Қазақ әдебиеті | Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу
Кіріспе
Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады.
Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиеті үлгілерін көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Сол себепті әдебиттегі көркемдік таным жетістіктерінің бір үшін осы миф, аңыздардан қарастыру өзекті мәселе.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиттану ғылымында соңғы кездері мифтер мен аңыздардың көркемдік қызметіне жан-жақты талдау жасалынып, ғылыми тұрғыдан зерттеліне бастады. Белгілі зерттеушілер: М.Әуезов./1/ ,З. Қабдолов /2/ , С. Қирабаев /3/ , Т. Кәкішов /4/ , Р. Бердібаев /5 /, Ш. Елеукенов /6/ , Ж. Дәдебаев /7/ , З. Бисенғали /8/ , Б. Майтанов /9/, А. Жақсылықовтар /10/ аңыздар мен мифтердің көркем шығармалардағы көркемдік қызметіне жан-жақты тоқталып қарастырды. Сонымен қатар А. А. Мәуленовтың /11/, Ж. Аймұхамбетованың /12/ , А.Н. Ғалиевалардың /13/ кандиттатық диссертацияларында бұл тақырыптар жаңа қырынан танылып, біршама еңбектер негізінде жазылғандықтан соны ой-тоқтамдарға толы десек болады.
Қазіргі қазақ әдебиетінде Ә. Кекілбаев /14/, М. Мағауин /15/, О. Бөкеев /16, 17, 18/, С. Жүнісов /19/ , Д. Досжанов /20/, А. Алтай /21 / өз шығармашылықтарында аңыздық-мифтік желілер негізінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әлем әдебитінен бастау алған мифтік шығармашылық шығарманың көркемдік құндылықтарын ерекше бір реалистік тұрғыда суреттеп – шығарманың танымдық қаситетін арттыра түсті. Бұл еңбекте Ш. Уәлиханов /22/, Г. Е. Мелетинский /23/ , В. Пропп /24/ , В. Еремина /25/, М. Бахтин /26/,С. Қасқабасов /27/, С. Қондыбаевтардың /28/ еңбектеріндегі теориялық тұжырымдары арқылы бұрын зерттеу нысанына айналмаған көркемдік шешімі мен образ сомдаудағы ықпалы, тынымдық белгісін арттырудағы әдеби-эстетикалық қызметін ғылыми негізде дәлелдеуге тырыса мыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Қазіргі қазақ прозасындағы мифтік шығармашылықтың атқаратын көркемдік аясын ашу арқылы қазақ әдебиетіндегі мифологизмнің орнын бағдарлау. Мифопоэтика туралы теориялық зерттеу еңбектерін басшылыққа ала отырып, жазушы шығармашылығындағы мифологизмнің көркемдік-идеялық қолданысына назар аударту жұмыстың басты мақсаты болып табылады.Осы мақсатқа сәйкес мынандай міндеттер басшылыққа алынады:
- Мифтік желілерді жазба әдебиетте падалану тамырын тереңнен тартқан бай тәсіл, әрі жан-жақты толық зерттеуді қажет ететін қызықты да тың тақырып екендігіне көз жеткізу;
- Әдеби шығармада қолданылған мифтік желілердің, белгілердің, бейнелердің туындының көркемдік әлемін арттыруда таптырмас тәсіл екендігін дәлелдеу;
- Нақты шығармалардағы мифтік желілерді келтіру арқылы оның көркемдік қызметін талдау;
- Мифтік желілердің шығармалардағы танымдық қызметі мен жазушының шеберлігін, ой-толғамын көрсету, аңыздар мен мифтердің сюжетті дамытудағы символдық мәнде қолданылуындағы ерекшеліктерге тоқталу;
- Жазушының осы тәсіл арқылы жеткен жетістіктерін, өзіндік стиль қалыптастырғандықтарын көрсету;
- Мифтік желілердің адам психологяиысын бейнелеудегі ерекшеліктерін нақты шығармалар арқылы талдау;
- Шығармаларда қолданылған мифтік сана мен бүгінгі дамыған адамзат санасының арасындағы байланысты көрсету.
