Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердерің табиғаты мен мәні

 Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердерің табиғаты мен мәні

Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
І тарау. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары.
1.1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың зерттеулердегі сипаттамасы..................................................11
1.2. Ә. Нұрпейсовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласының жасалу жолдары..........20
ІІ тарау. Трилогиядағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқылы және басыңқы компонентерінің мезгілдік жағынан өзара қарым – қатынастары
2.1. Трилогиядағы бір мезгілдес сабақтас құрмаластар...................35
2.2. Трилогиядағы әр мезгілдес сабақтас құрмаластар.........................42
Қорытынды..............................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................55

Кіріспе
Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі.
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз, екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде.
Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін сөйлемдер жатады. Сөйлем құрмалас болу үшін өз ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөлінуі шарт.
Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі күні бүгінге дейін кездесіп жүрген күрделі мәселелердің көбі оның сабақтас түрінен болады.
Сабақтас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркология бойынша күрделі проблемалардың бірінен саналады.
Сабақтас құрмалас сөйлемді дұрыс тану деген сөз мұның өзіне тән айырым белгілерін ғылыми жүйеде саралау болып шығады. Ал бұл жағдайдың өзі қазақ тіл білімі былай тұрсын, түркологиялық ілімде де басы ашылмаған мәселе. Құрмалас сөйлемді зерттеушілердің көбі сабақтасты айқындауда өзіндік түсінік, тұжырым мен әр түрлі критерийлер үсынады. Бұл ретте көптеген түркологтар сабақтас құрмалас сөйлемнің әрбір компонентінің айырым бастауышы болсын деген талапты бірінші орынға қойса, енді қайсыбіреулері басыңқы бөлшектен бөлек бағыныңқыда арнайы бастауыштың болуын басты меже тұтпайды. Сондай-ақ соңғы кездерде танылып жүрген интонациялық белгіні бір топ ғалымдар қолдаса, енді біреулері бүны бағыныңқыға тән айырым белгі ретінде қарамайды. Міне, осы жағдайларды ескере келіп, сабақтас сөйлемнің грамматикалық сипатын дұрыс тани білу үшін, оған тән айырым белгілерді саралап алу қажет. Ондай белгілерді Қ.Есенов мынадай деп саралайды:
1. Сабақтастағы әрбір сөйлемнің өзіне тән бастауышы мен баяндауышы болып, соған орай олардың субъект-предикаттық қатынасқа түсіп отыруы;
2. Бағыныңқы сөйлем баяндауышын басыңқымен байланыстыратын түрліше амал-тәсілдердің болуы. Олар - шартты рай, есімше, көсемше, қимыл есім формалары және осылармен қосыла айтылатын түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер.
3.Бағыныңқы сөйлемнің біршама да болса айырым ойға ие болып, басыңқыдағы ойдың мазмүнын түрлі жақтан айқындап тұруы.
4.Бағыныңқы компоненттің басыңқымен ұласпалы интонация арқылы айтылуы [1,175]
1. Тіл білімінде сөйлемнің сөйлем екендігін айқындайтын ең басты меже-предикаттық қатынастың болатындығы айтылады. Осыған орай түркологиялық ілімде де бағыныңқы сөйлемді айқындауда бұл белгі (предикаттық қатынас) соңғы кездерде таныла бастады.
Предикаттық қатынас - бастауыш пен баяндауыштың қатынасы. Олай болса, бұл байланысу бағыныңқы сөйлемдерден осындай бас мүшелердің болуын талап етіп отырады. Сөйлем ішінде болатын бастауыш кейде арнайы аййтыла бермейді, алайда оның барлығы баяндауыштың жіктік жалғау формасы арқылы белгілі болып тұрады. Мұндай заңдылық сабақтаста шартты рай тұлғасы арқылы жасалған бағыныңқыларда болады. Сондықтан мұндай сөйлемдердің баяндауышы арқылы әрі қимыл иесін біліп тұрамыз. Ал есімше, көсемше тұлғасы арқылы жасалған бағыныңқылар жайында мұны айтуға болмайды. Өйткені бұл сөйлемдерде предикаттық қатынастың орын алуы, шартты рай тұлғалы бағыныңқылардағыдай, баяндауыштың сөздің жалаң өзімен ғана емес, арнайы бастауыштың айтылуымен тығыз байланысты болады.
