мөлшері артық болады. Географиялық және климаттық жағдайларына байланысты ғимараттардың үлестік құны тәуелді болып келеді.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылым элементтердің жұмыс атқару сапалығн арттыру үшін төмендегі іс әректтер мүмкіндік береді;
• құрал жабдықтардың сапалығын арттыру және модернизациялау
• машиналар және станоктардың үлестік құнын жоғарлату
• бос аландарда қосымша құралдар орнату
• құрылыс проектердің дұрысқұрылуы
• артық және бос құралдарды ликвидациялау
1.2 Негізгі қорларды бағалау әдістері.
Негізгі қорларды есептеу және жоспарлау натуралдыжәне ақшалай формада жүгізіледі.
Натуралды бағалау кезінде машиналар саны, олардың өнімділігі, қуаттылғы; өндірістік аландар көлемі жәе тағы басқа сандық көрсеткіштер есептеленеді. Бұл мәліметтер саланың және кәсіпорының өндірістік қуаттылығын, бағдарламаның жоспарлануын, жабдықтардың өімділігін арттыру резервтерін, жабдықтар балансын есептеу үшін қолданылады, Бұл мақсатпен жабдықтардың инвентаризациясы және паспортизациясы, келу және шығу есебі жүргізіледі.[3, 108б]
Ал ақшалай есебі кезінде негізгі қорлар бағасы өндіріс көлемін арттыруын жобалау, тозу деңгейін және амортизация адарымдарын, приватизация көлемін есептеу үшін қолданылады.
Өндіріс процессіне ұзақ қатысуымен және сатылы тозуымен байланысты негізгі қорларды бағалаудың бірнеше түрі бар: бастапқы, қайта құру және қалдық құндары бойынша бағалау.
Негізгі қорларды толық бастапқы құн бойынша бағалау еңбек құралдарын қалыптастыру немесе иемденумен байланысты пайда болған нақты шығындарды есептеу болып табылады, яғни ғимараттар мен құрылыстарды салу, машиналар мен жабдықтарды сатып алу, орнықтыру және монтаж т.б. іс әрекеттер. Бастапқы құн бойынша негізгі қорлар кәсіпорынның балансында орын алады, және де ол еңбек құралдардың қызмет ету мерзімінің барлық кезенінде өзгеріссіз болады және тек қайтабағалау кезінде қайтадан қарастырылады. Негізгі қорлардың амортизациясы да толық бастапқы құн бойынша есептеледі. Негізгі қорлардың ағымдық бағасы және тарифтері сұраныс және ұсыныс, инфляция т.б. факторлар әсерінен өзгеріске ұшырайды. Уақыт өткен сайын бастапқы құнда қарама айшылықтаржинақтала бастайды. Сол бір машинаның немесе станоктың өзі әр түрлі жылдарда иемдансе әр түрлі құн бойынша есептеленеді. Негізгі капиталдың бастапқы құны ағымдық шаруашылық іс әрекет жағдайында оның нақты құнын көрсете алмайды. Негізгі қорларды қайта өндіру процессін басқару қиынға соғып, кәсіпорынның коммерциялық шаруашылығын қалыпты іс жүзеге асыруына бөгет жасайды. Қорлардың бастапқы құнымен есептелген көрсеткіштер (капитал қайтарымдылығы, рентабельділік, төлем қабілеттілік, ликвидтілік т.б.) нақты деңгейді көрсетуді тоқтатады. Амортизацияны, өзіндік құнды басқаруында қиыншылықтар пайда болады,сәйкесінше табыс пен салықтарға кері әсерін тигізеді. Сонымен, бірдей құндылық көрсеткішке әкелу үшін негізгі қорларды қайта бағалау қажеттілігі туындайды.
Қайта құру құны негізгі қорлардың ағымдағы қайта бағалау нәтижесінднгі бағасын көрсетеді. Бұл баға қайта бағалау объектілердің сатып алуына немесе құруына кеткен нақты шығындарын көрсетеді.