Жұмысты жазудағы теориялық-методологиялық негіздері:
Көтерген мәселелердің шешімін іздеуде белгілі әдебиет зерттеушілерінің негізгі ғылыми еңбектері басшылыққа алынады: Ш.Уалиханов /22/, Б. Уахатов Б /29/, С. Қасқабасов /27/, Б. Әбілқасымов /30/, Ш. Ыбыраев /31/, Р. Бердібаев /5/, Ш. Елеукенов /6/, Т. Кәкішов /4/, Ж. Дәдебаев /7/ , Б. Майтанов /9 /, А. Жақсылықов / 10 /.Сонымен қатар Ю. М. Лотман /32/, З. Г. Минц / 32/, Е.М. Мелетинский /23/ , Д. Н. Низамиддинов /33/ , В. Я. Пропп /24/ , В. Еремина /25/ , М. Бахтин /26/, сынды көптеген орыс және шетел әдебиетші ғалымдарының да теориялық зерттеу еңбектері қарастырылады.
Жұмыстың дерек көздері: Диплом жұмысын: Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» , «Күй» /14 /, О. Бөкей «Сайтан көпір» /16/ , «Атау кере» /17/, «Кербұғы» / 18 / , «Қар қызы» / 16 /, Д. Досжан «Келіншектаудағы тас түйелер» / 20 / , С. Жүнісов «Заманай мен Аманай» / 19 /, М. Мағауин «Қыпшақ аруы» /15 /, А. Алтай «Алтай балладасы», «Алтай элегиясы» /21/ атты автолардың шығармалары талданады.
Жұмысты жазуда қолданылған әдіс-тәсілдер: Баяндау, салыстыру, талдау, түсіндіру,жинақтау.
Жұмыстың теориялық практикалық маңызы.
Жұмыстың негізгі тұжырымдары мен нәтижелері: Қазақ әдебиетіндегі мифологизм, мифтік сана мен оның шығармадағы көркемдік қызметін анықтауға, түсінуге мүмкіндек береді. Теориялық негізін анықтайды. Ауыз әдебиеті үлгілерінің бүгінгі өркениетті дамыған кезеңдегі жазба әдебиетіміздегі көркемдік, танымдық қызметі мен образ сомдаудағы ерекшелігі, адами құндылықтарды жеткізудегі тамаша құралға айналғандығы дәлелденеді.
Жұмыс нәтижелерін филология факультетінің арнайы курстарында, жоғарғы сыныптардағы қазақ әдебиеті пәніне көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Бұл зерттеу жұмысы болашақта қазақ әдебиетіндегі жаңа ізденістер мен көркемдік шешімдері туралы зерттеулерге ой қоспақ. Мектеп бағдарламаларында О. Бөкей, Д. Досжан, Ә. Кекілбаев шығармаларын оқытуда қосымша құрал ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар филология факультетінің студенттеріне арнайы курс ретінде жүргізуге негіз бола алады.
Жазба әдебиет пен мифтің, аңыздың ара- қатынасын зерттеушілер әр дәуір әдебиетінің әдебиттегі ағым-бағыттардың мифке деген көзқарастарын анықтап береді. Бұл мәселе турасында Ю.Н. Лотман, З. Г.Минц, Г.Е. Мелетинский /26/ көркем әдебиет үлгілеріне сүйене отырып тұжырымды ойларын айтты.
ХХ ғ. әдебиетіндегі мифологизм турасында әдебиттану саласында батыс зерттеушілері әр түрлі пікірлер айтты. Бұл салада бірнеше классификация да жасалынды. Бірінші классификация Г. Е. Мелетинский /23/, Ю. М. Лотман /32 /, З. Г. Минц / 32/ есімдерімен байланысты. Келесі талдау иесі – Эпнштейн. Ал осы ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып Д. Н. Низамиддинов /33/ қазіргі әдебиттегі мифологизм формаларын төмендегідей түрлерге топтастырады:
Бірінші – дәстүрлі мифтік сюжеттер мен бейнелерді пайдалану. Осы бірінші форманың өзі әдеби туындыларда екі түрлі сипатта көрінеді.
а) дәстүрлі мифтік сюжеттер мен бейнелерді түсіндіру талдау (интерпетация)
ә) дәстүрлі мифтік сюжеттер мен бейнелерді өзгерту (трансформациялау)
Екінші – «автолық» мифологияның шығарылуы. Мұнда жазушы ритуалды – мифологиялық текстер құрылымына, құрамына сүйене отырып, өзіндік дара мифологем жүйесін түзеді.