Бұл жай қазақ тілі бағыныңқыларын саралауда «предикаттық қатынас» болсын деген тұжырымның тым әлсіздеу де бір жақты екендігін аңғарта түседі. Сондықтан да есімше, көсемше тұлғалы сөйлемдердің де бағыныңқы болудағы қызметін ескере отырып, жалаң «предикаттық қатынас» деуден гөрі «субъект-предикаттық қатынас»деп айтқан дұрыс болар еді [1,176].
Сабақтас құрмалас сөйлемді айқындауда бүл критерий ең басты меже болып саналады. Өйткені кез келген конструкцияның сөйлем екендігін оның бойында субъект-предикаттық қатынастың бар-жоқтығы айқындап тұрады. Егер сөйлемнің бойынан мұндай қасиет табылса, онда оның сөйлемдік қүрылыста келгені де, ал табылмаса, ондай конструкцияның сөйлемдік дәрежеге жете алмағандығы белгілі болады.
Құрмалас сөйлемдегі бастауыш жайындағы ілімді одан әрі дамытқан және осы жайында кейбір толықтырулар енгізген адам профессор Н.К.Дмитриев болды. Автордың мүндай пікірі оның бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін айқындаумен тығыз байланысты еді [2, 245].
Профессор Н.К.Дмитриевше, сөйлемнің бағыныңқы бола алуы ондағы бастауыш пен баяндауыштың бар-жоқтығына қатысты келеді. Егер
де бағыныңқының өз бойында басыңқы сөйлемнен бөлек өз алдына бастауышы мен баяндауышы болса, автор мұндайды сабақтас құрмалас деп атайды. Кейінгі кездерде жарық көрген түркі тілдерінің еңбектеріндегі сөз болатын предикаттық қатынас осы Н.К.Дмитриевтің ілімімен ұштасып жатады. Автор мұндай предикаттық қатынасты сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының қиысып келуі негізінде түсіндіреді де, бұл қасиетке ие бола алмағандарын бағыныңқы сөйлемнің ауыспалы түрі деп қарайды.
Бағыныңқы сөйлемге тән болатын субъект-предикаттық қатынас жалпы сөйлем атаулыға қатысты ортақ заңдылықтардан шығады. Өйткені сабақтас құрмаластың компоненттерін (бағыныңқы, басыңқы) сөйлем дәрежесінде қарастыратын болсақ, олардан талап етілетін заңдылықтар жалпы сөйлем синтаксисінің нормасынан алынады.
Сабақтас құрмаластың бастауышы жайында ілімді саралай талдасақ, оның мазмүны толығырақ ашылады:
1) Бастауыштың қажеттілігін барлық бағыныңқы сөйлем түрлерінде бірдей қарау. Мұндай көзқарасты әсіресе профессор Ғ.Абдурахманов қолдайды.
Профессор Қ.Сартбаев бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін айта келіп, ондағы болатын грамматикалық тұтастықты орынды көрсетеді. Мұндай грамматикалық тұтастық бағыныңқының бойында болатын бас мүшелермен айқындалады. [3,102]
Ал профессор Ғ.А.Абдурахманов сабақтас құрмаластағы бас мүшелердің қатынасын бағыныңқылардың барлық түрлерінен бірдей қажет етеді. Сөйтіп күні бүгінге дейін көптеген түркі тілдерінде сабақтас құрмалас деп танылып келген конструкцияны жай сөйлем деп түсіндіреді. [4,84]
Сол сияқты профессор Ч.Б.Алиев те сөйлемнің құрамында бастауыш біреу-ақ болса, мұндайды жай сөйлем деп қарайды. [5,131]
Қазақ тіл білімінің тұңғыш филолог-профессоры Қ.Жұбанов құрмалас сөйлемнің бас мүшелердің негізінде құралуын талап етіп еді:
«Күрделі сөйлем болу үшін күрделі мүшенің бастауышы да, баяндауышы да болуы шарт» [6,230]. Күрделі мүше деп бүл жерде қүрмалас сөйлемді айтып отыр.
2) Бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерінде саралай қолдану. Бұлар бастауыштың әрбір бағыныңқыда бірдей бола беруін талап етпейді, оны міндетті деп санамайды. Бастауышты саралай қолданудағы мұндай ғалымдардың қатарына Г.Саибатталов, М.Гаджиев, Н.Сауранбаев. Ғ. Бегалиев т.б. жатқызуға болады.
Башқұрт тілінің құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы қарастырған профессор Г.Саибатталов бастауыш сөзінің бағыныңқыларда әрдайым бола бермейтінін, соған орай олар қүрылысы жағынан екі құрылымды болуымен қатар бір құрылымды да болып келетінін және осы бір құрылымды құрылыстың түркі тілдерінде басым екендігін айтады. Автор бастауыштың болуын есімшелі, көсемшелі бағыныңқы сөйлемдермен ғана байланыстыра қарайды [7,19].
Профессор М.З.Закиев сабақтас құрмалас сөйлемнің әрдайым екі құрылымды болып келуін айта отыра, кейде оның бір құрылымды да болуын теріске шығармайды [8,278].
Сабақтас құрмаластағы бастауыштың қажеттілігі, сонымен қатар кейде оның әрбір компонентте бола бермейтіндігін қазақ тіл ғалымдары да (С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев) айтқан еді.
Доцент С.Жиенбаев өзінің «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде құрмалас сөйлем компоненттерінен бастауыштарды талап ете отырса да, шартты рай тұлғасында келген бағыныңқылардың бір ғана бастауышқа ортақтасуын да айтады. Бұл жайды автордың осы бағыныңқыларға берген мысалдарынан көруге болады: Барсам да, таба алмадым [9,19].
Доцент Ғ.Бегалиев «Құрмалас сөйлем» атты еңбегінде шартты және қарсылықты бағыныңқылардың бір бастауышқа да ортақтасып келе беретіндігін ескертеді.
Профессор Н.Сауранбаев та бастауыштың ортақ болып келуін теріске шығармайды. Профессор Т.Қордабаев бағыныңқы сөйлемдердің бас мүшелердің негізінде құрылуын қолдайды [24,267].
3) Бағыныңқы сөйлемді айқындауда бастауыш меже бола алмайды.
Бұлар сөйлемнің сабақтас екендігін ажыратуда бастауышты негізгі тірек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейді, сондықтан баяндауыштың болуын басшылыққа алады. Мұндай ілімді жақтаушылардың қатарына Н.П.Дыренкова, М.Ш.Ширалиев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. жатқызуға болады.
Сөйтіп бір топ ғалымдар бағыныңқы сөйлемнің критерийін айқындауда баяндауыш мүшені ең негізгі басты меже ретінде ұсынды. Бұл ретте бастауыштың әр компонентте де бола бермей, оның ортақтаса айтылуына мүмкіндік беріледі. Осы турасындағы ілімнің әлі де болса тұрақталмағанын байқауға болады.
2. Баяндауыш - сөйлем сабақтастырудағы негізгі орталық. Сабақтас қүрмаластағы синтаксистік компоненттер субъект предикаттық қатынастың негізінде белгілі бір форма арқылы өзара тығыз байланысқа түседі. Бүл ретте жай сөйлемдердің арасын құрмаластырып, оларды бір бүтіннің қарамағына түсіруде бағыныңқының баяндауышы елеулі қызмет атқарады. Сондықтан да ол сабақтас сөйлемдегі негізгі орталық, аралық баспалдақ болып саналады. Олай болса, бағыныңқының баяндауышы - жалпы сабақтас құрмалас сөйлемнің типтерін жасаудағы негізгі көрсеткіш, ең қажетті байланыстырғыш элемент ретінде танылады.