Негізгі қорлардың қалдық құны бастапқы немесе толық қалпына келтірілген құнымен аударылған тозу арасындағы айырмашылықты көрсетеді, яғни белгілі мерзімге дайындалатын өнімге апарылмаған еңбек құралдардың ақшалай көрінісі. Қалдық құны арқылы қорлардың тозу дәрежесі туралы мәлімет береді. Қорларды қайта бағалау кезінде еңбек құралдардың әр бір бірлігіне есптелген тозу көлемі анықталады. Сонымен қатар тозу есебімен қайта құру күні белгіленеді. Ол бухгалтерлік есеп негізіндегі құрылған мәліметтерге сүйене отырып толық қайта құру құнына пайыздық түрде есептелген.
Баланстық құн бойынша бухгалтерлік мәліметтерге қозғалысы негізділген негізгі қорлар кәсіпорынның балансында есептеледі. Кәсіпорын балансында негізгі қорлардың құны аралас бағада есептеледі: қайта бағаланған объектілер белгілінген мерзімгеқалпына келтіру құны бойынша есепке алынады, ал қайта бағаланудан кейін сатып алынған еңбек құралдары бастапқы құн бойынша есепке алынады. Әдетте, кәсіпорынның практикалық жұмысында және әдістемелік метериалдарда баланстық құн бастапқы сияқты қаралады, өйткені қалпына келтіру құны соңғы қайта бағалау мезетінде бұл күнге белгіленген бастапқы құнға сәйкес келеді.
Негізгі қорларды қайта бағалау әдістері. Негізгі қорларды қайта бағалау екі әдіс арқылы іс жүзеге асуы мүмкін ; экспертті және бағалардың индекстік жүйесі арқылы. Эксперттік әдіс кезінде салалар мен кәсіпорындарда тцжірибелі және маманданған инженерлер мен экономистерден тұратын арнайы комиссия топтары құрылады. Бұрынғы Кеңес Үкіметінде негізгі қорларды қайта бағалауы ( олар үшеу болған 1925ж, 1960 және 1972ж.) эксперттіктүрде өткізілген. Әдістемелік құжаттар және басқару материалдары ортақтандырылған сипатта құрылған. Осылай, 1972жылдың 1 қантарына машина және құрал жабдықтарға 122 бағалар және ғимараттар мен құрылыстарды бағалау үшін 37 көрсеткіштер жинағы тіркелген. Бұл материалдар дайындау үрдісіне 150 ғылыми иституттар және 47 өндірістік министірліктер қатысқан. Негізгі қорлардың қайта бағалау құнын еңбек құралдардың әр объектісі бойынша инвентаризация арқылы жүргізілетін эксперттік әдіс анықтау еңбек сыйымды және қымбат шара болып табылады.[3, 112б]
Индекстік әдіс кезінде қайта бағалау объекттің баланстық құны негізгі қорлардың берілген тобы үшін тағайындалған баға индексіне көбейтіндісі болып табылады.