Халық прозасының қазіргі көркем әдебиттке тигізген ықпалын профессор Ж. Дәдебаев: «Халық әдебитінің түрлі туындылары, әсіресе аңыз, миф сипатындағы үлгілер бір шығармада өмір шындығын суреттеудегі амал-тәсілдердің бірі ретінде сипатталса, басқа бір шығармалардда авторлық идея мен обьективтік идеяның жарыса дамып, тоғысып түйісер өзегіне айналады » /5/ - деп ауыз әдебиеті үлгілерінің көркем шығармадағы көркемдік – эстетикалық рөлін ерекше бағалап өтеді
Миф жанры қазақ фольклортану ғылымында соңғы кездері аса қызығушылыққа ие болып отыр. Бұған дейінгі мифтердің халық ауыз әдебиетіндегі зерттеу еңбектерінде аздап кездесетіні Р. Бердібаевтың «Қазақ эпосы» атты еңбегінде, Ш. Елеукеновтың «От фольклора до роман – эпопей» /6/ зерттеуінде, Ш. Ыбыраевтың «Әлем эпосы» /31/ атты еңбектерінде қарастырылады. Оны толық зерттеп ғылыми айналымға түсірген ғалым – С. Қасқабасов. Миф қазақ халқының ілкі заманындағы өзі мен өзін қоршаған орта туралы шындығы. Ал, оны әдеби мүддеге айналдырып бүгінгі күнгі дамыған, өркениетті елдің білімді азаматтарының шындығымен синтездеп, өңдеп қорытылған тәжірбиесін көркем әдебиетте символдық образдарға айналдырып, жаңа бір әдеби әдістерге, әдеби жетістіктерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да әдеби шығармадағы мифтік желілердің қызметі алуан түрлі болып келеді. Бұл турасында ғалым С. Наровчатов /34/ : «Мифтік сана көркемдік санадан өзгеше болуына қарамастан, мифология өнердің, әдебиеттің, поэзияның өркендеуіне орасан зор әсер етті. Ең алдымен ол адамзатты түйіндей айтуға үретті. Мұнсыз көркем творчество болуы мүмкін емес» - деген ой айтады. Расында да шығармалардағы мифтік желілер жазушының айтпақ идеясын, көздеген мақсаттарын ашуға ықпал етті.
М. Әуезов прозадағы миф – аңыз туралы «Ұлттық көркем прозадағы ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сансыз көп қор құйған болса, бүгінгі таңда көркем прозадағы да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен араласып – қабысып жатыр »,- деген ой айтады.
Қырғыз әдебиетінде мифтік желілердің көркем шығармаларында қолданысын Ш. Айтматовтың /35 / «Ақ кеме», «Қош бол Гүлсара», сынды шығармаларынан кезедестіруге болады. Ондағы бала көзімен баяндалар мифтер тек қырғыз халқының басындағы трагедияның халді ғана емес, автор оны бүкіл адам басындағы трагедия етіп көрсете білді. Бұл шығармадағы мифтер өзінің ұлттық ерекшелігімен де көзге түсті. «Бұғы ана» туралы миф қырғыз халқының ғана ұлттық ерекшелігін танытатын дүние.
Ш. Уәлиханов «Қырғыздар туралы жазбасында» /22/ қырғыздардың «Бұғы тайпасының аңызы» деген ертегі жазып алады.
«Қара мырза мен Асан Алашынның тауында бұғы аулап жүріп, бір топ маралдың ішінен бұғы мүйізді ғажайып сұлу қыз бен баланы көреді. Баланы өлтіреді де, қызды бауырының үстіне құлай кетіп, өлігін құшып, зар еңіреп жатқан жерінен ұстап алады. Мүйізді қыздың қарғысына ұшыраған Қара мырза мен Асан бала көрмей өтіпті, дейді аңыз.
Сұлуда ру басы Мызағұлға алып келеді, сонан тиіп оған өзі Жаманқұл деген немересін үйлендіреді. Кейінгі ұрпақтың айтқанына қарағанада ру анасы болған бұл әйелдің өзі жәй кісі болмапты (киелі қасиет деген ) және де өзінің ғажайып даналығымен даңқы шығып, мүйіз бәйбіше атаныпты.Кейін бұл бәйбіше басын сумен жуып, жуындысын күңіне адам баспаған жерге төккізе жүріп, ақыры, маңдайындағы зейнетті әшекейінен айырылыпты деседі. Бұл қызметті атқарып жүрген күң, әуестіктің салдарынан ба, әлде төгетін қолайлы жер табылмады ма, әйтеуір сол қасиетті суды өзі ішіп, содан болады ма, ұл туады, ұлының атын Желден қояды.