3. Бағыныңқы сөйлемнің дербес ойға ие бола алуы.
Сабақтас құрмалас сөйлемге тән болып келетін бүл белгі ондағы оқиға желісінің субъект-предикаттық қатынастың негізінде құралуымен тығыз байланысты. Осындай байланыстың қарамағына түскен әрбір синтаксистік компоненттер өзіндік айырым ойға ие болып түрады. Мұндай әрбір жеке ойлар бірін-бірі толықтырады, айқындайды, біріншідегі ой арқылы екіншісінің мазмұны ашылады. Бұл ретте әсіресе бағыныңқы компонент айрықша мәнге ие болады. Өйткені негізгі сөйлемде баяндалған түпкі ойдың мазмұны бағыныңқыдағы дербес оймен байланысты келеді. Сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненті басыңқыда хабарланған ойдың шартын, мезгілін, себебін т.б. мағыналық белгілерін білдіріп тұрады деуіміз де осыдан.
Бағыныңқы сөйлемде дербес ойдың болуы жайында ең алғаш пікір айтқан адамдардың бірі - профессор Н.К.Дмитриев еді: [2,192-бет]. Кейіннен бұл пікір әр зерттеушілер тарапынан қолдау тапты. Бұлардың қатарына М.Ш.Ширалиев, Н.Сауранбаев т.б. жатқызуға болады.
4. Бағыныңқы сөйлемнің өз басыңқысымен ұласпалы интонацияда айтылуы.
Кез – келген сабақтас құрмалас сөйлем өз құрамындағы синтаксистік компоненттердің ыңғайына қарай айтылу барысында интонациялық жікке ие болып тұрады. Мұндай интонациялық құбылыс жеке сөйлемдер арасын селбестіруде елеулі қызмет атқарады. Бағыныңқы сөйлемде болатын дауыс екпіні оның баяндауыш тұлғасымен тығыз байланыстырыла қаралады. Өйткені интонациялық жік бағыныңқыдағы осы баяндауыш сөзінің басыңқымен байланысқа түскен жерінде болып отырады.
Құрмалас сөйлемдегі интонация ұластырушы мәнге ие болып, екі жай сөйлемнің басын бір жерге қосуда елеулі қызмет атқарады. Сабақтас құрмаластағы интонация жөнінде профессор М.Балақаевтың пікірі назар аударарлықтай. Автор өзінің «Сабақтас сөйлемнің ерекшеліктері» атты мақаласында сөйлем атаулыда болатын интонациялық құбылыстың барлығын бірдей тең дәрежеде қарауға болмайтынын, олардың әр сөйлемде өзіндік қызметі барлығын ескертеді: «Сөйлемнің айтылу интонациясы ұластырушы болса, онда ол сөйлемнің бағыныңқы болғаны. Сөйлемдегі сөздер тобы ырғақты үнмен, түрлі әуенмен және кідіріс жасалып айтылса, олар сөйлем ішіндегі сөйлем болмай, жай сөйлемнің бөлшектері» болғаны.
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі интонациялық белгіні әңгіме қылғанымызда, оның сөйлемдер арасын байланыстыратын тәсілдік қызметін де ескергеніміз жөн.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің бойынан осы аталған төрт критерийдің де орын алуы қажет. Егер де олардың біреуі сөйлем бойынан табылмаса, оның сабақтас та бола алмағандығы. Олай болса, бағыныңқы сөйлемге тән болып келетін басты белгілерді талап етіп отыр - жалпы сабақтас құрмаластың грамматикалық құрылысын дұрыс тани білуге мүмкіндік жасайды.
