Экономика | Қазақстан Республикасында ақша- несие саясаты
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................5-6
1 Ақша – несие саясатының мәні мен мақсаты...................................7-12
2 Қазақстан Республикасында ақша- несие саясатының қалыптасуы
және бағыттары....................................................................................13-18
3 Қазақстан Республикасында ақша – несие саясатының даму мәселелері............................................19-25
Қорытынды............................................................................................26-27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................28
Қосымшалар................................................................................................29
Кіріспе
Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды. Тауар айналысынң тарихи дамуы процесінде жалрыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалары. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді. Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқаңда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де етеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халыктың тұрақты ақша қорын құрайды.
Ақша жиыны айналымының баяулауы — ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлығы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшандығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. Ақша айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша жиынының құрылымында банктердегі ұзак мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
Ақшаның өзінде, сондай– ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егреде бұрындары сатып алу- сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда. Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді. Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі — барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптас-тыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады.
1 Ақша – несие саясатының мәні мен мақсаты
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесіңде коммерциялық банктер ақша ұсы-нысын кеңейтеді. Банк жүйесі қүнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міңдетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды жөне ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақ-тылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табы-лады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. Ақша-несие саясатының түрлері
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты. Рекстрикциялық ақша-несие саясапгы — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатьш шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмеңдеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а)экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б)бағаны түрақтаңдыру;
в)төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а)ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а)несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б)есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в)ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретіңде қарастырылады. Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама қүралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға жетуде Үлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келе-сідей ақша-несие саясатының негізгі қүралдарының көмегімен реттеледі: Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу; ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражат-тарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу; мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу; банктерге және үкіметке несие беру; валюталық нарықтағы басқыншылық; кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу; ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі. Пайыз саясаты. Қазақстан Ұлттық Банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қар-жыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделеңдіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Ақша реформасы валюталардың тұрактылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің (толық немесе ішінара) жаңғартылуын көрсетеді. Жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты акша реформасы -экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір шарасы және оның кезекті тұрақтылығын көрсетінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан, Қазақстанда 1993 жылы жүргізілген ақша реформасы мемлекеттің экономикалық саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрактылыққа және кезекті ақша-несие, баға, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету мақсатымен жүргізілді. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды. Латынның «nullificatio» сөзінен нуллификация шығады және ол «жою» деген мағынаны береді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынгы өте құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгізіледі. Осы процедура есепке алуды жеңілдетеді, ейткені материалдық құндылыктардан іске аспаған ақшалай қаражаттар мен жинақ акшалардың барлығы іс жүзінде жойылады. Қазакстанда ақша реформасы нуллификация әдісімен- жүргізілді, яғни ескі құнсыздалған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа Қазақстандық акша белгілері - теңгелер енгізілді. 16 жасқа толған адамдардың бірі ауыстырып алатын мүмкіндігі бар ең жоғары шамадағы ақша өлшемі 100 мың рубльді құрады. Ауыстыру тек бір рет қана жасалды, ол туралы паспортта белгі қойылған болатын.
Дееальеация латынша «de» - төмендеу, «valко» - тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел валюталарына қатысты алтын мәнінің төмендеуін білдіреді.
Қазақстанда, 1999 ж. қыркүйегінде Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейдегі экономикалық дағдарыспен байланысты, америка долларына қатысты теңге бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды (егер 1999 ж. қыркүйегіне дейін теңгенің долларға қатысты курсы 76 теңге болса, ол 130 теңге дейін түсті). Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте жағымды рөлін атқарды, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардың құйылуына себеп болды.
Ревальвация латынша «rе» - жаңару және « vаlко» - тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің бұрынғы алтын мәнін қайта қалыптастыруды немесе ұлттық валюта бағымының шетел валютасымен салыстырғандағы жоғарылауын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама-қарсы. Қазақстанда теңгенің ревальвациясы, мұнай мен металга элем бағаларының күрт өсіп шетел ватютасының көп ағылуына байланысты 2003-2005 жж. болды. Егер 2003 ж. дейін теңгенің бағамы АҚШ долларына қараганда 155 теңгеге дейін өссе, соңғы 2 жылда (2003-2004 жж.) ол 1 АҚШ долларға І30теңгеге дейін түсті.
Латынның «denominatio» сөзін аударғанда деноминация «қайта атау» дегенді білдіреді және арақатынасы бойынша жаңа акша бірліктеріне ауыстыру жолымен акша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді, яғни ескімен салыстырғанда жаңа бір атаулы ақша бірлігінің номиналды сатып алу кабілетін көтермелеу жолымен бағалар масштабын ірілендіруді керсетеді. Деноминацияның негізгі қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады, нәтижесінде есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады және ақша айналым жүйесі реттеледі. Деноминация тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің, тарифтердің, жалакылардың, зейнетақы мен жәрдемақының банктің есепшоттарындағы қаражат қалдықтардың және т.б. бағаларга сәйкес бір мерзімде қайта есептеумен қоса жүреді.
Деноминация бүгінгі таңдағы Қазақстанда өткізілмеген, бірақ Ресейде 1998 ж. ол 1000/1 сәйкестілікпен жасалған (реформаға дейінгі 1000 руб.жаңа I руб.).
Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігі бірқатар ерекше себептермен түсіндіріледі:
-көп жыл бойы әкімшіл-әміршіл және жоспарлы орталықтандырылған шаруашылық жүйелері халық шаруашылыгының барлық салаларында сәйкессіздіктің туындауына себеп болды. Оның ішінде, тұтыну заттарының өндірісіне қарағанда өндіріс құралдарының өндірілуі басым. Экономика шикізаттарга бағытталды, Қазақстан КСРО-нің бірден-бір шикізат көзі болды, инфракұрылым қалып жатқан кезде кентау өндірісі дамуға бет алды;
-бағалау көп жағдайда төмендеген немесе нақты орындалған деңгейден қалмауга тырысқан кезде жоспарлы және мемлекеттік тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай өткізілді, бірақ бұл жалақы және басқа ресурстардың қор шамасында көрінген жоқ. Сонымен, экономика тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын шаруашылықты жүргізудің шығын механизмі кұрылды;
-орталықта бекітілген баға өнімнің өзіндік құнынан көп артта қалып отырды, ал кәсіпорындардың шығындары мемлекетті ақшалай көмегімен жабылып отырды.
-экономикның шығындылығынан, үлкен өнімсіз ысыраптардан мемлекеттік бюджеттің тапшылығы туды. КСРО ыдырауы, экономика кұдырауы, КСРО акша жүйесінің құлауы, Қазакстанның рубль шеңберінен шығарылуы, ұлттық ақша жүйесінің болмауы - Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігінің басты себептері болды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына байланысты ұлттық ақша жүйесін кұру үшін ақша реформасын өткізу керек болды. Ол «Қазакстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 ж. 12 қарашада шыққан ҚР Президентінің Жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы Жарлықпен ұлттық валюта -теңге айналымға енгізілді. Ескі ақшаны теңгеге ауыстыру мерзімі 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де бекітілді. КСРО Мембанктің 1961-1992 жж. рубльдері мен Ресей банкінің 1992 ж. рубльдері қолма-қол ақшага ауыстырылуы, сондай-ақ рубль есепшоттары, салымдар және міндеттемелер 500 рубль үшін 1 теңге ауысу бағамымен ауыстырылды. 16-ға толган жэне одан ересек Қазакстан азаматтарының барлығы 100 мың рубльден аспайтын соманы.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?