Алатау қырғыздары бұл қасиетті мүйізді ананың есімін бүгінгі күнге дейін қадір тұтып, ардақтап, бастарына күн туып, қайғылы бір кезеңге тап болғанда, соған арнап құрбан шалып, жалбарынып тілек тілейді.
Мүйізді ананы Ыстықкөлдің қамқоршысы деп санайды. Халықтың пікірінше оның рухы Ыстықкөл аймағын қорып, шарқ ұрып, ұшып жүреді екен. »
Демек, Ш. Айтматов үшін мифтік элемент эстетика емес, көркемдік – идеялық мұра. Повестің қайғылы аяқталуы- жақсылық, сұлулықтың салтанаты. Себебі жақсылықтың жамандыққа ешбір кешірімі болмауы тиіс. Повесть жақсылық пен жамандық бірін- бірі жықпай тынбайды деген ой қозғайды, оны қарама- қарсы екі характер бейнесімен жеткізеді. Олар бала мен Оразқұл. Шығарманың қайғылы аяқталуы ойды өткірлей түседі.Онда екі буын өкілінің ертегісі бар. Бірі Момын шалдың Ана- Бұғы ертегісі. Екіншісі баланың өмірге қатысты өз шындығы. Алғашқы миф күйрегенімен екінші , жаңа миф туып отыр .
Біздің ертедегі әдебиетте мифтік эстетика жұрнақтары тек көне халық саха (якут) олонхошылары творчествасында ғана сақталса керек.
Бір қызығы, күні кешеге дейін ауыз әдебиеті рухани дәулетіміздің негізгі қайнар көзі болып келгеніне қарамастан, қазіргі жердегі әдебиеттерде мифтік элемент жоқтың қасы.
Кезінде ұлы Абай: «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз, мұнда жоқ Алтын иек ағала қыз -деп жырлауы тегін емес-ті.
Ғ. Мүсіреповтың 1942ж жазылған. «Ер Қаптағай» атты аңыз әңгімесінің негізінде мифтік желі жатса керек. Сонымен қатар XIXғ. өмір сүрген Абай поэмаларында мифтік, аңыздың желілерді арқау етеді. Осылайша бастауын сонау Абайдан тартқан әдісті пайдаланып жаңа ізденістер таба бастаған қаламгерлер қатарына: С. Сейфулиннің «Қызыл ат», Ә. Тәжібаевтың «Толағай», М. Жұмабаевтың « Қойлыбайдың қобызы », « Батыр Баян», Ғ. Мустафиннің «Шығанақ», Ғ. Мүсіреповтың « Ер Қаптағай» , Б. Майлиннің « Хан күйеу», І . Жансүгіровтың « Күй», «Күйші» , М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні», « Көксерек» сынды шығармаларын жатқызуымызға болады. М. Әуезовтың « Көксерек » әңгімесі символикалық көркемдік дәстүрдің жалғасы. Бұл шығармада адам мен табиғат қарым- қатынасының трагедиялық сипатының көркемдік символы- Көксерек. Көксерек тек басты кейіпкер емес, ол табиғаттың бір бөлшегі ретінде алынады. Жазушы көксерек бейнесі арқылы адам мен табиғаттың қарым- қатынасын бермек. Адам өзі де табиғат перзенті бола тұра, табиғаттың бір бөлшегін оның болмысын қолдан күштеп өзгертпек болады, бірақ бұл іс- әрекет трагедияға алып келеді. Бұл әдісті бүгінгі әдебиетімізде жалғастырушыларға Ә. Кекілбаев, Т. Әлімқұлов, М. Мағауин, С. Жүнісов, Д. Досжанов, О. Бөкеев, А. Алтайларды жатқызуымызға болады.
0.1. Жазба әдебиеттегі мифологизм.