І тарау.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласының қоланыстағы көрісітері мен жасалу жолдары.
1.1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың зертеулердегі сипаттамасы
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі аумақты да күрделі мәселенің бірі – оның бағыныңқы түрлерін өзара саралау мәселесі. Өйткені бұл тіл – тілдердің қайсысында болмасын зерттеушілердің назарын әрдайым өзіне аударып отырады. Қазақ тілі бағыныңқыларының ең алғашқы зерттелу барысында олардың саралану жолы орыс тіліндегі еңбектер мен граматикаларға негізделген болатын. Осы орайда бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы жағынан жалпы тіл білімінде орын алған кейбір ілімдерге тоқтала кеткен жөн. Өйткені ол ілімдер қазақ тіл біліміндегі сөз болғалы отырған мәселеге өзіндік әсер етпей қойған жоқ.
Ертеректе тіл білімінде сабақтас сөйлемдерді бағыныңқылық жақтан өзара саралауда белгілі бір принцип меже болып отырмады. Өйткені бағыныңқы сөйлемдердің ғылыми жүйеде топтастырылу, белгілі бір қалықа түсуі әр ілімнің негізінде болды. Бұл ол кездерде қай тілге болса да тән құбылыс еді. Граматикалық заңдылықтар мен тілдік құбылыстардың жетіліп, дамып отыру процесі сабақтас сөйлемнен де орын алды.
Қазақ тілі бағыныңқы сөйлемдерін топтастыруда функционалды, тұлғалық және құрылыс - семантикалық принциптер басшылыққа алынды. Соның ең алғашында үстем болған түрлі - функционалды классификация. Қазақ тіл білімінде бұл тәсілді қолданушылар профессор Қ. Жұбанов , доцент С. Жиенбаев және процессор Н. Сауранбаев болды. Бұл аталған ғалымдар өздерінің еңбектерінде орыс тілінің ізімен бағыныңқы компанентті басыңқының бір мүшесі есебінде қарап , оны сол мүшенің атымен атады.
Сөйтіп бағыныңқының қызметі сөйлем мүшесінің қызметімен бірдей ұғынылды. С. Жиенбаев осы жайында «Бағыныңқы сөйлемді басыңқы сөйлемнің бір мүшесі қатарында есептеу керек», - деді [9,17].
Қазақ тілі бағыныңқыларын осылайша сөйлем мүшелерінің ыңғайында саралау 1940 жылдарға дейін орын алып келеді.
Профессор Қ. Жұбанов 1936 жылы 5 – 6 кластарға арнап жазған «Қазақ тілінің програмасында» бағыныңқы сөйлемді басыңқының белгілі бір мүшесіне тели отырып саралайды. Бұл ретте тек шартты рай тұлғалы сабақтастар ғана негізге алынған. Сөйлемдер бағыныңқылық жақтан жеті түрге жіктеледі.
1) бастауыш бағыныңқы; 2) баяндауыш бағыныңқы; 3) септес бағыныңқы; 4) іліктес бағыныңқы; 5)шақтас бағыныңқы; 6) жанас бағыныңқы; 7) қабыс бағыныңқы [10,23].
Доцент С. Жиенбаев өзінің «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде бағыныңқы сөйлемдердің топтастыру принципін, негізінен алынғанда, профессор Қ. Жұбановтың үлгісімен жүргізеді. Бұл оның өзі атағындай, «нақтылы бағыныңқылар» түрінде айқыын байқалады. Автордың нақтылы бағыныңқылар деп отырғаны - қатынастық сөздерімен жұмсалған шартты рай тұлғалы сөйлемдер. Мұндай бағыныңқылар сөйлем мүшелерінің атымен аталып отырады. Бағыныңқы сөйлемдерді жіктеуде С.Жиенбаев шартты, қарсылықты бағыныңқылардың да бар екендігін көрсетіп, кәдімгі нақтылы бағыныңқылардың өзі де осылар дейді және үйірлі мүшелерді бағыныңқы сөйлемнің қатарына жатқызады.