Мүліктік бағалауды өткізетін ұйымдар. Экономиканың нарықтық кезенінде, яғни әр бір игілік, соның ішінде еңбек құралдар бағасы сұраныс және ұсыныс әсері арқылы белгіленген кезде негізгі қорларды қайта бағалауды директивті басқару, реформалардың жалпы бағыттарына қайшы келеді. Еркін бағалар жағдайында кәсіпорынның меншігінің бағалауын орталықтандырылған түрде басқару логикаға сай келмейді. Сонымен қатар қайта бағалаудың белгіленген индексі әр бір кәсіпорынның мүліктік және әр бір объекттің құнының ерекшелігін көрсете алмайды. Кәсіпорындар өз бетінше қайта бағалау әдісін таңдауға құқығы бар: белгіленген баға индекстері арқылы немесе әр бір объекттің тікелей құны бойынша. Кәсіпорындар негізгі қорларды қайта бағалауды өз күшімен немесе тәуелсіз эксперт блаушылар көмегімен жүргізе алады. Қайта бағалау нәтижелері сәйкес құжаттармен және қайта бағаланған объекттердің нарықтық құны туралы эксперттік нәтижелерімен дәлелденуі керек.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде арнайы эксперт бағалаушылар қызметі ХХ ғасырдың орталарында қалыптасқан. АҚШ та елдегі бағалау іс әрекетін қадағалайтын арнайы өкіметтік ұйым құрылған. Маманданған бағаларға және тәжірибелі бағалаушыларға қойылатын талаптардың біркелкі стандарттарын дайындайтын баға Қоры орналған. Ал Англияда бағалау іс әрекеттің сандарттары Корольдік бағалау институтымен тағайындалады. 1981 жылы Мүліктік Бағалау Стадарттары бойынша Халықарлық комитеті халықаралық стандарттарды құру мақсатында қалыптасқан. Бұл комитет сегіз стандарт жобалаған, соның ішінде төртеуі іс жүзеге асырылуда: а) баға базасы ретіндегі нарықтық құн; б)нарықтық құннан басқа баға базасы; в) қаржылық есеп және сметалық құжаттар мақсатындағы баға; г) ссудалық қамтамасыз ету, қарыз берешектер бағасы.[3,112б]
Халықаралық стандарттары бойынша объекттердің нарықтық құны әр қайсысы басқа нарықтық мүмкіндіктерді және альтернативтік нұсқаларды зерттеуге қажетті уақытқа ие бола отырып сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім жасаған уақыт мезетіне сәйкес келетін баға ретінде анықталады. Нарықтық құн түсінігі жетілген бәсеке нарығындағы келіссқздер арқылы белгіленгенбаға ретінде қарастырылады. Сонымен қатар стандарттарда есептеудің нарықтық емес әдістерге, негізделген бағаларды қолданылады.Ұсынылғанбағалар жүйесін қолдану тәртібі және мазмұны анықталады; инвестициондық, сақтандырылатын, салық салынатын, ликвидтік, амортизациондық, арнайы, эффективті,әділетті т.б.
1.3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы
Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен техникалық және экономикалық факторлардың ықпал арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте бірте жояды,жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Табиғи тозу түсінігінің астында негізгі қорлардың тек қана қызмет ету ғана емес, сонымен қатар әрекетсіздік (сыртқы әсерлер, атмосфера қысымы, коррозияға ұшырау мүмкіндіктері) нәтижесінде өзінің бастапқы құнының сатылай жойылу түсіндіріледі. Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың сапасына; техникалық жетілдіруіне (конструкциялар, материалдардың түрі және сапалығы, ғимараттардың құрылыс сапасы және станоктардың монтаждығы ); қызмет ету уақытына (жылдық жұмыс күн саны, тәуіктегі сменалар саны, сменадағы жұмыс сағаттары);негізгі қорларды сыртқы жағдайлардан қорғау деңгейіне (ыстық, суық, ылғалдық, жауын шашын); жұмыскелердің мамандауына байланысты болып келеді.
Табиғи тозу негізгі қорлардың бірдей элементтерінде де бірқалыпты жүрмейді. Негізгі қорлардың толық және жартылай тозуын қарастырады.Толық тозу кезінде іс әрекеттегі қорлар жойылады немесе жаңа қорлармен орын ауыстырады. Ал жартылай тозу кезінде негізгі қорларды жөндеу арқылы қалпына келтіру болып табылады.
Негізгі қорлардың табиғи тозуы нақты қызмет ету мерзімінің нормативтік мерзіміне қатнасы ретінде есептелу мүмкін. Ең дұрыс әдісі бұл заттың толық тексерілуі.
Сапалық тозуы бұл машиналар мен жабдықтардың құнының олардың қайта өндіруіне кететін қоғамдық қажетті шығындардың кемуі (бірінші түрдегі сапалық тозу) ; олардың құнының жаңа және экономикалық тиімді машиналар және жабдықтардың енгізуі арқылы кеміту (екінші түрдегі сапалық тозу). Бұл сапалық тозу формаларының әсерінен негізгі қорлар өзінің техникалық сапалылығы және экономикалық тиімділігі бойынша артта қалып кетеді. конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді.
Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін дүркін ауыстырып отырудың қажеттлігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олар жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?