Аңыздың желілерді, мифтік мотивтерді, ертегілік сюжеттерді, өз шығармаларында ерекше тапқырлықпен қолданып жүрген жазушы- Ә. Кекілбаевтың «Күй» /14/ повесті де аңыздық, мифтік факторларға негізделген. Повесте күйдің шығу тарихы суреттелген, әйтсе де көтеріп отырған негізгі проблемасы адамгершілік тақырыбы. Мұнда «Қанжар жаныған тас», «Қолқырылған төбе», «Қараман ата», «Темірбаба әулие» туралы аңыздық, мифтік сюжеттер повестің көркемдік қуатын арттырып тұр. Мұнда автор аңыздық, мифтік желілерді жайдан- жай қолдана салмайды. Олар образ сомдауда, танымдық тұрғыда көп мәлімет берсе, сонымен қоса сол жердің тарихын, салт-санасынан, әдет- ғұрпынан, тұрмыс- тіршілігінен де хабар береді.
Повестің негізгі желісі Маңғыстау өңірін мекендеген екі рудың талас-тартысына құрылған. Бітімгершілікті аңсаған екі жақтың игі жақсылары – Қараман ата бейітінің басына барып жиналып татуласады. Мұнда барлық түркмен мен қазаққа тән аруаққа сену, ата-баба бейітін кие тұту тәрізді қасиеттер көрініс табады. «Темір баба әулие» туралы тарихи- мекендік әпсана кірістірілген.
«Мынау оба – Темірбаба әулиенің моласы. Баяғыда Шопан ата Хорезмнен келгенде Темірбабамен дәл осы төбенің басында жолығыпты деседі. Онда көк теңіз қазіргісіндей шалқайып кетпеген, Темірбаба анау жатқан қатар тастың басында аяғын суға малып отыр екен. Ту сыртында жаяу келе жатқан адамның дыбысын жер түбінен естіп отырыпты. Қашан қасына келгенінше бұрылып қарамапты. Жаяу жолаушы дәл көк желкесіне келіп кідіріп, сәлемдесіп үн қосты. Темірбаба теңізге қарап отыра беріпті. Шопан ата өз жөнін айтып, Темірбабадан жөн сұрапты, Темірбабаның құдырет салыстырғысы келетін де білдіріпті. «Құдыретіңді әуелі өзің көрсет», - депті – Темірбаба. Ендеше жүзіңді бұр – депті Шопан ата. Анау жайылып жүрген бір үйір қара құйрықты көрдің ғой! «Көріп отырмын», - депті Темірбаба. Шопан ата сол арада шөрелеп шақырған екен, үйдің алдында құлағын қайшылап ысқырып тұрған ор теке маңырап жетіп келіп, етегін жамап жата кетеді. Шопан ата текені пышақсыз бауыздап, етін, терісін сыпырып, сойып, жіліктеп-мүшелеп жайратыпты да тастыпты. Сосын етін терісін орап, үстінен алақанымен бір сипап өткен екен, теке орнынан атып тұрып, сілкінеп-сілкінеп алып бір маңырапты да, анадай жерде жатқан үйіріне қарай шауып ала жөнеліпті. Енді кезек Темірбабаға келіпті. Темірбаба балағын тізесіне дейін түріп, қарнын жарып ыңыранып, ақ көбік атып жатқан көк теңізге қойып кетіпті. Кетіп барады, кетіп барады. Көк теңіз қарс айырылып, аяғының тиген жері қара жер боп қала беріпті. Сол бетімен барып-барып, Шопан ата неғып тұр екен деп артына бұрылса, ол сәлдесін шешіп ап, бұғалықты салып жатыр екен. Шопан ата сонда «Әулиелігіңе сендім, бұдан әрі жүре берсең, көк теңізді жарып, дұшпандар келетін жол саларсыз деп қайтардым – депті. Анау жатқан кішкене қара түбек содан қалыпты. »