Бағыныңқы сөйлемдерді фунционалды принципті негізінде саралау профессор Н. Сауранбаевтың еңбектерінен орын алды. Ол мезгіл , себеп, амал, шарт қарсылықты бағыныңқы түрлеріне жіктейді.
Бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда жоғарыда аталған ғалымдардың арасында өзара айырмашылықтар болды. Мысалы, Қ. Жұбанов пен С. Жиненбаев өз еңбектерінде бастауыш, баяндауыш бағыныңқыларды атаса, Н. Сауранбаевтың зерттеулерінде бұл аталған бағыныңқылар сөз болмайды.
Қазақ тілі бағыныңқы сөйлемдерін топтастыруда соңғы кездерінде мағыналық принцип орын алды. Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлем сөйлемдік мәнінде кең ұғымда түсініліп, оның басыңқымен тығыз қарым – қатынасқа түсудегі екі арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынады.
Сабақтас сөйлемдерді мағыналық белгісіне қарай жіктеу профессор С. Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты еңбегінен орын алды. Онда сабақтас құрмалас сөйлемдер он сегіз түрге жіктелген: 1) себеп - салдар, 2) мезгіл, 3)шарты, 4) ұқсасты, 5) мақсатты, 6) қарсылықты, 7) дағдылы, 8) нұсқаулы, 9)үлестес, 10)аяулы, 11) баяндауыш, 12) қыстырмалы, 13) мекен, 14) арналас, 15) сілтеу, 16) ыңғайлас, 17) үдетпелі, 18) тақырыпты [11,201] .
Бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда қазақ тіл білімінде мағыналық – тұлғалық принцип те басшылыққа алынады. Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлемдердің басыңқыны айқындаудағы мағыналық белгілері мен олардың жолдары тығыз байланыстырыла қаралады.
Түркі тілдеріндегі бағыныңқы сөйлемдер әр түрлі принциті негізге алып отырады. Мәселен, М. Ш. Ширалиев , А, Абдуллаев сөйлемнің синтаксистік функциясын басшылыққа алса, Қ. Сартбаев, Т. Санбатталов бағыныңқы сөйлемдердің құрылысы мен семантикасын қарайды.
Тіліміздегі бағыныңқы сөйлемдердің жасалу жолдарын саралай талдасақ, олардың көпшілік жағдайда басқаша амалдар арқылы құрмаласатын байқауға болады. Бұл ретте бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы елеушілі қызмет атқарады. Егер қатыстық бағыныңқыларда сөйлемдер арасын байланыстырушы дәнекер әр уақытта да шартты рай тұлғалы баяндауыш болса, өзге бағыныңқы түрлерінде осы қызметке баяндауыштың басқа грамматикалық тұлғалары қатынаса алады. Мұндай баяндауыш етістіктің есімше, көсемше т.б. түрлерінде жұмсалып, бағыныңқы мен басыңқы компонентерді әр алуан мағыналық байланысқа түсіріп отырады. Сөйлемдер арасындағы осындай әр алуан мағыналық байланыстардың тоғысар арнасы да біреу – ақ. Ол бағыныңқы компоненттің басыңқыға пысықтауыштық ыңғайда жұмсалыумен тығыз байланысты келеді. Ал, мұның өзі, салып келгенде, бағыныңқы баяндауышының есімше, көсемше тұлғаларында келуімен айқындалады. Өйткені осындай амалдар арқылы жасалған бағыныңқы сөйлемдер өз басыңқысымен шарттастық , мезгілдік , амалдық, себептік т.б. мәндерде жұмсала айтылып , пысықтауышқа тән заңдылықтардың негізінде құралады. Тіл білімінде осындай мәндегілер адвебиалды сөйлемдер деп те аталып жүр. Мұндай атау пысықтауыштың..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?