Маңғыстаудағы әулиелердің бірі- Темірбаба мен Шопан атаның құдірет сайысы шын әулиелерге ғана тән құбылыс. Әулиелердің қасиет сайыстыруы жөнінде ғалым Б. Сағындықұлы : «Пайғамбарлардан кейінгі орынды машайықтар мен әулиелер иеленеді. Бұларда мұғжизаның бір түрі- керемет көрсете алады. Мұғжиза мүлде қайталанбайтындығы арқылы ерекшеленеді, тіпті бір пайғамбардың мұғжизасын екінші пайғамбар қайтамай алмайды. Әрине машайықтар бірінің кереметін екіншісі қайталай береді. Кейде бірінен бірі асырып та жібереді» /36/,- деп көрсетеді. Мұнда екі әулие де керемет сайыстырады, Темірбаба әулие жеңеді. Осындағы Шопан ата- мифтік бейне. О бастағы мифтік санада әр нәрсенің құдайы болады деген түсініктен қалған. Әрі сол мифтік бейне «текені пышақсыз бауыздап, терісін сыпырып, сойып, жіліктеп-мүшелеп, жайратыпты да тастапты. Сосын етін терісіне үйіп орап, үстінен алақанымен бір сипап өткен екен, теке орнынан атып тұрып, сілкініп-сілкініп алып, бір маңырапты да, анадай жердегі үйіріне шауып ала жөнеліпті» Жасмпаздық мифтерде мәдени қаһарман қызметіне үш әлемді шарлап жүріп, адамзатқа керекті құнды бір дүниелерді табу тән. Көне гректерде бұлар өздерінше бір құдай болып суреттеледі. Бірі от құдайы, бірі жер құдайы. Түркі халықтарында бұл сияқты даралану жоқ. Бір герой бірнеше түрлі кереметті келтіре бере алады. Бара- бара ол қаһармандар оқшауланады. Бірақ құдай бейнесінде емес, ие түрінде. Ендігі жерде олар сол табылған заттардың, адам қызметіне жаратылған жануарлардың иелері. Мифтік Қамбар ата, Шекшек ата, Шопан ата тәрізді бейнелердің осылай туатындығын Ж. Мадалиева өз еңбегінде анық көрсетеді.
Мифтік тану тұрғысынан алғанда Шопан атаның өзі сойған текені етін терісіне орап, қайтадан тірілтіп жіберу сюжетті сопылық исламның ақиқат әрекеті емес, ежелгі замандардағы, яғни тас ғасырының аңшыларының заманынан келе жатқан түсініктердің сарқыны. Яғни ежелгі аңшы аңды өлтірер алдында да, өлтіргеннен кейін де, оның етін жеп болғаннан кейін де әр түрлі сенімдік іс-әрекеттерді жасайтын болған. Өйткені мұндай әрекет арқылы өлтірілген аңнан кешірім сұрап аңшылықтың болашақта сәтті болуы қамтамсыз етілетін еді. Әдетте тамақтанып, аң етін жеп болғаннан кейін, аңның сүйегі терісімен жабылып оралады. Аңшылар осындай істен кейін аңның өзі не оның жаны тіріліп, тірі күйінде қайтып оралады деп сенген. Осындай мифтерді- өліп, қайтып тірілетін аңдар туралы миф деп атайды. Шопан атаның осындай әрекеті де ежелгі мифтік түсініктің сопылық-мұсылмандық өңдеуінен өткен нұсқасы болып табылады.
Темірбаба әулие жөнінде екі-үш мөлтек аңыздың фрагменттері бар. Темірбаба туралы аңыздардың негізгі идеясы- оның Маңғыстаудың көне заманының рухани иесі ретінде жаңадан келген діни рух иелерімен қасиет салыстыруы болып табылады. Мұндай сынақ туралы аңыздарда тек Темірбабаның қарсыластарының есімдері ғана өзгеріп отырады. Бір аңызда Темірбаба мен адайдың Бекет атасы қасиет салыстырады. Екінші аңызда Темірбабамен кие салыстырушы Шопан ата. Бұл екі аңызда ұқсастық өлген аңызды тірілту мен теңіз үстіндегі көпір мотивтері.
Темірбабаның теңіз үстіндегі көпірі- мифологиялық көрсеткіш, яғни о дүние мен бұл дүниенің, өлілер дүниесі мен тірілер дүниесінің арасын жалғап жатқан көпір- жол. Темірбаба салған жолдан өтіп кетуі мүмкін кәпірлер де- кәдімгі өлген адамдар, олар өліп, бұ дүниеден о дүниеге қарай сапар шегіп бара жатқандар.
Екі дүниені жалғастыратын көпір мативі көптеген мифологиялық дәстүрде бар. Ең бергісі өзіміздің ислам дініміздегі қыл-көпір түсінігі. Қазақтар оны ысырат көпір деп атайды. Мифті зерттеушілер осы түсініктің ислам дінінде ирандық зороастризмнің ықпалымен пайда болған дейді, себебі бұл түсінік исламмен бірге бір бастаудан шыққан иудаизм мен христиандықтарда кездеспейді. Сондықтан Темірбабаның көпірінің сырын .......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?